39. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша Үкімет қаулыларының жобалары мүдделі мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша МО ИП арқылы олармен келісілгеннен кейін Әділет министрлігінде заңдық сараптауға жатады.
Әділет министрлігіне енгізілгенге дейін көрсетілген қаулылардың жобалары Сыртқы істер министрлігімен келісіледі.
Осы жобаларға электрондық құжат нысанында:
1) Әділет министрлігі мен Сыртқы істер министрлігін қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдармен (мүдделі мемлекеттік органдардың халықаралық шарт жобасының мәтінін түпкілікті келіскені туралы жазбаша қорытындыларын қоса бере отырып), сондай-ақ тиісті шет мемлекетпен (мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен келісілген әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған оны жасасу тілдеріндегі, оның ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі халықаралық шарт жобасы;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми сараптама жүргізу міндетті болған жағдайда - халықаралық шарттардың жобалары бойынша не Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенген халықаралық шарттар бойынша ғылыми сараптама қорытындысы;
3) халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобалары енгізілген жағдайда - Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар;
4) оларды жасасу тілдеріндегі халықаралық шарттардың Сыртқы істер министрлігі ресми куәландырған көшірмелері және Үкімет қаулысының жобасында немесе халықаралық шарт жобасында сілтеме жасалған, жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган ресми куәландырған халықаралық сипаттағы өзге де құжаттар;
5) оларға сілтеме болған жағдайда - халықаралық ұйымдар шешімдерінің және халықаралық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган ресми куәландырған көшірмелері;
6) бұрын қол қойылған шарттарға ноталар (СІМ растаған ноталардың көшірмелері) қоса беріледі.
Жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер, сондай-ақ негіздемелерімен тиісті ұсыныстар жобаға түсіндірме жазбада көрсетіледі.
Қазақ және орыс тілдеріндегі аудармалардың халықаралық шарттардың түпнұсқа мәтіндерінің біріне сәйкестігін қаулы жобасын әзірлеуге жауапты орталық мемлекеттік орган қамтамасыз етеді.
Қарыз туралы халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша Үкімет қаулыларының жобалары мүдделі орталық мемлекеттік органдармен қарыз туралы халықаралық шарттардың жобаларымен бір мезгілде келісілуге тиіс. Мүдделі орталық мемлекеттік органдармен және Әділет министрлігімен келісілгеннен кейін көрсетілген қаулылардың жобалары Сыртқы істер министрлігімен келісілуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 39-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.12.11. № 1198 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 39-1-тармақ өзгертілді
39-1. Әзірлеуші мемлекеттік орган Кеңсеге халықаралық шарттарға қол қою туралы Үкімет қаулыларының жобаларын:
1) Үкімет атынан - оларға қол қою күніне дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей;
2) Қазақстан Республикасының атынан - оларға қол қою күніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей ұсынады.
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар шеңберінде, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен іс-шаралар өткізілгенге дейін кемінде жиырма бес жұмыс күні бұрын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісілген тапсырмалардың жобаларын (меморганның тиісті келісу хаттарымен не меморган басшысының бұрыштамасымен қоса) Премьер-Министрдің Кеңсесіне беруді қамтамасыз етеді.
Премьер-Министрмен тапсырмалардың жобаларын келіскеннен кейін Сыртқы істер министрлігі тапсырмалардың жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен іс-шаралар өткізілгенге дейін кемінде он бес жұмыс күні бұрын Президент Әкімшілігіне енгізеді.
40. ҚР Үкіметінің 2008.05.12. № 1161 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру мен
зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары жөніндегі қаулылардың
жобаларын келісу мен енгізу мәселелері Үкімет бекіткен тиісті нұсқаулыққа сәйкес айқындалады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.06. № 838 Қаулысымен 41-1-тармақпен толықтырылды
41-1. Қазақстан Республикасының аумағынан ғарыш объектілерін ұшыру, сондай-ақ оны одан тыс жерлерде ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау мәселелері Үкімет бекіткен тиісті қағидалармен айқындалады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 42-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 42-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.11.08. № 910 Қаулысымен 42-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
42. Ведомстволардың санын, министрліктердің, олардың басшы лауазымды адамдарының штат санының лимиттерін ұлғайтуды көздейтін қаулылардың жобаларын Үкімет Президентпен немесе оның уәкілеттігі бойынша Президент Әкімшілігімен келіседі.
Мемлекеттік органдар ведомстволардың санын, министрліктердің, олардың басшы лауазымды адамдарының штат санының лимиттерін ұлғайтуды көздейтін қаулылардың жобаларын Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 43-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 43-тармақ жаңа редакцияда
43. Әзірлеуші мемлекеттік органның өтінішхаты бойынша келісуші мемлекеттік органдарда туындаған келіспеушіліктерді қарау мақсатында Үкіметтің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Премьер-Министрде және оның орынбасарларында кеңестер өткізілуі мүмкін.
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кеңестер Кеңсенің Басшысында өткізілуі мүмкін, олардың нәтижелері Премьер-Министрге баяндалады.
Тиісті хат түріндегі кеңес өткізу туралы өтінішхат Кеңсеге:
1) мемлекеттік органдардың бірінші басшылары орынбасарларының қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңестің хаттамасын;
2) мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қол қойған келiспеушiлiктер хаттамасын;
3) мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымдарын қоса бере отырып, Үкімет басшылығында немесе Кеңсе Басшысында кеңес өткізу қажеттілігінің негіздемелерімен бірге енгізіледі.
Хатты алғаннан кейін Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі тиісті қорытынды мен Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының аталған кеңесті өткізудің орындылығы туралы қарарының жобасын дайындайды.
ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 Қаулысымен 43-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 43-1-тармақ жаңа редакцияда
43-1. Кеңседе және Президент Әкімшілігінде қарау процесінде қаулылардың (өкімдердің), сондай-ақ Президент пен Парламенттің қарауына тиісінше Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын және заң жобаларын енгізу туралы қаулылардың жобалары тұжырымдамалық өзгерген жағдайда, олар мүдделі мемлекеттік органдармен міндетті түрде қайта келісілуге тиіс. Кеңседе және Президент Әкімшілігінде қарау процесінде халықаралық шарттың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгерген жағдайда, Әділет министрлігімен қайта келісілуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен 43-2-тармақпен толықтырылды
43-2. Жоба мәтініне республикалық бюджетке кірістердің қысқаруына немесе шығыстардың ұлғаюына әкелетін өзгерістер енгізілген жағдайда, жоба Қаржы министрлігімен қайта келісуді және Республикалық бюджет комиссиясының оң хаттамалық шешімін қажет етеді.
44. Премьер-Министр не оның тапсырмасы бойынша Кеңсе Басшысы жедел мәселелерді шешу жөніндегі қаулылардың (өкімдердің) жобаларын келісудің өзге де рәсімін белгілей алады.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 4.3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4.3-бөлім. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын мемлекеттік органдарда келісу мерзімі
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.18.07. № 797 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 346 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 45-тармақ өзгертілді
45. Қаулылардың (өкімдердің) жобаларын мемлекеттік органдарда қарау және келісу олар түскен күнінен бастап мынадай мерзімнен аспауға тиіс:
1) осы Регламентте көзделген жағдайларды қоспағанда, қаулылардың жобалары, оның ішінде Президенттің және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу туралы тиісінше Президент актілерінің жобалары мен заң жобалары - 10 жұмыс күні;
2) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, Премьер-Министр өкімдерінің жобалары - 5 (бес) жұмыс күні;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ ізгілік көмек мәселелері бойынша қаулылар мен өкімдердің жобалары - 3 (үш) жұмыс күні;
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) ҚР Үкіметінің 2010.12.11. № 1198 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) Кодекс жобалары бастапқы енгізген жағдайда - 20 жұмыс күні ішінде, қайталама түскенде - 10 жұмыс күні ішінде қаралады.
4-1) ресми сапарларға қатысты Премьер-Министр өкімдерінің жобалары мемлекеттік органдармен бір күн мерзімде келісіледі;
5) қарыз туралы халықаралық шарттарды ратификациялау және олардың күшін жою туралы заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу туралы қаулылардың жобалары - 5 жұмыс күні.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 46-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
46. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының немесе Кеңсе
Басшысының тапсырмалары бойынша Үкіметтің қаулыларын немесе Премьер-Министрдің өкімдерін жедел қабылдау қажет болған кезде нақты жобаларды мемлекеттік органдарда келісудің неғұрлым қысқа мерзімі белгіленуі мүмкін. Мұндай жағдайда қаулының (өкімнің) жобасына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Үкімет мәжілісінде, Үкімет басшылығында немесе Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Кеңсе Басшысында болған кеңесте бұрыштама соғуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 4.4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4.4-бөлім. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын келісу нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдер
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 47-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
47. Қаулының (өкімнің) жобасын қарау қорытындылары бойынша келісуші мемлекеттік орган әзірлеушіге жауаптың мынадай нұсқаларының бірін ұсынуға тиіс:
1) жоба ескертулерсіз келісілуі мүмкін. Мемлекеттік орган басшысы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып МО ИП-та электрондық құжат нысанындағы жобаны келіседі;
2) жоба бар ескертулер жойылған кезде келісілуі мүмкін. Бұл ретте МО ИП-та келісуші орган ескертулерді орналастырады, мұнда оларды жою жөніндегі ұсыныстар міндетті түрде қамтылуы тиіс және ЭЦҚ-ны пайдалана отырып келісуші мемлекеттік орган басшысының қолы қойылады. Бұл жағдайда әзірлеуші ескертулермен келіскен жағдайда жобаларды пысықтау жұмыс тәртібімен жүзеге асырылады, бұдан кейін әзірлеуші МО ИП-та мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-сын куәландырумен қол қойылған жобаның пысықталған нұсқасын орналастырады және мемлекеттік органдарға келісуге қайта жолдайды;
3) жобаны келісуден бас тартылды. Бұл ретте келісуші мемлекеттік орган МО ИП-та келісуден бас тартуға уәждемесі бар келісуден бас тарту белгісін қояды және келісуші мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырады.
Келісуші мемлекеттік органдарға қаулылардың (өкімдердің) жобаларын «ескертулермен» келісуге (бұрыштама соғуға) тыйым салынады.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 48-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
48. Келіспеушіліктер болған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган өзара тиімді шешім іздеу мақсатында оны келісуші органдармен талқылауды қамтамасыз етуге тиіс. Өзара тиімді шешімге қол жетпеген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган келісуші органдармен бірлесіп, келіспеушіліктер хаттамасын жасайды, оны жобаға МО ИП-та орналастырады. МО ИП-тағы келіспеушіліктер хаттамасы мемлекеттік органдар басшыларының ЭЦҚ-мен куәландырылады. Электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі келіспеушіліктер хаттамасының түпнұсқасы келісуші органның басшысына қол қоюға ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 4.5-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4.5-бөлім. Қаулы жобаларын Үкіметтің қарауына енгізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 49-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 49-тармақ жаңа редакцияда
49. Келісу жүргізілгеннен кейін әзірлеуші мемлекеттік орган қаулының жобасын Кеңсеге келісуші мемлекеттік органдардың қорытындыларымен (келіспеушіліктер хаттамаларымен) және тиісті қосымшалармен бірге электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде және мемлекеттік органдардың Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) арқылы электрондық құжат нысанында енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.12.11. № 1198 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.05.03. № 213 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.31.12. № 1524 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 50-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 50-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.24.04. № 288 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 346 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен ; 2016.07.11. № 672 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 50-тармақ өзгертілді
50. Мемлекеттік органдар Кеңсеге енгізетін мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған Үкімет қаулыларының жобалары мыналарды қамтуға тиіс:
1) Үкімет қаулысының жобасы;
2) осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазба, онда мынадай негізгі мәліметтер қамтылуға тиіс:
тиісті нормативтік құқықтық актілерге жасалған сілтемесі бар жобаны қабылдаудың негіздемесі, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормалары, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмалары және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері (Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмалары түсіндірме жазбаға қоса беріледі);
жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептемелер, қаржыландыру көзіне сілтемелер, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі);
жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдар;
нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімі;
жобада қаралатын мәселелер және оларды іске асыру нәтижелері бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері туралы мәліметтер;
енгізілетін жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы;
ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат;
мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22П-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес жобаларды және оларға материалдарды «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігі;
қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны);
тауар саудасына, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат;
қаулы жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулының (өкімнің) жобасына түсіндірме жазба міндетті түрде Үкіметтің актісін қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есептемелердің нәтижелерін қамтуға тиіс.
Сараптамалық қорытындыларда көрсетілген ескертулер жойылған жағдайда, жобаны әзірлеуші қаулы жобасына түсіндірме жазбада аталған ескертулердің жойылғаны туралы көрсетуі тиіс;
3) Үкіметтің қолданыстағы актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін қаулының жобасына осы Регламентке 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тиісінше негіздей отырып, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары әр парағын дәйектеген және қол қойған қаулының (қаулылардың) бұрынғы және жаңа редакциясындағы салыстырма кестесі қоса беріледі;
жобаның әрбір абзацына қатысты негіздеме, соның ішінде нормативтік құқықтық акті болса - тиісті заңнамалық немесе заңға тәуелді актінің нормасына міндетті түрде сілтеме, сондай-ақ одан дәйексөз келтірілуі тиіс;
Үкімет қаулыларымен бекітілген туынды нормативтік құқықтық актілердің жаңа редакциясы енгізілген кезде де қаулының жаңа редакциясының әрбір абзацының тиісті негіздемесімен (соның ішінде нормативтік құқықтық акті болса - тиісті заңнамалық немесе заңға тәуелді актінің нормасына міндетті түрде сілтеме, сондай-ақ одан дәйексөз келтіре отырып) бірге туынды нормативтік құқықтық актінің бұрынғы және жаңа редакцияларының әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары әрбір парағын дәйектеген және қол қойған салыстырма кестесін қоса беру қажет;
4) егер жобада қаулының (қаулылардың) күшін жою көзделетін болса, жобаны қабылдау қажеттілігіне негіздемені қамтитын, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары әрбір парағын дәйектеген және қол қойған анықтама жобаға қоса беріледі;
5) егер қаулы (өкім) жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, жобаға Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптама қорытындылары қоса беріледі. Сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда қаулы (өкім) жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган сараптама қорытындысымен келіспеу себептерінің жазбаша дәлелді негіздемелерін келтіруге тиіс. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің қорытындылары белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда олар қоса берілмейді;
5-1) егер қаулы (өкім) жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын болса, «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, жобаға қоғамдық кеңестің ұсынымдары қоса беріледі. Ұсынымдармен келіспеген жағдайда жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган келіспеу себептерінің жазбаша дәлелді негіздемелерін келтіруге тиіс. Қоғамдық кеңестің ұсынымдары белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда олар қоса берілмейді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми сараптама жүргізу міндетті болған жағдайда, халықаралық шарттың жобасы бойынша не Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарт бойынша жүргізілген ғылыми сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды жобаға қоса беріледі;
7) осы Регламенттің 4.2-бөліміне сәйкес өзге мемлекеттік органдардың қорытындылары (келіспеушіліктер хаттамасы, сондай-ақ келісетін мемлекеттік органның ескертулері бойынша өзара қолайлы шешім табу мақсатында өткізілген кеңестің хаттамасы);
8) орындау үшін қаулының жобасы әзірленген тапсырмалардың (хаттамалардың және т.б.) көшірмелері;
9) ҚР Үкіметінің 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) қаулы жобасымен Парламент Мәжілісінің және Президенттің қарауына заң жобалары мен жарлықтардың жобалары енгізілетін жағдайларды қоспағанда, келісу парағы (pdf форматында қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Бұл ретте келісу парағына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бұрыштама қояды.
11) қаулы жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттеушілік эсерді талдау жүргізілген жағдайда, қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімі және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытындысы, сондай-ақ реттеушілік әсерді талдау нәтижелері қоса беріледі.
«Рdf» форматындағы келісу парақтарынан, ғылыми сараптамалар нәтижелері бойынша қорытындылардан, өзге мемлекеттік органдардың қорытындыларынан, тапсырмалардан, мемлекеттік органдардың бірінші басшысының міндетін атқарушы адамдарға міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтан басқа, Президент актілері, заңдар жобаларының, Үкімет қаулылары, Премьер-Министр өкімдері жобаларының мазмұндық бөлігі ЭҚАБЖ-да doc форматында ғана қалыптастырылады және алты файлдан тұрады. Өзге форматтарды пайдалануға рұқсат етілмейді. Құжаттың ұсынылған электрондық нұсқаларын мұрағаттауға рұқсат етілмейді.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) түсімдерін қысқартуға немесе шығыстарын ұлғайтуға алып келетін қаулылардың (өкімдердің) жобаларына Республикалық бюджет комиссиясының қорытындылары қоса беріледі.
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 50-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 50-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.11.08. № 910 Қаулысымен 50-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен 50-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
50-1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, сондай-ақ Кеңсе Басшысының тапсырмалары бар жобаларды қоспағанда, Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын Кеңсеге ағымдағы жылғы 10 желтоқсанға дейін енгізеді.
Бұл ретте Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері көрсетілген мерзімге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын енгізілген Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын ағымдағы жылғы 8 желтоқсанға дейін келісуді қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 51-тармақ жаңа редакцияда
51. ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 52-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
52. Қаулы жобасының және оған қосымшалардың әрбір парағын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы дәйектейді.
53. Қаулы жобасында халықаралық шарттарға немесе өзге де құжаттарға (заңнамалық актілерден, Президент, Үкімет және Премьер-Министр актілерінен басқа) сілтемелер болған кезде әзірлеуші осы құжаттардың тиісінше Сыртқы істер министрлігі немесе жобаны әзірлеуші куәландырған мемлекеттік, орыс және қол қойылған өзге тілдердегі (әр түрлі оқылған кезде басымдығы бар) көшірмелерін міндетті түрде жобаға қоса береді.