Әскери қызметшілер қылмыстар, теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және тәртіптік жауаптылықта болады.
Әскери қызметшілердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.».
58. «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 24-I, 119-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
28-бапта:
2-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Уәкiлеттi органның микроқаржы ұйымына осы бапта көзделген ықпал ету шараларын қолдану туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.».
59. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 18-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.»;
2) 39-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;»;
3) 58-бапта:
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Өзіне қатысты уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын немесе санкциялар қолданған ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры не тұлға оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы. Уәкілетті органның көрсетілген шешімдеріне шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.».
60. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;):
106-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«106-бап. Азаматтық қорғау саласындағы дауларды шешу
Азаматтық қорғау саласындағы даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.».
61. «Кәсiптiк одақтар туралы» 2014 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 66-құжат; 2015 ж., № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 15, 55-құжат; 2020 жылғы 5 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
16-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттiк органдардың кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтіретін актiлерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;».
62. «Өзін-өзі реттеу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-І, 127-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):
18-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;».
63. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-II, 129-құжат; 2018 ж., № 2, 5-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат):
19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, ішкі аудит қызметтерінің құжаттарын қоспағанда, басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін, егер оларды сот Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес заңсыз деп танымаса, осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес таниды.».
64. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., № 22-І, 138-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 24, 124-құжат; 2019 ж., № 21-22, 90-құжат):
1) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның күші қарау тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қолданылмайды.»;
2) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығының заңсыз шектелуіне шағым жасау
1. Ақпаратқа қол жеткізу құқығының заңсыз шектелуіне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
2. Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың шешімдеріне шағым азаматқа тиісті лауазымды адамның немесе органның әрекет жасағаны немесе шешім қабылдағаны туралы белгілі болған кезден бастап үш айдан кешіктірілмей беріледі.».
65. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 24-І, 119-құжат):
1) 27-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Конкурстық комиссияның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.»;
2) 43-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметшілердің өздеріне қатысты мемлекеттік орган қабылдаған шешімдер мен әрекеттерге (әрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.»;
3) 45-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы мемлекеттік органдардың актілеріне оның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы кезеңінде қолдануға болмайды.»;
4) 46-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жауаптылыққа тартылатын мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.»;
5) 61-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қызметтен шығарумен келіспеген жағдайда, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң қызметтен шығару туралы шешімге жоғары тұрған басшылық алдында, уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.»;
6) 63-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік қызметші аттестаттау комиссиясының шешіміне мемлекеттік органның басшысына, уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.».
66. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 46-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53, 55-құжаттар; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; 2020 жылғы 19 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 3), 19) және 24) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жеке қолданылатын құқықтық акт - уәкілетті органның өкілеттігін іске асыратын, құқық нормаларын қамтымайтын әрі жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін іске асыруға байланысты емес оның жазбаша ресми құжаты;»;
«19) құқықтық акт - құқық нормасын қамтитын, республикалық референдумда қабылданған немесе уәкілетті орган қабылдаған, белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат не жеке билік ететін құқықтық нұсқаманы қамтитын, заңда белгіленген нысандағы шешім;»;
«24) нормативтік емес құқықтық акт - құқық нормасын қамтымайтын, белгіленген жазбаша немесе өзге де нысанда өз құзыреті шегінде қабылдаған, жеке айқындалған тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын не нормативтік құқықтық актіде қамтылған нормаларға түсіндірме беретін уәкілетті органның шешімі, сондай-ақ жеке қолданылатын құқықтық акт немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық акт;»;
2) 2-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы «туралы заңнамасында» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 8-баптың 18) тармақшасындағы «саласындағы біртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.» деген сөздер «саласындағы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) әкімшілік рәсімдерді және әкімшілік сот ісін жүргізуді жүзеге асыруға байланысты біртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.»;
4) 55-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«55-бап. Нормативтік емес құқықтық актілердің түрлері
1. Нормативтік емес құқықтық актілерге:
1) нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру актілері;
2) әкімшілік актілер;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілер;
4) мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілер жатады.
2. Әкімшілік актілерді қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
3. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің түрлері және оларды әзірлеу тәртібі заңдарда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және уәкілетті органдардың актілерінде белгіленеді.»;
5) 58-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Нормативтiк құқықтық актiлерде қамтылатын нормаларға ресми түсіндірме беру уәкілетті органдардың не жеке және заңды тұлғалардың бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
6) 63-бап алып тасталсын;
7) 64-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) оның құрылымы реттеу нысанасының толық ашылуын қамтамасыз етуге тиіс, ал мазмұны біркелкі түсіну мен қолдануды қамтамасыз етуге, белгіленетін шаралардың мазмұнын нақты баяндауға, оларды белгіленген мерзімдерде іске асыру үшін жауапты болатын тұлғалар тобын тиянақты айқындауға тиіс.»;
8) 65-баптың 4-тармағы алып тасталсын.
67. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-II, 52-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 118-құжат; 2020 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
18-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Құрылыс салушы және уәкілетті компания үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беруден уәжді бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.».
68. «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 24, 130-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):
1) 7-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өздерінің дактилоскопиялық және (немесе) геномдық ақпаратын немесе өздері заңды мүдделерін білдіретін адамның дактилоскопиялық және (немесе) геномдық ақпаратын жинауға және (немесе) өңдеуге, қорғауға байланысты мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.»;
2) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі
Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.».
69. «Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 1-2, 2-құжат; № 8, 16-құжат):
1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Сот-сараптама қызметінің міндеті
Әкімшілік сот ісін жүргізуді, қылмыстық, азаматтық істер бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді сот сараптамасының нәтижелерімен қамтамасыз ету сот-сараптама қызметінің міндеті болып табылады.»;
2) 4-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қылмыстық, азаматтық істер бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізуде сот сараптамасын жүргізуді;»;
3) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот сараптамасын жүргізу негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде, сондай-ақ «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.»;
4) 35-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Процеске қатысушылардың сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалады.»;
5) 61-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«61-бап. Шет мемлекеттің құзыретті органының тапсырмасы бойынша сот сараптамасын жүргізу
Сот сараптамасы Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттің құзыретті органының тапсырмасы бойынша жүргізілуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі қолданылады.».
70. «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 9, 20-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат):
1) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті органның коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен алып тастау туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Уәкілетті органның коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен алып тастау туралы шешіміне шағым жасау осы шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.»;
2) 18-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Уәкілетті органның коллекторлық агенттікке осы бапта көзделген ықпал ету шараларын қолдану туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.».
71. «Прокуратура туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 13, 46-құжат; № 21, 102-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
1) 13-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) соттан сот актілері заңды күшіне енген қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді, сондай-ақ үкімнің орындалу мәселелері бойынша материалдарды сұратады, қабылданған актілердің заңдылығын зерделейді және негіздер болған кезде оларға наразылық білдіреді;»;
2) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Сотта мемлекет мүдделерін білдіру
Прокуратура Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен сотта мемлекет мүдделерін білдіреді.»;
3) 21-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Прокурорлар өтініштерді Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген мерзімдерде қарайды.
Өтінішті қарауға байланысты тексеру тағайындалған жағдайда, оны жүргізу тәртібі мен мерзімдері осы Заңның 7-бабында айқындалады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары қарау тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы, сондай-ақ жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі саласындағы заңнамасында белгіленген өтініштерге қолданылмайды.»;
4) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«29-бап. Өтінішхат
Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен прокурор заңды күшіне енбеген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат келтіруге құқылы.»;
5) 34-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актілеріне жоғары тұрған прокурорға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.».
72. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентің Жаршысы, 2018 ж., № 1, 3-құжат; № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):
18-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өтініш беруші тиісті бағалаушылар палатасына мүшелікке қабылдаудан бас тарту жөніндегі бағалаушылар палатасының әрекеттеріне бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органға немесе сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.».
73. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 16, 52-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 26-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы «заңнамасына» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына» деген сөздермен толықтырылсын;