4. Сот орындаушысы заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетін атқарушылық құжат өзіне келіп түскеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, атқарушылық іс жүргізуді қозғайды, бұл туралы қаулы шығарады.
Бұл ретте, жеке сот орындаушысы өндіріп алушымен атқарушылық құжаттың орындалу шарттары туралы келісім (шарт) жасасады.
Сот орындаушысы атқарушылык іс жүргізуді қозғаумен бір мезгілде осы Заңда көзделген атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады, сондай-ақ борышкерге қатысты өзге де атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғын анықтайды, ол анықталған жағдайда өндіріп алушыға хабарлайды және осы Заңға сәйкес оның талаптарын қанағаттандырудың кезектілік тәртібін түсіндіреді.
5. Атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін борышкердің өндіріп алушы алдындағы міндеттерін кез келген орындауы сот орындаушысын міндетті түрде хабардар ете отырып жүргізілуге тиіс.
38-бап. Атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тартудың негіздері, салдары және оның себептерін жою
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сот орындаушысы өзіне атқарушылық құжат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, егер:
1) атқарушылық құжат өндіріп алушының арызынсыз берілсе не атқарушылық іс жүргізу өндіріп алушының арызынсыз қозғалуға жататын жағдайларды қоспағанда, арызға өндіріп алушы немесе оның өкілі қол қоймаса;
2) атқарушылық құжат атқарушылық әрекеттердің жасалған жері бойынша берілмесе;
3) атқарушылық құжат орындауға ұсынылатын мерзім өтіп кетсе және сот оны қалпына келтірмесе;
4) құжат атқарушылық құжат болып табылмаса не атқарушылық құжатқа қойылатын талаптарға сәйкес келмесе;
5) атқарушылық құжат бұрын орындауға ұсынылған болса және атқарушылық іс жүргізу осы Заңның 47-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған болса;
6) сот актісі, атқарушылық құжат болып табылатын немесе соның негізінде, дереу орындалуға жататын атқарушылық құжаттарды қоспағанда, атқарушылық құжатты беретін органның (лауазымды адамның) актісі заңды күшіне енбесе;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) өндіріп алушы жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы енгізбеген болса;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) атқарушылык құжатқа заңды күшіне енгені туралы белгісі бар, судьяның қолымен және соттың мөрімен куәландырылған сот актісінің көшірмесі қоса берілмесе;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 896-бабында көзделген мәліметтер мен құжаттарды ұсынбаса, атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
2. Атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы сот орындаушысы қаулысының көшірмесі аталған қаулы шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей, барлық түскен құжаттардың қосымшасымен өндіріп алушыға, сондай-ақ атқарушылық құжатты берген сотқа немесе органға (лауазымды адамға) жіберіледі.
Жеке сот орындаушысы құжатты өндіріп алушыға қайтарады. Қайтару туралы қаулыда атқарушылық құжатты қайтарудың негіздері көрсетілуге тиіс.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген мән-жайларды жою атқарушылық құжатты сот орындаушысына осы Заңда белгіленген тәртіппен қайта жіберуге (ұсынуға) кедергі келтірмейді.
Осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген мән-жайларды жою үшін жеке сот орындаушысы өндіріп алушыға он күн мерзім белгілейді. Егер өндіріп алушы көрсетілген мерзімде ағымдағы шотқа қажетті соманы енгізбесе, онда атқарушылық құжат орындауға ұсынылмаған болып есептеледі және өндіріп алушыға қайтарылады.
4. Сот орындаушысына кемшіліктері жойылғаннан кейін немесе белгіленген мерзімінен кешірек келіп түскен атқарушылық құжаттың қайтадан келіп түскен күні оның берілген күні болып есептеледі.
5. Қайтару туралы қаулыда көрсетілген кемшiлiктері жойылмай келiп түскен атқарушылық құжат орындалуға жатпайды және ол жiберген органға немесе адамға қайтарылады.
39-бап. Атқарушылық құжаттарды орындау мерзiмдерi
1. Мерзімді өндiрiп алу туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, сондай-ақ заңнамалық актілермен орындаудың өзгеше мерзімдері белгiленгеннен басқа жағдайларда, атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының орындауы атқарушылық iс жүргiзу қозғалған күннен бастап екi айдан аспайтындай мерзiмде аяқталуға тиiс.
2. Құрылыстарды бұзумен, технологиялық операцияларды жүргiзумен байланысты атқарушылық құжаттар бойынша, сондай-ақ мамандарды тарта отырып мүлiктi бағалауды, сараптама жүргiзудi, борышкердiң мүлкiн сатуды, iздестiрудi талап ететiн мүлiктiк өндiрiп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындау төрт айдан аспайтындай мерзiмде аяқталуға тиiс.
3. Осы Заңда көзделмеген өзге де мерзімдер өндіріп алушы мен жеке сот орындаушысы арасында жазбаша нысанда көрсетілуі мүмкін.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Атқарушылық құжаттарды орындау осы Заңда көзделген негіздер бойынша тоқтатыла түрған, кейінге қалдырылған не мерзімі ұзартылған уақыт атқарушылық іс жүргізу мерзіміне кірмейді.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
40-бап. Орындауды кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, оның тәсілі мен тәртібін өзгерту, берілген сомаларды индекстеу
Атқарушылық іс-әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкін етпейтін мән-жайлар болған кезде өндіріп алушы немесе борышкер не сот орындаушысы істі қараған сот алдына немесе орындалатын жердегі сот алдына орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы мәселе қоюға құқылы.
Орындауды кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ берілген сомаларды индекстеу туралы мәселені сот атқарушылық іс жүргізу тараптарының өтініші бойынша шешеді.
41-бап. 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
42-бап. Сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру мiндетi
Атқарушылық іс жүргізу:
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) егер құқық қатынасы құқықтық мирасқорлыққа жол берсе, борышкер немесе өндіріп алушы қайтыс болған, борышкерді немесе өндіріп алушыны хабарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) борышкер болып табылатын заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе заңнамада белгіленген тәртіппен сот дәрменсіздік (банкроттық) туралы іс жүргізуді қозғау туралы шешім қабылдаған, сот мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған;
3) өндіріп алушыны немесе борышкерді әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
4) 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) әкімшілік жаза қолданған органдардың (лауазымды адамдардың) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе шешімдеріне сотқа шағым берілген;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) сот немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен атқарушылық құжатты беруге негіз болған сот актісінің орындалуын тоқтата тұру құқығы берілген лауазымды адам қаулы шығарған, сондай-ақ сот орындалуын белгілі бір мерзімге кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды ұсынған;
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайынан «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 3-1-тармағына сәйкес жылыту маусымы кезеңінде мәжбүрлеп шығарылған;
7) сотқа атқарушылық құжат бойынша өндіріп алынатын мүлікті тізімдемеден шығару туралы (тыйым салудан босату) талап қойылған;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы нарығында қызметті жүзеге асыру лицензияларынан айыру немесе олардың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім немесе қаржы ұйымына консервация жүргізу жөнінде шешім қабылдаған;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) сот банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған;
10) сот қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы шешім қабылдаған;
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) сот бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау туралы шешім қабылдаған;
11) 2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) атқарушылық іс жүргізуді борышкердің қатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін болмайтын жағдайда, ол бір айдан астам мерзімге уақытша болмаған (борышкер емдеу мекемесінде, қызметтік іссапарда, елді мекеннен тысқары, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында мерзімді әскери қызмет өткеруіне байланысты тысқары жерде болған);
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды
11-2) өндіріп алушы атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы ағымдағы шотқа жеке сот орындаушысы белгілеген мерзімге қарай енгізбеген;
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) өндіріп алушы жазбаша өтініш жасаған;
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды; 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) осындай құқық берілген сот, прокуратура немесе өзге де құқық қорғау органдары атқарушылық іс жүргізуді талап еткен;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) егер сот борышкерге қатысты іздеу жариялаған жағдайларда тоқтатыла тұруға тиіс.
Осы баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген жағдайда оған қатысты тізімдемеден шығару (тыйым салудан босату) туралы талап қойылған мүлік бөлігінде ғана атқарушылық әрекеттер тоқтатыла тұрады.
Осы баптың бірінші бөлігінің 12) тармақшасында көзделген жағдайда жарияланып қойылған сауда-саттықтарды жүргізу бөлігінде атқарушылық іс-әрекеттер, сондай-ақ инкассолық өкімдердің орындалуы тоқтатыла тұрмайды.
43-бап. 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 44-бап өзгертілді; 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
44-бап. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру мерзімдері Атқарушылық іс жургізу:
1) осы Заңның 42-бабының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда - борышкердің немесе өндіріп алушының құқықтық мирасқоры айқындалғанға, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі борышкерге немесе өндіріп алушыға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалғанға, заңды тұлғаны тарату туралы шешім белгіленген тәртіппен қабылданғанға, заңды тұлға немесе дара кәсіпкер (борышкер) банкрот деп жарияланғанға дейін;
2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) осы Заңның 42-бабының 5), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда - сот актісі заңды күшіне енгенге дейін;
3) осы Заңның 42-бабының 6) тармақшасында көзделген жағдайда -қадағалау тәртібімен іс жүргізу аяқталғанға дейін немесе атқарушылық құжат беруге негіз болған сот актісінің орындалуын тоқтата тұрудың күшін жою туралы тиісті лауазымды адамның өкімі шыққанға, сондай-ақ сот орындалуын белгілі бір мерзімге кейінге калдыруды, мерзімін ұзартуды ұсынғанға дейін;
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) осы Заңның 42-бабының 6-1) тармақшасында көзделген жағдайда - Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы орналасқан жер бойынша жылыту маусымы аяқталғанға дейін;
4) осы Заңның 42-бабының 10) тармақшасында көзделген жағдайда - қаржы ұйымын қайта құрылымдау тоқтатылғанға дейін;
5) осы Заңның 42-бабы бірінші бөлігінің 10-1) тармақшасында көзделген жағдайда - бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау тоқтатылғанға дейін;
6) осы Заңның 42-бабының 11-1) тармақшасында көзделген жағдайда -борышкер емдеу мекемесінен шыққанға, қызметтік іссапардан, елді мекенге, оның ішінде мерзімді әскери қызметтің аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа әскерлері мен әскери құралымдарындағы мерзімді әскери қызметтен қайтқанға дейін;
7) осы Заңның 42-бабының 11 -2) тармақшасында көзделген жағдайда -өндіріп алушы атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы ағымдағы шотқа енгізгенге дейін;
8) осы Заңның 42-бабының 12) тармақшасында көзделген жағдайда - өндіріп алушыдан өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге;
9) осы Заңның 42-бабының 13) тармақшасында көзделген жағдайда -атқарушылық іс жүргізуді талап еткен орган оны қайтарғанға дейін;
10) осы Заңның 42-бабының 14) тармақшасында көзделген жағдайда - борышкердің орналасқан жері белгілі болғанға немесе оның мүлкі анықталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 45-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
45-бап. Борышкерге iздеу салу
1. Борышкердің болатын жері белгісіз болған кезде сот орындаушысы ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы ұсыныспен атқарушылық құжат орындалатын жердегі сотқа жүгінуге міндетті. Борышкерге іздеу салу жарияланған және оның өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі болмаған кезде атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады.
Борышкердің орналасқан жері белгілі болған немесе оның мүлкі анықталған кезде атқарушылық іс жүргізу қайта басталады.
2. Борышкерге iздеу салуды соттың ұйғарымы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады.
3. Борышкерге iздеу салу жөнiндегi шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарға жатады және борышкерден мемлекеттік бюджетке сот арқылы өндiрiп алынуға тиiс.
Борышкерге iздеу салу жөнiндегi шығыстар іздеу салуды жүзеге асыратын органдардың өтініші негізінде айқындалады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
46-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi қайта жалғастыру
Атқарушылық iс жүргiзу өндiрiп алушының арызы бойынша немесе сот орындаушысының бастамасы бойынша оның тоқтатыла тұруын туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейiн қайта жалғастырылады.
Осы Заңның 44-бабының 8) тармақшасында көрсетілген тоқтата тұру мерзімдері өткен жағдайда, атқарушылық іс жүргізу қайта басталады.
47-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтатудың негiздерi мен салдары
1. Атқарушылық iс жүргiзу, егер:
1) өндiрiп алушы өндiрiп алудан бас тартса;
2) өндiрiп алушы мен борышкер бiтiмгершілік келiсiмiн жасасса және оны сот бекiтсе;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) атқарушылық іс жүргізу тараптары медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасасса;
3) шешiмде белгiленген талаптар немесе мiндеттер өндiрiп алушы немесе борышкер болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін қайтыс болған адамның құқықтық мирасқорына ауыспайтын болса;
4) борышкерді белгілі бір әрекеттерді жасауға міндеттейтін атқарушылық құжатты орындау мүмкіншілігі (белгілі бір әрекеттерді жасаудан тартыну) жоғалса;
5) тиiстi органның атқарушылық құжатты бергенде негiзге алынған шешiмiнiң күшi жойылса;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) өндiрiп алушы немесе борышкер болып табылған заңды тұлғаны тарату аяқталса, құқықтық мирасқоры болмаған кезде не атқарушылық құжат банкроттықты басқарушыға немесе оңалтуды басқарушыға немесе борышкер болып табылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясына орындау үшiн жiберiлсе;
7) атқарушылық құжаттың өндiрiп алу немесе өзге де талабы толық көлемде орындалса;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) кәмелетке жасы келгеннен кейін алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болмаса
8) заттарды өндiрiп алушыға беру туралы атқарушылық құжатты орындау кезiнде өндiрiп алушы борышкерден алып қойылған заттарды алудан бас тартса;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) мүлікті тәркілеу туралы атқарушылық құжаттың орындалуы барысында борышкерде мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе табысы болмаса, сот орындаушысы қабылдаған, оның мүлкін немесе табысын анықтау жөніндегі заңда көзделген шаралардың барлығы нәтижесіз болса;
9) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 312-6-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қайта құрылымдауды тоқтату туралы соттың шешімі заңды күшіне енсе, тоқтатылады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайларда сот орындаушысы бір тәуліктің ішінде бұл туралы қаулы шығарады. Тиісті белгісімен атқарушылық құжатты не оның көшірмесін сот орындаушысы сотқа немесе құжатты берген басқа органға жібереді.
Сонымен бір мезгілде орындауды қамтамасыз ету шараларының күші жойылуға тиіс. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 2-1) және 7) тармақшаларының негізінде тоқтатылған, орындалғаннан кейін атқарушылық санкциясы, орындау бойынша шығыстар, өсімпұл және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы өндіріп алынуға жататын атқарушылық құжаттар бойынша орындалуын қамтамасыз ету шараларының күші олар өндіріліп алынғаннан кейін ғана жойылуға тиіс. Атқарушылық құжаттың орындауға ұсынылу мерзімін сот қалпына келтірген не сот орындаушысының іс жүргізу тоқтатылған атқарушылық құжатты орындау жөніндегі іс-әрекеті заңсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, тоқтатылған атқарушылық іс жүргізуді қайта бастауға болмайды.
48-бап. Атқарушылық құжаттарды өндiрiп алушыға қайтару
1. Өндiрiп алу жүргiзiлмеген немесе толық көлемде жүргiзiлмеген атқарушылық құжат сот орындаушысының қаулысы бойынша мына жағдайларда:
1) өндiрiп алушының арызы бойынша;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мүлкін тәркілеу туралы атқарушылық құжатты қоспағанда, егер борышкердің өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе табыстары болмаса және сот орындаушысы оның мүлкін немесе табыстарын анықтау жөнінде қолданған, заңда көзделген барлық шаралар нәтиже бермесе;
3) егер мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжат бойынша заңда көзделген орындау жөніндегі барлық шаралар нәтиже бермесе;
4) егер өндiрiп алушы атқарушылық құжатты орындау кезiнде борышкердiң сатылмаған мүлкiн өзінде қалдырудан бас тартса;
5) 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) егер өндіріп алушы жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына орындау жөніндегі шығыстарды жабу үшін қажетті аванстық сомаларды енгізуден бас тартса;
7) егер атқарушылық құжатты орындау процесінде борышкердің, борышкер мүлкінің жеке сот орындаушысының өкілеттіктері қолданылмайтын аумақта екені анықталса;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқарушылық құжатты орындау кезінде борышкер қатардан шыққан (азамат қайтыс болған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, борыш ауысқан) жағдайда, сот орындаушысы өндіріп алушыға құқықтық мирасқорды белгілеу және борышкерді ауыстыру туралы талаппен сотқа жүгіну құқығы туралы түсіндіре отырып, атқарушылық құжатты орындамай қайтарады;
8) жеке сот орындаушысынан бас тартуға осы Заңның 54-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер болса, өндіріп алушыға қайтарылады.
2. Атқарушылық құжатты өндiрiп алушыға қайтару заңда белгiленген атқарудың ескіру мерзiмi шегiнде осы құжатты орындауға қайталап ұсынуға кедергi болып табылмайды.
3. Өндіріп алу мемлекеттің пайдасына жүргізілетін атқарушылық құжаттар мынадай тәртіп сақтала отырып қайтарылады:
1) сот жазып берген (шығарған) атқарушылық құжат талап-арызға бастамашы болған немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтырған мемлекеттік органға қайтарылады;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысы тиісті уәкілетті органға (лауазымды адамға) қайтарылады;
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) прокурордың қаулысы прокурорға қайтарылады;
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) қылмыстық істер бойынша мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар сотқа қайтарылады.
4. 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Өндіріп алу толық көлемде жүргізілмеген, сондай-ақ сауда-саттық жарияланған атқарушылық құжат, егер өндіріп алушы орындалуы бойынша нақты келтірілген шығыстарды өтесе, өндіріп алушыға өтініші бойынша қайтарып алады.
49-бап. Атқарушылық iс жүргiзудiң аяқталуы
Атқарушылық iс жүргiзу:
1) осы Заңның 48-бабында аталған негiздер бойынша атқарушылық құжат қайтарылған;
2) осы Заңның 47-бабында аталған негiздер бойынша атқарушылық iс жүргiзу тоқтатылған;
3) соттың немесе құжатты берген басқа органның талабы бойынша атқарушылық құжат орындалмай қайтарылған жағдайларда аяқталды деп есептеледi.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 50-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 50-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
50-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе тоқтату, атқарушылық құжатты өндiрiп алушыға қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жiберу туралы мәселелердi қарау
1. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқарушылық құжатты қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жiберу туралы мәселелердi сот орындаушысы қарайды.
2. Сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқарушылық құжатты қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жiберу туралы қаулы шығарады, оны мемлекеттiк сот орындаушылары үшiн аумақтық бөлiмнiң басшысы-аға сот орындаушысы бекiтуге тиiс.
3. Сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқарушылық құжатты қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жiберу туралы қаулысына сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
51-бап. Орындалуға жататын атқарушылық құжатты түсіндіру
Атқарушылық құжат немесе оны орындау тәртібі түсініксіз болған жағдайда, оны орындау үшін алған сот орындаушысы, сондай-ақ өндіріп алушы немесе борышкер атқарушылық құжатты беруге негіз болған шешімді немесе өзге актіні түсіндіру үшін сотқа немесе атқарушылық құжатты берген органға жүгінуге құқылы.
52-бап. Атқарушылық әрекеттер жасалатын жер
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)