1-тармақтың 36) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«салық төлеушінің (салық агентінің) деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау қорытындылары бойынша;»;
37) 100-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «бес» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
38) 101-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігінде:
«сертификаттарды» деген сөзден кейін «, «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжатты» деген сөздермен толықтырылсын;
«немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым» деген сөздер «электрондық база арқылы және (немесе) қағаз жеткізгіштерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші абзацтағы «қайтарылуға» деген сөз «есепке жатқызуға және қайтарылуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген» деген сөздер «берген не электрондық база арқылы және (немесе) қағаз жеткізгіште алынған» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «он» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтың 2) тармақшасы бесінші абзацындағы «күніне дейін есепке жатқызуға және қайтаруға жатпайды.» деген сөздер «күніне дейін;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
«аукцион жеңімпазын айқындауға әсер еткен, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген өткізу қағидаларының бұзылуына байланысты, жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион жарамсыз деп танылған жағдайды қоспағанда, қол қойылған бонустың төленген сомасы;
«Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжатты бергені үшін төленген алым сомасы, мұндай сомаларды қате төлеу немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжатты беруден бас тарту жағдайларын қоспағанда, есепке жатқызуға және қайтаруға жатпайды.»;
6-тармақтың бірінші бөлігіндегі «ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің» деген сөздер «базалық мөлшерлемесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
39) 102-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Электрондық байланыс арналары арқылы жіберілген салық төлеушінің келісімі болған жағдайда, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің өтінішінсіз, бюджетке салықтық берешек болмаған кезде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша алдағы төлемдер есебіне жүргізіледі.»;
40) 103-баптың 3-тармағының үшінші абзацындағы «он» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
41) 104-баптың 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
42) 106-баптың 3-тармағындағы «он» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
43) 107-баптың 2-тармағындағы «он» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
44) 108-бапта:
4-тармақтағы «баждың артық төленген» деген сөздер «баж» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «он» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
45) 112-баптың 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 113-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте, жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызу жүргізілмейді.»;
47) 115-бапта:
2-тармақтағы «және 10)» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтағы «5) - 12)» деген цифрлар «5), 6), 10), 11) және 12)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «5)» деген цифр «6)» деген цифрмен ауыстырылсын;
1-тармақтың 48) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
48) 116-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі 4) тармақшасындағы «бастап күші жойылуға жатады.» деген сөздер «бастап;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күші жойылуға жатады.»;
49) 117-бапта:
2-тармақтың 2) және 2-1) тармақшаларындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мерзімі өткен әрбір күнге белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мерзімі өткен әрбір күнге базалық мөлшерлемесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 49) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«егер салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің мерзімінде төленбеген сомасы түзілуінің бірден-бір себебі оларға қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы қызметінің мәжбүрлеп тоқтатылуы болса, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының кредиторларына - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап;»;
50) 118-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте, осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайда шығарылған банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күші:
салық органдары осы Кодекстің 96-бабында айқындалған тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны салық төлеуші (салық агенті) орындамаған жағдайда жүзеге асырылатын жоспардан тыс салықтық тексеруді немесе салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген мәселелер мен салық кезеңдерін қамтитын салықтық тексеруді тағайындау туралы нұсқама табыс етілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жойылады;
салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің 96-бабының 4-1-тармағында көзделген шағымы келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жойылады және көрсетілген шағым қанағаттандырылмаған жағдайда жоғары тұрған салық органының және (немесе) уәкілетті органның жазбаша шешімі шығарылған және (немесе) сот актісі заңды күшіне енген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей қайта басталады.»;
51) 120-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасының бірінші бөлігіндегі «мониторингке жататын ірі» деген сөздер «салықтық мониторингке жататын» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 51) тармақшасының үшінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың 2) тармақшасы «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың 52) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
52) 121-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі 4) тармақшасындағы «күннен бастап күшін жоюға жатады.» деген сөздер «күннен бастап;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күші жойылуға жатады.»;
53) 124-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
54) 128-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке тұлға салықтық берешекті өтемеген кезде салық органы осы Кодекстің 115-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен жеке тұлғаға табыс етуге жататын салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай салық бұйрығын Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін аумақтығы бойынша тиісті әділет органдарына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жібереді.
3. Салық бұйрығын шығарған салық органы:
1) жеке тұлға салықтық берешекті өтеген жағдайда - салықтық берешек өтелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) егер өтелмегені үшін салық бұйрығы шығарылған салықтық берешек салықтарды дұрыс емес есептеу (есепке жазу) нәтижесінде түзілген жағдайда - салық төлеушінің жеке шотына түзетулер енгізілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) осы бапта белгіленген салық бұйрығын шығару тәртібі бұзылған жағдайда - осындай факт анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, салық бұйрығының күшін жояды.»;
55) 132-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «Міндетті мониторинг» деген сөздер «Ірі салық төлеушілер мониторингінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
56) 139-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакциясында жазылсын:
«осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 12) - 18) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер кезінде - нұсқамада көрсетілген аумақ учаскесіндегі салық төлеуші, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің салық төлеушісі;»;
57) 140-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлері бойынша кешенді тексеру, тақырыптық тексеру тағайындалған жағдайда, тексерілетін кезеңді айқындау кезінде салықтар бойынша аудитпен қамтылған салықтық кезең қосылмайды.
Осы тармақтың ережесі осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 2) - 24) тармақшаларында, 145-бабы 3-тармағы 1) тармақшасының екінші - төртінші абзацтарында, 2) - 12) тармақшаларында көрсетілген салықтық тексерулерге, сондай-ақ салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерге, жер қойнауын пайдаланушыларға, акцизделетін өнімнің жекелеген түрлерінің, биоотынның өндірісі және айналымы бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды.»;
58) 142-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактураларды жазып беру жөніндегі әрекеттерді жасау фактісі бойынша өзіне (өздеріне) қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан салық төлеушімен (салық төлеушілермен) өзара есеп айырысу бойынша салықтық міндеттемені айқындау;»;
9) тармақшадағы «115» деген цифрлар «96» деген цифрлармен ауыстырылсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) бақылау-касса машиналарының немесе үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің болуы;»;
15) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында халықаралық автомобиль тасымалдарымен жүзеге асырылатын алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде;»;
59) 145-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жер қойнауын пайдалану құқығын жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне қайта ресімдеу жағдайларын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты;»;
60) 152-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктің үшінші абзацындағы «қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап» деген сөздер «егер осы тармақтың үшінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «3 және 4-тармақтарында» деген сөздер «3-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар, осы Кодекстің 434-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін тексерілетін кезеңге қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген, салық төлеушінің қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талабы қойылған салықтық кезең кіреді.»;
61) 166-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеке сот орындаушыларының, адвокаттар мен медиаторлардың;»;
6) тармақшадағы «банктердің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.» деген сөздер «банктердің;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) діни бірлестіктердің;
8) ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда, Ұлттық пошта операторының ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.»;
6-тармақтың үшінші бөлігіндегі «Екінші деңгейдегі банктер мен банк» деген сөздер «Банк» деген сөзбен ауыстырылсын;
62) 168-баптың 3-тармағындағы «немесе электрондық нысанда» деген сөздер алып тасталсын;
63) 169-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
64) 175-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «бұйрықтың» деген сөз «шешімнің» деген сөзбен ауыстырылсын;
65) 176-бапта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасы «, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
1) тармақшадағы «басталған күннен» деген сөздер «басталғаннан» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
екінші абзацтағы «тауарлар еркін айналысқа шығарылған күннен кейінгі күннен» деген сөздер «кедендік тазарту жүргізілген тауарларды алып өту, өткізу басталғаннан» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «кесіп өткен күннің алдындағы күннен кешіктірілмей» деген сөздер «кесіп өткенге дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «басталған күннен кешіктірілмей туындайды.» деген сөздер «басталғаннан кешіктірілмей;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде автомобиль өткізу пунктінде туындайды.»;
1-тармақтың 66) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
66) 4-бөлімнің тақырыбы «нәтижелеріне» деген сөзден кейін «, деңгейлес мониторинг нәтижелеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 67) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
67) 21-тараудың тақырыбы «хабарламаға» деген сөзден кейін «, деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламаға» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 68) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
68) 177-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, сондай-ақ деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасауға құқылы.»;
1-тармақтың 69) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
69) 190-баптың 6-тармағының екінші бөлігі «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың 70) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
70) 191-баптың 5-тармағының 1) және 2) тармақшалары «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың 71) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
71) 192-баптың 4 және 5-тармақтары «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
72) 197-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің бесінші абзацы «төленген,» деген сөзден кейін «лизинг бойынша сыйақыны қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
73) 204-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық төлеуші-жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірреттік парольдерді пайдалана отырып салық нысандарына қол қоюына және куәландыруына жол беріледі.»;
74) 206-бапта:
2-тармақта:
екінші бөліктегі «импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің мақсаттары үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш салық декларациясы болып табылады.»;
3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, салықтық есептілік мынадай түрлерге бөлінеді:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кезекті салықтық есептілік - бастапқы салықтық есептілік ұсынылғаннан кейін келесі салық кезеңдеріне ұсынылатын салықтық есептілік;»;
75) 209-баптың 5-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) осы Кодекстің 412-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шот-фактуралар қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда - салықтық кезең ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімдері қосылған құн салығы бойынша декларациямен бір мезгілде ұсынылмаса;»;
76) 210-баптың 5-тармағының 1) тармақшасындағы «ұсынылған күннен бастап бес» деген сөздер «алынған күннен бастап бір» деген сөздермен ауыстырылсын;
77) 212-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеуші (салық агенті) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, салықтық есептілікті электрондық нысанда ұсыну шартымен оны ұсыну мерзімін ұзартуға құқылы.»;
78) 213-баптың 2-тармағындағы «үш» деген сөз «бір» деген сөзбен ауыстырылсын;
79) 215-бапта:
1-тармақтың 79) тармақшасының екінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Жеке практикамен айналысатын адам үшін уәкілетті орган:
1) жеке практикамен айналысудан түсетін кірістерді;
2) осы Кодекстің 362, 363, 364 және 365-баптарында көзделген шығыстарды есепке алу бойынша салықтық тіркелімдердің нысандарын бекітеді.»;
80) 217-бапта:
2-тармақтағы «Егер жеке тұлға» деген сөздер «Егер осы баптың 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, жеке тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Егер «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті-жеке тұлға ағымдағы салықтық кезеңде аяқталатын кез келген қатарынан он екі айлық кезеңде кемінде күнтізбелік тоқсан күн (келу және кету күндерін қоса алғанда) Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салықтық кезеңде Қазақстан Республикасында тұрақты болған деп танылады. Осы баптың мақсаттары үшін жеке тұлға «Астана» халықаралық қаржы орталығы» туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген шарттарға сәйкес келуге тиіс.»;
81) 218-бапта:
2-тармақтың үшінші бөлігі 3) тармақшасының төртінші абзацындағы «көшірмелерін ұсынуға міндетті.» деген сөздер «көшірмелерін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам:
шетел паспортының немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесін;
Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшірмесін;
резиденттікті растайтын құжатты бергені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;
«Астана» халықаралық қаржы орталығының актісінде белгіленген нысан бойынша тиісті кезеңге «Астана» халықаралық қаржы орталығының Әкімшілігі беретін, «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыру туралы растау хатты;
шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасына қатысу үшін бастапқы өтініш жасау алдындағы соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған адам болып табылмайтыны туралы ішкі істер органы берген растау хатты ұсынуға міндетті. Осы абзацтың мақсаттары үшін ішкі істер органы берген растау хатта шетелдіктің шетел паспортының немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің мәліметтері қамтылуға тиіс.
Бастапқы өтініш жасау кезінде резиденттікті растайтын құжат берілген жағдайда, резиденттікті растауға салықтық өтінішті кейіннен берген кезде ішкі істер органы берген растау хатты ұсыну талап етілмейді.
Резиденттікті растайтын құжат резиденттікті растайтын құжатты бергені үшін алым төлеу жүргізілген күнтізбелік жылға беріледі.»;
3-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакциясында жазылсын:
«Тұлғаның резиденттігін растаудан бас тарту мынадай:
осы Кодекстің 217-бабында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген;
«Астана» халықаралық қаржы орталығы инвестициялық резидентінің резиденттігін растауға арналған өтініште көрсетілген кезең резиденттікті растайтын құжат берілгені үшін алым төленген кезеңге сәйкес келмеген жағдайларда жүргізіледі.»;
1-тармақтың 82) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
82) 220-баптың 10-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақта белгіленген бірнеше шарт болған жағдайда, осы тармақта көрсетілген күндердің неғұрлым ертесі бейрезиденттің Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыруды бастаған күні болып танылады.»;
83) 221-бапта:
мәтіндегі «Қазақстан Республикасының резиденті немесе азаматы», «Қазақстан Республикасы резидентінің немесе азаматының», «Қазақстан Республикасының резиденті немесе азаматы», «Қазақстан Республикасының резидентінен немесе азаматынан», «Қазақстан Республикасының резидентіне немесе азаматына» деген сөздер тиісінше «Тұлға», «тұлғаның», «тұлға», «тұлғадан», «тұлғаға» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мұндай шешім шығарылған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде тұлғаға жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қос резиденттік себебі бойынша өзара келісу рәсімін жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген негіздер бойынша бас тарту қолданылмайды.»;
84) 222-баптың 2-тармағындағы «арнаулы салық режимін» деген сөздер «, бөлшек салықтың арнаулы салық режимдерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 85) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
85) 223-бап мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерді қоспағанда, бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісі;
5) жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың және бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісі.»;
1-тармақтың 86) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
86) 224-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
87) 225-баптың 2-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қатысушы, құрылтайшы алатын (алған), оның ішінде заңды тұлғаны тарату немесе жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алу кезінде мүлікті бөлгенде өзіне мүлікті бөлу жүзеге асырылатын қатысу үлесіне тура келетін төленген жарғылық капитал мөлшерінде, бірақ осындай қатысушыдағы, құрылтайшыдағы мұндай қатысу үлесінің осы Кодекстің 228-бабының 7-тармағында көзделген тәртіппен айқындалатын бастапқы құнынан аспайтын мөлшерде, бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) мүліктің құны;»;