Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы - Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған заңды тұлға, оның ішінде шетелдік қатысуымен құрылған заңды тұлға.
2. Инвестициялық жоба (оның iшiнде инвестициялық басым жоба) бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлерi берiледi:
1) кедендiк баждар және импортқа қосылған құн салығын салудан босату;
2) мемлекеттiк заттай гранттар.
3. Инвестициялық басым жоба бойынша инвестициялық преференциялардың (бұдан әрi - инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференциялар) мынадай түрлерi берiледi:
1) салықтар бойынша преференциялар;
2) инвестициялық субсидия.
4. Инвестициялық стратегиялық жоба бойынша салық жөніндегі преференциялар (бұдан әрі - инвестициялық стратегиялық жобаға арналған инвестициялық преференциялар) беріледі.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Арнайы инвестициялық жоба бойынша инвестициялық преференциялар түрінде кедендік әкелу баждарын салудан босату (бұдан әрі - арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар) ұсынылады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 284-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
284-бап. Инвестициялық жоба
Инвестициялық жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру кезінде құрылған, кеңейтілген және жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенiн білдіреді.
Инвестициялық басым жоба деп тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қызметтiң белгiлi бiр басым түрлерi бойынша жаңадан құрылған заңды тұлға iске асыратын және республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген күнге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң кемінде екi миллион еселенген мөлшерiнде инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтiн инвестициялық жоба түсініледі.
Инвестициялық стратегиялық жоба Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тiзбеге кіретiн және Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына стратегиялық ықпал етуге қабiлеттi инвестициялық жобаны білдіреді.
Арнайы инвестициялық жоба деп 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған және (немесе) іске асыратын инвестициялық жоба не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған жоба түсініледі.
285-бап. Инвестициялық преференцияларды алу тәртiбi
1. Инвестициялық преференцияларды алу үшiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органға инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм және өтiнiм берушiнiң осы Кодексте белгiленген талаптарға сәйкес келетiнiн растайтын құжаттарды инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жiбередi.
2. Инвестициялық преференциялар инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган мен инвестициялық жобаны iске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы арасында жасалған инвестициялық келiсiмшарт негiзiнде берiледi.
Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның инвестициялық басым жобаны iске асыратын инвесторларға «бiр терезе» қағидаты бойынша инвестициялық преференциялар беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
3. Инвестициялық стратегиялық жобалар үшін көзделген корпоративтік табыс салығы жөніндегі инвестициялық преференциялар инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша шарт жасау арқылы беріледі.
286-бап. Инвестициялық преференциялар беру шарттары
1. Инвестициялық преференциялар:
1) инвестициялық жоба бойынша - Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына;
2) инвестициялық басым жоба бойынша - Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасына;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) инвестициялық стратегиялық жоба бойынша - инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын заңды тұлғаға;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) арнайы инвестициялық жоба бойынша - инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен арнайы инвестициялық келісімшарт жасасқан, 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген, арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген, еркін қойма иесі ретінде қызметін жүзеге асыратын не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан заңды тұлғаға беріледі.
2. Инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференцияларды қолдану мақсаттары үшiн мынадай шарттарға сәйкес келетiн заңды тұлға:
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген күнге дейiн күнтiзбелiк жиырма төрт айдан аспай жүзеге асырылса;
2) заңды тұлға инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген қызмет түрлерiн жүзеге асырса;
3) инвестициялық басым жобаны iске асыру бiр инвестициялық келiсiмшарт шеңберiнде ғана жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы болып табылады.
3. Инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды қолдану мақсаттары үшін заңды тұлға мынадай шарттарға сайкес болуға тиіс:
1) заңды тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асырады;
2) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.
4. Заңды тұлға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген қызмет түрлерi бойынша инвестициялық жобаны iске асырған кезде инвестициялық преференциялар берiледi.
Басым қызмет түрлерiн айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.
Инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне мынадай қызмет түрлерi енгiзiлуге жатпайды:
1) ойын бизнесi саласындағы қызмет;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) көмір қабаттарындағы метанды өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет;
3) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 279-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 6) тармақшасында көзделген акцизделетiн тауарларды шығаруды, жинауды (жинақтауды) қоспағанда, акцизделетiн тауарлар шығару жөнiндегi қызмет.
Инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiн қоса алғанда, басым қызмет түрлерiнiң тiзбесi жылына бiр реттен артық қайта қаралмайды.
5. Инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференциялар мынадай шарттар сақталған кезде:
1) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген күні қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң кемінде екi миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыратын, инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген күні әрекет ететiн Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы алушы болып табылса беріледі, оған:
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасына сәйкес дербес бiлiм беру ұйымдары;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдары қосылмайды.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің үлесі жиырма алты пайыздан аспаса, беріледі.
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің қатысуы инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімді құрайды. Мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан шығуға міндетті. Бұл шарт орындалмаған жағдайда, инвестициялық преференцияларды қолдану Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан ол (олар) толық шыққанға дейін, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Тоқтатыла тұрған кезең ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығу туралы шартты орындамау инвестициялық келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға және бұрын берілген инвестициялық преференцияларды қайтаруға әкеп соғады;
Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретінде мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің үлесі елу пайыздан кем болатын квазимемлекеттік сектор субъектісі өз қызметін көмір қабаттарындағы метанды өндіру жөніндегі инвестициялық басым жобаны іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын жағдайда қолданылмайды;
3) инвестициялық басым жобаны iске асыру үшiн қаржыландыру көздерi не кепiлдiктерi ретiнде бюджет қаражаты тартылмаса;
4) инвестициялық қызмет мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберiнен тыс жүзеге асырылса, беріледі.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды қолданудың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы мынадай талаптардың біріне сәйкес келуге:
1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде тіркелген;
2) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелген;
3) моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болуға тиіс.
6. Инвестициялық преференцияларды қолдану мерзiмi осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленедi және инвестициялық келiсiмшартта инвестициялық преференциялардың әрбiр түрi бойынша көрсетiледi.
7. Инвестициялық преференциялар инвесторға осы Кодекстің 292-бабында көзделген, инвестордың қойылатын талаптарға сәйкес келетiнiн растайтын құжаттар ұсынылған кезде берiледi.
8. Инвестициялық преференцияларды қолдану осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
287-бап. Кедендік баждар салудан босату
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Инвестициялық келiсiмшарт шеңберiнде инвестициялық жобаны iске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерiнiң, шикiзаттың және (немесе) материалдардың импорты кезiнде кедендiк баждар салудан босатылады.
Лизингтік компания инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы үшін қаржы лизингі шарты негізінде инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде жеткізілетін технологиялық жабдықтың импорты кезінде кедендік баждар салудан босатылады.
Технологиялық жабдық деп инвестициялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған тауарлар түсініледі.
Жинақтауыштар деп жиынтығында технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын құрамдас бөлiктер түсініледі.
Шикізат және (немесе) материал деп кез келген пайдалы қазба, компонент, бөлшек немесе технологиялық процесс арқылы дайын өнім алу үшін пайдаланылатын өзге де тауар түсініледі.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде арнайы инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерiнiң, шикiзаттың және (немесе) материалдардың, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың аумағында өндірілген дайын өнім құрамындағы шикiзаттың және (немесе) материалдардың импорты кезiнде кедендiк баждар салудан босатылады.
2. Технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезiнде кедендік баждар салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ инвестициялық келiсiмшарт тiркелген кезден бастап бес жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерiнiң импорты кезiнде бес жылға дейiнгi мерзiмге кедендiк баж салудан босату тiркелген активтерге салынатын инвестициялардың көлемiне қарай және инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берiледi.
Шикiзаттың және (немесе) материалдардың импорты кезiнде кедендік баждар салудан босату жұмыс бағдарламасы бойынша тіркелген активтер пайдалану берілген күннен бастап бес жыл мерзімге ұсынылады.
Кедендік баждар салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ жұмыс бағдарламасы бойынша тiркелген активтер пайдалануға енгiзілген күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.
Жұмыс бағдарламасы өндiрiс пайдалануға берiлгенге дейiн инвестициялық жобаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк кестесiн, сондай-ақ өндiрiс пайдалануға берiлгеннен кейiн жобаның негiзгi өндiрiстiк көрсеткiштерiн айқындайтын, инвестициялық келiсiмшартқа қосымшаны білдіреді.
Егер жұмыс бағдарламасында екi және одан көп тiркелген активтердi пайдалануға енгiзу көзделетiн жағдайда, технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерiн, шикiзатты және (немесе) материалдарды әкелуге кеден бажын төлеуден босату мерзiмiн есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша бiрiншi тiркелген актив пайдалануға енгiзiлген күннен бастап жүргiзiледi.
Осы тармақтың күші арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар беру шарттарына қолданылмайды.
Осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған шешiм туралы хабарламаны инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган бес жұмыс күнi iшiнде кеден органына жiбередi.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде кедендік әкелу баждарын салудан босату:
1) арнайы экономикалық аймақтарға қатысушыларға он бес жыл, бірақ арнайы экономикалық аймақтардың әрекет ету мерзімінен аспайтын мерзімге;
2) еркін қоймалар иелеріне, арнайы инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап он бес жылдан аспайтын мерзімге;
3) моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына арнайы инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап он бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
288-бап. Мемлекеттiк заттай гранттар
1. Мемлекеттiк заттай гранттар Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны iске асыру үшiн уақытша өтеусiз пайдалануға берiле отырып, не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсыныла отырып, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз берiлетін мүлiкті білдіреді.
2. Мемлекеттiк заттай гранттарды осы Кодексте белгiленген тәртiппен инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен және (немесе) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу бойынша, инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз бередi.
Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның шешiмi ұсынылған мемлекеттiк заттай грантты меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусiз беру үшiн негiз болып табылады, бұл инвестор мен инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган арасында жасалған инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестор инвестициялық мiндеттемелерiн орындаған жағдайда инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi өткеннен кейiн қабылданады.
3. Мемлекеттiк заттай гранттар ретiнде: жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшейтiн және реттейтiн аспаптар мен құрылғылар, көлiк құралдары (жеңiл автокөлiктi қоспағанда), өндiрiстiк және шаруашылық құрал-саймандар берiлуi мүмкiн.
4. Мемлекеттiк заттай гранттарды бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен олардың нарықтық құны бойынша жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттiк заттай гранттың ең жоғары мөлшерi Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тiркелген активтерiне салынатын инвестициялар көлемiнiң отыз пайызынан аспайды.
Егер сұрау салынған мемлекеттiк заттай гранттың бағаланған құны көрсетілген ең жоғары мөлшерден асып түскен жағдайда, Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының сұрау салынған мүлiктi оның бағаланған құны мен мемлекеттiк заттай гранттың ең жоғары мөлшерi арасындағы айырманы төлеп алуға құқығы бар.
289-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген кездегі тұрақтылық кепілдігі
1. Инвестициялық басым жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ осы Кодекстің 286-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы;
2) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы шетелдік жұмыс күшін тарту саласында өзгерген кезде, тұрақтылыққа кепілдік беріледі.
2. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамасының тұрақтылығына кепілдіктің қолданылуы күшін жояды.
290-бап. Салықтар бойынша преференциялар
1. Салықтар бойынша преференциялар инвестициялық басым жобаларды қоса алғанда, инвестициялық жобаларды, сондай-ақ инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда беріледі.
2. Салықтар бойынша преференциялардың түрлері:
1) инвестициялық басым жобалар үшін:
есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;
жер салығы мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;
мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу;
290-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) инвестициялық басым жобаларды және инвестициялық стратегиялық жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобалар үшін - инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізаттың және (немесе) материалдың импортын қосылған құн салығынан босату;
3) инвестициялық стратегиялық жобалар үшін:
инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтен есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;
жер салығы мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;
мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу.
3. Инвестициялық келісімшартта салықтар бойынша преференциялардың әрбір түрінің қолданылу мерзімі белгіленеді, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалған оларды қолданудың шекті мерзімінен аспайды.
4. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, салықтар бойынша преференциялардың қолданылуы күшін жояды.
291-бап. Инвестициялық субсидия
1. Инвестициялық басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарылмайтын негізде инвестициялық преференция ретінде берілетін бюджеттік субсидия түрі инвестициялық субсидия болып табылады.
2. Өңірлік дамуға жәрдемдесу мақсатында инвестициялық субсидия инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде беріледі.
3. Инвестициялық субсидия растайтын құжаттар негізінде қосылған құн салығы мен акциздер есепке алынбай, құрылыс-монтаж жұмыстарына және жабдық сатып алуға арналған, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттамада көзделген шығындардың құнынан аспайтын, іс жүзіндегі шығындардың орнын отыз пайызға дейін өтеу арқылы беріледі.
4. Инвестордың іс жүзіндегі шығындарын растайтын құжаттар:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар;
3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген кедендік декларациялар болып табылады.
5. Инвестициялық субсидияны төлеу кестесі мен жылдық көлемі инвестициялық субсидияны инвестициялардың көлемі мен инвестициялық басым жобаның рентабельділігіне қарай кезеңге, бірақ өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін және инвестициялық келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғанға дейін кемінде үш жылға тең үлестермен бөлу арқылы инвестициялық келісімшарт шеңберінде белгіленеді.
6. Инвестициялық субсидияны төлеу инвестор инвестициялық міндеттемелерді орындаған кезде, өндіріс инвестициялық келісімшартта белгіленген толық көлемде пайдалануға берілгеннен кейін жүзеге асырылады.
7. Инвестициялық субсидия беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
292-бап. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiмге қойылатын талаптар
1. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiм:
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған заңды тұлға жарғысының көшірмесі;
3) инвестициялық жобаның инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;
4) инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) материалдарды сатып алуға шығындарды негiздейтiн, тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн құжаттардың заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған көшiрмелерi;
5) өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттiк заттай гранттың мөлшерiн (құнын) және оны беру алдын ала келiсiлгенiн растайтын құжаттар;
6) 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiм инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен қабылданады және тіркеледі.
2. Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, инвестициялық басым жобаны іске асыру кезеңі ішінде инвестор жобалауалды және (немесе) жобалау құжаттамасының заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен, мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған сараптамалық қорытындыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен береді.
293-бап. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiмдi қарау мерзiмдерi
1. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiм инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органға қарауға берiледi, ол осы Кодекстің 285 және 286-баптарында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылдайды және өтiнiм тiркелген кезден бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде өтiнiм берушiге жазбаша нысанда жауап жiбередi.
2. Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiмдi қабылдау, тiркеу және қарау тәртiбiн инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Осы баптың ережелері арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiмдерге қолданылмайды.
294-бап. Инвестициялық келiсiмшарт жасасу
1. Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт инвестициялық келiсiмшарт болып табылады.