екінші, үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаражатты квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларына аударуы қаржылық-экономикалық негіздемеге немесе техникалық-экономикалық негіздемеге (жобалау-сметалық құжаттамаға) сәйкес төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжат түрінің негізінде, оларда ағымдағы қаржы жылына көрсетілген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде тиiстi қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға қаражат көзделген квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының төлемдерi мен ақша аударымдары квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарындағы және қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының шоттарындағы қалдықтар шегiнде жүргiзiледi.
Ағымдағы жылы жарғылық капиталды қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға бөлінген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының шоттарындағы, есепті кезеңнің соңында пайдаланылмай қалған қаражат қалдықтары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының ағымдағы жылы пайдаланылмаған қаражаты болып табылады және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуына жатады.»;
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың төлемдері мен ақша аударымдары мемлекет кепілдік берген қарыз шоттарындағы және қызмет көрсету шоттарындағы қалдықтар шегінде жүргізіледі.»;
5-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының төлемдерін жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол:»;
6-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісі, объектілерді салуға байланысты инвестициялық жобаны іске асыратын бас мердігер мен қосалқы мердігер, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар және қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторы:»;
54) 99-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік мекемелер, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар төлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың түрлері бойынша шетел валютасымен Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің пайдасына шетел валютасын айырбастау және аудару жөніндегі операцияларды жүргізу арқылы жүзеге асырады.
Валюталардың түрлері бойынша шетел валютасын айырбастау Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен, айырбасталатын күнгі Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы бойынша жүзеге асырылады.»;
«3. Мемлекеттік мекеме, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы айырбастау, қайта айырбастау жөніндегі операцияларды ресімдеу кезінде деректемелердің анықтығын және төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасымен жүзеге асырудың негізділігін қамтамасыз етеді.»;
55) 104-баптың 4-тармағының 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) аяқталу мерзімі осы Кодекстің 157-бабының 1, 1-1 және 2-тармақтарында және 159-бабының 1-1-тармағында көрсетілген бекітілген құжаттамаға сәйкес бюджеттік инвестицияларды іске асыру кезеңіне сәйкес келетін бюджеттік инвестицияларды одан әрі қаржыландыруға;»;
56) 106-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру қажет болған;»;
2-2-тармақ алып тасталсын;
57) 107-бапта:
1-1 және 1-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Ағымдағы қаржы жылы ішінде республикалық бюджетті нақтылау:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру қажет болған;
2) осы Кодекстің 10-бабының 4-тармағында, 20-бабының 5-тармағында, 106-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
1-2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынысы бойынша республикалық бюджетті нақтылау ағымдағы қаржы жылы ішінде бір рет мынадай:
1) республикалық бюджеттің түсімдері ағымдағы қаржы жылында олардың жылдық бекітілген көлемінен он пайыздан астам сомаға азайған немесе ұлғайған;
2) республикалық бюджет шығыстарының ағымдағы қаржы жылында олардың бекітілген жылдық көлемінен он пайыздан астам сомаға күтілетін игерілмеу жағдайларында жүзеге асырылады.»;
4-тармақтың екінші және үшінші абзацтарындағы «стратегиялық жоспарларға», «стратегиялық жоспарларды» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік органдардың даму жоспарларына», «мемлекеттік органдардың даму жоспарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-1-тармақтағы «стратегиялық жоспарларға», «стратегиялық жоспарларды», «стратегиялық жоспарлардың» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік органдардың даму жоспарларына», «мемлекеттік органдардың даму жоспарларын», «мемлекеттік органдардың даму жоспарларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
58) 111-баптың 2-тармағының 3-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2) Республикалық бюджеттік комиссияда міндетті түрде қарай отырып, бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде, қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, қаражат республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары арасында ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің он пайызынан аспайтын көлемде қайта бөлінген жағдайларда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің шығыстары бойынша қаражатты он пайыздан асатын көлемде қайта бөлуге жол беріледі;»;
59) 112-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингі, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау көрсету шеңберінде алынған бюджет қаражатын пайдалану нәтижелері туралы есептер ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік даму бағдарламалары бойынша түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мониторингін жобалар аяқталғаннан кейін үш жыл ішінде жүзеге асырады.»;
60) 113-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «стратегиялық жоспарлары мен» деген сөздер «даму жоспарлары мен мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 61) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
61) 22-тарау мынадай мазмұндағы 116-1-баппен толықтырылсын:
«116-1-бап. Шоттардың бірыңғай жоспары
1. Мемлекеттік, экономикалық және қаржылық қызметті қамтуды көздейтін, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, бірыңғай бюджеттік сыныптама шоттарын кодтау шоттардың бірыңғай жоспары болып табылады.
2. Шоттардың бірыңғай жоспарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»;
62) мынадай мазмұндағы 117-1-баппен толықтырылсын:
«117-1-бап. Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілік
1. Бухгалтерлік есепке алу деректеріне негізделген мемлекеттік мекемелер берешегінің жай-күйін мониторингтеу үшін қаржылық есептіліктің құрамына берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілік қосылады, ол есептердің мынадай түрлерінен тұрады:
дебиторлық берешек туралы есеп;
кредиторлық берешек туралы есеп;
ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша кредиторлық берешек туралы есеп.
2. Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілік тоқсан сайын жасалады.
3. Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілікті жасау және ұсыну тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
63) 124-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшада:
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсімдер және жәбірленушілерге жүргізілген өтемақы төлемдері туралы есепті;»;
төртінші және бесінші абзацтар алып тасталсын;
2) тармақшада:
бесінші және алтыншы абзацтар алып тасталсын;
жетінші абзацтағы «стратегиялық жоспардың» деген сөздер «мемлекеттік органның даму жоспарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшаның сегізінші және тоғызыншы абзацтары алып тасталсын;
3-1) тармақша алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есепті қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 1), 2), және 3) тармақшаларында көрсетілген бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
64) 126-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«126-бап. Мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп
1. Мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есепте оның іске асырылу барысы, мемлекеттік орган қызметінің мақсаттарына, нысаналы индикаторларына қол жеткізудегі прогресс туралы ақпарат қамтылады.
2. Мемлекеттік орган мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есепті жыл сайын жасайды және ол есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірілмей бірінші басшының қолтаңбасымен интернет-ресурста (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырылады.»;
65) 127-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жүргізілген бюджеттік мониторинг және мемлекеттік органдардың даму жоспарларының іске асырылуы туралы есептер және есепті қаржы жылының нәтижелерін бағалау негізінде түсімдер бойынша, шығыстар бойынша республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есептен тұрады.
Республикалық бюджеттің шығыстары жөніндегі талдамалық есепте бюджет қаражатымен және бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерімен өзара байланыста мемлекеттік органның даму жоспары мақсаттарының іске асырылуы мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады.
Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша талдамалық ақпарат нәтижелер көрсеткіштері көрсетілген бюджеттік бағдарламалар бойынша көрсетіледі.
Республикалық бюджеттің шығыстары жөніндегі талдамалық есеп бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде жасалады;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Түсіндірме жазба елдегі экономикалық ахуал туралы және салық-бюджет саясатының республиканың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған негізгі бағыттарының іске асырылуы, мемлекеттік бағдарламалардың, ұлттық жобалардың іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды.»;
66) 128-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау кезінде Қазақстан Республикасы Парламентінің тұрақты комитеттері республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу туралы және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер жөніндегі баяндамаларын тыңдайды.»;
67) 129-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жүргізілген бюджеттік мониторинг, нәтижелерді бағалау, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп негізінде облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің түсімдер бойынша атқарылуы, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен тұрады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының нысаналы индикаторларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады;»;
68) 130-баптың 2-тармағында:
3) тармақшадағы «облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасының» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
69) 131-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге әкімдікке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жүргізілген бюджеттік мониторинг пен нәтижелерді бағалау, облысты дамыту жоспарының іске асырылуы туралы есеп негізінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен тұрады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте облыстың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады;»;
70) 131-1-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіндегі «аумақтарды дамыту бағдарламаларының» деген сөздер «облыстың даму жоспарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
71) 132-баптың 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларындағы «ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасының», «ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) даму бағдарламасының» деген сөздер «облыстың даму жоспарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
72) 151-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларында айқындалған бағыттарды, мақсаттарды, міндеттер мен ережелерді іске асыру, Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормаларын орындау шеңберінде инвестициялық ұсынысқа берілетін экономикалық қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орындылығы туралы қорытындының негізінде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Даму жоспарларын әзірлемейтін мемлекеттік органдардың мемлекеттік инвестициялық жобаларын жоспарлау Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормаларын орындау және (немесе) олар әзірлеген даму құжаттары шеңберінде, инвестициялық ұсынысқа берілетін экономикалық қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орындылығы туралы қорытындының негізінде жүзеге асырылады.»;
14-тармақтағы «Бюджеттік инвестицияларды» деген сөздер «Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдардың бюджеттік инвестицияларын қоспағанда, бюджеттік инвестицияларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
«15. Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдардың бюджеттік инвестицияларын жоспарлау және іске асыру тәртібін барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындайды.»;
73) 153-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінің екінші сөйлемі «жобаларды жоспарлау» деген сөздерден кейін «және іске асыру» деген сөздермен толықтырылсын;
4-1-тармақтағы «Ақпараттандыру» деген сөз «Үкіметтік сыртқы қарыздардың және республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды қоса қаржыландырудың қаражатынан қаржыландыру болжанатын жобаларды қоспағанда, ақпараттандыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
74) 154-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың ережелері мемлекеттік бағдарламалар, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына, егер көрсетілген құжаттарда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, институционалдық схемасы, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушылар көзделсе, қолданылмайды.»;
75) 156-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың ережелері мемлекеттік бағдарламалар, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына, егер көрсетілген құжаттарда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, институционалдық схемасы, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушылар көзделсе, қолданылмайды.»;
76) 157-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Үкіметтік сыртқы қарыздардың және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды қоса қаржыландырудың қаражатынан қаржыландыру болжанатын жобаларды қоспағанда, ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалар инвестициялық ұсыныстарға және бекітілген техникалық тапсырмаларға сәйкес іске асырылады.»;
77) 167-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) байланысты грантты тартуға арналған өтінімнің Қазақстан Республикасының жалпыұлттық басымдықтарына сәйкестігі;»;
78) 174-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджеттік кредиттеу субъектілерінің құқықтары мен міндеттері осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес кредиттік шарттарда және (немесе) тапсырма шартында айқындалады.»;
79) 176-баптың 1) тармақшасы «ұйымды» деген сөзден кейін «және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияны» деген сөздермен толықтырылсын;
80) 178-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кредитор немесе қаржы агенттігі айқындаған талаптармен берілетін бюджеттік кредиттің соңғы алушысы түпкілікті қарыз алушы болып табылады.»;
81) 180-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) негізгі борышты төлеу басталатын күн.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджеттік кредиттің негізгі талаптары кредитордың шешімімен белгіленеді.»;
82) 183-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті атқарушы органдарға, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарына, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияға және тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенттіктеріне республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджеттік кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету құны өтеу графигіне сәйкес негізгі борышты бірінші жоспарлы өтеуге дейін есептелетін сыйақы сомасы ескеріле отырып, бюджеттік кредит мөлшерінен кем болмауға тиіс.»;
83) 184-баптың 4-тармағының екінші бөлігі «Жергілікті атқарушы органдарға,» деген сөздерден кейін «азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияға,» деген сөздермен толықтырылсын;
84) 187-баптың 2) тармақшасының екінші бөлігі «инвестициялық саясатты іске асыруын» деген сөздерден кейін «және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуын» деген сөздермен толықтырылсын;
85) 192-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бюджеттік кредитті өтеу есебінен мемлекеттік меншікке айналдырылатын мүлікке бағалау жүргізуге арналған шығыстар қарыз алушының қаражаты есебінен төленеді.»;
86) 193-баптың 3-тармағы 5) тармақшасындағы «капиталдандыру (жиынтықтау) арқылы жүзеге асырылады.» деген сөздер «капиталдандыру (жиынтықтау);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) толық немесе ішінара есептен шығару арқылы жүзеге асырылады.»;
87) 202-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жергілікті атқарушы органдардың заңды тұлғалар қабылдайтын борыштық міндеттемелер бойынша оларға қаржылық қолдау көрсету жөніндегі кез келген түрдегі және кез келген нысандағы міндеттермелерді үшінші тұлғалар үшін қабылдауына жол берілмейді.»;
88) 203-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
89) 206-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2-2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарыз шартында белгіленген мерзімде қарыз қаражатының игерілмегені үшін қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобаны немесе институционалдық жобаны іске асыруға жауапты бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бірінші басшысы жауапты болады.»;
90) 209-баптың 1-тармағы «бағдарламаларды» деген сөзден кейін «, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамаларын, ұлттық жобаларды» деген сөздермен толықтырылсын;
91) 48-тарау мынадай мазмұндағы 243-6-баппен толықтырылсын:
«243-6-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023-2025 жылдарға және одан кейінгі қаржы жылдарына арналған кепiлдендірілген трансферттiң мөлшерін айқындау ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023-2025 және одан кейінгі қаржы жылдарына арналған кепiлдендірілген трансферттiң мөлшері осы Кодекстің 24-бабының 2-1-тармағына сәйкес айқындалады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 - 2023 қаржы жылдарына жоспарлы кезеңде 2023 қаржы жылына арналған және 2022 - 2024 қаржы жылдарына жоспарлы кезеңде 2023 және 2024 қаржы жылдарына арналған кепiлдендірілген трансферттің мөлшері осы Кодекстің 24-бабының 2-1-тармағы қолданылмай айқындалады.».
3-тармақ 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
233-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«233-бап. Акцизделетiн тауарларды сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, сәйкестендіру құралдарын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану»;
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «акциздік маркалармен» деген сөздер «сәйкестендіру құралдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «акциздік маркаларды» деген сөздер «сәйкестендіру құралдарын» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
4-тармақтың 1) тармақшасы 2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
1) 27-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін банктік шотқа қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау кезінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған ағымдағы банктік шотты пайдалануды қамтамасыз етуге;»;
4-тармақтың 2) тармақшасы 2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
2) 116-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бағаларды белгілеуге;»;
4-тармақтың 3) тармақшасы 2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
3) 123-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«123-бап. Арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлеу