3) 15-баптың екінші бөлігінде:
«ұрлық (188-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері),» деген сөздерден кейін «мал ұрлау (188-1-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері),» деген сөздермен толықтырылсын;
«тағылық (294-бап),» деген сөздер алып тасталсын;
4) 50-баптың екінші бөлігінде:
екінші абзацта:
«239-бабының үшінші бөлігінде» деген сөздер «239-бабының екінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«239-бабының үшінші бөлігінде» деген сөздер «239-бабының екінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылып, «азаматқа, заңды тұлғаға, қаржы ұйымына немесе мемлекетке ірі нұқсан келтіруге алып келген,» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші абзацта:
«120-бабының 3-1 және төртінші бөліктерінде, 121-бабының 3-1 және төртінші бөліктерінде» деген сөздер «120-бабының 3-1, 3-2 және төртінші бөліктерінде, 121-бабының 3-1, 3-2 және төртінші бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бөлігінің 1) және 2) тармақтарында» деген сөздер «бөлігінде» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «жарғылық капиталында мемлекет үлесі елу пайыздан асатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы өздеріне тиесілі олардың еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы аталған еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда» деген сөздер «квазимемлекеттік сектор субъектілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 345-1-бабының төртінші бөлігінде және 346-бабында көзделген көліктік қылмыстарды жасағаны үшін белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру көлік құралын басқару құқығына өмір бойына тыйым салудан тұрады.»;
5) 55-баптың екінші бөлігінің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қылмыстық теріс қылық, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған кезде - жартысынан;»;
6) 62-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Үкiм заңды күшiне енгенге дейiн күзетпен ұстау уақыты:
1) қауіпсіздігі барынша жоғары, төтенше және толық қауіпсіз мекемеде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің бір күні;
2) орташа қауіпсіз, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемеде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің бір жарым күні;
3) қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазаны өтеудің екі күні үшін бір күн есебімен жаза мерзіміне есепке жатқызылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Үкім заңды күшіне енгенге дейін күзетпен ұстау уақыты:
1) қамаққа алу түріндегі жазаны өтеудің бір күні;
2) бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің екі күні;
3) қоғамдық жұмыстар түрінде жазаны өтеудің төрт сағаты;
4) тиісінше түзеу жұмыстары, айыппұл түрінде жазаны өтеудің төрт айлық есептік көрсеткіші үшін бір күн есебімен жаза мерзіміне есепке жатқызылады.»;
7) 63-баптың төртінші бөлігіндегі «мүлiктi тәркiлеуден басқа,» деген сөздер алып тасталсын;
8) 65-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қылмыстық теріс қылық жасаған не алғаш рет қылмыс жасаған адам, кінәлі адамның жеке басы, айыбын мойындап келуі, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға, тергеп-тексеруге ықпал еткені, қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрген зиянды қалпына келтіруі ескеріле отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
Сыбайлас жемқорлық қылмысты алғаш рет жасаған адамды тек қана сот шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.»;
9) 68-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың ережелері:
1) азаптаулар;
2) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегізге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайды қоспағанда, мұндай қылмыс;
3) абайсызда жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) өліміне алып келген жол-көлік оқиғасын жасау жағдайын қоспағанда, абайсызда адам өліміне не екі және одан көп адамның өліміне алып келген қылмыс;
4) сыбайлас жемқорлық қылмыс;
5) террористік қылмыс;
6) экстремистік қылмыс;
7) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды;
8) бұрын жасаған қылмысы үшін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылғаннан кейін осы Кодекстің 71-бабының бірінші бөлігінде белгіленген қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі ішінде қасақана қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.»;
10) 69-баптың тақырыбы, бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«69-бап. Кепiлгерлік белгілей отырып, жазадан босату
1. Сот қылмыстық теріс қылықты не қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес, жасалғаны үшін осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында немесе бабының бөлігінде негізгі жазалардың өзге де түрлері қатарында айыппұл көзделген онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған адамды кепілгерлік белгілей отырып, жазадан босатуы мүмкін.
2. Кепiлгерлік белгілеу жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген айыппұлдың ең жоғары мөлшеріне тең мөлшерде кепіл енгізуден тұрады.»;
«4. Егер жазадан босатылған адам кепілгерлік кезеңі ішінде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасамаса, кепілгерлік мерзімі өткеннен кейін кепіл кепілгерге қайтарылады.
5. Егер кепілгерлік кезеңі ішінде адам жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, сот жазадан босату туралы шешімнің күшін жояды және үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау қағидалары бойынша оған жаза тағайындайды. Бұл ретте кепіл мемлекеттің кірісіне айналдырылады.»;
11) 72-баптың үшінші бөлігінде:
3) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3) аса ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екісiн;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақпен толықтырылсын:
«3-1) егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші осы баптың жетінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша жойылған жағдайда, жазаның қалған өтелмеген мерзімінің кемінде үштен екісін;»;
12) 73-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сотталған адам онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшiн - жаза мерзiмiнiң кемінде төрттен бірін, ауыр қылмысы үшiн жаза мерзiмiнiң үштен бірін іс жүзінде өтегеннен кейiн жазаның өтелмеген бөлiгi неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.
Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адамның он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасау жағдайын қоспағанда, осындай қылмыс, адамдардың қаза табуына алып келген не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс үшін сотталған адамдарға қатысты жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру қолданылмайды.
Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жазаның өтелмеген бөлігі Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жібере отырып немесе онсыз, айыппұлға ғана ауыстырылуы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші жойылған жағдайда, осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімдер жазаның қалған өтелмеген бөлігі негізге алынып, ал осы Кодекстің 72-бабы жетінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген тәртіппен үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындалған кезде түпкілікті тағайындалған жаза негізге алынып есептеледі.»;
13) 79-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Сотталғандықты жою немесе алып тастау өмір бойына тағайындалған қосымша жаза түрімен белгіленген шектеулерді қоспағанда, осы Кодексте көзделген барлық қылмыстық-құқықтық салдарлардың күшiн жояды.»;
14) 99-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Жас баланы өлтіру -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жиырма жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкін тәркілеп немесе онсыз, бас бостандығынан өмір бойына айыруға жазаланады.»;
15) 105-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы «жеті» деген сөз «сегіз» деген сөзбен ауыстырылсын;
16) 106-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «жеті» деген сөз «сегіз» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «бес» деген сөз «алты» деген сөзбен ауыстырылсын;
17) 110-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «үш» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;
18) 116-бапта:
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, алты жылдан он жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын;
19) 118-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы «төрт жылдан сегiз» деген сөздер «бес жылдан он» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 120-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мыналар:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа да адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған;
3) жәбірленушіге соз ауруын жұқтыруға алып келген;
4) бірнеше рет жасалған;
5) адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау -
тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
үшінші бөлікте:
1) тармақ алып тасталсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
3-1-бөліктің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) олар кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;»;
мынадай мазмұндағы 3-2-бөлікпен толықтырылсын:
«3-2. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе 3-1-бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:
1) екі және одан көп кәмелетке толмаған адамдарға қатысты жасалса;
2) абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқса, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жеті жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде, 3-1-бөлігінің 2) тармағында және 3-2-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар жас балаға қатысты жасалса, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жиырма жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
21) 121-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөлікте:
4) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бірнеше рет жасалған;»;
мынадай мазмұндағы 5) тармақпен толықтырылсын:
«5) адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған дәл сол іс-әрекеттер -»;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
үшінші бөлікте:
1) тармақ алып тасталсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
3-1-бөліктің 1) тармағындағы «көрінеу» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-2-бөлікпен толықтырылсын:
«3-2. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе 3-1-бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:
1) екі және одан көп кәмелетке толмаған адамдарға қатысты жасалса;
2) абайсызда жәбірленуші ер (әйел) адамның өліміне әкеп соқса, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жеті жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде, 3-1-бөлігінің 2) тармағында және 3-2-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар жас балаға қатысты жасалса, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жиырма жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
22) 122-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, мынадай:
1) бірнеше рет;
2) екі және одан көп адамға қатысты жасалған іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
23) 123-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
24) 125-баптың екінші бөлігінде:
8) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8) пайдакүнемдiк ниетпен жасалған;»;
мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақтармен толықтырылсын:
«9) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;
10) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды бұрмалап, жасырып не жойып жасалған дәл сол іс-әрекет -»;
25) 126-баптың екінші бөлігінде:
9) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзгедей тәуелдiлiгiн пайдаланып жасалған;»;
мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақтармен толықтырылсын:
«10) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;
11) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды бұрмалап, жасырып не жойып жасалған дәл сол іс-әрекет -»;
26) 127-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, төрт жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
27) 128-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «үш жылдан бес» деген сөздер «төрт жылдан жеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «бес жылдан жетi» деген сөздер «жеті жылдан тоғыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «жетi жылдан он» деген сөздер «тоғыз жылдан он екі» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің екінші абзацындағы «он жылдан он бес» деген сөздер «он екі жылдан он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 129-бапта:
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «он» деген сөз «он екі» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 132-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «екі» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «үш жылдан жеті» деген сөздер «төрт жылдан сегіз» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «сегіз» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің екінші абзацындағы «он» деген сөз «он екі» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 133-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»
екінші бөліктің екінші абзацындағы «бес» деген сөз «алты» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «алты» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын;
31) 134-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «бес» деген сөз «алты» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «жеті» деген сөз «сегіз» деген сөзбен ауыстырылсын;
32) 135-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «жеті» деген сөз «тоғыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «жеті жылдан он» деген сөздер «тоғыз жылдан он екі» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «он жылдан он екі» деген сөздер «он жылдан он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің екінші абзацындағы «он екі жылдан он бес» деген сөздер «он екі жылдан он сегіз» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 143-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, сегіз мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүлкі тәркіленіп, үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
34) 144-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.»;
35) 188-бапта:
екінші бөліктің 3) тармағы алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мынадай:
1) ірi мөлшерде;
2) бірнеше рет:
3) тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық -
мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
36) мынадай мазмұндағы 188-1-баппен толықтырылсын:
«188-1-бап. Мал ұрлау
1. Мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру -
мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) ірi мөлшерде жасалған мал ұрлау -
мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Мынадай:
1) бірнеше рет;
2) тұрғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiрумен жасалған мал ұрлау -
мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Мынадай:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) аса iрi мөлшерде жасалған мал ұрлау -
мүлкi тәркiленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертпе. Осы бапта мыналар мал деп түсініледі:
ірі қара мал;
жылқылар мен есектер;
түйелер;
ұсақ мал;
шошқалар.»;
37) 191-бапта:
2) тармақ және 3) тармақтағы «сөз байласуымен;» деген сөздер «сөз байласуымен жасалған тонау -» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақ алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мынадай:
1) ірi мөлшерде;
2) бірнеше рет;
3) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен жасалған тонау -
мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
38) 192-бапта:
екінші бөліктің 2) және 3) тармақтары алып тасталсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мынадай:
1) абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып;
2) iрi мөлшердегі мүлiктi жымқыру мақсатында;
3) бiрнеше рет;
4) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiрумен жасалған қарақшылық -
мүлкi тәркiленіп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
39) 203-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«203-бап. Ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою, әкету немесе бүлдіру»;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени игілік объектілерін Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету немесе оларды Қазақстан Республикасына қайтармау -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
екінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:»;
3) тармақтағы «дәл сол» деген сөздер алып тасталсын;
40) 239-бапта:
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүлкi тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылдан қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болуға өмір бойына тыйым салу белгіленгенге дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
41) 249-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
42) 287-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
43) 288-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.»;
44) 296-бапта:
тақырыптағы «, прекурсорлармен» деген сөз алып тасталсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «, прекурсорларды» деген сөз алып тасталсын;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «, прекурсорларды» деген сөз алып тасталсын;
45) 297-баптың үшінші бөлігінде:
3) тармақ «жасалған» деген сөзбен толықтырылып, 4) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4) лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;»;
мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақтармен толықтырылсын:
«5) электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы;
6) қоғамдық орында жасалған іс-әрекеттер -»;
46) 299-баптың екінші бөлігінде:
2) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бірнеше рет;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақпен толықтырылсын:
«3) электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы жасалған дәл сол іс-әрекет -»;
47) мынадай мазмұндағы 299-1-баппен толықтырылсын:
«299-1-бап. Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау
1. Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау -
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) бірнеше рет;
3) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ адамдар көп жиналатын объектілерде;
4) бұқаралық ақпарат құралдарын немесе электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып;
5) қызмет бабын пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекеттер -
үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
48) 301-бапта:
тақырыптағы «психотроптық немесе» деген сөздер «психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы «заттар» деген сөзден кейін «, сол тектестер» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
бірінші абзац «заттарды» деген сөзден кейін «, сол тектестерді» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
үшінші бөлікте:
бірінші абзац 3) тармағындағы «рет жасалған іс-әрекеттер -» деген сөздер «рет;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақпен толықтырылсын:
«4) электрондық ақпараттық ресурстар арқылы жасалған іс-әрекеттер -»;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жеті жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
49) 312-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: