Қазақстан Республикасының
Заңы
Ұлттық әл-ауқат қоры туралы
(2022.12.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 5 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңнамасы
3-бап. Қордың акцияларына меншік мәселелері
4-бап. Қордың мақсаты мен міндеттері
5-бап. Қор қызметінің қағидаттары
2-тарау. Қорды басқарудың ерекшеліктері
6-бап. Қордың органдары
6-1-бап. Қорды басқару жөніндегі кеңес
7-бап. Қордың жалғыз құрылтайшысы және акционері
8-бап. Қордың директорлар кеңесі
9-бап. Директорлар кеңесінің комитеттері
10-бап. Қор басқармасы
11-бап. Қордың ішкі аудит қызметі
11-1-бап. Қордың Қоғамдық кеңесі
3-тарау. Қор тобындағы басқару ерекшеліктері
12-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қордың өзара іс-қимылы
13-бап. Мемлекеттік органдардың Қормен және Қордың тобына кіретін ұйымдармен өзара іс-қимылы
14-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдар қызметінің экономиканы немесе экономиканың жеке алғанда бір саласын дамытуға әсерін талдау тәртібі
15-бап. Қордың әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруының ерекшеліктері
16-бап. Қордың және Қордың тобына кіретін ұлттық компаниялардың даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарлары
4-тарау. Қор тобының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері
18-бап. Қордың ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз етуге арналған ерекше өкілеттіктері
19-бап. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу
20-бап. Ақшаны басқару
21-бап. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелер
22-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдардың өзге заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иемденуі
23-бап. Қордың орналастырылатын акцияларын төлеуге мүлікті енгізу арқылы оған мемлекеттік меншікті тоқтату
24-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдарды басқару
24-1-бап. Қордың және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде Қорға меншік құқығымен тиесілі ұйымдардың активтерін бәсекелес ортаға беру
5-тарау. Қорытынды ережелер
25-бап. Қордың және оның лауазымды адамдарының жауапкершілігі
26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «өнеркәсіптік-инновациялық» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Ұлттық әл-ауқат қорының құқықтық жағдайын, қызмет тәртібін, мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін, Ұлттық әл-ауқат қоры мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестері) Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі заңды тұлғалардың және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін өзге де ұйымдардың құқықтық жағдайының жекелеген ерекшеліктерін айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жанама иелену - Қордың әрбір келесі ұйымының өзге ұйымның акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында иеленуі;
2) компаниялар - ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Қорға тиесілі басқа да заңды тұлғалар;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қордың даму жоспары - Қордың тобына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын (құндылығын) ұлғайтуға, Қордың тобына кіретін активтерді тиімді басқаруға бағытталған, Қордың компанияларды басқару жөніндегі миссиясын, болжап көруін, мақсаты мен міндеттерін айқындайтын және негіздейтін құжат;
4) Қордың тобы - Қор, компаниялар, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы компанияларға тиесілі олардың еншілес ұйымдары, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы компаниялардың көрсетілген еншілес ұйымдарына тиесілі, осы Заңмен өздеріне қатысты арнаулы құқықтық жағдай белгіленетін заңды тұлғалар.
Қордың тобына:
кепілге салынған акцияларын (қатысу үлестерін) сату жөніндегі сауда-саттық Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өткізілмеді деп жарияланған кезде акциялары (қатысу үлестері) Қордың тобына кіретін банктің меншігіне келіп түскен заңды тұлғалар;
банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында акциялары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қордың меншігіне келіп түскен банктер кірмейді;
5) Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі - Қор) - ұлттық басқарушы холдинг.
2-бап. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасы Қордың тобына қолданылады.
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге кіретін компанияларға қолданылмайды.
3-бап. Қордың акцияларына меншік мәселелері
Қордың акциялары мемлекеттің айрықша меншігі болып табылады және иеліктен шығаруға жатпайды.
4-бап. Қордың мақсаты мен міндеттері
1. Қор қызметінің мақсаты Қордың тобына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын (құндылығын) ұлғайту, Қордың тобына кіретін активтерді тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру болып табылады.
2. Қордың міндеттері:
1) Қордың тобына кіретін ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін, нарықтық құнын және кірістілігін арттыру;
2) Қордың тобына корпоративтік басқарудың ең озық тәжірибесін енгізу;
3) инновациялық процестер мен технологияларды әзірлеуді және оларды Қордың тобына енгізуді ынталандыру;
4) Қазақстан Республикасына инвестициялар тартуға қатысу, Қордың тобына кіретін ұйымдардың инвестициялық белсенділігі үшін жағдай жасау, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын ескере отырып, Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуалды жақсарту;
5) ұлттық, салааралық және өңірлік ауқымдағы инвестициялық стратегиялық жобалар әзірлеу және оларды іске асыру, Қазақстан экономикасын жаңғырту және әртараптандыру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
6) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының экономикасын орнықты дамытуға ықпал ететін әлеуметтік маңызы бар өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды Қордың іске асыруының осы Заңда белгіленген ерекшеліктерін ескере отырып, оларды іске асыруға қатысу болып табылады.
5-бап. Қор қызметінің қағидаттары
Қордың қызметі:
1) Қордың жалғыз акционері ретінде мемлекеттің мүдделерін сақтау;
2) Қордың және Қордың тобына кіретін басқа да ұйымдар қызметінің кірістілігі, тиімділігі, транспаренттілігі және есептілігі;
3) шешімдерді қабылдау мен оларды іске асырудағы жүйелілік пен жеделдік;
4) Қордың әлеуметтік жауапкершілігі;
5) заңдылық қағидаттарына негізделеді.
2-тарау. ҚОРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
6-бап. Қордың органдары
Қордың органдары мыналар болып табылады:
1) жалғыз акционер - жоғары орган;
2) директорлар кеңесі - басқару органы;
3) басқарма - атқарушы орган;
4) Қордың жарғысына сәйкес өзге де органдар.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды
6-1-бап. Қорды басқару жөніндегі кеңес
1. Қорды басқару жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы басқаратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Қорды басқару жөніндегі кеңестің функциялары:
1) Қордың бәсекеге қабілеттілігі мен қызмет тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қордың даму жоспарын мақұлдау және оның іске асырылу барысы туралы Қордың жыл сайынғы есебін қарау, сондай-ақ Қор өзінің қызметін жүзеге асыратын экономиканың басым секторлары жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруды, оның ішінде республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат бөле отырып іске асыруды қоса алғанда, Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламаларына Қордың қатысуы жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсыныстарын қарау;
4) Қордың тәуелсіз директорларын сайлау үшін кандидатураларды, сондай-ақ Қордың тәуелсіз директорларына сыйақылар мөлшері мен төлеу шарттарын келісу;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесін немесе өзге де мемлекеттік қызметшіні Қор тобына кіретін ұйымның директорлар кеңесінің немесе байқау кеңесінің құрамына сайлау үшін ұсыным беру болып табылады.
3. Қорды басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
7-бап. Қордың жалғыз құрылтайшысы және акционері
1. Қордың жалғыз құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
2. Қордың жалғыз акционерінің айрықша құзыретіне мынадай:
1) Қордың жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту;
2) Қордың жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
3) Қордың даму стратегиясын бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
4) Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
5) Қордың жария етілген акцияларының санын көбейту немесе Қордың орналастырылмаған жария етілген акцияларының түрін өзгерту туралы шешім қабылдау;
6) Қордың директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) Қордың тәуелсіз директорларына сыйақылар мөлшері мен төлеу шарттарын айқындау;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) Қордың жалғыз акционері айқындаған тізбе бойынша компаниялардың акцияларын (қатысу үлестерін) иеліктен шығару, сондай-ақ көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) сенімгерлік басқаруға беру;
8) Қордың жалғыз акционері айқындаған тізбе бойынша компанияларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдау;
9) Қор басқармасының төрағасын тағайындау және қызметінен мерзімінен бұрын босату;
10) Қордың есепті қаржы жылындағы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және Қордың бір жай акциясына шаққандағы дивидендтің мөлшерін бекіту;
11) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайлар орын ала бастаған кезде жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;
12) Қордың дивидендтік саясатын айқындау;
13) осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 19) тармақшасына сәйкес қабылданған Қордың директорлар кеңесінің шешімін бекіту;
14) банктердің акцияларын иемдену және иеліктен шығару, сондай-ақ көрсетілген акцияларды сенімгерлік басқаруға беру;
15) корпоративтік басқару кодексін, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды бекіту мәселелері;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды
15-1) Қордың директорлар кеңесінің қызметі туралы есепті қарау;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды
15-2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікте қаржыландыру сомасын көрсете отырып, Қордың жобаларды қаржыландыруы туралы шешімдер қабылдау;
2021.03.01. № 406-VІ ҚР Заңымен 15-3) тармақшамен толықтырылды
15-3) Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекіту;
16) осы Заңға және (немесе) Қордың жарғысына сәйкес өзге де мәселелер жатады.
3. Осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша, Қор жалғыз акционері (қатысушы) болып табылмайтын компанияларға қатысты шешімдерді компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарында Қордың уәкілетті өкілдерінің кейіннен дауыс беруі мақсатында акционер (қатысушы) ретінде Қордың ұстанымын айқындау үшін Қордың жалғыз акционері қабылдайды.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Осы баптың 2-тармағының 6) (тәуелсіз директорларды сайлауға қатысты) және 6-1) тармақшалары бойынша шешімдерді Қорды басқару жөніндегі кеңеспен келісу бойынша Қордың жалғыз акционері қабылдайды.
4. Осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және (немесе) Қордың жарғысымен жалғыз акционердің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді Қазақстан Республикасының Үкіметі жеке қаулы түрінде қабылдайды.
Қордың жалғыз акционерінің шешімдер қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
8-бап. Қордың директорлар кеңесі
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қордың директорлар кеңесі осы Заңда белгіленген тәртіппен сайланатын төраға мен мүшелерден тұрады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қордың директорлар кеңесінің төрағасы арқылы директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен тәуелсіз директорлар арасынан жасырын дауыс берумен сайланады.
Қордың директорлар кеңесінің құрамы мынадай адамдар қатарынан қалыптастырылады:
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы - Қордың жалғыз акционерінің өкілі;
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;
төрт тәуелсіз директор;
Қордың басқарма төрағасы.
3. Қордың директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне мынадай мәселелер:
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қордың іс-шаралар жоспарын бекіту;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қордың іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу, бекіту, оларға мониторинг жүргізу, олардың іске асырылуын бағалау, беру тәртібін, сондай-ақ оның мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қордың іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау мен талдауды, іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) Қордың іс-шаралар жоспары шеңберінде Қор қызметінің негізгі көрсеткіштерін айқындау;
5) Қордың жылдық бюджетін әзірлеу, бекіту, орындау және оған мониторинг жүргізу тәртібін бекіту;
6) Қордың жылдық бюджетін бекіту;
7) осы Заңмен тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешім Қордың жалғыз акционерінің құзыретіне жатқызылған компанияларды қоспағанда, компанияларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімдер қабылдау;
8) акцияларды орналастыру (сату) туралы, оның ішінде жария етілген акциялардың саны шегінде орналастырылатын (сатылатын) акциялардың саны, оларды орналастыру (сату) тәсілі мен бағасы туралы шешім қабылдау;
9) акцияларды қоспағанда, орналастырылған бағалы қағаздарды Қордың құнын төлеуі және олардың құнын төлеу бағасы туралы шешім қабылдау;
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді
10) Қордың саясаттарын: тәуекелдерді басқару, қайырымдылық көмек жөніндегі, әлеуметтік жауапкершілік туралы, ақпаратты ашу, кредиттік, өнеркәсіптік және өзге де саясаттарын бекіту;
11) Қордың аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды және жылдық бюджетті бекіту шеңберінде оның қызметтеріне ақы төлеудің шекті мөлшерін айқындау;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 15-2) тармақшасында көзделген мәселені қоспағанда, мәселелерді жалғыз акционердің қарауына шығару туралы шешім қабылдау;
13) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) Қордың директорлар кеңесі жанынан комитеттер құру туралы шешімдер қабылдау;
16) басқарманың сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, басқарма мүшелерін сайлау, сондай-ақ Қор басқармасының төрағасын қоспағанда, олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
17) басқарма төрағасы мен оның мүшелерінің лауазымдық жалақыларының мөлшерін және еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын айқындау;
18) ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның басшысын тағайындау, сондай-ақ оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне еңбекақы мен сыйлықақы мөлшерін және оларды төлеу шарттарын айқындау;
19) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін іске асыру мақсатында бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында орналастырылатын Қор тобына кіретін ұйымдар акцияларының бағасы, саны, орналастыру құрылымы туралы шешім қабылдау;
20) Қордың ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту. Директорлар кеңесі бекітуге тиіс құжаттардың тізбесін ол дербес айқындайды;
21) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелердің Қордың тобына кіретін ұйымдар арасында жасалуының тәртібін айқындау;
22) Қордағы корпоративтік басқаруды бағалау тәртібін бекіту;
23) Қорға тиесілі барлық активтердің жиынтығында жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын активтердің бір бөлігін немесе бірнеше бөлігін беру арқылы Қордың өзге заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы;
24) Қордың міндеттемелерін оның меншікті капиталы мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын шамаға ұлғайту;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
25) Қордың басқа заңды тұлғалар акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызын сатып алуы (иеліктен шығаруы);
26) Қордың облигацияларын, туынды бағалы қағаздарын шығару және Қордың меншікті капиталы мөлшерінің бір және одан да көп пайызы сомасына Қордың өзге де қарыз тартуы шарттарын айқындау;
27) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28) Қорды басқару жөніндегі кеңеске ақпарат жібере отырып, Қордың директорлар кеңесінің қызметіне жыл сайын бағалау жүргізу;
29) осы Заңға сәйкес Қордың жалғыз акционерінің, басқармасының немесе басқарма төрағасының айрықша құзыретіне жататын шешімдерді қоспағанда, директорлар кеңесі бекітетін ішкі құжаттарда көзделген шешімдерді қабылдау;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 29-1) тармақшамен толықтырылды
29-1) корпоративтік хатшыны тағайындау және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, корпоративтік хатшы өкілеттігінің мерзімін, корпоративтік хатшыға қойылатын талаптарды, оның функцияларын, қызмет тәртібін, корпоративтік хатшының лауазымдық айлықақысының мөлшерін және корпоративтік хатшыға сыйақы төлеу шарттарын айқындау;
2021.08.06. № 48-VІІ ҚР Заңымен 29-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
29-2) Қордың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын Қор тікелей немесе жанама түрде иеленетін ұйымдардың сатып алуын жүзеге асыру тәртібін бекіту;
30) осы Заңға және (немесе) Қордың жарғысына сәйкес өзге де мәселелер жатады.
4. Осы баптың 3-тармағының 7) және 19) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша, Қор жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылмайтын компанияларға қатысты шешімдерді компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарында Қордың уәкілетті өкілдерінің кейіннен дауыс беруі мақсатында акционер (қатысушы) ретінде Қордың ұстанымын айқындау үшін Қордың директорлар кеңесі қабылдайды.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Қордың директорлар кеңесінің шешімі негізінде осы баптың 3-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген саясаттар, Қор тобына кіретін, барлық дауыс беретін акцияларына (қатысу үлестеріне) Қор тікелей немесе жанама иелік ететін компанияларға не ұйымдарға қолданылуы мүмкін.
5. Қордың директорлар кеңесінің қызметін, оның ішінде директорлар кеңесі отырысының күн тәртібін қалыптастыратын және Қордың директорлар кеңесінің мүшелеріне отырыстың өткізілетіні туралы хабарлама жіберетін корпоративтік хатшы және Қор қамтамасыз етеді.
9-бап. Директорлар кеңесінің комитеттері
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Неғұрлым маңызды мәселелерді қарау және Қордың директорлар кеңесіне ұсынымдар дайындау үшін Қордың директорлар кеңесінің жанынан тұрақты жұмыс істейтін комитеттер құрылуы мүмкін.
Стратегиялық жоспарлау мәселелерін қарау үшін стратегия жөніндегі комитет құрылады, оның басшысы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы болып табылады.
Егер Қор директорлар кеңесінің қарауына шығарылатын мәселе қандай да бір комитеттің өкілеттіктеріне кіретін жағдайда, ол тиісті мәселені міндетті түрде алдын ала қарайды және ол бойынша қорытынды дайындайды.
Осы Заңның 14-бабында көзделген мамандандырылған комитет міндетті түрде құрылады.
2. Қордың директорлар кеңесінің комитеттері Қордың директорлар кеңесінің мүшелерінен және нақты комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіптік білімі бар сарапшылардан тұрады.
Қор басқармасының төрағасы Қордың директорлар кеңесі комитетінің төрағасы бола алмайды.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қордың директорлар кеңесінің шешімдер қабылдауының сапалық деңгейін арттыру мақсатында Қордың жылдық бюджеті шеңберінде директорлар кеңесі немесе оның комитеттері қарайтын мәселелер бойынша консультанттарды, оның ішінде халықаралық дәрежедегі консультанттарды тартуға арналған қаражат көзделуі мүмкін.
4. Қордың директорлар кеңесінің комитеттерін қалыптастыру мен олардың жұмыс тәртібі, олардың өкілеттіктері, сандық құрамы Қордың директорлар кеңесі бекітетін ішкі құжаттарда белгіленеді.
10-бап. Қор басқармасы
1. Қор басқармасы басқарма төрағасынан, оның орынбасарларынан және өзге де адамдардан тұрады.
2. Қор басқармасының айрықша құзыретіне мынадай:
1) Қордың бағалы қағаздарын айырбастау шарттары мен тәртібін айқындау, сондай-ақ оларды өзгерту;
2) Қор акцияларына төлемге берілген не ірі мәміленің нысанасы болып табылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау жөніндегі бағалаушының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) осы Заңға сәйкес Қордың жалғыз акционері немесе директорлар кеңесі қабылдайтын мәселелер бойынша шешімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) жарғыға сәйкес, компанияның акционерлері (қатысушылары) жалпы жиналысының, өзге органының немесе өзіне қатысты Қор акционер, қатысушы болып табылатын немесе мүліктегі үлеске құқығы бар өзге заңды тұлғаның құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) ұлттық компаниялардың, сондай-ақ барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) Қорға меншік және (немесе) сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың атқарушы органдарының басшыларын тағайындау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелерін келісу;