12) 193-бапта:
бірінші бөлікте:
6) тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Прокурордың келісуі мен бекітуі - қаулыны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру арқылы, ал қағаз түрінде ресімделген, оның ішінде құпиялылықты сақтауды талап ететін процестік шешімдер мен әрекеттер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысына өзінің қолымен расталатын «Келісемін», «Бекітемін» белгілерін қою арқылы жүзеге асырылады;»;
16) тармақтағы «бекітеді, онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша» деген сөздер «, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы,» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақтағы «осы Кодексте көзделген негіздер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді» деген сөздер «қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацының 8) тармағындағы «бекіту жатады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9), 10) және 11) тармақтармен толықтырылсын:
«9) айыптау актісін, бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекіту, айыпталушыны сотқа беру және қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберу;
10) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтату туралы қаулысын бекіту;
11) осы Кодексте көзделген жағдайларда адамды күдікті деп тану туралы және күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыларды келісу жатады.»;
үшінші абзацтағы «және 8)» деген сөздер «, 8), 9) және 10)» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацы «жүзеге асырады» деген сөздерден кейін «, осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген өкілеттіктерді пайдаланады» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 25-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«25-тарау. Адамды күдікті деп тану және күдіктінің іс-әрекетін саралауды, қылмыстық құқық бұзушылықты саралауды айқындау»;
14) 202-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Адамның қылмыс жасағанын көрсететін, оның ішінде осы Кодекстің 128-бабы екінші бөлігінің 1) - 4) тармақтарында көзделген деректер болған кезде, егер бұл ретте оған процестік ұстап алуды қолданудың қажеттігі болмаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы адамды күдікті деп тану туралы қаулы шығарады, ол соның негізділігін растайтын қылмыстық іс материалдарымен бірге дереу прокурорға келісу үшін жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Прокурор адамды күдікті деп тану туралы қаулыны келісу туралы дереу шешім қабылдайды не уәжді қаулымен оны келісуден бас тартады.»;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «қаулыны прокуратура басшысы бекітеді» деген сөздер «қаулы прокуратура органының басшысымен келісіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
15) 203-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «қаулыны прокуратура басшысы бекітеді» деген сөздер «қаулы прокуратура органының басшысымен келісіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2 және 1-3-бөліктермен толықтырылсын:
«1-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам, осы баптың 1-3-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғаннан кейін оны дереу прокурорға келісу үшін жібереді.
1-2. Прокурор күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны келісу туралы дереу шешім қабылдайды не уәжді қаулымен оны келісуден бас тартады.
1-3. Осы Кодекстің 128-бабының тәртібімен ұстап алынған күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған жағдайда, қаулының заңдылығын тексеруді және оны келісуді прокурор күзетпен ұстауды немесе үйқамақты санкциялау туралы өтінішхатты келісу туралы мәселені шешумен бір мезгілде жүзеге асырады.»;
16) 204-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын;
17) 207-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«207-бап. Күдіктінің іс-әрекетін саралауды, қылмыстық құқық бұзушылықты саралауды өзгерту немесе толықтыру»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу кезінде күдіктінің іс-әрекетін саралауды, қылмыстық құқық бұзушылықты саралауды өзгерту немесе толықтыру үшін негіздер туындаса, прокурор, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 204-бабының талаптарын сақтай отырып, күдікті адамға қатысты, ал егер күдікті адам анықталмаған болса - осы баптың 1-1-бөлігін сақтай отырып, прокурормен келісуге жататын тиісінше күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы жаңа қаулы не қылмыстық құқық бұзушылықты саралау туралы жаңа қаулы жасауға міндетті.
Күдіктінің іс-әрекетін саралауды өзгерту немесе толықтыру туралы қаулы күдіктіге осы Кодекстің 205, 206-баптарында белгіленген тәртіппен жарияланады.
Күдіктінің іс-әрекетін түпкілікті саралау және қылмыстық құқық бұзушылықты саралау соңғы қаулының шығарылған күні бойынша айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Қылмыстық құқық бұзушылықты саралауды өзгерту немесе толықтыру туралы қаулыда: оның жасалған орны мен уақыты; қаулыны кімнің жасағаны; анықталмаған адам жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалған уақыты мен орны, сондай-ақ осы Кодекстің 113-бабына сәйкес дәлелдеуге жататын өзге де мән-жайлар көрсетіле отырып, оның сипаттамасы; жасалған іс-әрекет сараланатын қылмыстық заң (бап, бөлік, тармақ) көрсетілуге тиіс.»;
18) 289 және 290-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«289-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылғаннан кейінгі әрекеттері
1. Қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бір тәулік ішінде қаулы мен қылмыстық істі прокурорға бекіту үшін жібереді.
Қылмыстық іс бір бөлігінде не жекелеген күдіктілерді қылмыстық қудалау толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтатылған кезде прокурорға бекіту үшін қаулы жіберіледі.
2. Прокурор бекіткен қаулы келіп түскеннен кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген адам күдіктіні, оның қорғаушысын, заңды өкілін, жәбірленушіні және оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді және олардың өкілдерін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тоқтатылғаны және оны тоқтату негіздері туралы хабардар етеді.
Аталған адамдарға істің материалдарымен танысу құқығы және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулыға шағым жасау тәртібі түсіндіріледі. Осы адамдардың өтінішхаты бойынша оларға прокурор бекіткен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулының көшірмесі табыс етіледі.
290-бап. Прокурордың қылмыстық іс тоқтатылған кездегі әрекеттері
1. Келіп түскен қылмыстық істі оны тоқтату туралы қаулымен бірге немесе қылмыстық істі бір бөлігінде не жекелеген күдіктілерді қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулыны зерделеу нәтижелері бойынша прокурор олар келіп түскен кезден бастап он тәулік ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтату туралы қаулыны бекітеді;
2) уәжді қаулымен қаулыны бекітуден бас тартады және қажетті тергеу және процестік әрекеттерді жүргізу туралы көрсете отырып, оны сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға қайтарады;
3) осы Кодекстің 35 және 36-баптарында көзделген өзге де негіздер бойынша қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтатады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақтарында көзделген шешімдер қабылданған жағдайда қаулы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген адамға мүдделі адамдарды хабардар ету, сондай-ақ заттай дәлелдемелердің тағдыры, бұлтартпау шараларының, мүлікке тыйым салудың, лауазымнан уақытша шеттетудің, басқа да процестік мәжбүрлеу шараларының күшін жою, қауіпсіздік шараларының күшін жою немесе оларды одан әрі жүзеге асыру туралы шешімдерді орындау үшін жіберіледі.
Күдіктіге қатысты таңдап алынған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылған жағдайда прокурор қаулының көшірмесін дереу күзетпен ұстау орнының әкімшілігіне орындау үшін жібереді.
3. Осы Кодекстің 289-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаты бойынша прокурор оларға тоқтатылған қылмыстық істің материалдарымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.»;
19) 291-баптың екінші бөлігіндегі «азаматтық жауапкер немесе оның» деген сөздер «азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 341-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «жеті тәулікке дейін уақыт береді» деген сөздер «ақылға қонымды мерзім ұсынады» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 366-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер тергеу судьясы осы Кодекстің 217-бабына көзделген тәртіппен куә мен жәбірленушінің айғақтарын сақтауға қойған болса, олар сотқа шақырылмайды және олардан жауап алынбайды.
Істі сотта қарау уақытына қарай айғақтарды сақтауға қоюға себеп болған негіздер жойылған жағдайда, адамның сотқа келуі мүмкін болған кезде, сондай-ақ куә мен жәбірленуші өз еркімен ерік білдірген кезде сот қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша мұндай адамдарды шақыруға және олардан жауап алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып бейнебайланыс режимінде жауап алуға (қашықтықтан жауап алу) құқылы.
Қысқартылған сот талқылауы өткізілген кезде куәлар шақырылмайды және олардан жауап алынбайды.»;
22) 528-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Анықтау органының бастығы хаттама мен оған қоса берілген материалдарды зерделеп шығып, мынадай әрекеттердің бірін жасайды:
1) қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы келіседі және қылмыстық істі прокурорға жібереді;
2) хаттаманы келісуден бас тартады және қылмыстық істі анықтау жүргізу үшін қайтарады.
Күдікті осы Кодекстің 128-бабына сәйкес ұстап алынған жағдайда қылмыстық теріс қылық туралы іс ұстау мерзімі аяқталардан кемінде жиырма төрт сағат бұрын прокурорға жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Прокурор қылмыстық істі зерделеп шығып, бір тәуліктен кешіктірмей, ал күдікті осы Кодекстің 128-бабына сәйкес ұстап алынған істер бойынша дереу мынадай әрекеттердің бірін жасайды:
1) қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекітеді және қылмыстық істі сотқа жібереді;
2) хаттаманы бекітуден бас тартады және осы Кодекстің 35 және 36-баптарында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтатады және оны анықтау не алдын ала тергеу жүргізу үшін қайтарады.
Күдікті осы Кодекстің 128-бабына сәйкес ұстап алынған жағдайда қылмыстық теріс қылық туралы іс ұстау мерзімі аяқталардан кемінде он екі сағат бұрын сотқа жіберіледі.»;
23) 623-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Судьяның бұл ретте шығарылған қаулысына апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.»;
24) 626-баптың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Судьяның бұл ретте шығарылған қаулысына апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.»;
25) 629-2-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацында:
«1.» деген цифр алып тасталсын;
9) тармақ алып тасталсын;
10) тармақтағы «онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша -» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
26) 629-3-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам шығарған бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулы анықтау органының бастығына берілуге жатады, ол қылмыстық істі дереу зерделеп шығып, ол бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны келіседі және қылмыстық істі прокурорға жібереді;
2) бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны келісуден бас тартады және осы Кодекстің 35 және 36-баптарында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтатады;
3) бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны келісуден бас тартады және қылмыстық істі анықтау не алдын ала тергеу жүргізу үшін қайтарады.
Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны келісуден бас тарту туралы шешім уәжді болуға тиіс.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
төртінші бөлікте:
бірінші абзацтың 1) тармағы «және» деген сөзден кейін «айыпталушыға, оның қорғаушысына (ол қатысқан кезде), жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулының көшірмесін бір мезгілде жібере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «Прокурор» деген сөзден кейін «осы бөліктің бірінші абзацының 2), 3), 4) тармақтарында көзделген» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөліктегі «екінші және үшінші бөліктерінде» деген сөздер «төртінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 629-4-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацында:
1) тармақ алып тасталсын;
2) тармақтағы «онша ауыр емес қылмыс туралы» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақ алып тасталсын;
6) тармақтағы «онша ауыр емес қылмыс туралы» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі «сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамға не» деген сөздер алып тасталсын;
28) 629-6-баптың екінші бөлігінде:
екінші абзацтағы «сотқа дейінгі іс жүргізу органына» деген сөздер «прокурорға» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Прокурор қылмыстық істі алып, оны одан әрі тергеп-тексеруді жүргізу үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жібереді.».
4. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; № 21, 102-құжат; 2018 ж., № 16, 56-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 ж., № 12, 63-құжат):
12-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «367 (бірінші және екінші бөліктері)» деген сөздер «367 (бірінші бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-ІІ, 147-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 ж., № 14, 75-құжат; 2020 жылғы 7 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 12-баптың 1-тармағында:
бірінші абзацтағы «13, 14 және 15-баптарында» деген сөздер «13, 14, 14-1 және 15-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.» деген сөздер «қабылдау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.»;
2) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
«14-1-бап. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашуға, иеленуге, қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға жол бермеу
1. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға (мәслихат депутаттарын қоспағанда), лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашуға және иеленуге, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға тыйым салынады.
Ескертпе. Осы тармақта көзделген шектеу Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар лауазымға орналасқан немесе осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар жойылған күннен бастап алты ай ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктердегі шоттарды (салымдарды) жабуға және (немесе) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауды тоқтатуға міндетті.
Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар аумағында шоттары (салымдары) орналасқан және (немесе) шетелдік банкте қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау жүзеге асырылатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы шет мемлекеттің құзыретті органдары қолданған тыйым салуға, билік етуге тыйым салуға байланысты немесе осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың еркінен тыс еңсерілмейтін күш мән-жайларына (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай, банктік шот (салым) туралы шарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатудың мүмкін болмауы және өзге де мән-жайлар) байланысты осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды орындай алмаған жағдайда, мұндай талаптар тыйым салудың, билік етуге тыйым салудың қолданылуы тоқтатылған немесе өзге де мән-жайлар тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде тиісті фактілерді растайтын құжаттар ұсыныла отырып орындалуға тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес мұраны қабылдау нәтижесінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктердегі шоттарды (салымдарды), қолма-қол ақша мен құндылықтарды иеленуге және (немесе) пайдалануға алған жағдайда, көрсетілген адамдар мұраны қабылдаған күннен бастап алты ай ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктердегі шоттарды (салымдарды) жабуға және (немесе) қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауды тоқтатуға міндетті.
4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарының ережелері осы баптың 1-тармағында аталған, Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелеріне, өкілдіктеріне және Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, сондай-ақ көрсетілген ұйымдарға іссапарға жіберілген адамдарға көрсетілген ұйымдардағы жұмыс кезеңіне немесе шетелде білім алатын, немесе шетелде тағылымдамадан өтетін, немесе шетелдік іссапарда жүрген, немесе шетелде емделіп жатқан адамдарға немесе кәмелеттік жасқа толмаған баланың заңды өкілі ретінде не кәмелеттік жасқа толған адамның қорғаншысы немесе қамқоршысы ретінде тиісті адамның шетелде оқуы не емделуі кезеңінде шетелде болатын адамдарға қолданылмайды.
5. Осы бапта көзделген мерзімдер ішінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті өз қалауы бойынша тоқтату туралы өтініш беруге құқылы.»;
3) 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер»;
4) 5-тарау мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:
«26-1-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында және 14-1-бабында көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу қолданылатын адамдар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктердегі шоттарды (салымдарды) жабуға және (немесе) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауды тоқтатуға міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар аумағында шоттары (салымдары) орналасқан және (немесе) шетелдік банкте қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау жүзеге асырылатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы шет мемлекеттің құзыретті органдары қолданған тыйым салуға, билік етуге тыйым салуға байланысты немесе осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың еркінен тыс еңсерілмейтін күш мән-жайларына (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай, банктік шот (салым) туралы шарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатудың мүмкін болмауы және өзге де мән-жайлар) байланысты осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарды орындай алмаған жағдайда мұндай талаптар тыйым салудың, билік етуге тыйым салудың қолданылуы тоқтатылған немесе өзге де мән-жайлар тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде тиісті фактілерді растайтын құжаттар ұсыныла отырып орындалуға тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың осы бапта көзделген міндеттемелерді орындамауы олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.
Осы баптың 2-тармағында көзделген мерзім ішінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті өз қалауы бойынша тоқтату туралы өтініш беруге құқылы.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 19 желтоқсан
№ 384-VI ҚРЗ