ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне:
1) 129-баптың 4-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті орган жүргізетін мемлекеттік бақылауды қоспағанда, халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік бақылауға;»;
2) 131-баптың 6-тармағының бірінші бөлігіндегі «тексерулерді» деген сөз «тексерулер мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексерулерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 138-бап мынадай мазмұндағы 44-1) тармақшамен толықтырылсын:
«44-1) халықтың көші-қоны саласында;»;
1-тармақтың 4) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 139-бап мынадай мазмұндағы 10-3) тармақшамен толықтырылсын:
«10-3) дəрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында;»;
5) 144-бапта:
2-тармақтың алтыншы бөлігіндегі «төртінші бөлігінде» деген сөздер «төртінші жəне бесінші бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың екінші бөлігінің күші халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау жəне қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1) жəне 2-1) тармақшалары негізінде жүргізілетін жоспардан тыс тексерулеріне қолданылмайды.»;
6) 144-4-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы «тіркелмеген» деген сөзден кейін «дəрілік заттардың, медициналық бұйымдардың,» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 147-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «рұқсатын;» деген сөз «рұқсатын көрсетуге міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;
1-тармақтың 8) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
8) 149-баптың 4-тармағы:
«шығыстар» деген сөзден кейін «, дəрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Дəрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы бақылау жəне қадағалау органының лауазымды адамдары іріктеп алған өнім үлгілеріне жəне өнім үлгілерін зертханалық зерттеуге арналған шығыстар дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушінің жəне (немесе) олардың тіркеу куəлігін ұстаушының есебінен қаржыландырылады.»;
9) 192-баптың 4-тармағының үшінші бөлігіндегі «Өз қызметін» деген сөздер «Білім беру ұйымдарының «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 3-2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруы жағдайларын қоспағанда, өз қызметін» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
1) 32-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) білімі туралы құжат, тиісті білімді, машықтар мен дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде арнаулы білімінің немесе кəсіптік даярлығының, қайта даярлығының болуы туралы құжат.
Арнаулы білім - нақты лауазым, кəсіп немесе жұмыстар түрі бойынша еңбек міндеттерін тиісінше орындау үшін қажетті кəсіптік оқыту, даярлау, қайта даярлау немесе практикалық тəжірибе нəтижесінде алынған, белгілі бір кəсіптік саладағы теориялық жəне практикалық мəліметтер жиынтығы;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) білім деңгейіне қойылатын, тиісті кəсіптік стандарттарда немесе осы Кодекске сəйкес біліктілік талаптарында белгіленген талаптар болмаған жағдайда, кəсіптік біліктілікті тану туралы құжат (бар болса);»;
2) 116-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) кəсіптік оқыту - кəсіптік даярлау, қайта даярлау жəне біліктілікті арттыру нысанында жүзеге асырылатын, кəсіптік тұрғыдан даму мақсатында кəсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды иелену, жаңарту немесе кеңейту, сондай-ақ жаңа кəсіпке (мамандыққа) ие болу процесі;».
3. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 178-1) тармақшамен толықтырылсын:
«178-1) медициналық газ - қалыпты атмосфералық қысым мен бөлме температурасындағы, газ тəрізді күйдегі, терапиялық, диагностикалық немесе профилактикалық мақсатта организмге енгізуге арналған, дəрілік препарат болып саналатын кез келген зат немесе заттар қоспасы;»;
3-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
193) тармақшадағы «бақылауды» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
220) тармақшадағы «диагностиканың» деген сөз «диагностика мен санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 293-1) тармақшамен толықтырылсын:
«293-1) ішкі инфекциялық аудит - денсаулық сақтау ұйымы орындайтын, медициналық ұйымдарда медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың пайда болуы мен таралуының алдын алуға бағытталған ұйымдастыру түріндегі, санитариялық-эпидемияға қарсы жəне санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүйесі;»;
2) 7-бапта:
101-2) тармақша «заттардың» деген сөзден кейін «, сондай-ақ медициналық газдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасының үшінші жəне төртінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
104-3) тармақша «шартын» деген сөзден кейін «, медицина қызметкерлері кəсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың өмірі мен денсаулығын ортақ сақтандырудың үлгілік шартын» деген сөздермен толықтырылсын;
104-4) тармақшадағы «жауапкершілігін» деген сөзден кейін «, медицина қызметкерлері кəсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың өмірі мен денсаулығын» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 104-5) жəне 104-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«104-5) мүгедектігі бар балаларды қоспағанда, ауруға шалдығуы салдарынан қозғалыс функциялары уақытша шектелген мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың жəне (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекітеді;
104-6) мүгедектігі бар балаларды қоспағанда, ауруға шалдығуы салдарынан қозғалыс функциялары уақытша шектелген мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды жəне (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру қағидаларын бекітеді;»;
3) 9-бап мынадай мазмұндағы 40-6) тармақшамен толықтырылсын:
«40-6) ішкі инфекциялық аудит жүргізу қағидаларын бекітеді;»;
4) 10-бапта:
3-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) тармақшадағы «бақылауды» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) дəрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында тергеп-тексеруді жүргізу қағидаларын бекітеді;»;
5) 12-баптың 2- тармағы мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) уəкілетті орган айқындайтын тізбеге сəйкес, мүгедектігі бар балаларды қоспағанда, ауруға шалдығуы салдарынан қозғалыс функциялары уақытша шектелген мүмкіндігі шектеулі балаларды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен жəне (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етеді;»;
3-тармақтың 6) тармақшасы 2027 ж. 10 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
6) 23-баптың 1-тармағы 7) тармақшасындағы «бұйымдар мемлекеттік тіркелуге жатады.» деген сөздер «бұйымдар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) медициналық газдар мемлекеттік тіркелуге жатады.»;
7) 27-баптың 4-тармағының 3) тармақшасындағы «халықтың» деген сөз «, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелеріндегі, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге мемлекеттік органдардағы қызметті қоспағанда, халықтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 8) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
8) 28-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі «бақылау» деген сөзден кейін «жəне қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 46-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Уəкілетті орган тізбесін айқындайтын референс-зертханалар санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың сапасына сырттай баға береді.»;
10) 51-баптың 8-тармағы мынадай мазмұндағы екінші жəне үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Зертханалық зерттеулер мен өлшеулер өндірістік тұрғыдан бақылануға тиісті объект орналасқан өңірдің не іргелес өңірдің (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) шегіндегі сынақ зертханаларында жүзеге асырылады.
Өндірістік бақылау жүргізу үшін сынамаларды іріктеу мен жеткізуді сынақ зертханасының маманы жүзеге асырады.»;
3-тармақтың 11) - 15) тармақшалары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
11) 5-тараудың 3-параграфының тақырыбы «бақылау» деген сөзден кейін «жəне қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 52-бапта:
тақырып «бақылау» деген сөзден кейін «жəне қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
«бақылау осы бақылау» деген сөздер «бақылау жəне қадағалау осы бақылау жəне қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
2-тармақтағы «бақылауға» деген сөздер «бақылауға жəне қадағалауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші абзацта:
«бақылау» деген сөзден кейін «жəне қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
2) тармақша «бақылау» деген сөзден кейін «жəне қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша «бақылау» деген сөзден кейін «жəне қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 53-баптың тақырыбындағы жəне 1-тармағының бесінші абзацындағы «бақылауды» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 54-бапта:
тақырыптағы «бақылауды» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші абзацындағы «бақылауды» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «бақылауды», «бақылаудың» деген сөздер тиісінше «бақылау мен қадағалауды», «бақылау мен қадағалаудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша «бақылау» деген сөзден кейін «жəне қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «бақылау» деген сөзден кейін «жəне қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 55-бапта:
тақырып « жəне қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтағы «Бақылау субъектісіне (объектісіне)» деген сөздер «Бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) (бұдан əрі осы баптың мақсатында - бақылау субъектісі (объектісі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 5-тарау мынадай мазмұндағы 55-1-баппен толықтырылсын:
«55-1-бап. Дəрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы тергеп-тексеру
1. Тергеп-тексерулер Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-4-бабы 3-тармағының 1) жəне 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
2. Осы Кодекстің 53-бабының 1-тармағында көзделген лауазымды адамдар тергеп-тексерулерді осы Кодекске, Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне дəрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында тергеп-тексерулерді жүргізу тəртібіне сəйкес жүргізеді.
3. Бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) тергеп-тексеру шеңберінде:
1) бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) ішкі құжаттарында арнаулы киім мен жеке қорғану құралдарының болуы туралы талап көзделген кезде, лауазымды адамдарға, жұмысқа тартылған сарапшылар мен мамандарға осындай киім мен құралдарды беруді;
2) тергеп-тексеру жағдайына қатысты құжаттарды жəне (немесе) материалдарды, оның ішінде архивтік құжаттарды жəне (немесе) материалдарды, түсініктемелерді қағаз жеткізгіште жəне (немесе) электрондық нысанда ұсынуды, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорға (цифрлық жүйелерге) қолжетімділік беруді;
3) объектіге қарап-тексеру жүргізу, дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың, шикізаттың, құрамдастардың үлгілерін іріктеу үшін кедергісіз мүмкіндік беруді;
4) лауазымды адамдардың, комиссия мүшелерінің, жұмысқа тартылған сарапшылар мен мамандардың тергеп-тексеру нысанасына (тұрғын жəне əкімшілік ғимараттарға, құрылыстарға, құрылысжайларға, үй-жайларға жəне басқа да объектілерге) жататын объектінің аумағына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
4. Тергеп-тексеру шеңберінде зертханалық сынақтар жүргізу үшін дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың, шикізаттың, құрамдастардың үлгілерін іріктеу жүзеге асырылуы мүмкін.
5. Тергеп-тексеруді жүргізу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептері анықталып, тергеп-тексеруді жүргізуге негіз болған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) айқындалады.
6. Тергеп-тексеру нəтижелері бойынша тергеп-тексеру нəтижелері туралы акт жасалады, онда анықталған бұзушылықтар, оларды жою жөніндегі нұсқаулар, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері де көрсетіледі.
Актіні орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мəн-жайлар ескерілетін, бірақ тергеп-тексеру нəтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болатын мерзім анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері болып айқындалады.
7. Анықталған бұзушылықтарды жою үшін қосымша уақыт шығыны жəне (немесе) қаржылай шығындар қажет болған жағдайда, бақылау жəне қадағалау субъектісі (объектісі) өзіне тергеп-тексеру нəтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, тергеп-тексеруді жүргізген дəрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органға анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
8. Тергеп-тексеру қорытындыларына шағым жасау тергеп-тексеру нəтижелері туралы актінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
9. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау жəне қадағалау субъектісі (объектісі) анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен адамдарды жауаптылыққа тарту жөніндегі шаралар қабылданады.
10. Тергеп-тексеру нəтижелері туралы актіде көрсетілген анықталған бұзушылықтар мерзімінен бұрын немесе тергеп-тексеру нəтижелері туралы актіде көрсетілген мерзімдерде жойылған жағдайда, бақылау жəне қадағалау субъектісі (объектісі) тергеп-тексеруді жүргізген дəрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органға анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты беруге міндетті.
Бақылау жəне қадағалау субъектісі (объектісі) анықталған бұзушылықтарды жою туралы берілген ақпаратқа бұзушылықтарды жою фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса береді.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат берілген, сондай-ақ ол тергеп-тексеру нəтижелері туралы актіде көрсетілген мерзімдерде берілмеген жағдайларда жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
11. Осы баптың ережелерін жəне дəрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында тергеп-тексеруді жүргізу қағидаларын сақтамау тергеп-тексеруді тағайындау, оның мерзімдерін ұзарту жəне нəтижелері туралы актілерді жарамсыз деп тануға жəне (немесе) олардың күшін жоюға негіз болады.
12. Мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары тергеп-тексеру аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде тергеп-тексеруді жүргізген дəрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның интернет-ресурсында жарияланады.»;
3-тармақтың 17) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
17) 5-тарау мынадай мазмұндағы 55-2-баппен толықтырылсын:
55-2-бап. Дəрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі
1. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша дəрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелері бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісі) қызметінде жеке жəне заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін дəрілік заттар мен медициналық бұйымдар анықталған жағдайда жедел ден қою шараларын қолданады.
2. Тексеруді, тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оларды жүргізу нəтижелері бойынша қолданылатын, бақылау жəне қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) əсер етудің осы бапта көзделген тəсілдері жедел ден қою шаралары болып саналады.
Тексеруді, тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оларды жүргізу нəтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда, əкімшілік іс жүргізу қозғалмай, жедел ден қою шаралары қолданылады.
3. Жедел ден қою шараларының түрлері:
1) бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, өткізу жөніндегі қызметін тоқтата тұруды;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына жəне (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың актілеріне сəйкес келмейтін дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тоқтата тұруы, кері қайтарып алуды жəне айналыстан алып қоюды қамтиды.
4. Осы Кодекстің 52-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың нысанасы болып саналатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болады.
5. Дəрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган тексеруді, тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) олардың нəтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын талаптарды бұзу фактісін анықтаған кезде осы Кодекстің 54-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген қаулы нысанындағы қадағалау актісін ресімдейді.
6. Қадағалау актісін қолма-қол табыс ету кезінде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі жəне актіні қабылдаудан бас тарту фактісін тіркеп-белгілейтін бейнежазба жасалады. Қадағалау актісі оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) заңды мекенжайына, тұрған жеріне немесе нақты мекенжайына жіберіледі.
7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болмайды.
8. Тексеруді, тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) олардың нəтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын талаптарды бұзушылықтар тексеру, тергеп-тексеру нəтижелері туралы актіде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
9. Бақылау жəне қадағалау субъектісі (объектісі) жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын анықталған бұзушылықтарды тексеру нəтижелері туралы актіде, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
10. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада, тексеру, тергеп-тексеру нəтижелері туралы актілерде көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау жəне қадағалау субъектісі (объектісі) бұзушылықтарды жою фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса беріп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты беруге міндетті.
11. Осы баптың 10-тармағына сəйкес жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат берілген жағдайда немесе тексеруді немесе тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) олардың нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін олардың жойылуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
12. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексерудің немесе тергеп-тексерудің нəтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту жөніндегі шаралар қабылданады.
13. Бақылау жəне қадағалау субъектісі (объектісі) тексерудің, тергеп-тексерудің жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген нəтижелерімен келіспеген жағдайда, қадағалау актісін жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым осы Кодекстің 29-бабында көзделген тəртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
14. Жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның қадағалау актілерін жарамсыз деп тануына жəне олардың күшін жоюға:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздердің болмауы;
2) осы шараға сəйкес келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шараларын қолдану;
3) дəрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы бақылау жəне қадағалау органдарының өздерінің құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы;
4) Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 153-бабында белгіленген жедел ден қою шараларын келісу жəне қабылдау тəртібін сақтамау негіз болады.
15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберіледі.»;
18) 85-баптың 7-тармағының бірінші бөлігі «толық» деген сөзден кейін «, анық» деген сөзбен толықтырылсын;
19) 86-баптың 12-тармағындағы «сапасын» деген сөз «толықтығын» деген сөзбен ауыстырылсын;
20) 103-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Инфекциялық жəне паразиттік аурулардың таралу қаупі орын алған жағдайда, пайда болу жəне таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесіне сəйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының аумағына кіретін адамдарға қатысты дербес деректерді олардың келісімінсіз немесе олардың заңды өкілдерінің келісімінсіз жинауға жəне өңдеуге құқылы.»;
21) 104-баптың 7-тармағы 9) тармақшасындағы «жүргізуді қамтиды.» деген сөздер «жүргізуді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) санитариялық - профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуді қамтиды.»;
22) 109-баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасында:
«сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын;
«əсер ететін заттарды» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ адамның өмірі мен денсаулығына зиянды əсер ететін медициналық газдарды» деген сөздермен толықтырылсын;
23) 115-баптың 2-тармағында:
3-тармақтың 23) тармақшасының екінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
11) тармақшадағы «жауапкершілігін сақтандыруды қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер «жауапкершілігін, медицина қызметкерлері кəсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың өмірі мен денсаулығын сақтандыруды;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тəртіппен ішкі инфекциялық аудит жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.»;
24) 123-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) тəуекел тобындағы балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуын мониторингтеуді қоса алғанда, ерте араласу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды жəне өткізуді;»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында алты жасқа дейінгі балалар дамуының бұзылуын ерте анықтау үшін дамыту жəне ерте араласу орталықтары құрылады.
Дамыту жəне ерте араласу орталықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес скринингтік зерттеулерді, ерте араласуға арналған жеке жоспардың іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады.»;
3-тармақтың 25) - 28) тармақшалары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
25) 241-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Нақты пациенттің өмірлік көрсетілімдері бойынша медициналық көмек көрсету не сирек кездесетін жəне (немесе) аса ауыр патологиясы бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсету үшін дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды медициналық қолдану жəне сатып алу мүмкіндігімен оларды əкелуге арналған қорытындының (рұқсат беру құжатының) негізінде Қазақстан Республикасына əкелінген дəрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен зертханалық сынақтар жүргізу арқылы жүзеге асырылады.»;