экспорт (импорт) және транзит кезінде тасымалдау (орнын ауыстыру) бағдары өтетін мал айдау жолдарында, бағдарларда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспорт (импорт) және транзит кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ құзыреті шегінде ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;
құзыреті шегінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функцияларының жүзеге асырылуын қоса алғанда, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарда және оның бөлімшелерінде функциялардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
346-1) автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, шекара және кеден пункттерінде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
347) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз баруды және Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқамаларды беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасын сақтауын және тексерілетін субъектілердің қызметін бақылауды жүзеге асырады;
348) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз баруды және Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқамаларды беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
349) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз баруды, Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқамаларды беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
350) балық шаруашылығы су айдындарының резервтiк қорында және (немесе) учаскелерiнде және аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесінің өсімін молайту мен мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
351) рекреациялық балық аулау аймағын белгілейді;
352) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 306 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
353) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеуді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашуды және жабуды жүзеге асырады;
354) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын келісуді жүзеге асырады;
355) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтандыруды түзету жобаларын келісуді жүзеге асырады;
356) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн келiсуді жүзеге асырады;
357) жергілікті атқарушы органдардың функционалдық қарамағындағы мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру бойынша тендерлерді ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асырады;
358) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беруді және осы учаскелерді осындай объектілер салуға пайдалануға рұқсат беруді жүзеге асырады;
359) Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы бейiнiндегi ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесе отырып, асыл тұқымды өнімді (материалды) бағалауға және генетикалық бақылауға арналған әдістемелер мен техникалық құралдарды әзірлеуді жүзеге асырады;
360) екі немесе одан көп облыс аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу немесе оны жою туралы шешім қабылдайды;
361) халықаралық нормалар мен ұсынымдардың талаптарын ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелді бағалаудың ғылыми қағидаттары негізінде ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп, карантиндік шаралар әзірлейді;
362) статистикалық әдіснаманы әзірлеу мен қалыптастыруға уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қатысады;
363) ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингі жоспарын бекітеді;
364) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен стандарттау бойынша техникалық регламенттер әзірлеу, нормативтік құжаттарды өзекті ету және біріздендіру туралы ұсыныстар дайындайды және енгізеді;
365) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер, сәйкестікті растау органдарын және сәйкестігі міндетті түрде расталуға тиіс өнімдер жөнінде зертханалар құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
366) стандарттар мен өзге де құжаттар әзірлеу жөніндегі жоспарларды әзірлеу мен іске асыруды және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үндестіруді жүзеге асырады;
367) техникалық регламенттердің және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейін талдауды жүзеге асырады;
368) техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
369) үкіметтік емес стандарттар әзірлеуге қатысуды жүзеге асырады;
370) үкіметтік емес стандарттар базасында ұлттық стандарттар әзірлеу бастамашылығын жүзеге асырады;
371) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастырады;
372) мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізуін ұйымдастырады;
373) республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысаны мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;
374) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;
375) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар әзiрлейтiн өртке қарсы iс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды айқындайды;
376) ағаштардың қурау және құрып кету қатерi төнген кезде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы шешiм қабылдайды;
377) республикалық және жергілікті маңызы бар табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорықтық аймақтарды тарату және олардың аумағын азайту тәртібін әзірлейді;
378) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс биологиялық негіздеменің негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;
379) орман пайдаланушыларға орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген өзінің қарамағындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде құрылыс объектілерін салуға учаскелерді береді және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат береді;
380) Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелер әзірлейді;
381) мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің туристік және рекреациялық қызметтерді жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген учаскелерін құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат береді;
382) барлық бақылау және қадағалау объектілеріне кедергісіз баруды, Қазақстан Республикасының өсімдік карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдік карантині саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
383) екі немесе одан көп облыс аумағындағы карантиндік аймақтарда өсімдіктер карантиннің жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
384) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1168 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
385) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз баруды және Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы үшін міндетті нұсқамаларды беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасын сақтауын және тексерілетін субъектілердің қызметін бақылауды жүзеге асырады;
386) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз баруды, Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
387) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринария, өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi жөніндегi мемлекеттiк iс-шараларды ұйымдастырады;
388) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады;
389) ауылдық жерлерде микрокредит беру жүйесін дамыту мониторингін жүзеге асырады;
390) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз баруды және Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасын анықталған бұзылушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
391) барлық бақылау және қадағалау объектілеріне кедергісіз баруды, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешендi дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекция саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешендi дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекция саласындағы заңнамасын жергілікті атқарушы органдардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
392) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
392-1) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
392-2) фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдiстемелiк нұсқауларды әзірлейді және бекітеді;
392-3) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келіседі;
392-4) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг жоспарын әзірлейді және бекітеді;
392-5) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды әзірлейді және бекітеді;
393) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты ұсынады;
394) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орманның өсiрілуіне тексерулер арқылы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
395) мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ өзінің қарауындағы ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;
396) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілдік және атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
397) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше күзетілетін табиғи аумақтар, жер заңнамасын, сондай-ақ геодезия және картография саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
398) халықаралық шарттарды іске асыруды қоса алғанда, орман қатынастары, жануарлар дүниесін күзету, өсімін молайту және пайдалану, ерекше күзетілетін табиғи аумақтар, су ресурстарын басқару саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
399) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындарының балық шаруашылығы учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізеді;
400) жануарлар дүниесін күзету, өсімін молайту және пайдалану саласында жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
401) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен және ерекше күзетілетін табиғи аумақтармен айналысатын жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
402) бөгеттер иелерінің бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгілеген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
403) су қорғау аймақтарының, белдеулерiнің және оларды шаруашылықта пайдалану режимдернің жобалау құжаттамасының келіседі;
404) ауыз су сапасындағы жер асты суларын ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануға рұқсат беруді келіседі;
405) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердiң белгiленуiн келіседі;
406) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын әуесқой және спорттық балық аулау үшiн пайдалануды келіседі;
407) бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді;
408) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, салалық жұмыс берушілер бірлестіктерімен және салалық жұмыскерлер бірлестіктерімен бірлесіп, кәсіби стандарттар әзірлеуге қатысады;
409) ағаш ағызу үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнiң тiзбесiн және оларды тазарту тәртiбiн келіседі;
410) ұйымдарды бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаудан өткізеді;
411) бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын әзірлейді;
411-1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасасады;
411-2) оның құзыретіне кіретін жер беру және алып қою, жерді бір санаттан екіншісіне ауыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындайды;
411-3) жерге мониторинг жүргiзудi ұйымдастырады;
411-4) мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер баланстары деректерi негiзiнде Қазақстан Республикасының жер балансын жүргізуді ұйымдастырады;
411-5) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiнiң қызметiн үйлестiреді;
411-6) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiк мүдделерiн ескере отырып, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, аэроғарыштық түсiрулер деректерi мен материалдарын дайындау, есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану тәртiбiн регламенттейтiн нұсқаулықтардың, нормалар мен қағидалардың жобаларын әзірлейді;
411-7) геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (көшіруге) рұқсаттар береді;
411-8) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арасындағы шекараның өзгерістерін, сондай-ақ жергiлiктi жердiң өзгерiстерiн және географиялық объектiлердiң атауларын көрсете отырып, кезекшi анықтамалық карта жүргiзеді;
411-9) мемлекеттiк, арнайы және (немесе) салалық мақсаттағы геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауды ұйымдастырады;
411-10) Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор қалыптастырады және жүргiзеді;
411-11) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiндегi жергiлiктi жердiң геодезиялық және картографиялық тұрғыдан зерделенгендiгi туралы мәлiметтер береді;
411-12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес геодезиялық өлшеу құралдарының бiрлiгi мен дәлдiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады;
411-13) мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу мен жер мониторингтеудің дұрыстығын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
411-14) пайдаланылмайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлердi анықтау және мемлекеттiк меншiкке қайтару мәселелерi жөніндегі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
411-15) құзыреті шегінде анықталған жер заңнамасын, сондай-ақ геодезия және картография саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы мiндеттi нұсқамалар береді;
411-16) Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген мәселелер бойынша сотқа талап-арыз дайындайды және ұсынады;
411-17) геодезиялық және картографиялық қызметті мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
411-18) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
411-19) құзыреті шегінде анықталған геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау тәртiбiн бұзушылықтарды жою, сондай-ақ көрсетiлген жұмыстарды немесе аэроғарыштық түсiрілімдерді жүргiзу нәтижесiнде алынған геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректердi шоғырландыру, есепке алу, сақтау, пайдалану және iске асыру жөніндегі талапты енгізеді;
411-20) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасының бұзылу фактiлерi анықталған кезде геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тоқтата тұрады;
411-21) геодезиялық пункттердi есепке алуды жүргізеді және олардың сақталуын қамтамасыз етудi бақылайды;
411-22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк жер кадастрындағы жерді пайдаланушылар мен жер учаскелерi бойынша салық қызметi органдарына мәлiметтер береді;
411-23) геодезиялық және картографиялық қызметтiң басталуы туралы хабарлама берген субъектiлер тiзiлiмiн жүргiзеді;
411-24) жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімін қалыптастырады және рұқсаттар жүргізеді;
411-25) аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргiзуге рұқсаттарды тiркейді, есепке алады және береді;
411-26) метрологиялық бақылау мен геодезиялық және картографиялық жабдықтарға, аспаптар мен құрал-жабдықтарға бақылау жүргiзеді;
411-27) суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыру жөнiндегi материалдарды келiседі;
411-28) Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық- геодезиялық қорының материалдары мен деректерiн қайтару мерзiмiн белгiлейді;
411-29) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен өзара келісілген жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесіндегі геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асырады;
411-30) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасының және жергiлiктi жерлерде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шекараларының дұрыс көрсетiлуiн және олардың картографиялық материалдарда көрсетiлуiн бақылайды;
411-31) су объектiлерiнде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерін қоспағанда) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалауды, салуды және орналастыруды, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелері су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялауды (кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, қайта бейіндеуді) келіседі;
411-32) жер ресурстарын, орман және өзге де өсiмдiктер әлемi ресурстарын, жануарлар дүниесi ресурстарын пайдалану кезiнде қойылатын экологиялық талаптарды келiседі;
411-33) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық манызы бар қалалардың уәкілеттік органдары жер қатынастарын реттеу саласындағы қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылайды;
411-34) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жүргізетін топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың бағаларын бекітеді;
411-35) жерге орналастыру, мемлекеттiк жер кадастры және жер мониторингі жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер мен нормативтік құжаттарды, әдістемелерді әзірлейді және бекiтеді;
412) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
412-1) су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесін әзірлейді және бекітеді;
412-2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жерүсті су объектілері үшін су сапасының стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
412-3) тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді;
413) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады.
18. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратады және алады;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметін ұйымдастыру
19. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2017.08.06. № 350 Қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiн Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті қызметтен босатады.
21. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын орынбасарлары болады.
22. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өкілеттіктері:
1) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
2) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін
айқындайды;
3) ведомстволардың құзыретін және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;
4) ведомстволар актілерінің әрекет етуін толық немесе ішінара жояды немесе тоқтата тұрады;
5) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;
6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан өкілдік етеді;
7) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және бұрыштама қояды;
8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
23. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес
айқындайды.
24. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мүлкі
25. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.