ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын,
бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2024 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 38-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):
1) 317-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктегі және екінші бөліктің 2) тармақшасындағы «өте» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке тұлғаның тұрғын үйімен қамтамасыз етілген және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыздар бойынша кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің бұзылуы болмашы болып табылады және кепіл ұстаушы талаптарының мөлшері бір мезгілде мынадай шарттар болған кезде:
1) орындалмаған міндеттеменің сомасы (тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке алмағанда) тараптар кепіл туралы шартта айқындаған, кепілге салынған мүлік құнының он бес пайызынан кем болса;
2) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу кезеңі алты айдан кем болса, кепілге салынған мүліктің құнына анық мөлшерлес емес болып табылады.»;
2) 319-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі «Кепіл беруші» деген сөздер «Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, кепіл беруші» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
1) 3-баптың 1-тармағында:
12-5) тармақша «үнемделуін,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтің,» деген сөздермен толықтырылсын;
17-1), 29-1), 30), 55), 61), 62-1) және 70) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«17-1) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды - бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптаманың қорытындысы негізінде дайындалған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына әсері және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан қорытындысы;»;
«29-1) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды - заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптаманың қорытындысы негізінде дайындалған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, олардың ел экономикасына әсері және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан қорытындысы;»;
«30) инвестициялық ұсыныс - Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын негіздейтін, тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, инвестициялау мақсатын, оған қол жеткізу жолдары мен ықтимал қаржыландыру тәсілдерін көрсететін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тұжырымдамалық ұсыныс;»;
«55) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган - экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласындағы, сондай-ақ өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
«61) нәтижелердің көрсеткіштері - мемлекеттік органның даму жоспарын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша мемлекеттік органның қызметін сипаттайтын нысаналы индикаторлардың, тікелей және түпкілікті нәтижелердің жиынтығы;»;
«62-1) нысаналы индикатор - мемлекеттік органның даму жоспарының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсатына қол жеткізуді санмен өлшейтін көрсеткіш;»;
«70) түпкілікті нәтиже - мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижелерге қол жеткізуіне негізделген, мемлекеттік органның даму жоспарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының және (немесе) бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді санмен өлшейтін бюджеттік бағдарлама көрсеткіші;»;
2) 4-баптың 3), 4), 6), 10) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) реалистік қағидаты - бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарының, ұлттық жобалардың, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының бекітілген (нақтыланған, түзетілген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуі;
4) транспаренттілік қағидаты - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, азаматтық бюджетті, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары мен олардың іске асырылуы туралы есептерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есепті міндетті түрде жариялау, сондай-ақ бюджет процесінің қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін міндетті түрде ашық болуы;»;
«6) нәтижелілік қағидаты - ұлттық жобаларды іске асыруға, мемлекеттік органдардың даму жоспарларында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларында және (немесе) мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеу және атқару;»;
«10) уақтылылық қағидаты - республикалық және жергілікті бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсімдерді есепке жатқызу және оларды Үкіметтің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына аудару, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттеріне түсімдерді есепке жатқызу және бөлу, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жүргізу және бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіпті сақтай отырып, өз мерзімінде бюджет қаражатын алушылардың шоттарына аудару;»;
«14) бюджет қаражатының атаулылығы мен нысаналы сипатының қағидаты - бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджет қаражатын ұлттық жобаларды іске асыруға, мемлекеттік органдардың даму жоспарларында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларында және (немесе) мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелерінде көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы.»;
3) 5-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген ережелер мәслихаттардың жергілікті бюджет туралы шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың шешімдеріне, сондай-ақ оларды іске асыру туралы нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.»;
6-тармақ алып тасталсын;
4) 6-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі «Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен шығыстарын» деген сөздер «Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен төлемдерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстарын, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 12-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Республикалық бюджет (жоспарлы кезеңге) шығыстарының өсу қарқыны инфляция бойынша мақсатқа ұлғайтылған ұзақ мерзімді экономикалық өсу деңгейімен шектеледі.
Ұзақ мерзімді өсу деңгейі жоспарлы кезеңнің алдындағы он жылдағы нақты жалпы ішкі өнімнің орташа өсу мәні ретінде айқындалады.
Инфляция бойынша мақсат Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген жоспарлы кезеңге инфляция бойынша нысаналы бағдардың орталығы ретінде айқындалады.»;
6) 13-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті);»;
7) 19-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятын құқықтық актілерімен ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген көлемдер шегінде жүзеге асырылады.»;
8) 20-баптың 4-тармағында:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Кезекті қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда қарыз алу қаржы жылы шегінде алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылуы мүмкін және республикалық немесе жергілікті бюджеттерді нақтылауды талап етпейді.»;
бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктер алып тасталсын;
9) 21-баптың 4-тармағындағы «республиканың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары» деген сөздер «жалпыұлттық басымдықтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 23-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша:
экономиканың құлдырауы немесе экономиканың өсу қарқынының баяулауы кезеңінде дағдарысқа қарсы бағдарламаларды;
ұлттық ауқымдағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды, стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың балама көздері болмаған кезде оларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер түрінде жұмсалады.»;
11) 29-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республиканың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын» деген сөздер «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 31-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын Қоғамдық кеңес отырысында мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын; мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және бюджеттік бағдарламалардың орындалуын; мемлекеттік органдардың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есептерді, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерді, ашық бюджеттердің интернет-порталында бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылау қорытындылары бойынша есептерді талқылауды жүргізеді.»;
13) 32-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы республикалық бюджет шығыстарының мемлекеттік органның даму жоспарында айқындалған мақсаттармен өзара байланысты бағытын айқындайды.
Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы республикалық бюджет шығыстарының мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты бағытын айқындайды.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы жергілікті бюджет шығыстарының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті даму жоспарында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты бағытын айқындайды.»;
2-тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаны жылжымалы негiзде жыл сайын жоспарлы кезеңге әзiрлейдi және ол тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерін, жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдерін, бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсерінің көрсеткіштерін қамтиды.
Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді.
Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.»;
4-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Бюджеттік бағдарламаларға бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бастамасы бойынша бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландырудың жылдық көлемін өзгертпей, мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдардың келісімінсіз немесе осы Кодекстің 85-бабы 9-тармағының екінші бөлігінде, 9-1 және 9-3-тармақтарында көзделген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша өзгерістер енгізіледі.»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бюджеттік бағдарлама бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын, мемлекеттік органның даму жоспарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсатына және (немесе) бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.»;
14) 33-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік органның даму жоспарының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсатына, бірыңғай түпкілікті нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету, күрделі шығыстарды жүзеге асыру, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру, трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру бойынша шығындар, көрсетілген шығындарды жекелеген кіші бағдарламаларға бөле отырып, бір бюджеттік бағдарламаға біріктірілуі мүмкін.»;
3-тармақтың бесінші және алтыншы бөліктері «Қазақстан» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті,» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 36-бап 5) тармақшасындағы «шешуге бағытталады.» деген сөздер «шешуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады.»;
16) 39-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының қызметiне нысаналы салым нәтижелерінің көрсеткiштерi мемлекеттік органдардың даму жоспарларында және (немесе) бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларында айқындалады.
Дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдары мемлекеттік органдардың даму жоспарларында және (немесе) бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларында айқындалған, өздерiнiң қызметiне нысаналы салым нәтижелерінің көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн жауапты болады.»;
17) 39-2-бапта:
4-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі «бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында және (немесе)» деген сөздер «мемлекеттік органдардың даму жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған мақсаттарға пайдаланылмаған нысаналы аударымдар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының нұсқамасы шығарылғаннан кейін үш айдан кешіктірілмей тиісті бюджетке міндетті түрде қайтарылуға жатады.»;
18) 44-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттерді жергілікті атқарушы органдар, осы Кодекстің 46-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жергілікті бюджеттер кірістерінің қысқаруына алып келетін шығындарды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоспағанда, тиісті бюджеттік бағдарламаларда айқындалған олардың нысаналы мақсатына сәйкес қана пайдаланады.
Осы Кодекстің 46-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жергілікті бюджеттер кірістерінің қысқаруына алып келетін шығындарды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер төмен тұрған бюджеттердің түсімдерінде ғана көрсетіледі.»;
19) 45-баптың 4-2-тармағының бірінші бөлігі «келісу бойынша» деген сөздерден кейін «шығыстардың басқа бағыттарына» деген сөздермен толықтырылсын;
20) 49-бапта:
1-тармақта:
16) тармақша «заттардың» деген сөзден кейін «және медициналық бұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
17) тармақша алып тасталсын;
31) тармақша «куәліктерінің» деген сөзден кейін «, тракторшы-машинист куәліктерінің, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің» деген сөздермен толықтырылсын;
32) тармақша алып тасталсын:
33) тармақшадағы «мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің» деген сөздер «iшкi iстер органдарының тiркеу-емтихан қабылдау бөлiмшелерiнде отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сақтауда тұрған, автомобильге мемлекеттiк тiркеу нөмiрі белгілерін қоспағанда, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің (телнұсқаларының)» деген сөздермен ауыстырылсын;
34) тармақша «жасалғаны үшін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшiрмелерiнің (телнұсқаларының) берілгені үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
37) тармақша алып тасталсын;
39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«39) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды және авиация қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігіне беретін сертификаттарды бергені үшін алым;»;
41) тармақшадағы «бергені үшін алым республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады.» деген сөздер «, келісім бергені үшін алым;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 42) және 43) тармақшалармен толықтырылсын:
«42) көмірсутектер саласындағы жекелеген кіші қызмет түрлерімен айналысу құқығына байланысты лицензия берілгені үшін лицензиялық алым;
43) «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжаттың берілгені үшін алым республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады.»;
2-тармақтың 1) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражатының орналастырылғаны үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі депозиттері бойынша және бірыңғай қазынашылық шоттағы ақшаның күн сайынғы қалдығына сыйақылар;»;
21) 50-баптың 1-тармағында:
1-2) тармақша «қоспағанда,» деген сөзден кейін «келіп түскен салықтық аударымдардың елу пайызынан аспайтын мөлшерде» деген сөздермен толықтырылсын;
7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым;»;
8) тармақшадағы «төлемақы;» деген сөз «төлемақы облыстық бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 9) тармақша алып тасталсын;
22) 51-баптың 1-тармағында:
7) және 13-1) тармақшалар алып тасталсын;
15) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«15) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым);
16) коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;»;
21) тармақшадағы «немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені» деген сөздер «ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) тармақшадағы «жұмыс берушілерге» деген сөздер алып тасталсын;
23) 52-баптың 1-тармағында:
1-2) тармақша «қоспағанда,» деген сөзден кейін «келіп түскен салықтық аударымдардың кемінде елу пайызы мөлшерінде» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша алып тасталсын;
11) тармақша «(жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым)» деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;»;
16) тармақшадағы «немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені» деген сөздер «ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 56-1-баптың 1-тармағының 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру;»;
25) 58-бапта:
1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының басым мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бағыттары бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
3) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе мемлекеттік органның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік органның даму жоспарының жобасы немесе мемлекеттік органның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулардың жобасы, бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;»;
26) 60-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
«2-3) ұлттық жобалар;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік органдардың даму жоспарлары;»;
27) 61-баптың 1-1-тармағында:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «стратегиялық және бағдарламалық құжаттар» деген сөздер «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшаның үшінші, төртінші және оныншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын;
бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын;»;
«жалпыұлттық басымдықтарды іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;»;
2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері мен басымдықтарын;»;
екінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының параметрлері ескеріле отырып әзірленеді.»;
28) 61-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті ағымдағы жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.»;
29) 62-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«62-бап. Мемлекеттік органның даму жоспары және мемлекеттік органның меморандумы»;
1, 2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: