3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін босатылады.
19-тармақтың 13) тармақшасының он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден агент:
1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар;
2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар жеке тұлғалар;
3) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар;
5) өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьялар үшін босатылады.
19-тармақтың 13) тармақшасының он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші және жиырма тоғызыншы абзацтары 2018 жылғы 1 шілдеге дейін 2-баптың редакциясында қолданылады
5. Мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленедi.
6. Міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге арналған табысқа ақшалай көрінісінде еңбекақы төлеудiң барлық түрлерi және өзге де табыстар енгiзiледi.
7. Ұстап қалған (есебiне жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын Орталыққа:
1) дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар жұмыскерлерге төленген табыстардан - табыстар төленген айдан кейiнгi айдың 25-күнінен кешiктiрмей;
2) дара кәсiпкерлер (осы тармақтың 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар өзінің пайдасына - есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей;
3) арнайы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде;
4) оңайлатылған декларация негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын шағын бизнес субъектiлерi - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзiмде;
5) патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында патент құнын төлеу үшiн көзделген мерзiмде;
6) Орталық - әлеуметтiк төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейiнгi айдың 15-күнінен кешiктiрмей;
7) сақтандыру ұйымы - жалақыдан (табыстан) айырылумен байланысты зиянды өтеу ретінде сақтандыру төлемін жүзеге асыратын айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей аударады.
19-тармақтың 13) тармақшасының жиырма тоғызыншы абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
8. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есебіне жазылған өсiмпұлды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
9. Мiндеттi зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды.
10. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке кодының және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болмауына байланысты тұратын жері белгiсiз бұрынғы жұмыскерлердiң табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарын агенттер 2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн есебіне жазылған өсiмпұлмен қоса, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн бюджетке аударады. Бұл ретте 2005 жылғы 1 қаңтардан кейiн есебiне жазылған өсiмпұл есептен шығарылуға жатады.
Бюджетке аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдардың сомаларын - бұрынғы жұмыскерлер, ал олар қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен деп танылғаны немесе қайтыс болды деп жарияланғаны туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда мұрагерлерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес талап ете алады.
11. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары, өкілдіктері агенттер ретінде қаралуы мүмкін.»;
14) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және төлеу тәртібі
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыстың 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс.
2. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналары қосымша белгіленеді.
Аталған алушылар үшін міндетті зейнетақы жарналарының жиынтық мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың 10 пайызын құрайды.
Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарының жалпы сомасы бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларынан және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларынан тұрады.
3. Қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау уәкілетті мемлекеттік органның шешімі негізінде:
1) міндетті зейнетақы жарналарының 10 пайызын аудару фактісі анықталған;
2) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемді алушылардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі анықталған;
3) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемді алушының қайтыс болғаны, хабар-ошарсыз кеткен деп танылғаны немесе қайтыс болды деп жарияланғаны туралы заңды күшіне енген сот шешімі туралы мәліметтер келіп түскен;
4) босатылған және шеттетілген қамқоршылар (қорғаншылар), ата-аналарды ата-аналық құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы, ұл бала (қыз бала) асырап алу туралы шешімдердің күшін жою немесе оларды жарамсыз деп тану туралы мәліметтер келіп түскен кезде тоқтатыла тұрады.
Қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауды жаңарту оларды тоқтата тұру үшін негіз болып табылатын мән-жайлар тоқтатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүргізіледі.
Қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша тоқтатылады.
4. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсiпкерлер үшiн бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын өз пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн, алған табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi.
Арнайы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесiнiң (қатысушысының) және басшысының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын, салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн мiндеттi зейнетақы жарналары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi. Мiндеттi зейнетақы жарналары шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң (қатысушыларының) пайдасына олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге жатады.
Адвокат, жеке сот орындаушысы, жекеше нотариус, кәсіби медиатор, сондай-ақ дара кәсiпкер өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн өз бетінше айқындайтын табыс алатын табыс болып табылады.
Табыс болмаған жағдайда адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.
5. Осы Заңның 39-бабының 2-тармағында көрсетілген азаматтар үшін өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналары алатын табысының 10 пайызы, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 10 пайызынан кем емес мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге жатады.»;
19-тармақтың 15) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
15) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:
«25-1-бап. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және оларды төлеу тәртібі
1. Жұмыс берушінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге жататын міндетті зейнетақы жарналары агенттің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын жұмыскердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
2. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары белгіленеді, олар Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың 5 пайызы мөлшерлемесі бойынша бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жатады.
3. Жұмыс берушінің белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау уәкілетті мемлекеттік органның шешімі негізінде:
1) агенттің жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының 5 пайызын аудару фактісі анықталған;
2) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемді алушылардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі анықталған;
3) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемді алушының қайтыс болғаны, хабар-ошарсыз кеткен деп танылғаны туралы немесе қайтыс болды деп жарияланғаны туралы заңды күшіне енген сот шешімі туралы мәліметтер келіп түскен;
4) босатылған және шеттетілген қамқоршылар (қорғаншылар), ата-аналарды ата-аналық құқықтардан айыру немесе шектеу туралы, ұл бала (қыз бала) асырап алу туралы шешімдердің күшін жою немесе оларды жарамсыз деп тану туралы мәліметтер келіп түскен кезде тоқтатыла тұрады.
Жұмыс берушінің белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауды жаңарту оларды тоқтата тұру үшін негіз болып табылатын мән-жайлар тоқтатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүргізіледі.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемді тоқтату үшін негіздер туындаған кезде тоқтатылады.
4. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсiпкерлер үшiн бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналары салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн, алатын табыстың 5 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 5 пайызынан кем емес мөлшерде белгiленедi.
Адвокат, жеке сот орындаушысы, жекеше нотариус, кәсіби медиатор, сондай-ақ дара кәсiпкер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн өз бетінше айқындайтын табыс алатын табыс болып табылады.
Табыс болмаған жағдайда адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 5 пайызынан кем емес мөлшерде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.
5. Арнайы салық режимi қолданылатын шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын шаруа немесе фермер қожалығының жалдамалы жұмыскерлері және басшылары үшін жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналары салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 5 пайызы мөлшерінде белгiленедi.
6. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тізімдерін қоса бере отырып, Орталық арқылы төлейді.»;
16) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және оларды жүзеге асыру тәртібі
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын жұмыскердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
2. Агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын меншікті қаражаты есебінен еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген қызметкерлердің пайдасына жүзеге асырады.
Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерімен расталған зиянды (аса зиянды) еңбек жағдайлары жойылған жағдайда агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асырмайды.»;
19-тармақтың 17) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
17) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны және (немесе) аудармағаны үшiн жауаптылық
1. Нақты төлем жасалған және жұмыскер табыс алған жағдайда агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе олар үшін мерзімін өткізіп алған әрбір күнге (Орталыққа төлейтін күнді қоса алғанда) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есебіне жазылған өсімпұлмен бірге өздері үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін жұмыскерлердің міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына агенттер аударуға тиіс.
2. Мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайларда, мемлекеттік кіріс органдары мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешек шегiндегi ақшаны агенттердiң банк шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.
Мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен агентке жiберiлетiн хабарлама негiзiнде жүргiзiледi.
Егер мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi сомадан аспаған жағдайда, мұндай хабарлама жiберiлмейдi.
3. Агент хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс органына өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімдерін, сондай-ақ өздерінің пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін ұсынуға міндетті.
Агенттердiң банк шоттарынан мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкiмi негiзiнде жүргiзiледi.
Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшiн банк шотында (шоттарында) ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайларда клиенттiң ақшасын алып қоюды банк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен жүргiзедi.
Агенттiң банк шотында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда, мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу агенттiң шетел валютасындағы банк шоттарынан мемлекеттік кіріс органдарының ұлттық валютада шығарған инкассолық өкiмдерi негiзiнде жүргiзiледi.
4. Мемлекеттік кіріс органдарының өкiмi бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар агенттердің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен салық берешегін аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.
Агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) агент міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының тізімдерін ұсынбаған және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болған, сондай-ақ жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін жеке тұлғалардың тізімдерін ұсынбаған және олар бойынша берешек болған жағдайларда, осы баптың 2-тармағында көзделген хабарлама ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң жүргізіледі.
Бұл ретте агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мемлекеттік кіріс органының агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінде көрсетілген міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы шегінде жүргізіледі;
2) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайларда - осы баптың 2-тармағында көзделген хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң жүргізіледі. Бұл ретте агенттің банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргізіледі.
Агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кіріс органы өкімінің күшiн шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған мемлекеттік кіріс органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жояды.
5. Осы баптың 2-тармағында көзделген хабарламаны тапсырған күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң мемлекеттік кіріс органы агенттің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын агенттердiң банк шоттарынан осы сомаларды есептен шығаратын күнi Орталық арқылы аударуға мiндеттi.
7. Мемлекеттік кіріс органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында агенттiң сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) және мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомаларын көрсете отырып, мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегi туындаған күннен бастап алты айдан астам мерзiмде өтелмеген берешегі бар агенттердiң тiзiмдерiн жариялайды.»;
19-тармақтың 18) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
18) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«29-бап. Аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәлiметтерді ұсыну
1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, агенттер міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалған (есебіне жазылған) сомалары жөнiндегі мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзімде тоқсан сайын ұсынады. Декларацияның нысанын және оны жасау тәртібін мемлекеттік кіріс органдары белгiлейдi.
2. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияда міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдарға қатысты жарналары бөлігінде мәліметтер көрсетілмейді.
3. Агенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiпке сәйкес әрбiр жеке тұлға бойынша есептелген, ұстап қалған (есебіне жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзуге мiндеттi.
4. Агент есептелген, ұстап қалған (есебiне жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшыларына және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары төленетін жеке тұлғаларға ұсынуға мiндеттi.»;
19-тармақтың 19) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
19) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлеуді ұйымдастыру
1. Зейнетақы төлемдері міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері және (немесе) сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері түрінде зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес зейнетақы жинақтары есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жүзеге асырылады.
Егер осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан асатын жағдайда, осы айырма салымшыға (алушыға) белгіленген кесте бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.
Егер осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайда, бұл сома салымшыға (алушыға) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан бір рет төленеді.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін деректемелері алушының зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішінде көрсетілетін алушының банк шотына аударады.