3-тармақтың 11) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
11) 141-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомасын ұлғайтуды немесе кемітуді қоса алғанда:
кедендік бақылау нәтижелері бойынша;
кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) және кеден ісі саласындағы уәкілетті органның тексеру нәтижелері туралы хабарламасына және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламасына төлеушінің шағымын (арызын) жоғары тұрған кеден органының не соттың қарау қорытындылары бойынша;
бақылаушы органдардың тексеру нәтижелері бойынша;
алдын ала шешім қабылдау кезінде;
тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру туралы шешім қабылдау кезінде кеден органы алған сома кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есептелген сомасы болып табылады.»;
12) 164-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда кеден органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаны төлеушіге табыс еткен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей шектеу қояды.»;
3-тармақтың 12) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) төлеушінің шағымын қараған кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шешім шығарған немесе шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоятын сот актісі заңды күшіне енген жағдайда - осындай шешім шығарылған немесе осындай сот актісі күшіне енген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм мен осындай шешімнің негізінде жасалған мүлік тізімдемесі актісінің күшін жояды.»;
13) 167-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер төлеушінің мүлік тізімдемесі актісінде көрсетілген бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде айқындалатын билік етілуі шектелген мүлкінің жалпы теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аз болған жағдайларды қоспағанда, төлеушінің банктік шоттарында ақшасы, қолма-қол ақшасы және оның дебиторларының банктік шоттарында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда кеден органдары төлеушінің келісімінсіз оның билік етілуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады.»;
3-тармақтың 14) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
14) 173-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға (осы тараудың мақсатында бұдан әрі - хабарлама) шағым жасау осы бөлімде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес хабарламаға сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.»;
3-тармақтың 15) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
15) 174-бап алып тасталсын;
3-тармақтың 16) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
16) 175-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«175-бап. Шағым беру тәртібі мен мерзімдері
1. Шағым кеден ісі саласындағы уәкілетті органға хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.
Бұл ретте шағымның көшiрмесi хабарламаны шығарған кеден органына жiберілуге тиiс.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай:
1) өзi келіп ұсыну тәртібімен - кеден ісі саласындағы уәкілетті органның шағымды алған күні;
2) поштамен - поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым беруші тұлғаның өтінішхаты бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.
3. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында өзіне қатысты кедендік тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ шағым берген тұлға басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) еңбекке уақытша жарамсыздығын дәлелді себеп ретінде таниды.
Осы тармақтың ережелері өздеріне қатысты кедендік тексеру жүргізілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымында жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде оларды ауыстыратын тұлғалардың болуы көзделмейтін, осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға қолданылады.
Бұл ретте шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатқа осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңін растайтын құжат және шағым берген тұлғаның ұйымдық құрылымын белгілейтін құжат қоса берілуге тиіс.
4. Шағым берудің өткізіп алған мерзімін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның қалпына келтіруі туралы өтінішхаты осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлға шағым мен өтінішхатты осы баптың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырылады.
5. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға шағым берген тұлға осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін оны өзінің жазбаша өтініші негізінде кері қайтарып ала алады.
Шағымды қайтарып алу осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімдер сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
Осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар көшпелі кедендік тексеру жүргізу тағайындалған күннен бастап шағым бойынша шешім шығарылған күнге дейінгі кезеңде шағымды кері қайтарып алуды жүргізуге құқылы емес.»;
3-тармақтың 17) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
17) 176-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шағым берілетін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның атауы;»;
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) актінің және шағым жасалған хабарламаның көшірмесі;»;
3-тармақтың 18) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) 177, 178, 179, 180, 181 және 182-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«177-бап. Шағымды қараудан бас тарту
1. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган:
1) шағым осы Кодекстің 175-бабында белгіленген шағым жасау мерзімі бұзыла отырып берілген;
2) шағымның нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 176-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) шағымды осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында аталмаған тұлға берген;
4) осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлға шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап арыз берген жағдайларда шағымды қараудан бас тартады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағымды берген тұлғаға шағым тiркелген күннен бастап он жұмыс күнi ішінде шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда кеден ісі саласындағы уәкілетті орган тұлғаның сотқа жүгіну фактісі анықталған күннен бастап он жұмыс күнi ішінде шағымды берген тұлғаға шағымды қараудан бас тарту туралы мұндай бас тартудың себебiн көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлайды.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда кеден ісі саласындағы уәкілетті органның шағымды қараудан бас тартуы тұлғаны осы Кодекстiң 175-бабында белгiленген мерзiм шегiнде шағымды қайта беру құқығынан айырмайды.
178-бап. Шағымды қарау тәртібі
1. Осы Кодекстің 180-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, шағым бойынша шағым тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдары бойынша - шағым тіркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәжді шешім шығарылады.
2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағымды қарау кезінде осы Кодекстің 221-бабында белгіленген тәртіппен жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру тағайындауға құқылы.
Шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 180-бабында айқындалған тәртіппен ұзартылуы және (немесе) тоқтатыла тұруы мүмкін.
Шағым жасалған мәселелер шегінде қаралады.
Осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар шағымды қарауға өздері тексеру барысында ұсынбаған құжаттарды ұсынған жағдайда кеден органы мұндай құжаттарды қарау кезінде тағайындалған көшпелі кедендік тексеру барысында олардың анықтығын айқындауға құқылы.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағымды қарау кезiнде:
1) шағым берген тұлғаға және (немесе) кеден органына шағымда жазылған мәселелер бойынша қосымша ақпаратты не түсіндірмелерді жазбаша нысанда беру туралы сұрау салулар жіберуге;
2) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына мұндай органдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сұрау салулар жіберуге;
3) шағымда жазылған мәселелер бойынша шағым берген тұлғамен кездесулер өткізуге;
4) кеден органдарының тексеруді жүргізуге қатысқан лауазымды адамдарынан туындаған мәселелер бойынша түсіндірмелер сұратуға құқылы.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның шағымды қарау бойынша өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезiнде оның қызметiне араласуға және шағымды қарауға қатысы бар адамдарға қандай да бiр ықпал етуге тыйым салынады.
179-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару
1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау үшін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Апелляциялық комиссияны құрады.
Апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені уәкілетті орган айқындайды.
Шағымды қарау аяқталғаннан кейін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Апелляциялық комиссияның шешімін ескере отырып, жазбаша нысанда уәжді шешім шығарады.
2. Шағымды қарау қорытындылары бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган мына шешiмдердiң бiрiн шығарады:
шағым жасалған хабарлама - өзгерiссiз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;
шағым жасалған хабарламаның толықтай немесе оның бір бөлігінің күші жойылсын.
3. Шағым бойынша шешім шағым берген тұлғаға жазбаша нысанда жіберіледі немесе табыс етіледі, ал көшірмесі хабарлама шығарған кеден органына жіберіледі.
4. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда, хабарлама шығарған кеден органы хабарламаға шағымды қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны шағым бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды берген тұлғаға жібереді. Хабарламаға шағымды қарау қорытындылары туралы хабарламаның нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған кеден ісі саласындағы уәкілетті органның шешімі кеден органдарының орындауы үшін міндетті.
180-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту
1. Шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:
1) шағымды қарау барысында тағайындалған жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру жүргізілген жағдайда - кеден ісі саласындағы уәкілетті орган аяқталған тексеру актісін алған күннен бастап он бес жұмыс күніне;
2) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ осындай органдардың және ұйымдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға сұрау салулар жіберілген жағдайда - жіберілген әрбір сұрау салу бойынша жауаптар алынған күннен бастап он бес жұмыс күніне тоқтатыла тұрады.
2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағымды қарау мерзiмiн тоқтата тұру туралы көрсетілген мерзімді тоқтата тұру себептерiн көрсете отырып, сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымды берген тұлғаға жазбаша нысанда хабарлайды.
3. Осы Кодекстің 178-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзiмi мынадай жағдайларда:
1) осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлға шағымға толықтыруларды ұсынғанда - он бес жұмыс күніне ұзартылады.
Бұл ретте осы Кодекстің 178-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім шағымға кейіннен толықтыруларды берудің әрбір жағдайында осы тармақшада көрсетілген мерзімге ұзартылады;
2) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағым жасалған мәселені қосымша зерделеу қажет болған жағдайда - тоқсан жұмыс күніне дейін ұзартады.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағымды қарау мерзімін ұзартқан жағдайда, шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген тұлғаға хабарлама жіберіледі.
181-бап. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны
Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмiнде:
1) шешім қабылданған күн;
2) шағым жіберілген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның атауы;
3) шағымды берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не оның толық атауы;
4) сәйкестендіру нөмірі;
5) шағым жасалған хабарламаның қысқаша мазмұны;
6) шағымның мәні;
7) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағым бойынша шешiм шығару кезiнде басшылыққа алған Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сiлтеме жасалған негiздеме көрсетiлуге тиiс.
182-бап. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) берудің салдары
1. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) беру хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуын тоқтата тұрады.
2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға шағым берген кезде хабарламаның шағым жасалған бөлiгiнде орындалуы шағым бойынша жазбаша шешiм шыққанға дейiн тоқтатыла тұрады.
Сотқа арыз берілген жағдайда хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы сот арызды іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.»;
19) 192-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Радиациялық бақылауды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тауарлар мен көлік құралдары өткізілетін өзге де орындарда орналасқан кеден органдары радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, автоматты түрде не қолмен тексеру режимінде жүргізеді.»;
20) 204-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Кедендік тексеріп қарау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
21) 205-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Кедендік тексеріп қарау жөніндегі нұсқаулықты кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
22) 252-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарларды келу орнынан кеден органы белгілеген орынға жеткізу, егер мұндай тауарлар келген орнында өзге кедендік рәсіммен орналастырылмаса немесе оларға қатысты Кеден одағының кеден заңнамасында көзделген өзге де кедендік операциялар жасалмаса, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес жүзеге асырылады.»;
23) 284-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«284-бап. Декларант
1. Мыналар:
1) Кеден одағына мүше мемлекеттің:
сыртқы экономикалық мәміле жасасқан тұлғасы не оның атынан (тапсырмасы бойынша) осы мәміле жасалған;
сыртқы экономикалық мәміле болмаған кезде тауарларды иемдену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығы бар тұлғасы;
2) шетелдік тұлғалар:
жеке пайдалануға арналған тауарларды алып өтетін жеке тұлға;
осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кедендік жеңілдіктерді пайдаланатын тұлға;
Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында белгіленген тәртіппен құрылған өкілдігі бар ұйым, - уақытша әкелу, кері экспорт кедендік рәсімдерін, сондай-ақ осындай өкілдіктердің жеке мұқтаждықтары үшін әкелінетін тауарларға ғана қатысты ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін мәлімдеген кезде;
Кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы мәміле тараптарының бірі болып әрекет ететін, мәміле шеңберінен тыс тауарларға билік ету құқығы бар тұлға;
3) кедендік транзит кедендік рәсімін мәлімдеу үшін - осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар, сондай-ақ:
тасымалдаушы, оның ішінде кедендік тасымалдаушы;
экспедитор, егер ол Кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы болып табылса, декларанттар бола алады.
2. Осы баптың мақсаттары үшін сыртқы экономикалық мәміле деп Кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы мен шетелдік тұлға арасында жасалған мәміле, сондай-ақ Кеден одағына мүше түрлі мемлекеттердің тұлғалары арасында жасалған, оның негізінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізілетін мәміле түсініледі.»;
24) 319-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер әуе кемесі халықаралық рейс жасау уақытында келген жерінде тауарларды ішінара тиемей (түсірмей) аралық немесе мәжбүрлі түрде (техникалық жағдаймен) қонса, кедендік транзит әуе көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты қолданылмайды.
Егер осындай қолданудың қажеттілігі тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде айқындалған жағдайларды қоспағанда, бір елді мекеннің әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде орналасқан келу орнынан уақытша сақтау орнына дейін тасымалданатын шетел тауарларына қатысты кедендік транзит қолданылмайды.
Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен, құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік транзит осы Кодексте белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
Кеден одағының кедендік аумағы арқылы теміржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік транзит ерекшеліктері Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартында айқындалады.
Теңiз көлiгiмен өткiзiлетiн тауарларға қатысты, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Кеден одағына мүше бiр ғана мемлекеттiң аумағы арқылы өткiзiлетiн тауарларды тасымалдау кезiнде кедендiк транзиттiң ерекшеліктерін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
25) 321-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) орналасқан тауарлар келу орнынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеткізу орнына әуе көлігімен өткізілсе;»;
26) 439-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Үшінші тұлғаларға және (немесе) өзге де мемлекеттік органдарға сұрау салу жіберілген жағдайда кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтінішті қарау мерзімін ұзартуға, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы. Бұл ретте мерзімді осындай ұзарту туралы ақпарат өтініш берушіге үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.».
4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 285-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«285-1-бап. Бағалы қағаздардың номиналдық ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы»;
2) 194-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлемдерді және (немесе) аударымдарды қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып, оларды қабылдаудан бас тартуы -
ескерту жасауға алып келеді.»;
3) 285-баптың үшінші бөлігі 8) тармақшасындағы «орындамауы -» деген сөздер «орындамауы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) банк шоттарының бар-жоғы (ашылуы), нөмірлері және осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сондай-ақ өзге де мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе бейрезидент жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ бенефициарлық меншік иесі бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғалардың басқаруындағы мүліктің бар-жоғы, түрі және құны туралы мәліметтерді, сол сияқты мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша да мәліметтерді телекоммуникациялар желісі арқылы ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -»;
4) 16-тарау мынадай мазмұндағы 285-1-баппен толықтырылсын:
«285-1-бап. Бағалы қағаздардың номиналдық ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы
1. Бағалы қағаздардың номиналды ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің бейрезидент жеке тұлғаларға, бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезидент болып табылатын заңды тұлғаларға ашылған бағалы қағаздарды есепке алу үшін шоттарының бар-жоғы туралы, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздар қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Бейрезидент жеке тұлғаларға, бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезидент болып табылатын заңды тұлғаларға тиесілі, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, кастодиандардың, инвестициялық портфельді басқарушылардың активтерінің бар-жоғы туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. «Өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттар бойынша пайда алушылары бейрезидент жеке тұлғалар болып табылатын шарттар туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
5) 720-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік кірістер органдары осы Кодекстiң 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 151 (бірінші бөлігінде), 152, 155, 157, 174 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 177, 178, 179, 180, 181, 194, 195, 196, 203, 205, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 246-1 (осы бұзушылықтар салық бойынша аудит жүргізілген кезде жасалған болса), 266, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 280-1, 281 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 284, 285, 285-1, 286, 287, 288, 460-1 (бірінші бөлігінде), 460-2, 464 (бірінші бөлігінде), 471, 472, 473, 474, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (екінші бөлігінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557, 558 және 571-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.».
5. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат):