3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, мемлекеттік аудит жүргізуге тартылған жеке және заңды тұлғалар қолдануға міндетті.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ішкі аудит стандарттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес əзірленеді жəне бекітіледі.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органдағы ішкі аудит стандарттарын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган əзірлейді жəне бекітеді.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Жоғары аудиторлық палата және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
10-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесі
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесін:
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылатын Жоғары аудиторлық палата;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары (бұдан әрі - тексеру комиссиялары);
3) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері;
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) көзделген штат саны шеңберінде бірінші басшының қалауы бойынша құрылатын орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының ішкі аудит қызметтері;
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) штат саны шеңберінде бірінші басшының ұйғаруы бойынша құрылатын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық бағынысты аумақтық органдарының ішкі аудит қызметтері құрайды.
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бұр.ред.қара, 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Ішкі аудит қызметтері Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Кеңсесінде, Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратында, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратында, Жоғары аудиторлық палатада, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде құрылмайды.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жоғары аудиторлық палата және тексеру комиссиялары сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдары болып табылады.
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және ішкі аудит қызметтері ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдары болып табылады.
3. Ішкі аудит қызметтері заңды тұлғалар болып табылмайды.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі ішкі аудит Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органдағы ішкі аудит ішкі аудит стандарттарына сəйкес жүзеге асырылады. Ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
11-бап. 2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 12-баптың тақырыбы өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-бап. Жоғары аудиторлық палатаның құзыреті
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жоғары аудиторлық палата мыналардың:
1) өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын, есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп дайындай отырып, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес республикалық бюджетті жоспарлаудың және атқарудың;
2) мемлекеттік аудит объектілері қызметінің;
3) республикалық бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын іске асырудың;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының іске асырылуының;
5) квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе экономиканың жеке алғандағы саласының, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік және басқа да салаларының дамуына әсерінің;
6) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты қалыптастырудың және басқарудың;
7) байланысты гранттарды, бюджеттік инвестицияларды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды және мемлекет активтерін пайдаланудың;
8) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау негізділігінің, олардың іске асырылуының және жүзеге асыруы тиімділігінің;
9) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алуға бөлінген (жұмсалған) ұлттық қаржы ресурстарының мөлшері мен сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құны арасындағы айырманы бағалауды қоса алғанда, баға белгілеудің;
10) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың;
11) салықтық және кедендік әкімшілендірудің;
12) шарттардың;
13) қоршаған ортаны қорғау саласындағы;
14) ақпараттық технологиялар саласындағы тиімділігіне аудитті жүзеге асырады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жоғары аудиторлық палата мыналарға:
1) республикалық бюджет қаражаты мен ұлттық ресурстарды пайдалану бойынша мемлекеттік аудит объектілері қызметіне;
2) мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына;
3) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына;
4) республикалық бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығына және уақтылығына, сондай-ақ республикалық бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазу дұрыстығына;
5) мемлекеттік төтенше бюджеттің атқарылуына;
6) республикалық бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің орындалуын қаржыландыруға;
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қалыптастыруға және пайдалануға;
2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе оның тапсырмасы бойынша ғана Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің активтерін пайдалануға, зейнеткерлік активтерін сенімгерлік басқаруға;
9) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өздеріне бөлінген республикалық бюджет қаражатын қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкес пайдалануына сәйкестік аудитін жүзеге асырады.
13-баптың 3-тармағы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жоғары аудиторлық палата республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің жəне мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне аудит жүргізеді.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жоғары аудиторлық палата:
1) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді;
2) сыртқы мемлекеттік аудит жүргізумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының тиісті ақпаратын тыңдайды;
3) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды;
4) құпиялылық режімінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық есептерін сұратады және талдайды әрі мемлекеттік аудит сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар береді;
5) бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына және осы Заңға сәйкес жүргізілетін аудит нәтижелерін бақылауды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында талдау және зерттеулер жүргізеді, әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, мемлекеттік аудит саласында оқыту бағдарламаларын іске асырады;
7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
8) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына сәйкес, сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларға кандидаттардың білімін растау жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді, оның ішінде онда мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша қабылданатын құжаттардың, Жоғары аудиторлық палата мен тексеру комиссияларының тиісті құжаттарда қолданылатын логотиптерінің нысандары қамтылады;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларына және мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларына бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
11) мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және сыртқы мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін әзірлейді және бекітеді;
12) тексеру комиссиялары туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
13) 2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) Жоғары аудиторлық палата туралы ережені әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге енгізеді;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды
14-1) бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
15) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүйесіне кіретін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның, ішкі аудит қызметтерінің тәуекелдерді басқару жүйесін үйлестіреді;
16) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен, өзге де мемлекеттік органдармен, мемлекеттік аудит объектілерімен ақпарат алмасу, сондай-ақ электрондық мемлекеттік аудит жүргізу мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорды дамытуды, оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекітеді;
17) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын, оның ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізеді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін әзірлейді және келіседі;
18) сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдарының жұмысын үйлестіру үшін, оның ішінде басқа да мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау бойынша құқықтық актілер қабылдайды;
19) құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, өз қызметі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады;
20) тексеру комиссияларына әдістемелік көмек көрсетеді;
21) орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауда тексеру комиссияларының атынан олардың мүддесін білдіреді;
22) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарына тексеру комиссиясының төрағасын тағайындауға ұсыныс енгізеді;
2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
22-1) ревизиялық комиссиялардың төрағасы мен мүшелері лауазымдарына кандидаттарды іріктеу тәртібі мен оларды бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
23) өздері қабылдаған актілердің мерзімдік жинақтарын, бюллетеньдер, журналдар және басқа да басылымдар шығарады;
24) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалауды жүзеге асырады;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды
24-1) бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жүргізеді;
25) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
52023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5. Жоғары аудиторлық палата жергілікті бюджет қаражатына мынадай негіздер бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша;
2) мемлекеттік органдардың, ревизиялық комиссиялардың, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша;
3) құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша аудит жүргізуге құқылы.
52023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6. Осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жергілікті бюджет қаражатына аудит жүргізу туралы шешім кейіннен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі хабардар етіле отырып, Жоғары аудиторлық палатаның отырысында көпшілік дауыспен қабылданады.
52023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7. Жоғары аудиторлық палата заңды күшіне енген сот актілері бар аудит материалдарын қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудитінің қорытындыларын мынадай негіздер бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша;
2) Жоғары аудиторлық палатаның шешімі бойынша қайта қарауға құқылы.
52023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8. Жоғары аудиторлық палатаның жұмысы туралы тоқсан сайын берілетін ақпарат шеңберінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудитінің қорытындыларын қайта қараудың жүргізілгені туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне хабар беріледі.
13-бап. Тексеру комиссиясының құзыреті
1. Тексеру комиссиясы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мыналардың:
1) өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылатын есепті қаржы жылы үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп дайындай отырып, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жергілікті бюджетті жоспарлаудың және атқарудың;
2) байланысты гранттарды, бюджеттік инвестицияларды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды және мемлекет активтерін пайдаланудың;
3) жергілікті атқарушы орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе экономиканың жеке алғандағы саласының, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына әсерінің;
4) тиісті бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуының;
5) жергілікті атқарушы орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау негізділігінің, олардың іске асырылуының және жүзеге асырылу тиімділігінің;
6) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алуға бөлінген (жұмсалған) жергілікті қаржы ресурстарының мөлшері мен сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құны арасындағы айырманы бағалауды қоса алғанда, баға белгілеудің;
7) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың;
8) салықтық әкімшілендірудің;
9) шарттардың;
10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы;
11) ақпараттық технологиялар саласындағы;
12) мемлекеттік аудит объектілері қызметінің тиімділік аудитін жүзеге асырады.
2. Тексеру комиссиясы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде мыналарға:
1) мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына;
2) жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына;
3) жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығына;
4) жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға;
5) жергілікті бюджеттен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өздеріне бөлінген қаражатты қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкестігі бойынша пайдалануына сәйкестік аудитін жүзеге асырады.
13-баптың 3-тармағы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3. Тексеру комиссиясы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне аудит жүргізеді.
4. Тексеру комиссиясы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде:
1) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шаралар қолдануды қамтамасыз етеді;
2) сыртқы мемлекеттік аудит жүргізумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілері лауазымдары адамдарының тиісті ақпаратын тыңдайды;
3) мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша лауазымды адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы оларды тағайындаған адамдарға ұсыныстар енгізеді;
4) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қолданады;
5) лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері бойынша, сондай-ақ тиімділік аудитінің нәтижелері бойынша мәслихатқа ұсыныстар енгізеді;
6) құпиялылық режімін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, өз қызметі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
14-бап. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган:
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жəне мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне тəуекелдерді басқару жүйесі негізінде жыл сайынғы аудит жүргізеді;
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жəне мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне жыл сайынғы аудит жүргізуге қатысу үшін орталық мемлекеттік органның бірінші басшысымен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əкімімен келісу бойынша ішкі аудит қызметін тартады;
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) мыналардың:
техникалық-экономикалық негіздемені, қаржылық-экономикалық негіздемені және бюджеттік инвестициялардың сметалық құнын түзетуге байланысты шығыстарға;
республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының, кредиттердің, байланысты гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздардың пайдаланылуына, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекет кепілгерлігімен және кепілдігімен тартылатын қарыздарды алу шарттарын сақтауына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылуына, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелері деректерінің мониторингі нәтижелері бойынша;
мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына, бюджеттік кредиттер беруге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктердің және мемлекет кепілгерліктерінің атқарылуын қаржыландыруға, сондай-ақ олардың пайдаланылуына;