7) 20-баптың 2-тармағының екінші бөлігі «атыс қаруын» деген сөздерден кейін «және өзге де қаруды» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 22-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Орта және аға басшы құрамның бірінші және кезекті біліктілік сыныптарын:
1) 4-санатты біліктілік сыныбына дейін қоса алғанда - құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы;
2) 1-санатты біліктілік сыныбына дейін қоса алғанда - құқық қорғау органының басшысы белгілейді.»;
9) 23-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Орта және аға басшы құрамның бірінші арнаулы атақтарын немесе сыныптық шендерін құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы береді.»;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бітірген, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен және орта басшы құрам лауазымдарына тағайындалған азаматтарға беріледі.»;
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жоғары бiлiмi бар, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен және орта немесе аға басшы құрам лауазымдарына тағайындалған адамдарға берiледi.»;
5-1-тармақ алып тасталсын;
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) капитанға, 1-сыныпты заңгерге дейін қоса алғанда - құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы;»;
10) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Арнаулы атақтарда, сыныптық шендерде немесе біліктілік сыныптарында еңбек сiңiрген жылдары мерзiмдерiн тоқтата тұру
1. Қызметкерлерге кезектi арнаулы атақтар, сыныптық шендер немесе біліктілік сыныптары тиiсiнше құқық қорғау органының қарамағында болған кезде лауазымға тағайындалғанға дейiн, алынбаған тәртiптiк жазасы болғанда, қайта аттестаттау кезiнде атқаратын лауазымына сәйкес келетiнi туралы мәселе шешiлгенге, қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылғанға, ақтау үкiмi заңды күшiне енгенге, қызметтiк тергеп-тексеру аяқталғанға дейiн берiлмейдi (белгіленбейді).
2. Тәртiптiк жаза қолданудың құқыққа сыйымсыздығы туралы шешiм шығарылған немесе қайта аттестаттау кезiнде атқаратын лауазымына сәйкес келетiнi туралы мәселе шешiлген, қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған немесе ақтау үкiмi заңды күшiне енген жағдайда қызметкерлерге кезектi арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы атқаратын штат лауазымы бойынша атаққа, сыныптық шенге немесе біліктілік сыныбына кезектi арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы сәйкес болған кезде, оларды беру (белгілеу) мерзiмi басталған кезден бастап берiледi (белгіленеді).»;
11) 41-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Егер қызметкер арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдегерлік қызмет органдарындағы қызметтен, әскери қызметтен шығарылған немесе іссапарға жіберілген күннен бастап және оны құқық қорғау органдарына қызметке қабылдаған күнге дейін үш айдан астам уақыт өтпесе, оның көрсетілген кезеңде өзге жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда, құқық қорғау қызметінің өтілі үздіксіз болып есептеледі.»;
12) 44-бап 4) тармақшасындағы «болған жағдайларда құқық қорғау қызметін өткере алады.» деген сөздер «болған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтағаннан кейін құқық қорғау органының кадрына алынған жағдайларда құқық қорғау қызметін өткере алады.»;
13) 64-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметкерлердің ақшалай ризығы Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес белгiленедi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетін ақшалай жабдықталымды және қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн үстемеақыларды қамтиды.
Қызметкерлерге қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн үстемеақылар белгілеу тәртібін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.»;
14) 84-бап мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Құқық қорғау қызметіне кірген кезде қатардағы, кіші және орта басшы құрамның лауазымдарына конкурстық негізде орналасу 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылады.
Осы Заңның 41-бабының 5-тармағы ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылады.».
15. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 27-құжат; 2012 ж., № 6, 44-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат):
1) 1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда ауыр қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.».
2) 14-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
3) 16-баптың 5-тармағы алып тасталсын.
16. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 15, 50-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 19) тармақшасындағы «(тіркеу)» деген сөз алып тасталсын;
2) 6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көшіп келушілер визаның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.
Егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасаған келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, Қазақстан Республикасына виза алуды талап етпейтін тәртіппен келген көшіп келушінің Қазақстан Республикасында уақытша болу мерзімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен, жиынтығында күнтізбелік бір жүз сексен күндік әрбір кезең ішінде тоқсан күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсатты алған көшіп келушілерге қолданылмайды.
Уақытша тұруға арналған рұқсатты ресімдеген көшіп келушілер оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.
Көшіп келушілерді есепке алуды ішкі істер органдары қабылдаушы тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен келіп түсетін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты негізінде жүзеге асырады. Қабылдаушы тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олар туралы ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті.»;
3) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсатты алу
Уақытша тұруға арналған рұқсат:
1) отбасын біріктіру мақсатында өздеріне көшіп келушілер келген жеке тұлғалардың;
2) көшіп келушімен заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек шартын жасасқан жеке және заңды тұлғалардың;
3) көшіп келушілерді күндізгі оқу бөліміне қабылдаған, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, оның ішінде білім алушыларды алмасудың және дайындық курстарынан өтудің ұйымдастырылған бағдарламалары бойынша іске асыратын білім беру ұйымдарының;
4) көшіп келушілер стационарлық емделуде жатқан денсаулық сақтау ұйымдарының;
5) көшіп келушілер заңнамада белгіленген тәртіппен миссионерлік қызметті жүзеге асыратын діни ұйымдардың;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер (бизнес-көшіп келушілер) бойынша - жергілікті атқарушы органдардың өтініштері негізінде ресімделеді.
Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар өздеріне келген көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына үш күн ішінде хабарлауға міндетті.»;
4) 7-бапта:
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында тұрақты тұру визасымен уақытша болатын не Қазақстан Республикасымен кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген не Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ этностық қазақтар өздеріне берілген визаның санатына қарамастан, тұрақты тұруға арналған рұқсатты алу үшін ішкі істер органдарына өтініш жасайды. Заңнамада белгіленген тәртіппен тұрақты тұруға арналған рұқсатты алуға өтініш жасаған көшіп келушілерге өтінішхатты қарауға қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге уақытша тұруға арналған рұқсат ресімделеді.»;
5) 9-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келетін көшіп келушілер туралы ақпарат беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиттік жол жүру тәртібін айқындайды;»;
2-1) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды жүзеге асырады;»;
6) 14-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;
7) 33-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын;
8) 43-2-бапта:
1-тармақтың бесінші бөлігіндегі «еңбекші көшіп келушілерді тіркеу» деген сөздер «уақытша тұруға арналған рұқсат ресімделеді, еңбекші көшіп келушілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «тіркеу,» деген сөз алып тасталсын;
9) 48-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қабылдаушы тұлғалардың шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде қабылдаушы тұлғалар өздерінде болатын көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабарламағаны, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттар ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін екі және одан да көп рет жауаптылыққа тартылған болса, қаралмайды.».
17. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат):
35-баптың 5-тармағы 5) тармақшасындағы «кезеңге беріледі.» деген сөздер «кезеңге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан адамдарға беріледі.».
18. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-баптың 1-тармағының 21) тармақшасындағы «және оларды тіркеу» деген сөздер алып тасталсын;
2) 15-баптың 2-тармағындағы «бастапқы арнайы оқыту» деген сөздер «алғашқы кәсіптік даярлау» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
2-қосымша мынадай мазмұндағы 86-1-жолмен толықтырылсын:
«
86-1. | Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу | Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы шешім | Иеліктен шығарылмайтын; рұқсаттың қолданылу мерзімі 1 жыл |
».
20. «Пробация туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 24, 128-құжат):
10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсету саласындағы өкілеттіктерді атқарады.».
2-бап. Осы Заң:
1) 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасын, 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын және 12) тармақшасын;
2) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Ақмола облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұсынысы бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 2) тармақшасының конституциялылығын тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 2 нормативтік қаулысын қараңыз
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 27 желтоқсан
№ 292-VІ