4) негiзгi мiндеттеменiң қорытылған жиынтығы;
5) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң жорамалды сатылуына дейiн кепiл берушi төлеуге тиiс барлық өзге де алымдар, шығындар және шығыстардың қорытылған жиынтығы;
6) барлық берешектердiң хабарлама алынған сәттен бастап отыз күн iшiнде толық өтелуi туралы ұсыныс;
7) ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiкке сауда-саттық өткізудiң мүмкiндiгi туралы ескерту;
7-1) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды
7-2) жеке тұлға болып табылатын кепіл берушінің хабарлама табыс етілген немесе тапсырысты хатпен алынған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде кепіл ұстаушының алдында жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес ипотекалық қарызы бойынша ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу туралы өтінішхат беру құқығы туралы шарт;
8) сенiм бiлдiрген тұлғаның аты-жөнi (атауы), тұрағы (мекен-жайы).
27-бап. Сауда-саттық өткізу туралы хабарламаның мазмұны
Сауда-саттық өткізу туралы хабарламада мынадай деректер болуға тиiс:
1) кепiл берушiнiң аты-жөнi (атауы) және тұрағы (мекен-жайы);
2) кепiл ұстаушының аты-жөнi (атауы) және тұрағы (мекен-жайы);
3) орындалмаған мiндеттемелердiң қысқаша баяны және ипотеканы өткізу есебiнен қанағаттандырылуға тиiс кепiл берушiнiң кепiл ұстаушының алдындағы барлық берешектерiнiң жалпы сомасы;
4) ипотеканың мәнi болып табылатын және сауда-саттыққа шығарылатын жылжымайтын мүліктің атауы, сыны мен сипаттамасы;
5) сауда-саттықты өткізудiң уақыты мен орны;
6) сенiм бiлдiрген тұлғаның аты-жөнi (атауы), тұрағы (мекен-жайы) және телефон нөмiрi.
ҚР 03.06.03 ж. № 427-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28-бап өзгертілді
28-бап. Сауда-саттық туралы құлақтандыру және оны жариялау
1. Сенім бiлдiрілген адам сауда-саттық өткiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік он күн бұрын жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша Қазақстан Республикасы облысының, республикалық маңызы бар қаласының, астанасының аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде сауда-саттық туралы хабарландыру жариялайды.
2. Сауда-саттық туралы құлақтандыруда мынадай деректер болуға тиiс;
1) сауда-саттыққа шығарылатын жылжымайтын мүлiктiң атауы, сыны мен сипаттамасы;
2) жылжымайтын мүлiктiң дәл орны;
3) егер ол сауда-саттық шарттарында көзделген болса, сауда-саттыққа қатысушының кепiлдi жарнасының сомасы;
4) сатып алу бағасын төлеудiң тәртібі мен мерзiмi;
5) сауда-саттықты өткізу уақыты мен орны;
6) сауда-саттықты өткiзетiн сенiм бiлдiрiлген тұлғаның аты-жөнi (атауы) және тұрағы (мекен-жайы), анықтамалар мен төлем деректемелерi үшiн берiлетiн оның телефон нөмiрi.
Егер бұл мүмкiн болса және оған ешқандай кедергi болмаса, сауда-саттыққа шығарылатын жылжымайтын мүлiктiң нақ өзiнiң көрнектi тұсына сауда-саттық туралы құлақтандырудың бiр данасы оны өткізуден кемiнде он күн бұрын iлiнiп қойылады.
29-бап. Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу
1. Сауда-саттықты сенiм бiлдiрiлген тұлға ұйымдастырып, өткiзедi.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгетрілді (бұр.ред.қара)
2. Сауда-саттық елдi мекенде (қалада, ауданда, поселкеде, ауылда) мүлiк орналасқан жерде өткiзiледi.
3. Сауда-саттық аптаның кез келген күнi 9-дан 18 сағатқа дейiнгi уақытқа тағайындалады.
30-бап. Сауда-саттыққа қатысушылар
Сауда-саттыққа кепiл берушi мен кепiл ұсынушыны қоса, кез келген заңы тұлғалар мен азаматтардың қатысуға хақы бар.
Сенім бiлдiрiлген тұлға сауда-саттыққа қатыспайды.
31-бап. Кепiлдiк жарна және сатып алу бағасын төлеу
1. Сауда-саттық басталар алдында сенiм бiлдiрген тұлға әрбiр сауда-саттыққа қатысушыдан кепiлдiк жарнасын енгiзудi немесе жорамал сатып алу құнын оның төлеуге қабiлеттi екенiн растайтын өзге де дәлелдердi талап етуге хақылы. Сауда-саттық аяқталар алдында сенiм бiлдiрген тұлға ақырғы бағаны ұсынған сауда-саттыққа қатысушыдан осы соманы толық көлемде қолма-қол ақшамен, банк чегi түрiнде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де есеп айырысу жолдарымен дереу енгiзудi не сауда-саттық аяқталғаннан кейiн сауда-саттық туралы құлақтандыруда көрсетілген жолдармен және мерзімде аталған бағаны оның төлеуге қабiлеттiлiгiнің дәлелдерiн талап етуге хақылы.
2. Сатып алушы дереу төлем жасаудан бас тартқан не оның сауда-саттық туралы құлақтандыруда көзделген мерзiмде төлем жасау мүмкiндiгiне дәлелдi болмаса, ол сауда-саттыққа қатысушылар құрамынан шығарылады да, сауда-саттық жалғастырылады деп саналады. Оны жалғастыру мүмкiндiгi болмаған, сондай-ақ сауда-саттықта сатып алған мүлiкке сатып алушы төлем жасамаған жағдайда, осы Заңда белгiленген тәртiппен өткiзiлетiн жаңа сауда-саттық тағайындалады.
3. Сауда-саттыққа қатысушы кепiл ұстаушы кепiлдiк жарнасын енгiзуден, сондай-ақ сауда-саттықты ұтқан жағдайда - негiзгi мiндеттеме сомасы шегiнде сатып алу бағасын төлеуден босатылады.
4. Қатысушылардың кепiлдiк жарналары сауда-саттық аяқталғаннан кейiн қайтарылуға тиiс. Сауда-саттықты ұтқан қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу бағасының есебiне жатқызылады.
Сауда-саттықты ұтқан, бiрақ сатып алу бағасын төлемеген қатысушының кепiлдiк жарнасы сенiм бiлдiрген тұлғаның қарамағында қалады және ол бұны осы Заңның 28-бабында белгiлеген тәртiппен пайдаланады.
08.11.00 ж. № 96-II; 03.03.03 ж. № 427-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 32-бап өзгертілді
32-бап. Сауда-саттық өткiзiлмеген деп жариялау
1. Сенім бiлдiрiлген тұлға, егер:
1) сауда-саттыққа бiр ғана сатып алушы келсе;
2) сауда-саттықта ұтқан тұлға сатып алу бағасын белгiленген мерзiмде енгiзбесе, сауда-саттық өткiзiлмеген деп жариялайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдаяттардың бiрi орын алса, келесi күнi сауда-саттық өткiзiлмеген деп жариялануға тиiс.
2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бiр ғана сатып алушы қатысқандықтан, сауда-саттық өткiзiлмедi деп жарияланған кезде кепiл ұстаушы мүлікті бағалаушы жасаған бағалау туралы есеп негiзiнде сот шешiмiмен белгіленген немесе сенiм бiлдiрілген тұлға белгiлеген ағымдағы бағалау құны бойынша өз меншiгiне айналдыруға немесе жаңа сауда-саттық тағайындауды талап етуге хақылы.
Осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасында көзделген негiздер бойынша сауда-саттық өткiзiлмедi деп жарияланғаннан кейiн он күн iшiнде кепiл ұстаушы кепiлге берiлген жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын жасасу арқылы сатып алуға хақылы.
Бұл ретте ипотека шарты тоқтатылады.
Мұндай келісімге сатып алу-сату туралы ережелер қолданылады, бұл ретте ипотека шарты тоқтатылады.
4. Жаңа саудаласу туралы құлақтандыру осы Заңның 28-бабына сәйкес жарияланады.
33-бап. Сотқа жүгiну құқығы
Кепiл берушi, сондай-ақ егер ол кепiл берушi болып табылмаса, негiзгi мiндеттеме бойынша борышқор сауда-саттық өткізудiң рәсiмi бұзылған жағдайда жылжымайтын мүлiк орналасқан жердегi сотта оның нәтижелерiн 3 ай iшiнде даулауға хақылы.
Қуыным жасау арызын беру сауда-саттық нәтижесiнен туындайтын iс-әрекеттiң жасалуын тоқтатпайды.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 33-1-баппен толықтырылды
33-1-бап. Соттан тыс сауда-саттықты жарамсыз деп тану негіздері
Соттан тыс сауда-саттық мынадай негіздер бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін:
1) осы Заңның 24-бабының 3-тармағында көзделген мән-жайлардың болуы;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы және ипотекалық шартты тіркеген органның сауда-саттықты ықтимал өткізуі туралы хабарламаны тіркеудің болмауы;
3) сауда-саттық туралы хабарландыру алғашқы жарияланған кезден бастап және оны өткізген кезге дейін осы Заңның 25-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген мерзімнің бұзылуы;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) егер қарыз алушының кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындау мерзімінің өтуі жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы хабарлама табыс етілген кезге екі айдан аз болса;
5) осы Заңның 28-бабына сәйкес жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, Қазақстан Республикасының астанасы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында сауда-саттық туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде жариялаудың болмауы;
6) осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес мерзімді баспа басылымдарында сауда-саттық туралы хабарландырудың сауда-саттық өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен аз мерзімде жариялануы;
7) осы Заңның 26 және 27-баптарында көзделген хабарламаларда мәліметтердің болмауы;
8) сауда-саттық туралы хабарландыруда осы Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген ақпараттың болмауы;
9) осы Заңның 29-бабында көзделген талаптардың бұзылуы;
10) сенім білдірілген тұлғада сауда-саттық өткізуге өкілеттіктердің болмауы.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 34-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
34-бап. Жылжымайтын мүлiктi сатып алушыға беру
Сауда-саттық аяқталып, сатып алушы ақырғы және өзiнен талап етiлген басқа да барлық төлемдердi енгiзгеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген тұлға оған сауда-саттықта жылжымайтын мүлiктi сатып алғаны туралы құжатты тапсырады, онда мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
1) сауда-саттықты өткізудiң негiзi;
2) оны өткізудiң орны мен уақыты;
3) сауда-саттықта сатып алынған мүлiктiң атауы, сыны мен сипаттамасы, оның орналасқан жерi;
4) кепiл берушi - мүлiктiң бұрынғы иесiнiң аты-жөнi (атауы) және тұрағы (мекен-жайы);
5) сатып алушының аты-жөнi (атауы) және тұрағы (мекен-жайы);
6) сатып алушы төлеген сатып алу бағасы;
7) сауда-саттықты өткiзген сенiм бiлдiрiлген тұлғаның аты-жөнi (атауы) және тұрағы (мекен-жайы).
Сауда-саттықта жылжымайтын мүлiктiң сатып алынғаны туралы құжат сенiм бiлдiрiлген тұлғаның қойылған қолымен бекітіледi.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, егер сенiм бiлдiрiлген тұлға заңды тұлға болып табылса, оның өкiлiнiң қойған қолы осы заңды тұлғаның мөрiмен расталады; егер сенiм бiлдiрiлген тұлға жеке тұлға болса, оның қойған қолы нотариалдық тәртiппен расталады.
35-бап. Кепiл берушiнiң жылжымайтын мүлiктi беруден бас тартуы
Кепiл берушi сатып алушыға ол сауда-саттықта сатып алған жылжымайтын мүлiктi беруден, тұрғын үй-жайды босатқысы келмегенiн қоса, бас тартқан жағдайда, сатып алушы мүлiк орналасқан жердегi сотқа жүгiнуге хақылы.
Бұл ретте туындаған барлық сот шығыстарын кепiл берушi ипотеканы өткізуден алған қаражатының есебiнен өтейдi.
36-бап. Сауда-саттықтан түскен түсiмдi бөлу
Сенім бiлдiрiлген тұлға сауда-саттықтан түскен түсiмдi мынадай басымдық ретiмен:
1) сауда-саттықты өткізудiң шығындары мен шығыстарын өтеуге;
2) ипотекамен қамтамасыз етiлген негiзгi мiндеттеме үшiн төлем жасауға;
3) қайталама кепiл және аударым кепiлiмен қамтамасыз етiлген, мерзiмi өткен мiндеттемелердi, сондай-ақ заң актілерінде белгiленген кезек ретiмен басқа да жылжымайтын мүлiк ауыртпалықтарын төлеуге;
4) кепiл берушiге қалған соманы қайтаруға арнап бөледi.
5-тарау. Ипотеканы тоқтату
ҚР 03.03.03 ж. № 427-II Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
37-бап. Ипотеканы тоқтатудың негiздерi
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, ипотека Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 322-бабында көзделген негiздер бойынша тоқтатылады. Жылжымайтын мүлік ипотекасын негізгі міндеттемені орындауға, ипотека мәніне айыпақы өндіріп алуға және өзге де негіздерге байланысты тоқтатуды мемлекеттік тіркеу жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi, 2016 ж. 1 қаңтардан бастап жасалған шарттарға қолданылды) (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ипотекалық шартты жасасу кезiнде негiзгi мiндеттеменi толығымен қамтамасыз еткен кепiлге берiлген мүлiк негiзгi мiндеттеменiң сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртiппен сатылған кезде, сондай-ақ осындай мүлiкті кепiлде ұстаушының меншiгiне өткен кезде, ипотеканың тоқтатылуымен бiр мезгiлде негiзгi мiндеттеме де тоқтатылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің нормалары борышкер - жеке тұлғада өндіріп алу қолданылуы мүмкін, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен асатын өзге де мүлік немесе кіріс болмаған кезде, ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты жасалған кезде және сот тәртібімен өндіріп алуды қолдану күніне жеке тұлғаға тиесілі және негізгі міндеттемені толығымен қамтамасыз еткен ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша кепілге салынған жылжымайтын мүлікті сот тәртібімен сату жағдайына қолданылады.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Кепіл беруші ипотекалық шарт жасасу кезiнде негiзгi мiндеттеменi толық қамтамасыз еткен жылжымайтын мүлiкті кепіл ұстаушымен келісілген бағадан төмен емес бағамен осы Заңның 20-1-бабында белгіленген тәртіппен дербес өткізген жағдайда, ипотеканың тоқтатылуымен бір мезгілде негiзгi мiндеттеме тоқтатылады.
38-бап. Осы Заңның күшi
Осы Заң 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi