2015 қаржы жылына арналған бюджетті бекіту және нақтылау кезінде бюджеттік бағдарлама бюджеттік кіші бағдарламалар үшін де бюджеттік бағдарламаларға арналған нәтиже көрсеткіштерін қолдану шартымен бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 243-2-баппен толықтырылды
243-2-бап. Мемлекеттік бюджетке және республикалық, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы 2017 қаржы жылындағы шоғырландырылған қаржылық есептілік
Мемлекеттік бюджетке және республикалық, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы 2017 қаржы жылына шоғырландырылған қаржылық есептілік жасалмайды.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 243-3-баппен толықтырылды
243-3-бап. 2017 қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетін нақтылау, түзету мен атқару және 2017 қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау ерекшеліктері
1. 2017 қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетін нақтылау, түзету және атқару ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы 2016 жылы мәслихат шешімімен бекітілген аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне сәйкес жүзеге асырылады.
2. 2017 қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімімен бекітілген (нақтыланған) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне сәйкес жасалады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 243-4-баппен толықтырылды
243-4-бап. 2018 - 2020 және 2019 - 2021 қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді әзірлеу мен бекіту ерекшеліктері
1. 2018 - 2020 және 2019 - 2021 қаржы жылдарына арналған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері тиісінше 2017 қаржы жылының 1 қаңтарындағы және 2018 қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағында әзірленеді және бекітіледі.
2018 - 2020 және 2019 - 2021 қаржы жылдарына арналған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері осы Кодекстің 9-1, 52, 52-1, 56-1, 64, 65, 65-1, 66, 67, 68, 73, 73-1, 75, 78 және 79-баптарының нормаларына сәйкес әзірленеді және бекітіледі.
2. 2017 қаржы жылының 1 қаңтарындағы және 2018 қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тиісінше 2018 - 2020 және 2019 - 2021 қаржы жылдарына арналған шығыстары аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер құрамында көзделеді.
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерді есепке жатқызумен және тиісінше 2017 қаржы жылының 1 қаңтарындағы және 2018 қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағыттаған шығыстарды жүргізумен байланысты операцияларды есепке алу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын (жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотын) ашады.
Тиісінше 2017 қаржы жылының 1 қаңтарындағы және 2018 қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағыттаған ақша бойынша атқару осы Кодекстің 102-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 243-5-баппен толықтырылды
243-5-бап. 2020 - 2022 және кейінгі қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді әзірлеу мен бекіту ерекшеліктері
2020 - 2022 және одан кейінгі қаржы жылдарына арналған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері осы әкімшілік-аумақтық бірліктер халқының санына қарамастан, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағында қалыптастырылады.
49-тарау. Қорытынды ережелер
244-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
245-бап. Қорытынды ережелер
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодекс, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 13, 17, 18-баптарын, 19-бабының 5 және 6-тармақтарын, 29, 40, 71, 74, 77-баптарын, 96-бабының 5-тармағының 5) тармақшасын, 156-бабының 3-тармағын, 240, 241, 242-баптарын, сондай-ақ республикалық бюджетке арналған 32-39, 60-68, 79, 84, 85-баптарын және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 114, 115, 116, 117, 118-баптарын қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Кодекстің қолданысқа енгізілу кезінде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасы оған қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады және осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде оған сәйкес келтірілуге тиіс.
3. Осы Кодекс алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшін жоятын 7, 13, 17, 21, 22, 29, 37, 76, 79, 82, 95, 101-103-баптарын, сондай-ақ республикалық бюджетке арналған 33, 34, 68-70, 72-75, 92, 93-баптарын қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 86-құжат; № 16, 97-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16-құжат; № 4, 28-құжат; № 13, 98-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 152-құжат; № 23, 176-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 15-16, 64-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2008 жылғы желтоқсанның 4-і
№ 95-ІV ҚРЗ