Тексеру комиссиясының аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылатын лауазымды адамдардан тұрады, оны тексеру комиссиясының төрағасы тағайындайтын аппарат басшысы басқарады.
50-бап. Тексеру комиссиясы және оның лауазымды адамдары тәуелсіздігінің кепілдіктері
1. Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторлары өз қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудит объектісінен тәуелсіз болады.
2. Тексеру комиссиясының қызметіне мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың құқыққа сыйымсыз араласуына жол берілмейді.
3. Мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларын және өзге де лауазымды адамдарын мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінде көзделмеген тексерулерді жүргізу үшін тартуға жол берілмейді.
4. Тексеру комиссиясының жергілікті бюджет қаражатын пайдалануын мемлекеттік бақылау және қадағалау мәслихаттың келісімімен немесе оның тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
9-тарау. ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН
ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАСУ НЕГІЗДЕРІ
51-бап. Тексеру комиссиясының мәслихаттармен өзара іс-қимылы
1. Тексеру комиссиясы мәслихаттың қарауына:
1) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатына ағымдағы жылғы 20 мамырға дейiн;
2) тиісті облысқа кіретін аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатына ағымдағы жылғы 20 сәуiрге дейiн жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынады, ол өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылады.
2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты тексеру комиссиясынан тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылу мәселелері бойынша жүргізілген мемлекеттік аудит, сараптамалық-талдау іс-шаралары туралы ақпаратты сұратуға құқылы.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 52-бап өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
52-бап. Тексеру комиссиясының Жоғары аудиторлық палатамен өзара іс-қимылы
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Тексеру комиссиясы Жоғары аудиторлық палатаға есепті кезеңдегі өз жұмысы туралы ақпаратты тоқсан сайын ұсынады. Ұсынылатын ақпараттың нысаны мен құрылымы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың тиісті рәсімдік стандартымен регламенттеледі.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тексеру комиссиясы Жоғары аудиторлық палатамен келісу бойынша Жоғары аудиторлық палатамен қатарлас (бірлескен) тексеру жүргізуге қатысуға құқылы.
10-тарау. ІШКІ АУДИТ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ ОРГАН
53-бап. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның прокуратура және қылмыстық қудалау органдарымен өзара іс-қимылы
1. Прокуратура немесе қылмыстық қудалау органдарының сұрау салуы келіп түскен кезде ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган:
1) мемлекеттік аудиттің тиісті объектісі бойынша бұрын жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері болған жағдайда, қайта мемлекеттік аудит жүргізбей осы нәтижелерді ұсынады;
2) егер бұрын жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерінде сұрау салуда қойылған мәселелер көрініс таппаған жағдайда, бұл мәселелер ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның келесі жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде ескеріледі.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, прокуратура органының тиісті талабы немесе сұрау салуы, сотқа дейінгі басталған тергеп-тексеру шеңберінде шығарылған тиісті қаулы, сондай-ақ соттың тиісті ұйғарымы бойынша тексеруге қатысу және қорытынды беру үшін аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесін және олардың көрсетілетін қызметтеріне республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде ақы төлеуді айқындайды.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Тексерілетін органдардың сұрау салуы бойынша, кезектілік пен өңірлік ұсынылу қағидаттарын сақтай отырып, аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесінен аудиторлық ұйымды (аудиторды) айқындайды.
54-бап. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және оның лауазымды адамдары тәуелсіздігінің кепілдіктері
1. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудиторлары өз қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудит объектісінен тәуелсіз болады.
2. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қызметіне мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың құқыққа сыйымсыз араласуына жол берілмейді.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудиторларын және өзге де лауазымды адамдарын мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінде көзделмеген тексерулерді жүргізу үшін тартуға жол берілмейді.
11-тарау. ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТТЕРІ
03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 55-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
55-бап. Ішкі аудит қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру
Ішкі аудит қызметтері орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе алқалы органының, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен құрылады және осы Заң мен орталық мемлекеттік органның бірінші басшысы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі бекіткен ішкі аудит қызметтері туралы ереже негізінде әрекет етеді.
Ішкі аудит қызметтері туралы ереже ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ереже негізінде әзірленеді.
56-бап. Ішкі аудит қызметі тәуелсіздігінің кепілдіктері
Ішкі аудит қызметі ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуде және ішкі аудит нәтижелері туралы есептер дайындауда тәуелсіз болады.
Ішкі аудит қызметі басқа құрылымдық бөлімшелерден тәуелсіз, орталық мемлекеттік органның бірінші басшысына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкіміне бағынады және есеп береді.
Ішкі аудит қызметін орталық мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жататын жұмыстарға, сондай-ақ оның өкілеттіктеріне жатпайтын бағдарламалар мен жобаларды дайындауға немесе орындауға тартуға болмайды.
57-бап. Ішкі бақылау жүйесі
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ішкі аудит қызметі мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында және (немесе) тиісті бюджеттен қаржыландырылатын және (немесе) қаражат алатын, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы жергілікті атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі жұмыста консультациялық көмек көрсетеді.
2. Мемлекеттік органның ішкі бақылау жүйесі мынадай өзара байланысты құрауыштардан тұрады:
1) бақылау ортасы - мемлекеттік органның ішкі (корпоративтік) мәдениеті, ұйымдық құрылымы және есептілік сапасы мен қызметінің тиімділігін алдын ала айқындайтын саясат пен рәсімдердің ішкі жиынтығы;
2) тәуекелдерді бағалау - мемлекеттік органның өз мақсаттарына қол жеткізуіне әсер ететін тәуекелдерді анықтау, талдау және олардың алдын алу процесі. Тәуекелдерді бағалау бақылау рәсімдерін жасау және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі іс-шараларды жоспарлау үшін негіз болып табылады;
3) бақылау рәсімдері - лауазымды адамдар (құрылымдық бөлімшелер) өз функцияларын орындауы кезінде жүзеге асыратын бақылау рәсімдерінің (техниканың) үйлесімі;
4) ақпарат пен байланыс - мемлекеттік орган қызметінің барлық салаларын қамтитын деректердің уақтылы және тиімді анықталуы, оларды тіркеу және оларды алмасу. Мемлекеттік орган ақпаратқа санкциясыз қол жеткізуден қорғау үшін шаралар қабылдайды;
5) ішкі бақылау жүйесі тиімділігінің мониторингі және оны бағалау - мемлекеттік органның мақсаттарға қол жеткізуіне және есептілігінің анықтығына әсер ететін қателердің туындау ықтималдығын айқындау, бұл қателердің елеулілігін анықтау және алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге ішкі бақылау жүйесінің қабілетін айқындау.
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 58-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
58-бап. Мемлекеттік орган басшысының ішкі аудит қызметімен өзара іс-қимылы
Мемлекеттік органның басшысы ішкі аудит қызметімен өзара іс-қимылды:
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) ішкі аудит қызметінің жылдық жұмыс жоспарын бекіту;
2) мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестің ұсынымдарын іске асыру туралы шешімді қарау және қабылдау;
3) ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша жылдық есепті қарау арқылы жүзеге асырады.
Орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ішкі аудит қызметінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын сақтау мәселелері жөніндегі басшысының хаттарды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жіберген кезде қол қою құқығы бар.
Қол қою құқығы бірінші басшының (әкімнің) тиісті бұйрығымен ресімделеді.
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 11-1-тараумен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 11-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-1-тарау. АУДИТОРЛЫҚ ЕСЕПКЕ НЕМЕСЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК БОЙЫНША АУДИТОРЛЫҚ ЕСЕПКЕ, ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ ОРГАН КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША АНЫҚТАҒАН БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАҒА ҚАРСЫЛЫҚТАРДЫ ҚАРАУ ЖӘНЕ ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ОНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ШЕШІМДЕРІНЕ, ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 58-1-бап өзгертілді (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
58-1-бап. Апелляциялық комиссия
Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды (бұдан әрі - қарсылық), ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым жасауды (бұдан әрі - шағым) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның жанындағы апелляциялық комиссия қарайды.
Апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 58-2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
58-2-бап. Қарсылықты, шағымды беру тәртібі мен мерзімдері
1. Мемлекеттік аудит объектісінің қарсылығы:
1) қол қойылған аудиторлық есеп және (немесе) қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде апелляциялық комиссияға беріледі.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Қарсылық, шағым ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, камералдық бақылау жүргізу қағидаларында және апелляциялық комиссия туралы ережеде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде беріледі.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Беру тәсіліне қарай:
1) келу тәртібімен - ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қарсылықты, шағымды алған күн;
2) пошта арқылы - пошта немесе өзге байланыс ұйымы қабылдау туралы белгі қойған күн;
3) ақпараттық технологияларды қолдану арқылы - ол электрондық құжат нысанында алынған күн, ал камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтар, шағымдар бойынша - ол мемлекеттік сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы алынған күн қарсылықты, шағымды апелляциялық комиссияға берген күн болып табылады.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қарсылықтың, шағымдардың нысаны мен мазмұны:
1) аудиторлық есепке және (немесе) қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке қарсылықтар, шағымдар бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында;
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтар, шағымдар бойынша камералдық бақылау қағидаларында;
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бекіткен апелляциялық комиссия туралы ережеде айқындалады.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 58-3-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
58-3-бап. Қарсылықты, шағымды қараудан бас тарту
1. Апелляциялық комиссия беру тәртібі мен мерзімдері осы Заңның 58-2-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін қарсылықты, шағымды қараудан бас тартады.
2. Апелляциялық комиссия қарсылықты, шағымды қараудан бас тартқан жағдайда, қарсылық, шағым келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісін, әлеуетті өнім берушіні, арыз берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 58-4-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
58-4-бап. Қарсылықты, шағымды қарау тәртібі мен мерзімдері
1. Апелляциялық комиссия қарсылықты:
1) аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке қарсылықты қарау мерзімдерін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту жағдайларын қоспағанда, мұндай қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде;
2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі қарсылықты қарау кезеңінде тоқтатыла тұрады.
2. Қарсылық мемлекеттік аудит объектісі дау айтатын мәселелер шегінде қаралады.
3. Апелляциялық комиссия қарсылықты қарау кезінде мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан қарсылықта жазылған мәселелер бойынша ақпарат немесе құжаттар сұратуға құқылы.
4. Мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға және өзге де жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салу жіберілген жағдайда, қарсылықты қараудың осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімі жауап алынған кезге дейін тоқтатыла тұрады, бұл туралы қарау мерзімі тоқтатыла тұрған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісіне хабарланады. Мемлекеттік аудит объектісі қарсылыққа толықтырулар ұсынған жағдайда, қарсылықты қараудың осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісіне хабарланады.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5. Шағымды апелляциялық комиссия Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бекіткен апелляциялық комиссия туралы ережеге сәйкес қарайды.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6. Қарсылық, шағым мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін келіп түскен жағдайда, оны жасау мерзімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасың Заңының 47-бабының 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Қарсылық, шағым камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау туралы шешімді мемлекеттік аудит объектісінің қабылдауы сатысында келіп түскен жағдайда, оны орындау мерзімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7. Қарсылық, шағым мәлімделген талаптар (дәлелдер) шегінде қаралады.
Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Бұл ретте апелляциялық комиссияның шешімін орындау сот шешімі шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 58-5-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
58-5-бап. Қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылданатын шешімдер
1. Апелляциялық комиссия қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері бойынша мынадай:
1) қарсылықты, шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
2) осындай шешім қабылдауды негіздей отырып, қарсылықты, шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің бірін шығарады.
Апелляциялық комиссияның шешімі жазбаша нысанда шығарылады және мемлекеттік аудит объектісінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
2. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қарсылықты, шағымды қарау нәтижелерін апелляциялық комиссия шешім шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ресімдейді.
58-6-бап. Дауларды апелляциялық реттеу
1. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудиті және камералдық бақылауы нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттарға шағым жасау кезінде туындайтын дауларды апелляциялық реттеу осы Заңда көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
2. Осы Заңда көзделген жағдайларда дауларды апелляциялық реттеу міндетті болып табылады.
12-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
59-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 60-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
60-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының және (немесе) олардың лауазымды адамдарының құқықтық актілеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бюджеттік қаражатты мақсатсыз және (немесе) негізсіз пайдаланудың анықталған фактілеріне байланысты құқықтық актілеріне шағым жасау оларды орындауды тоқтата тұрмайды.
3. 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
60-1-бап. 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
60-2-бап. 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
60-3-бап. 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
60-4-бап. 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
60-5-бап. 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
60-6-бап. 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
61-бап. Өтпелі ережелер
Мемлекеттік аудитор болып табылатын мемлекеттік әкімшілік қызметшілер 2017 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның 39-бабында айқындалған тәртіппен тиісті сертификаттаудан өтуге міндетті.
62-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң:
1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8) тармақшасын, 27-бапты;
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 12-баптың 3-тармағын, 13-баптың 3-тармағын және 45-бапты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабының 8) тармақшасы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«8) мемлекеттік аудитор - мемлекеттік аудитті және (немесе) қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік қызметші;».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 12-і.
№ 392-V