2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
15) мақта саласындағы мемлекеттік инспектор туралы ережені әзірлеп, бекіту;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16) тармақша өзгертілді
16) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын сақтау мәселелері бойынша есеп жүргізу құжаттарының тізбесі мен нысандарын, есеп беру мерзімдерін әзірлеу;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) сақтау және өңдеу шарттарының үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18) тармақша өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18) мыналарды:
мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларын;
мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен олардың таратылу қағидаларын;
мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу қағидаларын;
мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдіктерін алу қағидаларын;
мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу қағидаларын;
мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, сондай-ақ шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес субсидиялау қағидаларын;
мақтаны сандық-сапалық есепке алуды жүргізу қағидаларын;
мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын;
шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру қағидаларын;
мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидаларын;
мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
19) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды
21-1) мақта саласын дамыту жөніндегі техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 21-2) тармақшамен толықтырылды
21-2) сараптама ұйымын айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне:
1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мақта нарығының мониторингін жүргізу;
4) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мақта егілетін аймақтарда мамандандырылған ауыспалы мақта егістерін сақтауына мониторинг жүргізу;
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес субсидиялауды жүзеге асыру;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) мақта өңдеу ұйымдарын тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын, мақта өңдеу ұйымдарын лицензиялық бақылау;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) уәкілетті органға мақта саласын дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау және стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау, күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-1) сотқа мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу, мерзімінен бұрын аяқтау және оның мерзімін ұзарту туралы арыз беру;
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыруға бастама жасау;
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) шитті мақта мен мақта талшығының сапасына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жанар-жағармай материалдарына қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) мыналарды:
мақтаның қауіпсіздігі мен сапасын;
аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметін;
сараптама ұйымының қызметін;
сараптама ұйымының мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларын сақтауын бақылау;
10) мақта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асыру;
11) анықталған Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасын бұзушылықтарды ұйғарымда белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарымдар беру;
12) сотқа мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы қуыным беру;
13) осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде мақтаны беруге уақытша тыйым салу;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14) мақта өңдеу ұйымдарының:
мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу;
мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану;
мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, күшін жою және өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14-1), 14-2), 14-3), 14-4) және 14-5) тармақшалармен толықтырылды
14-1) тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын бекіту;
14-2) 2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-3) мақта тұқымдарының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыруды қамтамасыз ету және басқару әрі олардың сандық-сапалық жай-күйін бақылау;
14-4) 2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-5) 2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-тарау. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады және ол Қазақстан Республикасы заңнамасының мақтаның қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Мақтаның қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау адам өмiрiне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесіне зиян келтiруге байланысты тәуекелге жол бермеу мақсатында жүзеге асырылады.
3. Мақтаның сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау:
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мақта нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында мақтаны сатып алуды, дайындауды, өңдеуді, сондай-ақ оны беруді жүзеге асыру кезінде оның сапа көрсеткіштерін айқындауға бақылауды;
2) мақта нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде, мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында сақтаудағы және қайта өңдеудегі мақтаның сандық-сапалық жай-күйін бақылауды қамтиды.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мақта қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
5. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10-бап. Шитті мақтаның сапасына сараптама жасау
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Шитті мақтаның сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) осы Заңның 7-бабы 6) тармақшасының екінші абзацына сәйкес жүзеге асырады.
Мақта иесі мен мақта дайындау және (немесе) мақта өңдеу ұйымдарының арасында шитті мақтаның сапасын айқындау бойынша келіспеушіліктер туындаған кезде тиісті аккредиттелген сынақ зертханасы (орталық) берген шитті мақтаның сапасы туралы куәлік шитті мақтаның сапасын растайтын құжат болып табылады.
2. Мақта нарығына қатысушы шитті мақтаның сапасына сараптама жасау үшін аккредиттелген сынақ зертханасына (орталығына) шарт негізінде өтініш жасауға құқылы.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мақта нарығына қатысушылардың мүдделерін қорғау мақсатында аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру тәртібін сақтауы жөніндегі қызметін бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп жүзеге асырады.
11-бап. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау
1. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау міндетті болып табылады және ол мақта талшығының әрбір бумасы бойынша (бума бойынша) жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мақта талшығының сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын сараптама ұйымы осы Заңның 7-бабының 5) тармақшасына сай бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Мақта талшығының иесі қажет болған жағдайда өз қаражаты есебінен өзге сараптама ұйымында мақта талшығының сапасына қайта сараптама жасауды жүзеге асыруға құқылы.
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларын сараптама ұйымының сақтауын бақылауды жыл сайын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
4. Мақта талшығының сапа паспортынсыз мақта талшығын сатуға жол берілмейді.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
4-тарау. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметі
12-бап. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің құқықтары мен міндеттері
1. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері:
1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес берілген жер учаскелерінде шитті мақта өсіруге;
2) өзіне тиесілі мақтаға өз қалауы бойынша иелік етуге, оны пайдалануға және оған билік етуге;
3) мақта саласын дамытуға мемлекеттік қолдау алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
2. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері:
1) мақта өндіруді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің құнарлылығын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ мұндай қызметтің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін болдырмайтын немесе шектейтін тәсілдермен жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды
12-1-бап. Мақта дайындау ұйымы
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мақта дайындау ұйымы нормативтік құқықтық актілерде, техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес шитті мақта сатып алуды және дайындауды жүзеге асырады.
2. Мақтау дайындау ұйымының: қоршалған мақта қабылдау пункті;
шитті мақтаны текшелеп жинауға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаңы;
таразы жабдығы;
желдеткіш жабдығы;
шитті мақтаның сынамасын іріктеуге және сапасын айқындауға арналған зертхана жабдығы;
тиеу-түсіру механизмдері;
өрт сөндіру құралдары болуға тиіс.
3. Мақта дайындау ұйымы уәкілетті орган бекітетін мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларында белгіленген тізбеге сәйкес құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
4. Мақта дайындау ұйымы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының жазбаша сұрау салуы бойынша мақта нарығына мониторинг жүргізу үшін қажетті өзінің қызметі туралы ақпаратты беруге міндетті.
5. Мақта дайындау ұйымы мақта қолхаттарын беруге құқылы емес.
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 12-2-баппен толықтырылды
12-2-бап. Мақта саласындағы кооперациялау
1. Мақта шаруашылығын дамыту, мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарымен бірлескен іс-қимылдарды қамтамасыз ету мақсатында мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенде қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды құра алады.
2. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға арналған субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өз таңдауы бойынша тікелей өздеріне не өздері құрған заңды тұлғалар арқылы төленеді.
13-бап. Мақта өңдеу ұйымы
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мақта өңдеу ұйымы лицензияның негізінде мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтерді көрсетеді.
Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы жоқ заңды тұлғаның (мақта дайындау ұйымын қоспағанда) өз атауында, тауар белгілерінде, құжаттарында, хабарландырулар мен жарнамасында «мақта өңдеу ұйымы», «мақта тазалау зауыты», «мақта қабылдау пункті» деген сөздерді немесе олардан туындайтын сөздерді пайдалануға құқығы жоқ.
2. Мақта өңдеу ұйымы ортақ пайдаланудағы тауар қоймасы деп танылады.
3. Мақта өңдеу ұйымында:
1) мақта тазалау зауытында:
кемінде бір мақта қабылдау пункті;
шитті мақтаны талшықты мақта етіп бастапқы өңдеу жөніндегі технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдық;
таразы жабдығы;
желдеткіш жабдығы;
тиеу-түсіру тетіктері;
өрт сөндіру құралдары;
мақтаның сапасын айқындауға арналған өндірістік-технологиялық зертхана;
мақта сақтауға арнайы бөлінген орын;
2) мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінде:
шитті мақтаны текшелеуге және сақтауға арналған ашық (жабық) алаң;
таразы жабдығы;
желдеткіш жабдығы;
шитті мақтаның сынамасын іріктеуге және сапасын анықтауға арналған зертхана жабдығы;
тиеу-түсіру тетіктері;
өрт сөндіру құралдары болуға тиіс.
Мақта тазалау зауытының, сондай-ақ мақта тазалау зауыты орналасқан жерден тыс тұрған мақта қабылдау пунктінің аумағы қоршалуға тиіс.
4. Мақта өңдеу ұйымы:
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мақтаны қабылдау мен сақтау шарттарын сақтауға және нормативтік құқықтық актілерде, техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті қамтамасыз етуге;
2) сақтауға және (немесе) өңдеуге қабылданған мақтаның мөлшерлік және сапалық сақталуын берілген мақта қолхаттарына сәйкес қамтамасыз етуге;
3) көрсетілген қызметтер үшін берешегі болмаған кезде сақтау және (немесе) өңдеу шартының талаптарына сәйкес мақта қолхатын ұстаушының талабы бойынша мақта қолхатының орнына сақтаудағы мақтаны беруге;
4) мақта иесінің талабы бойынша мақтаның сапасын тексеру үшін мақта сынамасын іріктеуді қамтамасыз етуге;
5) мақта иелері алдындағы сақтау шартында және (немесе) өңдеу шартында көзделген міндеттемелерін орындауға міндетті.
14-бап. Мақта өңдеу ұйымының қызметтеріне ақы төлеу
Мақта өңдеу ұйымының қызметтеріне ақы төлеу сақтау шартына және (немесе) өңдеу шартына сәйкес ақшалай не мақта иесінің мақта қолхатында индоссамент жасай отырып, тиісті мақта мөлшерін мақта өңдеу ұйымына беру арқылы жүргізіледі.
15-бап. Мақта өңдеу ұйымының қызметін шектеу
1. 2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Негізгі құрал-жабдықтарсыз мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру мүлде мүмкін болмайтын не қызмет айтарлықтай нашарлайтын жағдайда, мақта өңдеу ұйымының оларды иеліктен шығаруына, сондай-ақ кепілдіктер беруіне және (немесе) өз мүлкін үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілге қоюына тыйым салынады.
3. Сақтауға және (немесе) өңдеуге тапсырылған мақтаға мақта өңдеу ұйымдарының билік етуіне тыйым салынады.
2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-бап. Мақта өңдеу ұйымының есебі және есептілігі
1. Мақта өңдеу ұйымы өзінің мақтаға қатысты жасаған операцияларын көрсететін құжаттардың есебін қатаң жүргізуге және олардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Есепке алу құжаттарының тізбесі мен нысандарын, мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету, мақта нарығының мониторингін жүргізу жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды сақтау мәселелері бойынша есептілікті ұсыну мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.
2-1. Ведомстволық статистикалық байқауларды уәкілетті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес жүргізеді.
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сақталуға тиісті құжаттардың тізбесі, оларды сақтау мерзімдері мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларында белгіленеді.
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Мақта өңдеу ұйымы мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге байланысты операциялардың және мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге байланысты емес операциялардың жеке-жеке есебін жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мақта өңдеу ұйымы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының жазбаша сауал салуы бойынша өз қызметіне байланысты мақта нарығының мониторингін жүргізу үшін қажетті ақпаратты беруге міндетті.
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесі
1. Мақта өңдеу ұйымы мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу арқылы мақта қолхаттарын ұстаушылардың алдындағы өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге міндетті.
2. Мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорымен жасалатын қатысу шарты негізінде жүзеге асырылады.
3. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады.
4. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысушы мақта өңдеу ұйымы сақтауға қабылдаған шитті мақта және (немесе) мақта талшығы сапасының жойылу немесе нашарлау фактісі басталған кезде мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры осы мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін сапасы бойынша жойылған немесе нашарлаған шитті мақтаның және (немесе) мақта талшығының өтеу кезінде қалыптасқан нарықтық құнының кемінде сексен пайызы мөлшерінде ақшамен өтеуді жүргізеді.
Шитті мақта және (немесе) мақта талшығы сапасының жойылу немесе нашарлау фактісін анықтау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысушы мақта өңдеу ұйымының мақта қолхатын ұстаушы алдындағы міндеттемелерін өтеуді жүзеге асырған мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорына ол төлеген сома шегінде мақта қолхатын ұстаушының осы мақта өңдеу ұйымына қоятын талап ету құқығы өтеді.