сегіз жүз он екінші абзацтағы «Салықтық» деген сөз «Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, салықтық» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сегіз жүз он бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Бұл ретте осы Кодекстің 71-тарауына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру тәсілдеріне қарай оны тапсыру үшін осы Кодекстің 635-бабында белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жеке табыс салығын төлеуді жүргізеді.»;
сегіз жүз жиырма тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7), 9), 10), 11), 11-1) және 12) тармақшаларының ережелері осы Кодекстің 71-тарауына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген тұлғаларға қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы сегіз жүз отыз үшінші абзацпен толықтырылсын:
«11-1) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;»;
2-тармақтың 2) тармақшасының отызыншы - отыз екінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы сегіз жүз отыз тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«Бұл ретте осы тармақта аталған, оның ішінде оқу, тағылымдамадан немесе практикадан өту мақсатында Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде жүрген адамдар осы тармақта көзделген негіздер болмаған жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларация ұсынбайды.»;
сегіз жүз отыз тоғызыншы және сегіз жүз қырқыншы абзацтар алып тасталсын;
3) 43-бапта:
бірінші абзацтағы «Салық» деген сөз «1. Салық» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағы 1) тармақшасы кестесінің 14, 15, 16, 18, 21 және 22-жолдарының қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы жолдар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«
14. | 2402-ден | Фильтрлі сигареттер | 14 100 теңге/1 000 дана |
15. | 2402-ден | Фильтрсіз сигареттер, папиростар | 14 100 теңге/1 000 дана |
16. | 2402-ден | Сигариллалар | 14 100 теңге/1 000 дана |
»;
«
18. | 2403-тен | Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысымен қапталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі | 12 950 теңге/ килограмм |
»;
«
21. | 2403, 2404-тен | Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер) | 9 870 теңге/1 000 дана |
22. | 2404-тен | Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық | 53 теңге/ сұйықтық миллилитрі |
»;
4) 44-бап мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) байланыс саласындағы уәкілетті орган радиожиілік спектрін пайдалануға берген рұқсаттар шеңберінде өзіне міндеттемелер қабылдаған, төлемақының тиісті мөлшерлемесін төмендетуден босаған қаражаттан аз емес қаражатты ауылдық елді мекендерде спутниктік технологияларды қолдана отырып Интернетке кең жолақты қолжетімділік жобаларын қаржыландыруға дербес өзі жіберген байланыс операторлары үшін Салық кодексінің 595-бабы 2-тармағы кестесінің 9, 9.1 және 10-жолдарының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап және Салық кодексінің 595-бабы 2-тармағының кестесінде көзделген, геостационарлық емес спутниктер қолданылатын спутниктік байланыс (бір қабылдау-беру құрылғысына, белдеуі қабылдауға 2МГц/беруге 2МГц болатын ені үшін), HUB-технологиясы бар спутниктік байланыс (HUB-қа пайдаланылатын, белдеуі қабылдауға 100 кГц/беруге 100 кГц болатын ені үшін) және HUB-технологиясынсыз спутниктік байланыс (бір станция пайдаланатын жиіліктер үшін) үшін төлемақылардың жылдық мөлшерлемелерінің қолданысы 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, төлемақының белгіленген жылдық мөлшерлемелері тиісті міндеттемелер қабылданған күннен бастап 90 пайызға азайтылады деп белгіленсін.
Төлеушілер төлеген төлемақы сомаларын қайтару жүргізілмейді.
Осындай міндеттемелерді ресімдеу мақсатында байланыс операторлары радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты байланыс саласындағы уәкілетті органға жібереді, ол міндеттемелерді енгізеді және радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты байланыс операторына қайтарады.
Байланыс операторлары тиісті міндеттемелерді орындағаннан кейін көрсетілген жобаларды қаржыландыру жөніндегі жыл сайынғы аудиттелген мәліметтерді байланыс саласындағы уәкілетті органға ұсынады;».
2-бап 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2-бап. Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген күннен бастап үш жыл өткен соң 2022 жылғы 1 шілдеге дейін өткізу импортталатын тауарларға қосылған құн салығын салуға жатпайды деп белгіленсін.
Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
3-бап.
1. Осы Заң:
1) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 14) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 15) тармақшасын, 16) тармақшасының екінші - оныншы, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтарын, 17) тармақшасының екінші - оныншы, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтарын, 18), 20), 22), 23), 24), 25) және 26) тармақшаларын, 2-тармағы 2) тармақшасының бірінші, екінші, он жетінші - жиырма жетінші, отызыншы, отыз бірінші және отыз екінші абзацтарын;
2) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасын, 16) тармақшасының он бірінші, он екінші және он алтыншы абзацтарын, 17) тармақшасының он бірінші және он екінші абзацтарын, 2-тармағының 1) тармақшасын, 2-бапты қоспағанда, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 4) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары, 5), 7) және 32) тармақшалары 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 шілде
№ 135-VІІ ҚРЗ