Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Биологиялық зерттеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 наурыздағы № 195 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Республикада биологиялық бейінді зерттеулерді ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Биологиялық зерттеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Микробиология және вирусология институты»,»Жалпы генетика және цитология институты», Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қазақстан Республикасы Биотехнология жөніндегі ұлттық орталығының Биологиялық бақылау, сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Орталық қызметінің негізгі мәні ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Орталыққа қосымшаға сәйкес еншілес мемлекеттік кәсіпорындарды құруға рұқсат берілсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде реттік нөмірлері 58, 59-жолдар алынып тасталсын.
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 21 наурыздағы
№ 195 қаулысына
қосымша
Қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Биологиялық зерттеулер орталығы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құруына рұқсат етілген еншілес мемлекеттік
кәсіпорындардың
тізбесi
1. «Микробиология және вирусология институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны, Алматы қаласы.
2. «Жалпы генетика және цитология институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны, Алматы қаласы.
3. «Биологиялық бақылау, сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны, Алматы қаласы.
4. «Алтай ботаникалық бағы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы.
5. «Маңғыстау экспериментальдық ботаникалық бағы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны, Ақтау қаласы.
6. «Зоология институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны, Алматы қаласы.
7. «Адам және жануарлар физиологиясы институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны, Алматы қаласы.
8. «Молекулярлық биология және биохимия институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны, Алматы қаласы.
9. «Ботаника және фитоинтродукция институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны, Алматы қаласы.