Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 Қаулысы
(2015.25.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 8 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бір ай мерзімде осы қаулыны іске асыру үшін тиісті ведомстволық актілерді әзірлесін.
3. «Қару-жарақ, әскери техника айналымы, қорғаныс объектілері мен басқа да әскери мүліктің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 тамыздағы № 1039 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбындағы «Қару-жарақ, әскери техника айналымы, қорғаныс объектілері мен басқа да» деген сөздер алынып тасталсын;
кіріспедегі «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Заңына сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтағы «пайдаланылмайтын қаруға, әскери техника мен өзге де әскери мүлікке» деген сөздер «қару-жарақтан басқа, пайдаланылмайтын әскери мүлікке» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 1) тармақшасында:
«өзге де» деген сөздерден кейін «пайдаланылмайтын» деген сөзбен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде пайдаланылмайтын» деген сөздер алынып тасталсын.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қару-жарағын, әскери техникасын, қорғаныс объектілері мен басқа да әскери мүлкін беру, мүліктік жалдауға беру (жалға беру), сату және пайдаға асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі № 1006 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қаңтардағы № 1006 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 70 қаулысы.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 16 шілдедегі
№ 687 қаулысымен
бекітілген
Пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс
объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру)
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) ережесі пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) тәртібін реттейді.
2. Әскери мүлік уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз немесе қорларда сақтаудың кепілді мерзімдерін өткерген болып танылады.
3. Үкіметтің шешіміне сәйкес Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жабдықтау нормаларынан шығарылған қару-жарақ қару-жарақтан алынған әскери мүлік болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесіне сәйкес есептен шығарылған мүлік есептен шығарылған әскери мүлік болып табылады.
5. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) үшін Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар ағымдағы жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей пайдаланылмайтын әскери мүлік тізбелерін заңнамамен белгіленген негізде және шекте Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы пайдаланылмайтын әскери мүлікке иелік ету құқығын жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) жолдайды.
6. Уәкілетті орган тізбелерді алғаннан кейін бір ай мерзімде пайдаланылмайтын әскери мүліктің жалпы тізбесін жасайды және оны әскери мүлікке қажеттілікті айқындау үшін Қарулы Күштерге, басқа да әскерлермен әскери құралымдарға жолдайды.
ҚР Үкіметінің 2011.24.05. № 565 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар жалпы тізбені алғаннан кейін бір ай мерзімде уәкілетті органға әскери мүлікке қажеттілікке өтінім жолдайды немесе осындай қажеттіліктің жоқтығы туралы бірінші басшының не оны алмастыратын адамның қолымен жазбаша хабарлайды.
Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан өтінімдер алынғаннан кейін пайдаланылмайтын әскери мүліктің түпкілікті тізбесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияның отырысында қаралады.
8. Уәкілетті орган Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан, сондай-ақ мемлекеттік білім беру ұйымдарынан түскен жалпы тізбелерден пайдаланылмайтын әскери мүлікке қажеттілікке өтінімдерді алғаннан кейін осы Ереженің 2-тарауына сәйкес пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру туралы іс-шараларды жүзеге асырады.
9. Уәкілетті орган Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан әскери мүлікке қажеттіліктің жоқтығы туралы хабарлама алған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік білім беру ұйымдарынан өтінім жоқ болған кезде пайдаланылмайтын әскери мүлік осы Ереженің 3-тарауына сәйкес сатуға жатады.
2. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру тәртібі
10. ҚР Үкіметінің 2011.24.05. № 565 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.24.05. № 565 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери кұралымдарының жедел басқаруына әскери мүлікті беру, сондай-ақ ғылыми-зертеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындарына қару-жарақ пен әскери техниканың жекелеген үлгілерін беру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери-техникалық комиссияның ұсынымдары негізінде уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
12. Білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін әскери мүлікке қажеттілік кезінде мемлекеттік білім беру ұйымдары уәкілетті органға ағымдағы жылдың бірінші сәуіріне әскери мүлікке қажеттілікке өтінім береді, оны уәкілетті орган бір ай мерзімде қарайды.
13. Жалпы тізбеден талап етілмеген пайдаланылмайтын әскери мүлікті Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери-патриоттық тәрбиені арттыру және Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшін әскери кадрларды даярлау үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарына уақытша өтеусіз пайдалануға беруі мүмкін.
14. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті (соның ішінде қару-жарақты) беру кезінде тиісті шарт жасалады.
15. Барлық талап етілмеген әскери мүлік осы Ереженің 3-тарауына сәйкес сатуға жатады.
3. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті сату тәртібі
ҚР Үкіметінің 2014.08.10. № 1062 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Қару-жарақ пен әскери техниканы қоспағанда, пайдаланылмайтын әскери мүлікті Үкімет уәкілеттік берген ұйым (бұдан әрі - ұйым) жеке және заңды тұлғаларға жекешелендіру объектілері үшін заңнамада белгіленген жекешелендіру тәртібіне және шарттарына сәйкес сатады.
ҚР Үкіметінің 2014.08.10. № 1062 Қаулысымен 16-1-тармақпен толықтырылды
16-1. Пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы ұйым жеке және заңды тұлғаларға жабық тендер нысанындағы сауда-саттық жолымен жекешелендіру объектілері үшін заңнамада белгіленген жекешелендіру тәртібіне және шарттарына сәйкес сатады.
ҚР Үкіметінің 2011.24.05. № 565 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17. Пайдаланылмайтын әскери мүлік уәкілетті органның шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери-техникалық комиссияның ұсынымдары негізінде сатылады.
ҚР Үкіметінің 2012.11.10. № 1289 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының сатылатын мүлкі, оның ішінде кәдеге жарату өнімдері бағалау қызметі туралы заңнамада белгіленген тәртіппен бағалануға жатады.
19. Пайдаланылмайтын әскери мүлік, оны кәдеге жарату шартымен сатылуы мүмкін.
20. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті сатудан түскен қаражат республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.
21. Барлық сатылмаған әскери мүлік осы Ереженің 4-тарауына сәйкес кәдеге жаратуға жатады.
4. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті кәдеге жарату тәртібі
ҚР Үкіметінің 2012.11.10. № 1289 Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22. Қару-жарақтың, әскери техниканың, арнайы құралдардың пайдалану мүмкін болмайтын барлық түрлері кәдеге жаратуға жатады.
ҚР Үкіметінің 2012.11.10. № 1289 Қаулысымен 22-1-тармақпен толықтырылды
22-1. Қару-жарақтың, әскери техниканың, арнайы құралдардың кәдеге жарату және сату мүмкін болмайтын барлық түрлері жоюға және/немесе көмуге жатады.
ҚР Үкіметінің 2012.11.10. № 1289 Қаулысымен 22-2-тармақпен толықтырылды
22-2. Сатылмаған қару-жарақтың, әскери техниканың, арнайы құралдардың, оның ішінде жоюға және/немесе көмуге жататын кәдеге жарату өнімдерінің тізбесін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияның ұсынымы бойынша уәкілетті орган бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2012.11.10. № 1289 Қаулысымен 22-3-тармақпен толықтырылды
22-3. Қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жоюды және көмуді Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес заңды тұлғалар жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2012.11.10. № 1289 Қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23. Пайдаланылмайтын қару-жарақтың, әскери техниканың, арнаулы құралдардың тізбесінде кәдеге жарату үшін мыналар көрсетіледі:
1) мүліктің түрі;
2) шығарылған жылы;
3) саны;
4) жиынтықтаушы бұйымдардың болуы;
5) бар болған жағдайда зиянды заттардың құрамы және мөлшерлік құрамы (қалдықтар паспорты);
6) орналасқан жері немесе жинақталған жері;
7) бар болса, ыдысы;
8) техникалық құжаттамасының болуы.
24. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті кәдеге жарату таңдап алынған технологияларға және экономикалық орындылығына байланысты оны сақтау орындарында немесе мамандандырылған кәсіпорындарда (цехтарда, учаскелерде, алаңдарда, аумақтарда) жүргізіледі.
25. Кәдеге жаратуға жататын мүлікті оны сақтау орындарынан тысқары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес өнеркәсіп алаңдарына немесе өндіріс цехтарына әкету кәдеге жаратуды жүргізетін ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.13.03. № 296 қаулысымен 26-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес оларға оқ-дәрілерді кәдеге жарату өнімдерін сату бойынша қызмет көрсету шартымен заңды тұлғалар жүргізетін оқ-дәрілерді кәдеге жаратуды қоспағанда, пайдаланылмайтын әскери мүлікті кәдеге жаратуды мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалатын заңды тұлғалар немесе уәкілетті органның, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бөлімшелері жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2012.11.10. № 1289 Қаулысымен 26-1-тармақпен толықтырылды
26-1. Бекітілген техникалық жай-күйi актiлері (куәлiктер) алынған мүлік бөлшектеуге жатады.
Мүлiктi бөлшектеу пайдалануға жарамды агрегаттардың, тораптардың, аспаптардың, бөлшектер мен материалдардың барынша көп санын алу мақсатында қауiпсiздiк техникасының талаптарын және құпиялылық режимiн қатаң сақтай отырып, тиiстi мамандардан, есептен шығарылуға жататын мүлiктiң жай-күйi мен сақталуына жауап беретiн лауазымды адамдардан тұратын комиссия мүшелерiнiң қатысуымен тиiстi қызметтер (материалдық-техникалық, қаржы және басқа да қамтамасыз ету түрлерi) бастықтарының бақылауымен жүргізiледi.
Бекітілген техникалық жай-күйi актілері (куәлiктер) алынған қару-жарақ пен әскери техника, жауынгерлiк даярлық оқу материалдық-техникалық базасының жабдығы мен құралдары олардың агрегаттары бөлшектелмей, жөндеу әскери бөлiмдерiнде немесе тиiстi бөлiмшелерде бөлшектелуге жатады.
Бөлшектеу кезiнде қару-жарақ пен әскери техникадан алынған және одан әрi пайдалануға жатпайтын агрегаттар белгiленген тәртiппен әскери бөлiмдердiң жөндеу базаларына жөнделуге берiледi.
Жауынгерлiк зымырандар мен олардың элементтерi, зымырандар жабдықтарының жауынгерлiк жиынтықтары, егер оған мүлiктiң тиесiлiлігi бойынша әскери бөлiм қамтамасыз етілуде тұрған тиiстi басқару органының (бұдан әрi - қамтамасыз ету органы) арнайы нұсқаулары болмаса, бөлшектеуге жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2012.11.10. № 1289 Қаулысымен 26-2-тармақпен толықтырылды
26-2. Құпиялылық белгісi бар бұйымдарды (тораптарды, элементтердi) бөлшектеу оларды пайдалану тәртібін регламенттейтiн нормативтiк-құқықтық актілердiң талаптарына сәйкес жүргiзіледi.
ҚР Үкіметінің 2012.11.10. № 1289 Қаулысымен 26-3-тармақпен толықтырылды
26-3. Бөлшектенген мүлiктің пайдалануға жарамды, оның iшiнде жөндеудi талап ететiн барлық агрегаттарын, тораптарын, аспаптарын, бөлшектерін, материалдарын әскери бөлiмдер оқу-жаттығу мақсаттарында (табельдер, белгiленген шығыс нормалары немесе лимит шегінде), сондай-ақ жөндеу, сүрту материалы ретінде және басқа да мұқтаждарға пайдаланады.
Әскери бөлiмдер өз мұқтаждарына пайдаланбайтын жарамды және жөндеудi талап ететін агрегаттар, тораптар, аспаптар, бөлшектер, материалдар және басқа да мүлiк қамтамасыз ету органдарының нұсқауы бойынша әскери бөлiмдердiң басқа да базалары мен қоймаларына берiледi.
27. Заңды тұлғаларды оны сақтау орындарында кәдеге жарату жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жіберу уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
28. Кәдеге жарату үшін берілетін мүлік уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қауіпсіз жай-күйге келтіріледі.
29. Кәдеге жарату өнімдерін сату осы Ереженің 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) тәртібі
ҚР Үкіметінің 2012.11.10. № 1289 Қаулысымен 30-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30. Мүліктік жалға беруге (жалгерлікке беруге) жататын пайдаланылмайтын объектілердің тізбелерін баланстық құнын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ұсынымдары негізінде қорғаныс объектілерін есепке алуды жүзеге асыратын уәкілетті орган жасайды және оны қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет уәкілетті органның басшысы бекітеді.
Мүліктік жалға беруге (жалгерлікке беруге) жататын пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияның ұсынымдары негізінде жасалады.
31. Мүліктік жалға беруді (жалгерлікке беруді) уәкілетті орган (бұдан әрі - жалға беруші) жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2012.11.10. № 1289 Қаулысымен 31-1-тармақпен толықтырылды
31-1. Қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) жөніндегі тендерді дайындау және өткізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
32. ҚР Үкіметінің 2012.11.10. № 1289 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 301 Қаулысымен 32-1-тармақпен толықтырылды
32-1. Жалға беруші қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартуға құқылы.
ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 301 Қаулысымен 33-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33. Мүліктік жалға беруге (жалгерлікке беруге) жататын объектілердің тізбесі мерзімді баспа басылымдарында жарияланады.
ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 301 Қаулысымен 34-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
34. Өтінім жалға берушіге мынадай құжаттармен бірге беріледі:
1) қорғаныс объектісіне мұқтаждықтың техникалық-экономикалық негіздемесі;
2) нотариалды расталған құрылтай құжаттары (заңды тұлғалар үшін);
3) паспорт немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжат (жеке тұлғалар үшін).
ҚР Үкіметінің 2012.11.10. № 1289 Қаулысымен 35-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35. Өтінім жалға берушіге келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаралады.
36. Өтінімді қарау нәтижелері және ұсынылған құжаттар бойынша жалға беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) қорғаныс объектісін мақсатты бағыты бойынша мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) туралы;
2) осы объекті бойынша тендерлік іріктеу өткізу туралы;
3) себебін жазбаша түрде көрсете отырып бас тарту туралы.
37. Өтінім берушілерге қойылатын талаптарға сәйкес келетін екі және одан да көп өтінім бар болған кезде объектіні мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) тек тендер қорытындылары бойынша мүмкін болады.
38. Қорғаныс объектілерін мақсатты бағыты бойынша мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) кезінде орналасқан орнын, түрін, жай-күйін ескеретін, жалға беру ақысының есеп айырысу ставкалары мен арттыру (кеміту) коэффициенттерінің мөлшері, сондай-ақ объектілердің мақсатты арналуы өңірлік жағдайларды ескере отырып айқындалады және аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеттерімен келісім бойынша жалға беруші бекітеді.
39. Тендер өткізген кезде жалға беруші:
1) тендер өткізу күнін және орнын, оның шарттарын, сондай-ақ тендер жеңімпазын таңдау өлшемін айқындайды;
2) тендер құжаттамасын бекітеді;
3) тендер комиссиясын қалыптастырады;
4) кепілдік жарналар қабылдайды;
5) тендер комиссиясы мәжілісінің хаттамаларын бекітеді;
6) тендер жеңімпазымен мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) шартын жасасуды қамтамасыз етеді;
7) тендер аяқталғаннан кейін осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, тендерге қатысушыларға кепілдік жарналарды қайтарады;
8) тендер өткізу үшін қажетті өзге де функцияларды жүзеге асырады.
40. Тендердің ұйымдастырушысы ретінде тендер комиссиясы болады.
41. Тендер комиссиясын жалға беруші құрады.
42. Тендер комиссиясының құрамына жалға берушінің, теңгерімде ұстаушының, өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдері енгізіледі, сондай-ақ тәуелсіз мамандар мен сарапшылар тартылуы мүмкін. Комиссия төрағасы жалға берушінің өкілі болып табылады.
43. Тендер комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ болуы және кемінде бес адам болуы тиіс.
44. Тендер комиссиясы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жалға беруші белгілеген мерзімде және олар ұсынған қорғаныс объектісі туралы деректер негізінде тендердің шарттарын әзірлейді, олардың негізгісі мақсатты бағыты бойынша мүліктік жалдау (жалгерлікке беру) кезінде ұқсас объектілер үшін белгіленген жалға беру ақысының ставкасынан төмен болмайтын жалға беру ақысының ең төмен ставкасы болып табылады;
2) тендерді жариялау үшін тендер құжаттамасын және басқа да қажетті құжаттарды әзірлейді;
3) тендер өткізеді;
4) қажет болған жағдайда мамандар мен сарапшыларды тартады;
5) тендер комиссиясы отырысының хаттамасын ресімдейді;
6) тендердің жеңімпазын айқындайды және тендердің қорытындылары бойынша өзге де шешім қабылдайды.
45. Тендер комиссиясының хатшысын жалға беруші тағайындайды және ол тендер комиссиясының мүшесі болып табылмайды. Тендер комиссиясы шешім қабылдаған кезде хатшының дауыс беруге құқығы жоқ.
46. Тендер комиссиясының хатшысы:
1) тендерге қатысатын адамдарға тендер құжаттамасын ұсынады;
2) тендер өтінімдері салынған конверттерде қабылдайды;
3) тендер комиссиясы отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, сондай-ақ қажетті құжаттар дайындайды;
4) тендер комиссиясы отырысының хаттамасын жүргізеді;
5) тендер өтінімдерін тіркейді.
47. Тендер құжаттамасын дайындау тәртібін, құрамын және шарттарын жалға беруші айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 301 Қаулысымен 48-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
48. Жалға беруші тендер өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде тендер өткізу туралы хабарламаның жариялануын қамтамасыз етеді.
49. Тендер өткізу туралы хабар мыналарды қамтуы тиіс:
1) тендер объектісінің қысқаша сипаттамасы;
2) мүліктік жалға берудің (жалгерлікке беру) мерзімін;
3) кепілдік жарнаның мөлшерін, мерзімі мен енгізу тәртібін;
4) тендердің шарттары мен жеңімпазды таңдау өлшемін;
5) тендер өткізу күнін, уақыты мен орнын;
6) тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау мекен-жайын, мерзімін;
7) тендерге қатысуды ресімдеу тәртібі туралы мәліметтерді;
8) тендерге қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесін;
9) тендер құжаттамасын алудың және тендер объектісімен таныстырудың мекен-жайын, мерзімі мен шарттарын.
50. Тендер құжаттамасы тендер комиссиясы айқындаған тәртіппен тендерге қатысушының жазбаша өтінімі бойынша жиынтықта ұсынылады.
51. Тендер құжаттамасы мынадай негізгі бөлімдерді қамтуы тиіс:
1) тендер объектісі туралы мәліметтерді;
2) өтінімнің және онымен бірге ұсынылатын құжаттардың мазмұны жөніндегі талаптарды;
3) тендер өткізу шарттары мен тәртібін;
4) тендер жеңімпазын таңдау өлшемін;
5) мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) шартының жобасын;
6) тендерге қатысуға өтінімнің үлгісін.
52. Тендерге қатысушыларды тіркеу тендер өткізу туралы хабар жарияланған күнінен бастап жүргізіледі және тендер өткізуге дейін үш күн қалғанда аяқталады.
53. Тендер өткізу туралы хабар жарияланғаннан кейін жалға беруші қорғаныс объектілері және тендер өткізу ережесі туралы ақпаратқа барлық тілек білдірушілердің еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 613 қаулысымен 54-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
54. Тендерге қатысу үшін жалға беруші белгілеген мерзімде үміткер мыналарды ұсынуы қажет:
1) үміткердің тендерге қатысуға және шарттарын орындауы жөніндегі міндеттерді қабылдауға келісімінен тұратын тендерге қатысуға, шарт жасасуға өтінімді;
2) желімденген конвертте тендердің шарттары бойынша ұсынысты;
3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - жарғының, заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің, сондай-ақ олардың өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмелерін;
4) шетелдік заңды тұлғалар - орыс тіліне аударылған, нотариалды расталған құрылтай құжаттарды;
5) жеке тұлғалар - паспортты немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатты;
6) кепілдік жарнаны аударғанын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесін;
7) бюджеттің алдында берешегі жоқтығы туралы мәліметтерді;
8) хабарламада көрсетілген өзге де құжаттарды.
55. Тендерге қатысушылар кепілдік жарнаны жалға берушінің депозиттік шотына хабарламада көрсетілген мөлшерде, мерзімде және тәртіппен аударады.
56. Кепілдік жарнаның мөлшері хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертілмейді.
ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 301 Қаулысымен 57-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
57. Тендерге қатысу үшін кепілді жарнаны мүліктік жалға берілетін (жалгерлікке берілетін) объект үшін тұрғын емес үй-жайдың түрі, жайлылық деңгейі және жалға алушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттер есепке алынбай есептелген айлық жалгерлік төлем мөлшерінде тендерлік комиссия белгілейді.
58. Кепілдік жарна:
1) тендерге қатысушыға тендерге қатысудан оны өткізу мерзімі аяқталғанға дейін жазбаша бас тартқан жағдайда;
2) жеңімпазға бұрын келісілген шарттардан мүліктік жалға беру (жалгерлікке беруге) шарт жасасудан бас тартқан жағдайда қайтарылмайды.
59. Барлық қалған жағдайларда кепілдік жарналар тендер аяқталған күннен бастап 30 банктік күннен кешіктірмейтін мерзімде, ал егер ақша жалға берушінің шотына тендер өткеннен кейін түскен болса, онда олар түскен күнінен бастап 30 банктік күн ішінде қайтарылады.
60. Өтінімдерді қабылдау және тендерге қатысуға ниет білдірген адамдарды тіркеу талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы бар болған кезде жүргізіледі.
61. Тендерге қатысушының мыналарға құқығы бар:
1) тендерге өзі немесе заңнамаға сәйкес жасалған сенімхат негізінде өз өкілдері арқылы қатысуға;
2) тендерге қойылған объектілер бойынша қосымша мәліметтерді, нақтылауларды тегін алуға;
3) алдын ала объектіні көруге;
4) тендер басталғанға дейін 3 күн бұрын ол туралы жалға берушіге жазбаша хабарлап, қатысуға берген өтінімін қайтарып алуға.
62. Егер өтінімді қабылдау аяқталған сәтінде бір өтінім ғана тіркелген болса тендер өткізілмеді деп танылады.
63. Тендер комиссиясы тендер өткізу күні отырыста қатысушылардың ұсыныстары салынған конверттерді ашады және олардың ұсыныстарын жариялайды.
64. Конверттерді ашу алдында комиссия олардың бүтіндігін тексереді, ол тендер комиссиясы отырысының хаттамасында белгіленеді.