20) 78-бапта:
1-тармақтағы «бар», «бекітеді» деген сөздер тиісінше «төнген» бекітеді және олар туыстас топтар бойынша қалыптастырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Саны және тұрақты тіршілік ету жағдайлары табиғи еркіндік жағдайында олардың өсімдерін молайтуға және гендік қорын сақтауға төнетін қатерді болғызбайтын шекке дейін қалпына келтірілген өсімдіктер мен жануарлар түрлері өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесінен алып тасталуға жатады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою «Өсімдіктер дүниесі туралы» және «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.».
10. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 57-1-жолмен толықтырылсын:
«
57-1. | Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымды аккредиттеу | Ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымды аккредиттеу туралы куәлік | |
»;
154-жолдың 2 және 3-бағандарындағы «Әкімшілік» және «Құрып» деген сөздер тиісінше «Уәкілетті» және «Жойылып» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-қосымша мынадай мазмұндағы 42-1, 42-2 және 42-3-тармақтармен толықтырылсын:
«42-1. Фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық қажеттіліктер үшін жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау (жинау) туралы хабарлама
42-2. Өсімдіктерді интродукциялау және (немесе) жерсіндіру туралы хабарлама
42-3. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға Генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасы бойынша міндеттемелерге сәйкес өсімдіктердің генетикалық ресурстарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағына әкелу туралы хабарлама».
11. «Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-бап «аумақтар» деген сөзден кейін «және өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-баптың 1) тармақшасы «жайылымдарды» деген сөздің алдынан «өсімдіктердің түрлік құрамын сақтай отырып,» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 2 қаңтар
№ 184-VІІ ҚРЗ