1) 1-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) әскери кафедра - Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны жанындағы, азаматтарды запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлауды жүзеге асыратын кафедра;»;
2) 9-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлықты қамтиды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтарды әскери қызметке даярлауды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.»;
3) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Азаматтарды жоғары білім беру ұйымдарында запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлау
1. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жұмылдыру қажеттілігіне, сондай-ақ әскери оқытылған резервті толықтыру қажеттігіне сүйене отырып, Қорғаныс министрлігінің тапсырысына сәйкес азаматтарды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау - өтеусіз және өтеулі негіздерде, запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлау өтеулі негізде жүргізіледі.
2. Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған азаматтарға Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртіппен тиісінше «запастағы лейтенант» немесе «запастағы кіші сержант» әскери атағы беріледі.
3. Азаматтарды запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлықтан өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.»;
4) 18-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әскери кафедралардың студенттері оқу-жаттығу жиындарынан өту кезеңінде әскери ант қабылдайды.»;
5) 35-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру қашықтан білім беру технологияларын пайдалану арқылы білім алатын азаматтарға берілмейді.»;
6) 41-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша даярлықтан өткен;»;
7) 44-баптың 7-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Оқу-жаттығу жиындары кезеңінде әскери кафедралардың өтеусіз негізде білім алып жатқан студенттері, әскери оқу орындарына түсу кезінде әскерге шақырылушылар, сондай-ақ «Жас ұлан» республикалық мектептеріне оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшін келген және казармалық жағдайда тұратын кандидаттар мемлекет есебінен тиісті нормалар бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі. Оқу-жаттығу жиындары кезеңінде әскери кафедралардың өтеулі негізде білім алып жатқан студенттері өздерінің жанында тиісті әскери кафедралар жұмыс істейтін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының есебінен тиісті нормалар бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 10 маусым
№ 344-VІ