ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2017.20.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат):
1-тармақтың 1) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, материалдық емес активтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын қаржы активтері, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалатын мөлшерде пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу бойынша үлесiн төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалар немесе оларды өткізуден түскен ақша түріндегі, сондай-ақ өзге де мүлік түріндегі мемлекет активтері болып табылады.»:
2) 216-баптың 3) тармақшасының бірінші бөлігі «ұлттық» деген сөзден кейін «басқарушы» деген сөзбен толықтырылсын.
2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат):
1) мазмұнында:
2-тармақтың 1) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 308-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«308-2-бап. Роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі салық міндеттемесін заттай нысанда орындау тәртібі»;
346, 538 және 544-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
2-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«346-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртiбi»;
«538-бап. Қазақстан Республикасының визаларын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеген және келіскен, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрген немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан кездегi мемлекеттiк баж мөлшерлемелері»;
«544-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату»;
мынадай мазмұндағы 544-1, 583-1, 605-1 және 636-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«544-1-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын берген, қалпына келтірген немесе ұзартқан кезде мемлекеттік баж төлеуден босату»;
«583-1-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие, инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының салық органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі міндеттері»;
«605-1-бап. Соттың шешімімен электрондық аукциондар қорытындысының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдың төленген сомасын қайтару»;
2-тармақтың 1) тармақшасының он екінші - он сегізінші абзацтары 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«636-1-бап. Салықтық тексерудің алдын ала актiсi»;
666, 670, 673 және 674-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«666-бап. Жалпы ережелер»;
«670-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау тәртібі»;
«673-бап. Уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны»;
«674-бап. Уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) берудің салдары»;
94-тараудың және 676 - 685-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
2) 12-баптың 1-тармағында:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы - теңгенің шетел валютасына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілеген тәртіппен айқындалған бағамы;»;
мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын:
«10-2) кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы - мынадай формула бойынша айқындалған бағам:
R = R1 + R2 +... + Rn
¯¯¯¯¯¯¯¯¯¯¯¯¯¯¯¯¯¯¯¯¯¯¯¯¯¯¯¯ , мұнда:
n
R - кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;
R1, R2…, Rn - кезең ішінде кезеңнің әрбір күні алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған, тиісті валютаны айырбастаудың күн сайынғы нарықтық бағамы;
n - кезеңдегі күнтізбелік күндердің саны;»;
19-1) тармақшаның үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Монетаның құрамындағы алтынның құны алтын монетаны өткізу күні алтынның Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингін (баға белгіленімін) көрсетілген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамына көбейту арқылы айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 25-1) және 27-1) тармақшалармен толықтырылсын:
2-тармақтың 2) тармақшасының он төртінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«25-1) қыздырылатын темекісі бар өнімдер - темекінің жану процесінсіз электрондық немесе өзге де тәсілмен темекіні қыздыру нәтижесінде түзілген аэрозольді ішке тартуға арналған темекісі бар өнімдер;»;
«27-1) мемлекет атынан алушы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және (немесе) осы Кодекстің 308-1-бабында көзделген өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген салық міндеттемесін орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды алушы ретінде мемлекет атынан әрекет ететін заңды тұлға;»;
30) және 41-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«30) роялти - мыналар үшін:
пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік түзілімдерді қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;
авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтылымды, патенттерді, сызбаларды немесе модельдерді, тауар белгілерін немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; өнеркәсіп жабдықтарын, оның ішінде бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңіз кемелерін және димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын әуе кемелерін, сондай-ақ сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; «ноу-хауды» пайдаланғаны үшін; кинофильмдерді, бейнефильмдерді, дыбыс жазуды немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін төлем;»;
«41-1) уәкілетті заңды тұлға -салық төлеушінің (салық агентінің) және (немесе) үшінші тұлғаның осы Кодекске сәйкес билік етілуі шектелген және (немесе) кепілге салынған мүлкін өткізу саласындағы уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 45-2) тармақшамен толықтырылсын:
«45-2) электрондық сигареттер - электрондық технологиялардың көмегімен картридждердегі, резервуарлардағы және электрондық сигареттерде пайдалануға арналған басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтықты қыздыратын және ішке тартуға арналған аэрозольді түзетін темекісіз өнімдер;»;
2-тармақтың 3) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 13-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) салықтық тексерудің алдын ала актiсіне жазбаша қарсылығын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынуға;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;»;
4) 14-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;
5) 19-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) Қазақстан Республикасының халықаралық шартының негізінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен ақпарат, оның ішінде коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат алмасуға;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие, инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандардан, бірыңғай тіркеушіден, брокерлерден және (немесе) дилерлерден, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарынан осы Кодекстің 581-бабының 1), 1-1), 1-2), 4) тармақшаларында және 583-1-бабында табыс етілуі көзделген мәліметтерді алуға;»;
2-тармақтың 6) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6) 20-баптың 1-тармағында:
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымын қарауға;»;
мынадай мазмұндағы 26-2) тармақшамен толықтырылсын:
«26-2) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылығын қарауға;»;
7) 35-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қосылған құн салығынан және мүлік салығын осы Кодекстің 409-бабына сәйкес салық органдары есептейтін, жеке тұлғалардың тұрғын үйі мен басқа да объектілері бойынша мүлік салығынан басқа, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша - осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай құрылтайшы немесе пайда алушы мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актінің негізінде сенімгерлік басқарушыға жүктеуі мүмкін;»;
8) 37-2-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) таратылатын заңды тұлғаның және қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қоюдың ескіру мерзiмi кезеңіндегі түзетулері ескеріле отырып, жылдық жиынтық кірістерінің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 120000 еселенген мөлшерінен аспайтын;»;
2-тармақтың 9) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9) 46-бапта:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзiмдерi салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау кезеңінде өткен жағдайда, талап қоюдың ескіру мерзiмi арызды (шағымды) қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін шағым жасалатын бөлігінде ұзартылады.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзiмдерi салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексерудің алдын ала актiсiне қарсылық берген кезеңде, сондай-ақ оны салық органы қараған кезеңде өткен жағдайда, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке жазу немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау бөлігінде талап қоюдың ескіру мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексерудің алдын ала актiсiне жазбаша қарсылық берген кезеңге, сондай-ақ салық төлеушiнің (салық агентінің) салықтық тексерудің алдын ала актiсіне жазбаша қарсылығын салық органы қараған кезеңге тоқтатыла тұрады.»;
10) 53-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге салған мүлікті өткізуді уәкілетті заңды тұлға сауда-саттық өткізу арқылы жүргізеді.
Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге салған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етілуі шектелген мүлкін өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
11) 57-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық салу мақсатында бағамдық айырманы есепке алу халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
2-тармақтың 12) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
12) 60-баптың 6-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде - шағым жасалатын салық кезеңінің салықтық есепке алу саясатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.»;
13) 60-3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дара кәсіпкерлер шетел валютасымен жасалған операцияларды операция жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып теңгемен қайта есептейді. Бағамдық айырма салық салу мақсатында ескерілмейді.»;
14) 67-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мыналар:
салық агенттері;
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ басқа да жарналарды төлеу жөніндегі агенттер;
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушілер;
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер болып табылатын салық төлеушілердің санаттары үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;»;
2) тармақша алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да аударымдардың және (немесе) жарналардың есептелген сомалары туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаты үшін пайдаланатын, салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалардың нысандарында:
1) жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, оның ішінде өз пайдасына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да аударымдар және (немесе) жарналар есептелетін, ұсталатын және аударылатын салық салу (есептеу) объектілері;
2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кірісінен жеке табыс салығын есептеу туралы ақпарат қамтылуы мүмкін.
Бұл ретте шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кірістерінен жеке табыс салығын есептеу туралы қосымшада кіріс алушылар бөлігінде мынадай:
салық төлеушi туралы жалпы сәйкестендiру деректерi;
салық салу объектiлерi, оның iшiнде халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылған салық салу объектiлерi туралы;
салық мөлшерлемелері туралы;
халықаралық шарттарды қолдану туралы;
Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру кезеңi туралы;
салық шегерiмдерi туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін;
3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері бойынша жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да аударымдардың және (немесе) жарналардың сомаларын есептеу;
4) жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушілердің әлеуметтік салықты есептеуі туралы ақпарат қамтылуы мүмкін.
Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері үшін табыс етілетін, Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтағы жоқ адамдарға қатысты салық агенттері үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға да қолданылады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
15) 68-баптың 7-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Акциз бойынша салық есептілігiн табыс ету жөніндегі мiндеттеме осы Кодекстiң 574-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына (темекі өнімдерін, қыздырылатын темекісі бар өнімдерді, электрондық сигареттерді пайдалануға арналған құрамында никотин бар сұйықтықты көтерме саудада өткізуді қоспағанда), 9) тармақшасына сәйкес салық органдарында тiркеу есебiнде тұрған салық төлеушiлерге қолданылады.»;
2-тармақтың 16) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
16) 69-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде - шағым жасалатын салық кезеңiнiң табыс етілген салық есептілігiн керi қайтарып алуына жол берiлмейдi.»;
2-тармақтың 17) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
17) 70-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында көрсетілген, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да аударымдар және (немесе) жарналар бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде - шағым жасалатын салық кезеңінің;»;
18) 84-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
2-тармақтың 18) тармақшасының екінші абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«4-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептен шығарылған өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасы;»;
2-тармақтың 18) тармақшасының үшінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«11) мемлекет атынан алушы үшін - жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбалардың құны және (немесе) ақшалай мәні;
12) есепке жазылған, бірақ төленбеген және осы Кодекстің 111-бабына сәйкес амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын құру мақсаты үшін есепке алуға жататын сыйақы мөлшерінде - жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық қаржыландыру бойынша сыйақы жөніндегі мiндеттемесiн стратегиялық әріптесінің барлау кезеңінде есептен шығарудан коммерциялық табуға дейінгі кіріс.»;
2-тармақтың 19) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
19) 89-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер), сондай-ақ жұмыскерлердің осы Кодекстiң 163-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалатын есепке жазылған табыстары бойынша туындаған және осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын үш жылдық кезең iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады.
Алынған кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) жөніндегі күмәнді міндеттемелер бойынша табысқа алынған кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) сомасы қосылмайды.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жұмыскерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша - осы Кодекстің 163-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыскерлердің табыстарын есепке жазған күннен бастап;»;