Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 және 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы № 1161 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 367 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 541-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында»;
«Мұқашев Жанат Бәзікенұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Мемлекеттік комиссияның хатшысы» деген жолдағы «Мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын;
көрсетілген комиссия құрамына мыналар енгізілсін:
Жәмішев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Школьник Владимир Сергеевич - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі, төрағаның орынбасары;
көрсетілген құрамнан Коржова Наталья Артемовна, Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы шығарылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы»;
«қолданылатын» деген сөзден кейін «(мақсаттағы)» деген сөзбен толықтырылсын;
4-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарының іс-қимылын үйлестіру және өнімдерді Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйесін, экспорттау тәртібін, кері экспортты, импортты, кері импортты, транзитті немесе қайта өңдеуді пайдаланатын сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларына ұсынымдар дайындау;»;
3) тармақшадағы «экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорт-импортты, қайталама экспорты және транзиті» деген сөздер «экспорттық бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «, соның ішінде қару-жарақ, әскери техника, ядролық материалдар мен екі ұдай мақсаттағы өнім экспортына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру» деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақта:
1) тармақша алынып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) өнім номенклатурасы (тізімі) жөнінде ұсыныстар енгізеді;»;
6-тармақта:
3) тармақшасында «қару-жарақтардың экспорты-импорты» деген сөздер «экспорттық бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:
40-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |