Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2016.01.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 ж. 1 наурызға дейін қолданылған редакция
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., №23-24 (қосымша); 1995 ж., №15-16, 109-құжат; №20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 187-құжат; №14, 274-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., №1-2, 8-құжат; №5, 55-құжат; №12, 183, 184-құжаттар; №13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., №2-3, 23-құжат; №5-6, 50-құжат; №11-12, 178-құжат; №17-18, 224, 225-құжаттар; №23, 429-құжат; 1999 ж., №20, 727, 731-құжаттар; №23, 916-құжат; 2000 ж., №18, 336-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №1, 7-құжат; №8, 52-құжат; №17-18, 240-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №2, 17-құжат; №10, 102-құжат; 2003 ж., №1-2, 3-құжат; №11, 56, 57, 66-құжаттар; №15, 139-құжат; №19-20, 146-құжат; 2004 ж., №6, 42-құжат; №10, 56-құжат; №16, 91-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №10, 31-құжат; №14, 58-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №1, 4-құжат; №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №10, 52-құжат; №11, 55-құжат; №13, 85-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №3, 20, 21-құжаттар; №4, 28-құжат; №16, 131-құжат; №18, 143-құжат; №20, 153-құжат; 2008 ж., №12, 52-құжат; №13-14, 58-құжат; №21, 97-құжат; №23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., №2-3, 7, 16, 18-құжаттар; №8, 44-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; №7, 28-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; 2011 ж., №2, 21, 28-құжаттар; №3, 32-құжат; №4, 37-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №16, 129-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 13, 15-құжаттар; №6, 43-құжат; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №11, 80-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №7, 36-құжат; №10-11, 56-құжат; №14, 72-құжат; №15, 76-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61, 63-құжаттар; №14, 84-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; №8, 42, 45-құжаттар):
1) 51-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «төлеу жөніндегі, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын» деген сөздер «төлеу жөніндегі, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын,» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 52-баптың екінші бөлігі «мiндеттi зейнетақы жарналарын» деген сөздерден кейін «, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., №16-17, 642-құжат; №23, 929-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №10, 244-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №23, 309-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №10, 102-құжат; 2003 ж., №1-2, 7-құжат; №4, 25-құжат; №11, 56-құжат; №14, 103-құжат; №15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., №3-4, 16-құжат; №5, 25-құжат; №6, 42-құжат; №16, 91-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №21-22, 87-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №4, 24, 25-құжаттар; №8, 45-құжат; №11, 55-құжат; №13, 85-құжат; 2007 ж., №3, 21-құжат; №4, 28-құжат; №5-6, 37-құжат; №8, 52-құжат; №9, 67-құжат; №12, 88-құжат; 2009 ж., №2-3, 16-құжат; №9-10, 48-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №3-4, 12-құжат; №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50, 53-құжаттар; №16, 129-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 13, 14, 15-құжаттар; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №12, 85-құжат; №13, 91-құжат; №14, 92-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №4, 21-құжат; №10-11, 56-құжат; №15, 82-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №11, 61, 69-құжаттар; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; №8, 42, 45-құжаттар):
2-тармақтың 1) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 742-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «мiндеттi зейнетақы жарналарын,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 944-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте, жоғалтылған табыс (кіріс) бөлігінде зиянды өтеу сомасынан «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде және тәртіппен міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.».
3-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №9, 65-құжат; №19, 147-құжат; №20, 152-құжат; №24, 178-құжат; 2008 ж., №21, 97-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №8, 44-құжат; №9-10, 50-құжат; №17, 82-құжат; №18, 84-құжат; №24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., №5, 23-құжат; №10, 48-құжат; №24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №11, 102-құжат; №16, 128-құжат; 2012 ж., №3, 26-құжат; №4, 32-құжат; №5, 41-құжат; №6, 45-құжат; №13, 91-құжат; №14, 92-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 123-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; №3, 15-құжат; №7, 36-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 78, 81-құжаттар; №16, 83-құжат; №23-24, 116-құжат; 2014 ж., №2, 10-құжат; №7, 37-құжат; №8, 44, 49-құжаттар; №11, 67-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат; №3, 13-құжат; №7, 33-құжат; №8, 45-құжат; №10, 50-құжат; 2015 жылғы 17 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 34-баптың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелер;»;
2) 134-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір қызметкерге тиісті кезеңдегі оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және (немесе) аударылған міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиіс жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді ай сайын жазбаша түрде хабарлауға міндетті.».
4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №21, 93-құжат; 2009 ж., №23, 112-құжат; №24, 129-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 29, 32-құжаттар; №15, 71-құжат; №24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., №2, 21, 25-құжаттар; №4, 37-құжат; №6, 50-құжат; №7, 54-құжат; №11, 102-құжат; №13, 115-құжат; №15, 125-құжат; №16, 129-құжат; №20, 151-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 16-құжат; №3, 21-құжат; №4, 30, 32-құжаттар; №5, 36, 41-құжаттар; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №14, 94-құжат; №18-19, 119-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; №5-6, 30-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №13, 63-құжат; №14, 72-құжат; №15, 81, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; №20, 113-құжат; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №1, 6-құжат; №2, 10, 12-құжаттар; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №8, 44-құжат; №11, 63, 69-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 128, 131-құжаттар; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; 2015 жылғы 17 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кредиттеу және субсидиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 25-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.» деген сөздер «ұсыныстарды әзірлеу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару бөлігінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген функциялар болып табылады.»;
4-тармақтың 2) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 98-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздерден кейін «, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың 3) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) 100-баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшалары «міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздермен толықтырылсын.
5-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., №2-3, 16, 18-құжаттар; №13-14, 63-құжат; №15-16, 74-құжат; №17, 82-құжат; №18, 84-құжат; №23, 100-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; №5, 23-құжат; №7, 28, 29-құжаттар; №11, 58-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; №22, 130, 132-құжаттар; №24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №2, 21, 25-құжаттар; №4, 37-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №13, 116-құжат; №14, 117-құжат; №15, 120-құжат; №16, 128-құжат; №20, 151-құжат; №21, 161-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 11, 15-құжаттар; №3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; №4, 32-құжат; №5, 35-құжат; №6, 43, 44-құжаттар; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №11, 80-құжат; №13, 91-құжат; №14, 92-құжат; №15, 97-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №2, 7, 10-құжаттар; №3, 15-құжат; №4, 21-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №12, 57-құжат; №14, 72-құжат; №15, 76, 81, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; №21-22, 114, 115-құжаттар; №23-24, 116-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №8, 44, 49-құжаттар; №10, 52-құжат; №11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 128, 131-құжаттар; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; 2015 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
438, 446-баптардың, 83-тараудың, 590, 591, 592, 594, 598-баптардың, 84-тараудың және 664-баптың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«438-бап. Салықтардың жекелеген түрлерiн, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеудің ерекшелiктерi»;
«446-бап. Салықтардың жекелеген түрлерiн және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, әлеуметтік аударымдарды төлеу және міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімдері»;
«83-тарау. Салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын есепке алу»;
«590-бап. Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген, азайтылған сомаларын есепке алу
591-бап. Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомаларын есепке алу
592-бап. Төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды есепке алу»;
«594-бап. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптарға салыстырып-тексеру жүргізу»;
«598-бап. Салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтердi ұсыну тәртiбi»;
«84-тарау. Салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі хабарлама»;
«664-бап. Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару үшін банкоматтар мен өзге де электрондық құрылғылар желілерін дамытуға көмек (материалдық көмектен басқа) көрсету»;
2) 12-баптың 1-тармағының 36) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«36) салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты - салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескерілген) сомаларын, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомаларын есепке алуға арналған құжат, оның ішінде электрондық нысандағы құжат;»;
3) 13-баптың 1-тармағының 7) және 8-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) салық органы салықтық өтінішті алған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық міндеттемесінің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға;»;
«8-1) сұрау салу бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер алуға;»;
4) 18-баптың 1-тармағында:
2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары) есептеудің және аударудың толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары) есептеудің және аударудың толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;»;
5) 19-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) салық төлеушіден (салық агентінен, оператордан) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығын және төлеудің (ұстап қалудың және аударудың) уақтылығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалу мен аударудың, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақтылығын растайтын құжаттарды, салық төлеуші (салық агенті, оператор) жасаған салықтық нысандар бойынша жазбаша түсіндірмелерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қаржылық есептілігін, оның ішінде резидент салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін қоса алғанда, егер осындай тұлға үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген жағдайда аудиторлық есепті қоса бере отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілігін ұсынуды талап етуге;»;
6) 20-баптың 1-тармағының 3), 4), 11), 12-1), 15), 16) және 20) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:»;
«3) салық төлеушінің (оператордың) - салық міндеттемесін, салық агентінің (оператордың) салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттерін осы Кодексте белгіленген тәртіппен орындауына салықтық бақылауды, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды есептеудің толықтығы мен төлеудің уақтылығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалу мен аударудың уақтылығын бақылауды жүзеге асыруға;
4) салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, есептелген, есепке жазылған және төленген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, есептелген, ұстап қалған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, есептелген және төленген әлеуметтік аударымдарды есепке алуды жүргізуге;»;
«11) осы Кодексте көзделген мерзімдерде және жағдайларда салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ұстап қалу мен аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуы жөнінде салық төлеушіге (салық агентіне, операторға) хабарлама және (немесе) осы Кодексте белгіленген жағдайларда оның көшірмесін табыс етуге;»;
«12-1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер беруге;»;
«15) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтінішін алған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оның жеке шотынан салық міндеттемесінің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысу жай-күйі туралы үзінді көшірмені ұсынуға;
16) көрсетілген ақпарат үшін салық органына өтініш жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өз құзыреті шегінде салық төлеушіге (салық агентіне) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, бюджетке төлеуге жататын өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу жөніндегі төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, бюджетке төлеуге жататын өсімпұлдар мен айыппұлдарды, әлеуметтік аударымдарды төлеу және міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару тәртібі туралы ақпарат ұсынуға;»;
«20) салық төлеушінің талап етуі бойынша - салық міндеттемесінің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі, салық агентінің талап етуі бойынша салықты есептеу және аудару бойынша міндеттің орындалуы жөніндегі есеп-қисаптарға салыстырып-тексеру жүргізуге, жеке шотқа осы Кодексте көзделген тәртіппен түзетулер енгізуге;»;
7) 31-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің уәкілетті өкілі салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде төлем құжаттарында ақшаны жөнелтуші салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) немесе атауын және оның сәйкестендіру нөмірін көрсетеді.»;
8) 37-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш ұсынылған салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;
4 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Таратылатын заңды тұлға таратудың салық есептілігі салық органына ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлейді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады.
Егер таратудың салық есептілігінің алдында ұсынылған салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын жағдайда, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі салық органына ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
«11. Таратудың салық есептілігі ұсынылған күннен бастап және таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару жөніндегі міндеттер туындаған жағдайда, таратылатын заңды тұлға осындай салық міндеттемесін, міндетін салық органының осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген хабарламасы негізінде орындауға міндетті.»;
12-тармақта:
екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;»;
үшінші бөліктің бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі, салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған және (немесе) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есепке жазылған салық сомасынан асып түскен жағдайда, таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды: