2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) ғылыми, өсімін молайту, коммерциялық мақсаттарда арнайы жасалған жағдайларда өсіру, сондай-ақ кейіннен мекендеу ортасына жіберу;
2) аңшылықтың ұлттық түрлерін дамыту;
3) ғылыми зерттеулер;
4) селекциялау үшін жол беріледі.
4. Мыналарға:
1) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнің қырылуына;
2) осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi санының азаюына немесе мекендеу ортасын бұзуға әкеп соғатын іс-әрекеттерге жол берілмейді.
5. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын бағып-қағу, тасымалдау, сату, сатуға қою және сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
16-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды), минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолдану кезiнде жануарларды қорғау
Пестицидтердi (улы химикаттарды), минералдық тыңайтқыштарды және басқа препараттарды қолдану, сақтау және тасымалдау жануарлар дүниесi мен олар мекендейтiн ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс.
Жануарлар дүниесiн қорғау мақсатында пестицидтердi (улы химикаттарды), минералдық тыңайтқыштарды және басқа препараттарды қолданудың шектеулi рұқсат етiлген нормалары белгiленедi.
17-бап. Шаруашылық және өзге де қызметтi жобалау мен жүзеге асыру кезiнде жануарлар мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау жөніндегі iс-шаралар
1. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, құрылыстар мен басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру мен көлiк құралдарын пайдалану, қолданыстағы технологиялық процестердi жетiлдiру және олардың жаңаларын енгізу, пайдаланылмаған, жағалау маңындағы, батпақты, бұта басқан аумақтарды шаруашылық айналымына енгізу, жердi мелиорациялау, орман ресурстарын және су объектiлерiн пайдалану, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзу, пайдалы қазбаларды өндiру, ауыл шаруашылығы жануарлары жайылатын және оларды айдап өтетiн жерлердi белгiлеу, туристiк маршруттар әзiрлеу мен халықтың жаппай демалатын орындарын ұйымдастыру кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерi мекендейтiн ортаны және олардың көбею жағдайларын, жануарлардың өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтау жөніндегі iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, сондай-ақ жабайы жануарлар мекендейтiн орта ретiнде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге ешкiмнiң қол сұқпауы қамтамасыз етiлуге тиiс.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгртілді (бұр.ред.қара)
2. Темір жол, тас жол, құбыр тарту және басқа көлiк магистральдарын, электр беру және байланыс желiлерiн, арналарды, бөгеттердi және өзге де су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану, орналастыру, жобалау және салу кезiнде жануарлар мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн іс-шаралар әзiрленiп, жүзеге асырылуға тиiс.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Шаруашылық және осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер:
1) уәкілетті органмен келісім бойынша техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде осы Заңның 12-бабы 2-тармағының 2) және 5) тармақшалары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға арналған қаражатты көздеуге;
2) тармақша 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды уәкілетті органның ведомствосымен жасалған шарт негізінде балық шаруашылығы су айдындарына балық өсіру материалын жіберуді, уылдырық шашатын орындарды қалпына келтіруді және су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясын көздейтін іс-шараларды орындау арқылы, уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалатын мөлшерде өтеудің орнын толтыруға міндетті.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесін қорғау
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесін қорғау Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
18-1-бап. 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Жануарлар түрлерін жасанды түрде өсiру
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жануарлар түрлерін жасанды түрде өсiру:
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жануарлар түрлерін, оның ішінде бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн сақтау және санын арттыру;
2) ғылыми зерттеулер;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) жануарлар түрлерін кәсiпкерлiк қызметте пайдалану мақсатында жүзеге асырылады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн сақтау және олардың санын көбейту мақсатында оларды кейiннен мекендеу ортасына шығара отырып, жасанды түрде өсiру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Бекіре тұқымдас балық түрлерін қолдан өсіру мақсаттары үшін өсімін молайту кешенінің мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік кәсіпорындары кездейсоқ ауланым ретінде алынған балықтарды балықтардың уылдырық шашуын гормондық демеу препараттарын өндіру, сондай-ақ оларды ұстауға азық өндіру үшін пайдалануы мүмкін.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияның І қосымшасына түрлері енгізілген жануарлар, олар еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсiрiлген және әкiмшiлiк органында тiркелген жағдайларда ғана саудалау нысанасы бола алады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 3-1-тармақпен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-1. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның II қосымшасына енгізілген, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірілген жануарлар түрлері әкімшілік органында тіркелген жағдайларда ғана саудалау нысанасы бола алады.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды
3-2. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция жөніндегі әкімшілік органды Конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру туралы қызметтің басталғандығы туралы хабардар ету кезінде:
1) жануарларды импорттау жағдайында - әкімшілік органның әкелуге берілген рұқсатының нөмірі мен күні;
2) жануарлардың отандық шығу тегі болған жағдайда - балықтың қайда ауланғаны туралы анықтаманың нөмірі мен күні көрсетіледі не сатып алу-сату шарты әкімшілік органда тіркелу нөмірі мен күні көрсетіле отырып қоса беріледі.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Жануарлар түрлерін қолдан өсiру, оның ішінде көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарында, тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарында және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарында қолдан өсіру жеке және заңды тұлғалардың қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен кәсiпкерлiк қызмет мақсатында жүзеге асырылады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 5-тармақпен толықтырылды
5. Қазақстан Республикасында ішкі және сыртқы рынокта сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын бірыңғай таңбалау жүйесі белгіленеді.
Бекіре тұқымдас балықтардың таңбаланбаған уылдырығын өткізуге жол берілмейді.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 6-тармақпен толықтырылды; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Үйреншікті мекендеу ортасынан ауланған бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын тірі күйінде және олардың ұрықтандырылған уылдырығын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, жануарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету
Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, жануарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
20-1-бап. 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21-бап. Жаппай ауыру, дүлей зiлзала кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарларға көмек көрсету
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жаппай ауыру, дүлей зiлзала кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарларға көмек көрсетудi аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері, ал басқа алқаптар мен су айдындарында - Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады. Аумақтың және оқиғаның маңыздылығына қарай аталған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық ұйымдар көмек көрсетуi мүмкiн.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қырылу қаупі бар су айдындарынан және (немесе) учаскелерінен балық аулауды қоспағанда, дүлей зiлзала аудандарындағы, сондай-ақ қырылу қаупi төнген жануарларды аулауға жол берiлмейдi.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Балықтардың сөзсіз қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе оның бөліктерін ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті болдырмау мүмкін болмаған жағдайларда уәкілетті орган немесе аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомство ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдауға құқылы.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Балықтың жаппай қырылуы анықталған кезде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын құтқару жөніндегі барлық шаралар, оның ішінде балықтарды мелиорациялық аулау да қолданылуға тиіс.
22-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер
1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер:
1) жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн жыл сайын бағалау;
2) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң жай-күйiн ұдайы зерделеу;
3) iндеттi жағдайды ұдайы зерделеу;
4) халықаралық ғылыми-зерттеу бағдарламаларына қатысу;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердi негіздеу және ғылыми ұсынымдарды әзірлеу;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) биологиялық саналуандылықты сақтау, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi шараларды негiздеу;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғаудың, өсiмiн молайтудың және пайдаланудың құқықтық және экономикалық тетiктерiн әзірлеу;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алу және оның кадастры, шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау мақсатында жүзеге асырылады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы жергілікті маңызы бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн жыл сайын бағалау олар бекітілiп берiлген жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жануарлар дүниесiн ғылыми-зерттеу мақсаттарда пайдалану уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган жануарлар дүниесiн пайдалануға берген рұқсаттар негізінде жылдың кез-келген уақытында және рұқсат етілген аң аулау құралдарымен жүзеге асырылады.
Жануарлар дүниесi объектілерін ғылыми зерттеулер үшін алып қою квотасын - уәкілетті орган бекiткен жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимиті шегінде аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейді.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүргізеді.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды
22-1-бап. Ихтиологиялық байқаулар
1. Ихтиологиялық байқауларды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
2. Ихтиологиялық байқаулардың негізгі бағыттары: балық шаруашылығы су айдындарының жай-күйін бақылау; бақылау үшін аулауды жүргізу; ихтиофаунаның жай-күйі туралы биологиялық материалдарды жинау; өріс аудару жолдарын, уылдырық шашу мерзімдерін және су айдындарына кәсіпшілік жүктемені зерделеу; балық құртшабақтарының кездейсоқ ауланымын, уылдырық шашатын орындарды және қыстау шұңқырларын айқындау; гидрометеорологиялық жағдайларға қарай уылдырық шашу кезеңіндегі тыйым салу мерзімдерін ауыстыруды қоса алғанда, балық аулау режимін реттеу бойынша, балық аулау құралдары бойынша, балық өсіру-мелиорациялық жұмыстарды және су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау; балықтың қырылу қаупі бар су айдындарын есепке алу және балықтардың қырылуының профилактикасы және оны жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; су тарту, ағызу құрылыстарын қарап-тексеру және балықтарды қорғау құрылғылары болмаған кезде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды айқындау болып табылады.
3. Ихтиологиялық байқаулардың деректері балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар дайындау үшін қолданылады.
4-тарау. Жануарлар дүниесiн пайдалану
23-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану
1. Жануарлар дүниесiн пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалануға берiледi.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Реинтродукциялау мақсатында аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн мекендеу ортасынан алып қоя отырып пайдалану жатады.
4. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерiн мекендейтiн ортасынан алмай пайдалану жатады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Жануарлар дүниесiн мемлекеттік орман қорының аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда пайдалану Қазақстан Республикасының орман заңнамасы мен Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласы заңнамасының талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Фермерлік аңшылық шаруашылықтарында еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірілген және ұсталатын жануарларды пайдалануды олардың иеленушілері айқындайды.
6. Жануарлар дүниесi объектiлерiн биологиялық қару ретiнде пайдалануға тыйым салынады.
24-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланудың түрлерi
Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесiн пайдаланудың мынадай түрлерiне жол берiледi:
1) аң аулау;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) судағы омыртқасыз жануарлар мен теңiз сүтқоректілерін алып қоюды қоса алғанда, балық аулау;
3) аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану;
5) жануарлардың пайдалы қасиеттерiн және тiршiлiк ету өнiмдерiн пайдалану.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) жануарлар түрлерінің өсімін молайту мақсаттарында пайдалану.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25-бап. Жануарлар дүниесін пайдалану мерзімдерi
1. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану үшін пайдалану мерзімдері белгіленбейді.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жануарлар дүниесін арнайы пайдалану үшін:
1) аңшылық шаруашылығын жүргізу кезінде - он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;
2) балық шаруашылығын жүргізу кезінде - бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі, ал қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде - бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімдер белгіленеді.
Көрсетілген мерзімдер шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастырудың және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттаудың, аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беруге арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарының, аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарларының негізінде құрамына уәкілетті органның немесе аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствоның, облыстың жергілікті атқарушы органының, ғылыми ұйымдардың және аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастықтарының өкілдері енгізілетін конкурстық комиссия айқындайтын аңшылық алқаптарды, балық шаруашылығы және балықтың қырылу қаупі бар су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезеңіне қарай белгіленеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде тізбеленбеген жануарлар дүниесін пайдалану түрлеріне арналған жануарлар дүниесін пайдалану мерзімдері бір жылдан аспайды.
26-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру
1. Жануарлар дүниесi арнайы пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлетiн жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаттар негiзiнде берiледi.
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 1-1 тармақпен толықтырды
1-1. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңмен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 1-2-тармақпен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-2. Рұқсат беруден:
1) өтінімде көрсетілген мәліметтерді толық көлемде бермеген;
2) өтінімде көрсетілген мәліметтер дұрыс болмаған;
3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы болған не ол болмаған жағдайларда бас тартылады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-3. Аулаған жері туралы анықтаманы өтініш беруші жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатын берген кезде балықтар мен басқа да су жануарларының ауланған жері бойынша уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері өтініш келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде береді.
Жасанды жағдайларда өсірілген балықтар мен басқа да су жануарлары үшін аулаған жері туралы анықтама жасанды өсірілгендігін растайтын құжаттар ұсынған кезде беріледі.
Аулаған жері туралы анықтама жазуға жануарлар дүниесi объектілерін алып қоюдың белгіленген лимиті және жасанды өсірумен айналысатын ұйымның жобалық қуаты шегінде рұқсат етіледі.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану, оның ішінде бір балықшы бір шыққанда бес килограмға дейін алып шыға отырып, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады.
27-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде:
1) жануарлар дүниесiнiң өздерiне рұқсат етiлген түрлерiн ғана пайдалануды жүзеге асыруға;
2) жануарлар дүниесi объектiлерiн оларды беру шарттарына сәйкес пайдалануға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның ішінде аң аулау және балық аулау олжаларын және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге, сондай-ақ оларды тасымалдауға және сатуға;
4) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) жануарлар дүниесін пайдалану үшiн жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) белгіленген сервитутқа сәйкес аңшылық және балық шаруашылық-тарының мұқтаждарына арналған уақытша құрылыстар салуға;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға және қағидаларға сәйкес қорықшыларды қызметтік қарумен қамтамасыз етуге;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) аң-құс өсіруді жүзеге асыруға және аң-құс (еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда) өсіру үшін бөлінген аумақта әуесқойлық (спорттық) аң аулауды жүргізуге, сондай-ақ аң-құс өсіру нәтижесінде өсімі молайған жануарларды өз бетінше пайдалануға құқығы бар.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауға;
2) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен уақтылы төлемдер жасауға;
3) шаруашылықiшiлiк аңшылық ұйымдастыруды жүргiзуге;
4) 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;
6) жануарлар дүниесiн халық пен қоршаған ортаға қауiпсiз, табиғи үйiрлер тұтастығының бұзылуына және жануарларға қатысты қатыгездiкке жол берiлмейтiн тәсiлдермен пайдалануға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) жануарлар дүниесiнің пайдаланылған объектiлерiнiң санын жыл сайын есепке алуды жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептiлiктi табыс етуге;