2) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары бойынша есептеген сома салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген сомасы болып табылады.
5. Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жүргізіледі.
6. Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты бірыңғай бюджет сыныптамасына сәйкес жүргізіледі.»;
40) 589-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке шот салық төлеушіге (салық агентіне) бересі немесе артық төлеу сомасын қамтитын есеп-қисаптар сальдосы көрсетіле отырып, ағымдағы жылдың басында немесе салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндет туындаған күні ашылады. Салық төлеушінің (салық агентінің) бересісі немесе артық төлеуі болмаған жағдайларда есеп-қисаптар сальдосы нөлге тең деп есептеледі.
Ағымдағы жылдың алдындағы жыл үшін жеке шоттан есеп-қисаптар сальдосы ескеріле отырып, ағымдағы жыл үшін жеке шотта көрсетілген салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар сомаларының төленгендері (есепке жатқызылғандарды, қайтарылғандарды алып тастағанда) мен есептелгендері, есепке жазылғандарды (азайтылғандарын шегергенде) арасындағы оң айырма артық төлем деп танылады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотындағы салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптар сальдосы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептеледі.
3. Егер салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша ағымдағы жылдың алдындағы жылы жеке шот жүргізу жүзеге асырылған жағдайда, ағымдағы жылдың дербес шотына ағымдағы жылдың алдындағы жылдың дербес шотынан есеп-қисаптар сальдосы көшіріледі.»;
41) 590-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«590-бап. Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген, азайтылған сомаларын есепке алу
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарындағы салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген, азайтылған сомаларын есепке алу салық есептілігі деректерінің, уәкілетті мемлекеттік органдар мәліметтерінің негізінде жүргізіледі.»;
42) 591-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«591-бап. Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомаларын есепке алу
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотындағы салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомаларын есепке алу:
1) салықтық тексеру нәтижелері туралы;
2) тарату салықтық есептілік ұсынылған күннен бастап тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомалары туралы;
3) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары туралы (бұдан әрі осы баптың мақсатында осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген хабарламалар бойынша есептелген сома - есептелген сома) хабарламалар негізінде жүргізіледі.»;
43) 592-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«592-бап. Төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды есепке алу
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарындағы төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың аударылған және қайтарылған сомаларын есепке алу уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған:
1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленгені жөніндегі;
2) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың артық төленген сомаларына жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар жөніндегі;
3) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуіне жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар жөніндегі;
4) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың қате төленген сомаларына жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар жөніндегі;
5) салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу сомалары жөніндегі төлем құжаттарының негізінде жүргізіледі.»;
44) 593-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша өсімпұлдар, айыппұлдар есеп-қисаптарының сальдосы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептеледі.»;
45) 594-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«594-бап. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптарға салыстырып-тексеру жүргізу
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) талабы бойынша салық органы бір жұмыс күні ішінде салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптарға салыстырып-тексеруді жүргізеді. Осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, салыстырып-тексеру аяқталған соң сол күні салық төлеушіге уәкілетті орган бекіткен нысанда салыстырып-тексеру актісі беріледі.»;
46) 595-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты берілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде салық төлеушінің (салық агентінің) салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттерін орындауға байланысты құжаттары жеке шот берілген салық органына қағаз жеткізгіште беріледі.»;
47) 598-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«598-бап. Салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтердi ұсыну тәртiбi
1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы; салық органдарының ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы; халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (осы баптың мақсатына орай - берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер) алу үшін сұрау салу беруге құқылы.»;
48) 84-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«84-тарау. Салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі хабарлама»;
49) 607-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушіге (салық агентіне) қағаз жеткізгіште немесе оның жазбаша келісімі бойынша электрондық тәсілмен жіберген, оның салық міндеттемесін, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелерді орындауы қажеттігі туралы салық органының хабары хабарлама деп танылады. Хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.»;
2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) таратудың салық есептілігін ұсынған күннен бастап тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомалары туралы - тарату салықтық тексеру актісін салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрмей;
4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігінің ұсынылмауы туралы - хабарламаны жіберу мерзімі осы Кодексте белгіленген оны ұсыну мерзімінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілетін корпоративтiк табыс салығы және қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда, бұзушылық анықталған күннен бастап жіберіледі.
Уәкілетті орган растаған, бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателіктер туындауы себебінен осы тармақшада көрсетілген хабарламаны жіберу мерзімі бұзылған жағдайда, осы хабарлама мерзімінде жіберілген деп есептеледі. Бұл ретте осындай хабарлама бойынша салық міндеттемесін және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелерді салық төлеуші осы Кодекстің 608-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде орындауға тиіс.
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 579-бабына сәйкес әрекетсіз деп танылған салық төлеушіге қатысты қолданылмайды;»;
3-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) салық міндеттемесінің және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелердің сомасы - осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда;
6) салық міндеттемесін және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау туралы талап;»;
50) 608-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық органы осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2) - 4), 7) - 9) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларды жіберген жағдайда, салық міндеттемесі және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелер салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық төлеуші осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген таратудың салықтық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламалармен толық келіскен жағдайда, салық төлеуші хабарламаларда көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындағаны туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осындай келіскені туралы өтінішті ұсынады.»;
51) 611-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, мыналардан:
1) осы Кодекстің 55-бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді төлеу бойынша операциялардан;
2) ақшаны:
өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;
еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу жөніндегі клиент міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;
салық берешегін өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қоюдан басқа, салық төлеушiнiң (салық агентінің) барлық шығыс операцияларына қолданылады.»;
52) 612-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға кейiннен оларды салық берешегiн, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектi өтеу есебiне аудару үшiн ақша тапсыру;»;
53) 624-баптың 5-тармағының бірінші абзацы «міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздермен толықтырылсын;
54) 627-баптың 5-тармағында:
1) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кешенді тексеру - салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерi бойынша салық мiндеттемесiнің орындалуы, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі, ұстап қалынуы мен аударылуы, әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуі мәселелері бойынша салық органы салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты жүргізетін тексеру.»;
бірінші бөліктің 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуi, ұстап қалынуы мен аударылуы, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдардың толық және уақтылы есептелуi мен төленуi;»;
55) 632-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын толық және уақтылы есептеу, ұстап қалу және аудару, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдарды толық және уақтылы есептеу және төлеу;»;
«7) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотынан ақшаны есептен шығару жөніндегі операцияларды жасаған күні салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын уақтылы аудармауы, аудармауы (есепке жазбауы) және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың кассаларына салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды, өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу есебіне қолма-қол ақшаны қабылдауы;»;
56) 637-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Егер таратудың салық есептілігі алынған күннен бастап тарату салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезең ішінде салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелер туындаған жағдайда, мұндай міндеттемелер салықтық тексеру актісіне қосымшада өсімпұл есептелмей және айыппұл санкциялары қолданылмай көрсетіледі.»;
57) 638-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салықтық тексеру аяқталған соң салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдарды есептеу және төлеу, залалдарды азайту, резидент еместердің табыстарынан төлем көзінен ұстап қалынған қосылған құн салығының және (немесе) корпоративтік (жеке) табыс салығының асып кеткен сомаларын қайтарудың расталмауы бойынша міндеттемелер сомаларын есептеуге әкеп соқтыратын бұзушылықтар анықталған жағдайда салық органы салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарады, ол осы Кодекстің 607-бабына сәйкес белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жіберіледі.»;
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелердің және өсiмпұлдардың есептелген сомасы;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы Кодекстің 637-бабының 7-тармағында көрсетілген міндеттемелердің сомасы осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушіге жіберілген таратудың салық есептілігін беру күнінен бастап тарату салықтық тексеруінің аяқталу күніне дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомалары туралы хабарламада көрсетіледі.»;
58) 657-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару үшін банкоматтар желісі мен өзге де электрондық құрылғыларды дамытуға жәрдемдесу (материалдық көмектен басқа) арқылы салық төлеушілерге (салық агенттеріне) көмек көрсетеді.»;
59) 664-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«664-бап. Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару үшін банкоматтар мен өзге де электрондық құрылғылар желілерін дамытуға көмек (материалдық көмектен басқа) көрсету»;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды;».
6-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №14, 70-құжат; №24, 145-құжат; 2011 ж., №1, 3-құжат; №11, 102-құжат; №19, 145-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №13, 91-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №2, 13-құжат; №7, 36-құжат; №10-11, 56-құжат; №14, 72-құжат; №15, 81-құжат; №16, 83-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; №21, 122, 123-құжаттар; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; 2015 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
162-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацы «міндетті зейнетақы жарналарын» деген сөздерден кейін «, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын» деген сөздермен толықтырылсын.
7. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №18-I, 18-II, 92-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; №24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., №1, 2-құжат; №2, 6-құжат; №7, 33-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №9, 46-құжат; №10, 50-құжат; 2015 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
7-тармақтың 1) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 44-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «мiндеттi зейнетақы жарналары мен» деген сөздер «мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 2) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 91-бапта:
екінші бөлік «салымшылар туралы мәлiметтердi» деген сөздерден кейін, «шартты зейнетақы шоттары туралы мәліметтерді» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы бөлікте:
1) тармақша «міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «міндетті зейнетақы жарналарының,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының,» деген сөздермен, 3) тармақша «міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: