Ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.
Ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бірнеше өндірушіден немесе көтерме сауда арқылы берушіден болған жағдайда, неғұрлым төмен құны бар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері артқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган ішкі сауда субъектілерімен консультациялар өткізгеннен кейін күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында оларға рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеуге құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес белгіленетін әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерлерін артттырған кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
3-тарау. Iшкі сауда
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. Iшкi сауда объектiлерi және түрлерi
1. Сауда объектiлерi мен қоғамдық тамақтандыру объектiлерi iшкi сауда объектiлерiне жатады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Стационарлық сауда объектілері:
сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын өткізетін, сауда алаңы он мың шаршы метрден асатын сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтитын 1-санатты;
сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды өткізуге мамандандырылған, сауда алаңы екі мың шаршы метрден он мың шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтитын 2-санатты;
сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бес жүз шаршы метрден екі мың шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 3-санатты;
сауда, қосалқы үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бір жүз шаршы метрден бес жүз шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 4-санатты;
сауда үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бір жүз шаршы метрден аз сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 5-санатты сауда объектілері болып бөлінеді.
Стационарлық сауда объектілерінің түрлерін және оларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Стационарлық емес сауда объектілері мыналарға бөлінеді:
1) автомат - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
2) жылжымалы сөре - арнайы бөлінген орынға орналастырылатын сауда орнын білдіретін тасымалды уақытша құрылыс (конструкция);
3) автодүкен - сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлiк құралы;
4) шатыр (павильон) - бір немесе бірнеше сауда орындары үшін сауда жабдықтарымен жарақталған, сауда қоры үшін алаңы бар және арнайы белгіленген орынға орналастырылатын құрастырмалы-жинамалы конструкциядан жеңiл құрылатын құрылыс;
5) дүңгiршек - бір немесе бірнеше сауда орындарына есептелген, азық-түлік тауарларын сақтауға арналған сауда залы және үй-жайлары жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалды құрылыс.
Тауарларды автодүкендер арқылы өткізген кезде мамандандырылған көлік құралы техникалық тұрғыдан жарамды болуға тиіс.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Сауда базарлары өткізетін тауарларына байланысты:
1) әмбебап;
2) мамандандырылған болып бөлінеді.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2025 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылады)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-3-тармақтың қолданысы 2018 ж. 8 маусымнан бастап 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданысы тоқтатылды
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2020 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданысы тоқтатылды
2-3. Әмбебап сауда базары сауда орындары әртүрлі топтағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары болып табылады:
астананың, республикалық маңызы бар қаланың аумағындағы сауда базары, автодүкендерді қоспағанда, ішінде стационарлық емес сауда объектілері орналасуы мүмкін бір және одан да көп стационарлық сауда объектілерінен тұрады;
облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің немесе ауылдың аумағындағы сауда базары стационарлық және (немесе) стационарлық емес сауда объектілерінен тұрады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-4-тармақпен толықтырылады (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-5-тармақпен толықтырылды
2-5. Мамандандырылған сауда базары сауда базарының жалпы санынан олардың жетпіс және одан да көп пайызы бір топтағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары болып табылады.
Мамандандырылған сауда базары стационарлық және (немесе) стационарлық емес сауда объектілерін білдіреді.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-6-тармақпен толықтырылды
2-6. Сауда базарлары:
1) сауда орындары орналастыру схемасына сәйкес жабдықталуға, әкімшілік-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және жалпы пайдаланатын орындармен жабдықталуға;
2) шолуға арналған қолжетiмдi орындармен жабдықталуға тиіс, онда:
сауда базарындағы сауда орындарын орналастыру схемасын қамтитын ақпарат;
авариялық немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау схемасы;
сауда орындарын жалға беру (пайдалану) тәртібі туралы және шарттары туралы ақпарат;
бос сауда орындарының болуы-болмауы туралы ақпарат;
сауда орындарын жалға беру (пайдалану) жөніндегі келіссөздерді жүргізуге уәкілетті тұлғаның байланыс (телефон нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы) деректері;
Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген ақпарат орналастырылады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-7-тармақпен толықтырылды; 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 2-7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-7. Сауда базарының әкімшісі Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сауда базарының жұмыс істеуін және оның жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жеке тұлға болып табылады.
Сауда базарының әкімшісі:
1) ішкі сауда субъектілері мен сауда базары әкімшілігінің жұмыскерлеріне арналған жұмыс режимін қамтитын базар регламентін бекітеді;
2) сауда базары ұсынатын қосымша көрсетілетін қызметтер тізбесін (бар болса) бекітеді;
3) ішкі сауда субъектілеріне сауда орындарын беру тәртібін, олардың сипаттамаларын, мүліктік жалдау (жалға алу) шартының талаптарын бекітеді;
4) сауда базарларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін ішкі сауда субъектілерінің назарына жазбаша нысанда жеткізеді.
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 2-8-тармақпен толықтырылды
2-8. Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Қоғамдық тамақтандыру объектiлері мынадай санаттарға бөлiнедi:
1) ресторан - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды қоса алғанда, дайындалуы күрделi ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;
2) кафе - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, дайындалуы күрделi емес ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ, алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;
3) бар - тұтынушыларға тiске басар, десерт және кондитерлiк тағамдар, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;
4) асхана - тұтынушылар өз-өздерiне қызмет көрсететiн қоғамдық тамақтандыру объектiсi.
4. Сауда объектiсiнiң мамандандырылуын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, оның меншiк иесi айқындайды.
5. Iшкi сауда түрлерiне көтерме және бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру және сауданың осы Заңмен белгiленген өзге де түрлерi жатады.
6. Көтерме, бөлшек сауданы және қоғамдық тамақтандыруды жүзеге асыруға, сондай-ақ iшкi сауда объектiлерiне қойылатын тәртiптер мен талаптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
11-бап. Көтерме сауда
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Көтерме сауда стационарлық сауда объектілерінде және сауда базарларында жүзеге асырылады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Көтерме сауданы жүзеге асыру кезiнде ішкі сауда субъектілері Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнің және нормативтiк құжаттардың талаптарын сақтауды, сондай-ақ тауарларды тасымалдауға, сақтау мен сатуға қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге мiндеттi.
12-бап. Бөлшек сауда
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бөлшек сауда стационарлық, стационарлық емес сауда объектілері және сауда базарлары арқылы жүзеге асырылады.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше белгiленбесе не тауардың табиғатынан туындамайтын болса, бөлшек сауда кезiнде тауардың әр бiрлiгi оралуға, өлшенiп-буылуға тиiс.
3. Тауарларды сатылатын орындарында көрмеге қою, олардың үлгiлерiн көрсету немесе сатылатын тауарлар туралы мәлiметтер беру (сипаттау, каталогтар, фотосуреттер және тағы сол сияқты), сатушы тиiстi тауарлардың сатуға арналмағанын нақты анықтаған жағдайларды қоспағанда, оның бағасының көрсетiлгенiне және сатып алу-сату шарттарының басқа да маңызды жағдайларына қарамастан, жария оферта болып танылады.
2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Маркетинг желісі, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда уәкілетті орган айқындаған тәртiппен реттеледi.
Алкоголь өнiмiнiң (сырадан басқа) бөлшек саудасының ережесін қара
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Бөлшек сауданы жергілікті атқарушы органдар белгілеген орыннан тыс жүзеге асыруға тыйым салынады.
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Жаппай сату және арзандатылған тауарды өткізу тәртібі iшкi сауда қағидаларында белгіленеді.
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-бап. Қоғамдық тамақтандыру
1. Қоғамдық тамақтандыру объектiлерi өз өнiмдерiн, сондай-ақ басқа да азық-түлік тауарларын өндiрудi, өңдеудi, өткізудi және тұтынуды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
2. Қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнде келушiлерге дастархан мәзiрiн ұсыну мәзiрде көрсетiлген қоғамдық тамақтандыру тауарларын бөлшек сатып алу-сату шартын жасауға ұсыныс (жария оферта) болып танылады.
2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы Заңның 10-бабының 3-тармағында белгiленген санаттар бойынша қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар ішкі сауда қағидаларында айқындалады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 14-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Ішкі саудадағы сатып алу-сату шарты
1. Сатып алу-сату шартын жасау тәртібі мен талаптары, сондай-ақ сатушылар мен сатып алушылардың құқықтары мен мiндеттерi осы Заңда белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және өзге де заң актілеріне сәйкес айқындалады.
2. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде қандай да бiр тауарды сату кезiнде тұтынушының жасына қарай шектеу белгiленсе, егер ол өзінің жасын растайтын құжатын көрсетпесе, онда сатушы тауар сатудан бас тартуға мiндеттi.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тауарларды көтерме сатып алу-сату шарты тауар беру шартының бiр түрi болып табылып, онда ішкі сауда субъектiлерi тауарларды сауда объектiлерiнен өткізеді.
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 3-1-тараумен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
3-1-тарау. Ішкі сауданы дамытуға жәрдемдесу
14-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының сауда қызметін қолдауы
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының сауда қызметін қолдауы мынадай іс-шараларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады:
1) сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
2) сауда қызметкерлерін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру, кәсіби негізде еңбек нарығын қалыптастыру;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ішкі сауда субъектілерін, оның ішінде отандық өндірістің азық-түлік тауарлары саудасын жүзеге асыратындарды экономикалық ынталандыру шараларын қолдану;
4) электрондық сауданы дамыту;
5) шекара маңындағы сауданы дамыту;
6) отандық сауда желілерін дамыту;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) ішкі сауда субъектілерінің іскерлік белсенділігін сауда қызметі саласында көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру және өткізу арқылы ынталандыру.
2-тармақ 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңның редакциясында (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ішкі сауданы дамытуға бағытталған іс-шаралар уәкілетті орган бекіткен халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері ескеріле отырып әзірленеді.
14-2-бап. Халықты сауда алаңдарымен қамтамасыз етуді нормалау
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті орган бекіткен халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері өңірлердің аумақтарының қала құрылысы жоспарларының (аудандық жоспарлау жобасы), елді мекендердің бас жоспарларының кешендік схемаларын әзірлеу кезінде ескерілуге тиіс.
2. Уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлейді.
3. Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлеу кезінде елді мекендердің санаттары, елді мекендегі халықтың құрылымы мен тығыздығы ескерілуге тиіс.
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 4-тарау жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-тарау. Сыртқы сауда қызметі
15-бап. 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15-1-бап. 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бап жаңа редакцияда
16-бап. Сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу
1. Сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу шараларына мыналарды:
1) кедендік баждарды;
2) тарифтік жеңілдіктерді;
3) тарифтік преференцияларды;
4) тарифтік квоталарды қолдану жатады.
2. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін қажетті, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді береді.
Егер бірлескен актілерді қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген болса, ақпарат осындай нормативтік құқықтық актілерде айқындалатын тәртіппен беріледі.»;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 16-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-1-бап. Тарифтік квоталар
1. Қазақстан Республикасында тауарларды өндіру және тұтыну құрылымында прогрессивтік өзгерістер үшін жағдай жасау және отандық және шетелдік тауарлардың ұтымды арақатынасын сақтау мақсатында уәкілетті орган:
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге немесе әкетуге арналған тарифтік квоталарды белгілейді;
2) бөлу әдісін, тәртібін, көлемін және олардың қолданылу мерзімін айқындайды.
Уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар тарифтік квотаны бөлу тәртібіне сәйкес, өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квоталарды бөледі.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әкелуіне немесе әкетуіне қатысты тарифтік квоталар қолданылатын тауарларға кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемелерін және квотадан тыс мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес уәкілетті орган белгілейді.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3-тармақтық үшінші бөлігіне енгізілетін өзгерістерді қараңыз
3. Тарифтік квоталар шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу немесе әкету экспортқа және (немесе) импортқа уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.
Экспортқа және (немесе) импортқа лицензиялар беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес белгіленеді.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 16-2-баппен толықтырылды
16-2-бап. Тарифтік жеңілдіктер
1. Тарифтік жеңілдіктер мынадай:
1) әкелінетін (әкелінген) тауарларға тарифтік жеңілдіктер беру Еуразиялық экономикалық комиссияның актілерінде айқындалған;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген;
3) акцизделетін тауарлардан (арнайы медициналық мақсаттарға арналған жеңіл автомобильдерді қоспағанда) басқа тауарлар үшінші тарап, халықаралық ұйымдар, үкіметтер желісі арқылы қайырымдылық мақсаттарда өтеусіз көмек (жәрдем), техникалық көмек (жәрдем) ретінде әкелінетін (әкелінген);
4) Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта, Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде үшінші тараппен жасалған халықаралық шарттарында белгіленген жағдайларда беріледі.
2. Қазақстан Республикасынан әкетілетін тауарларға қатысты тарифтік жеңілдік беру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
3. Орталық мемлекеттік органдардың және сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тарифтік жеңілдік беру туралы ұсыныстары осы Заңның 7-бабының 2-3) тармақшасында белгіленген тәртіппен енгізіледі.
4. Әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік жеңілдіктер жеке-дара сипатта болмайды және тауарлардың шығарылған еліне қарамастан, ал әкетілетін тауарларға қатысты - сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға қарамастан қолданылады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 16-3-баппен толықтырылды
16-3-бап. Тарифтік преференциялар
1. Сауданы дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ еркін сауда аймағы туралы жасалған шарттар шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасымен бірге еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерден шығатын тауарлар еркін сауда аймағы туралы келісімдердің шарттарына қарай кедендік баждар салудан босатылады не мұндай тауарларға қатысты кедендік баждардың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылады.
Қазақстан Республикасынан шығатын және Қазақстан Республикасымен бірге еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарлар еркін сауда аймағы туралы келісімдердің шарттарына қарай, егер мұндай босату не кедендік баждардың мөлшерлемелерін төмендету еркін сауда аймағы туралы келісімде көзделсе, кедендік баждар салудан босатылады не мұндай тауарларға қатысты кедендік баждардың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылады.
2. Тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден және неғұрлым төмен дамыған мемлекетттерден шығатын тауарлар саудасын ынталандыру мақсатында дамушы мемлекеттерден және неғұрлым төмен дамыған мемлекеттерден шығатын және әкелінетін тауарларға қатысты кедендік баждардың төмендетілген немесе нөлдік мөлшерлемелері қолданылады. Тауарлар мен елдердің тізбесін Еуразиялық экономикалық комиссия бекітеді.
3. Тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы және неғұрлым төмен дамыған елдерден шығатын тауарларға қатысты қолданылатын кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерінің мөлшерлерін Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу
1. Сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу шараларына:
1) тыйым салу;
2) сан жағынан шектеулер;
3) рұқсат беру тәртібі
4) айрықша құқық;
5) автоматты түрде лицензиялау (байқау) жатады.
2. Тарифтік емес реттеу шараларын уәкілетті орган, сондай-ақ өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша, уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес енгізеді.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметіне тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін қажетті, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді береді.
Егер бірлескен актілерді қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген болса, ақпарат осындай актілерде айқындалатын тәртіппен беріледі.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының негізінде экономикалық салдарларды жою үшін қажетті мерзімге енгізілетін шараларды қоспағанда, тарифтік емес реттеу шаралары олар енгізілген күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімге енгізіледі.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Тыйым салулар және сан жағынан шектеулер
1. Тыйым салулар және сан жағынан шектеулер:
1) қоғамдық құқықтық тәртiпті сақтау;
2) адамның өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау;
3) алтынның немесе күмістің экспортын және (немесе) импортын реттеу;
4) мәдени құндылықтар мен мәдени мұраны қорғау;
5) орны толмайтын табиғи ресурстардың iшкi өндiрілуі мен тұтынылуын бір мезгілде шектей отырып, олардың сарқылуын болғызбау;
6) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
7) халықаралық мiндеттемелердi орындау;
8) жүзеге асырылатын тұрақтандыру жөніндегі шаралардың нәтижесінде осындай материалдарға ішкі баға әлемдік бағадан анағұрлым төмен деңгейде ұсталатын кезеңдер ішінде ішкі өңдеу өнеркәсібін отандық тауарлардың жеткілікті санымен қамтамасыз ету үшін осындай тауарлардың экспортын шектеу;
9) тауарлардың жалпы немесе жергілікті тапшылығы кезінде оларды сатып алу немесе бөлу;
10) Қазақстан Республикасында тауарларды өндіру және тұтыну құрылымында прогресшіл өзгерістерге жағдай жасау;
11) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын қолдануға, зияткерлік меншікті қорғауға қатысты халықаралық міндеттемелерге сәйкес келетін нормативтік құқықтық актілердің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету қажеттігі негізге алына отырып енгізіледі.