28) тармақша алып тасталсын.
4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
1) 51-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің банк шоттарындағы (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) барлық шығыс операциялары «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өкімдері бойынша тоқтатыла тұруы мүмкін.»;
төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте мемлекеттік кіріс органдарының және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өкімдері қағаз жеткізгіште немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық нысанда банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
Қағаз жеткізгіште жіберілетін өкімге мемлекеттік кіріс органының немесе ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бірiншi басшысы қол қоюға және сол органның мөрiмен куәландырылуға тиіс.
Электрондық нысанда жіберілетін өкім салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен немесе ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген форматтарға сәйкес жасалады.».
5. «Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 94-құжат; 1999 ж., № 12, 398-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат):
45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«45-бап. Президент, Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi, Ұлттық Банктiң Төрағасы, Бас Прокурор, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ Мемлекеттiк хатшы, Президент Әкiмшiлiгiнiң және Премьер-Министр Кеңсесiнiң басшылары, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң Парламенттегi өкiлдерi тұрақты комитеттердiң кез келген ашық, сол сияқты жабық отырыстарына қатысуға құқылы және өз сөздерiн тыңдатуға құқығы бар.».
6. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат, № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 15, 78-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 10-3) тармақшамен толықтырылсын:
«10-3) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит - бюджет қаражатын пайдалану мәселесі жөніндегі аудит;»;
2) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу;»;
3) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
4) 12-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «келмесе, аккредиттеу туралы куәлігінен айырылады.» деген сөздер «келмесе;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) аудиторларға кандидаттарды аттестаттауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізбесе, аккредиттеу туралы куәлігінен айырылады.»;
5) мынадай мазмұндағы 18-3-баппен толықтырылсын:
«18-3-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу ерекшеліктері
1. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды беру тәртібін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайды.
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорда орналастырылады.
2. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытындыға біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсетіп, орындаушы аудитор қол қояды, оның жеке мөрімен куәландырылады, аудиторлық ұйым басшысының қолымен бекітіледі және аудиторлық ұйымның мөрімен куәландырылады.»;
6) 20-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн аудиттелетiн субъектiнiң қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын алуға және тексеруге;»;
7) 21-бапта:
1-тармақтың 2), 2-1) және 4) тармақшаларындағы «салықтар бойынша аудит» деген сөздерден кейін «, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
6) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аудиторлық ұйымдар мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік кәсіпорындарда, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларда аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізген жағдайда аудиттелетін субъектіге бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану кезінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпаратты да беруге міндетті;»;
мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:
«9-2) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайтын тәртіппен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды ұсынуға;»;
8) 24-бапта:
тақырып «аудит» деген сөзден кейін «, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші, жетінші және сегізінші абзацтар «салықтар бойынша аудитті», «салықтар бойынша аудит» деген сөздерден кейін тиісінше «, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитті», «, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келмейтін аудиторлық ұйымның міндетті аудит жүргізуіне тыйым салынады.»;
9) 25-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аудиторлық ұйымнан Қазақстан Республикасы заңнамасының аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізуге қатысты талаптары туралы қажетті ақпаратты алуға;»;
2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аудитті, салықтар бойынша аудитті, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитті уақтылы және сапалы жүргізуі үшін аудиторлық ұйымға жағдай жасауға, қажетті құжаттаманы ұсынуға, ауызша немесе жазбаша нысанда түсіндірулер мен түсініктемелер беруге;
2) егер шартта өзгеше көзделмесе, аудитке, салықтар бойынша аудитке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитке жатқызылатын мәселелер ауқымын шектеу мақсатында аудиторлық ұйымның қызметіне араласпауға;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар секілді аудиттелетін субъектілер өз қызметтерінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізілгеннен кейін бір ай мерзімде, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың аудиттелетін субъектілері квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізілгеннен кейін бір ай мерзімде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану кезінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпарат береді.»;
10) 27-баптың 1 және 3) тармақтарындағы «салықтар бойынша аудит» деген сөздерден кейін «, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит» деген сөздермен толықтырылсын.
7. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 24, 144-құжат):
8-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мүдделi тұлғалардың жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа құқықтық актiнiң күшiн жою, оны өзгерту немесе оның қолданылуын тоқтата тұру туралы өтініш беруi тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн құқықтық актiнiң (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актісін, оның жазбаша нұсқамаларын, сондай-ақ бюджет қаражатын мақсатсыз және негізсіз пайдаланудың анықталған фактілеріне байланысты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының құқықтық актілерін қоспағанда) қолданылуын тоқтата тұрады.».
8. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
1) 6-бапта:
1-тармақтың 9-2) тармақшасындағы «бақылау» деген сөз «мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының құзыретіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерін бес жылға лауазымға тағайындау, сондай-ақ оларды лауазымнан босату жатады.»;
2) 21-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мәслихат депутаттары саяси партиялардың фракциялары және өзге де қоғамдық бірлестіктер, депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. Мәслихат хатшысы депутаттық бірлестіктерге кіре алмайды.»;
3) 2-1-тарау алып тасталсын.
9. «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат, № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
21-баптың 10-тармағының 3) тармақшасындағы «ұсынуға міндетті.» деген сөздер «ұсынуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес келетін емтихан модульдері бойынша емтихандар өткізуге міндетті.».
10. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 138, 143-құжаттар):
1) 1-бапта:
16) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 24-2) тармақшамен толықтырылсын:
«24-2) нұсқама - Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшін бақылау объектілеріне жіберілетін уәкілетті органның орындалуы міндетті актісі;»;
34) тармақша алып тасталсын;
2) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әлеуетті өнім беруші ұсынатын біліктілік талаптары бойынша ақпараттың анықтығын тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында анықтауы мүмкін.»;
3) 14-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды, оның ішінде камералдық бақылауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда, мемлекеттік сатып алуға қатысушылар беретін есептік деректердің, материалдар мен ақпараттың анықтығын тексереді;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқанға дейін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тапсырыс берушілердің және конкурстық комиссиялардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып қабылданған шешімдерінің күшін жою туралы орындалуы міндетті шешім қабылдайды;»;
4) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.
2. Мыналар:
1) тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, конкурстық комиссия (аукциондық комиссия), сараптама комиссиясы, сарапшы;
2) өткізілетін мемлекеттік сатып алулар нысанасы шегінде әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, сондай-ақ жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер не қызметтер көрсету бойынша бірлескен орындаушылар ретінде тартылатын тұлғалар;
3) мемлекеттік сатып алуға тауар биржалары арқылы қатысатын тұлғалар;
4) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор бақылау объектілері болып табылады.
3. Уәкілетті орган мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:
1) әлеуметті өнім берушінің, конкурсқа не аукционға қатысушының, өнім берушінің не оның уәкілетті өкілдерінің тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның, аукциондық комиссияның, сараптама комиссиясының, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасап жазбаша өтінішпен жүгінген кезде тексеруді жүзеге асырады. Мұндай шағымды қарау осы Заңның 45-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады;
2) құқық қорғау органдарының қаулылары келіп түскен кезде:
3) тәуекелдерді басқару арқылы алынған ақпаратты талдау нәтижелері бойынша тексеруді жүзеге асырады.
4. Уәкілетті орган бақылау іс-шараларын, оның ішінде камералдық бақылау жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған кезде мынадай шараларды қолданады:
1) бақылау объектісіне орындалуы міндетті нұсқама, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібереді;
2) міндеттемелері толық көлемде және тиісінше орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы бұзыла отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінеді;
3) бақылау объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ бақылау объектілерінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен тоқтата тұрады.
5. Бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бар әрекетті (әрекетсіздікті) жасау фактісі анықталған кезде уәкілетті орган мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетілген әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы ақпаратты және осындай фактіні растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына беруге міндетті.
6. Уәкілетті орган мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.».
11. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат):
8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Республикалық және коммуналдық мүліктің сақталуын тексеруді мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.».
12. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар):
15-баптың 1-тармағының 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«30) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті - Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жоғары органы.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының үшінші абзацын;
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 9) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабының 1-тармағы 8) тармақшасының үшінші абзацы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«6. Тиісті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есептің нәтижелері тиісті бюджетті әзірлеу немесе нақтылау, мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру кезінде ескеріледі.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 12-і.
№ 393-V