7-тармақ 2) тармақшасындағы «беру салықтық құпияны жария ету болып табылмайды.» деген сөздер «беру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган алған мәліметтерді:
Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарларға қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы тергеп-тексерулерін жүргізу кезінде үшінші елдің және (немесе) үшінші елдер одағының құзыретті органына;
Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарларға қатысты өтемақы тергеп-тексеруі жүргізілген жағдайда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссияның құзыретті органына;
Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасына сәйкес тергеп-тексеру мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға беру салықтық құпияны жария ету болып табылмайды.
Мұндай ақпаратты беру Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу және үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.»;
12) 40-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға берілген мүлік;»;
13) 41-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік мекемелер мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде мемлекеттік заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабына сәйкес электр желілеріне тікелей қосылған энергия беруші ұйымдарға сенімгерлік басқаруға немесе өтеусіз пайдалануға берілген электр желілерін қоспағанда, егер мүлікті сенімгерлік басқару шартында немесе мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде өзгеше белгіленбесе, мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша салықтық міндеттемелер сенімгерлік басқарушының орындауына жатады.»;
1-тармақтың 13) тармақшасының төртінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақ «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
14) 48-бапта:
3-тармақта:
1-тармақтың 14) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші абзацтағы «мынадай» деген сөз «мынадай санаттары» деген сөздермен ауыстырылып, 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес субъектілердің осындай санатына жатқызылған ірі кәсіпкерлік субъектілері;»;
1-тармақтың 14) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақшадағы «жүзеге асыратын санаттары үшін бес жылды құрайды.» деген сөздер «жүзеге асыратындар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) осы Кодекстің 30-тарауының шарттарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденттері үшін бес жылды құрайды.»;
5-тармақтың 1) тармақшасында:
«жобаны» деген сөзден кейін «немесе инвестициялар туралы келісімді» деген сөздермен толықтырылсын;
«80-тарауын» деген сөздер «80 және 80-1-тарауларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«келісімшарттың» деген сөзден кейін «немесе келісімнің» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша салық органы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін бес жыл бойы мынадай салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді:
үстеме пайда салығын;
өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін;
есептеу әдістемесінде мынадай көрсеткіштердің бірі: рентабельділіктің ішкі нормасы (РІН) немесе пайданың ішкі нормасы немесе R-фактор (кірістілік көрсеткіші) пайдаланылатын салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы.»;
1-тармақтың 14) тармақшасының он алтыншы - он сегізінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9-тармақта:
3) тармақшаның екінші абзацы «хабарламаға,» деген сөзден кейін «деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарламаға,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшадағы «шығарылғанға» деген сөз «орындалғанға» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтың 14) тармақшасының он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Салықтың және бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық (қате) төленген сомасы осы Кодекстің 108-бабында белгіленген жағдайды қоспағанда, осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде ағымдағы жылдың және алдыңғы күнтізбелік жылдардың ішінде төленген сомалар мөлшерінде есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға жатады.»;
15) 6-тараудың тақырыбы «Инвестициялық салық кредиті» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 49-бапта:
9-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) егер тұлғалар уәкілетті орган белгілеген тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде осы Кодекстің 136-бабының 4-тармағына сәйкес тәуекел дәрежесі төмен тұлғалар санатына жатқызылған жағдайда жүргізіледі.»;
10-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы «одақтың» деген сөзден кейін «кедендік» деген сөзбен толықтырылсын;
17) мынадай мазмұндағы 49-1-баппен толықтырылсын:
«49-1-бап. Инвестициялық салық кредиті
1. Инвестициялық салық кредиті салық төлеушілерге белгілі бір мерзім ішінде кредит сомасын кейіннен кезең-кезеңімен төлей отырып, салық бойынша өз төлемдерін 100 пайызға азайту мүмкіндігі берілетін алдағы кезеңдер салықтарын төлеу мерзімін өзгертуді білдіреді.
Инвестициялық салық кредиті корпоративтік табыс салығы және (немесе) мүлік салығы бойынша үш жылға дейінгі мерзімге берілуі мүмкін.
2. Салық төлемдерін азайту тәртібі инвестициялық салық кредиті туралы жасалған келісімде айқындалады.
3. Егер салық төлеушінің залалы болса, залалды ауыстыру осы Кодекстің 300-бабында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте, инвестициялық салық кредитінің мерзімі ұзартылмайды.»;
18) 50-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«50-бап. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту немесе инвестициялық салық кредитін беру туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген орган»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Инвестициялық салық кредитін беру туралы шешім салық төлеушінің өтініші негізінде қабылданады және өтініш беруші мен инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган арасында белгіленген нысандағы келісіммен ресімделеді.
Инвестициялық салық кредиті туралы келісімде мынадай ережелер:
салық төлемдерін азайту тәртібі;
келісімнің қолданылу мерзімі;
салық төлеушінің сатып алуы инвестициялық салық кредитін беру шарты болып табылған жабдықты немесе өзге мүлікті өткізуге немесе басқа тұлғалардың иеленуіне, пайдалануына немесе билік етуіне беруге тыйым салу;
тараптардың жауапкершілігі қамтылуға тиіс.
Салық төлеуші келісімнің көшірмесін инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға берілген күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей салық төлеуші тіркеу есебінде тұрған жердегі салық органына жібереді.
Инвестициялық салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу тәртібін уәкілетті органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
19) 51-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «кемінде бес жылды құрайтын» деген сөздер «бес жылдан кем болатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) мынадай мазмұндағы 51-1-баппен толықтырылсын:
«51-1-бап. Инвестициялық салық кредитін беру шарттары
1. Инвестициялық салық кредиті салық төлеушілерге инвестициялық салық кредиті туралы жасалған келісім негізінде беріледі.
2. Мына шарттардың біріне сәйкес келетін:
1) осы Кодекстің 20-бөлімінде көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын;
2) спирттің, алкоголь өнімінің, темекі бұйымдарының барлық түрін өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын;
3) салық төлеушілерге салық салу осы Кодекстің 21 және 23-бөлімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын салық төлеушілердің инвестициялық салық кредитін қолдануға құқығы жоқ.»;
21) 54-бапта:
тақырыптағы «және мерзімін ұзартудың» деген сөздер «, мерзімін ұзартудың және инвестициялық салық кредитінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
«және мерзімін ұзартудың» деген сөздер «, мерзімін ұзартудың және инвестициялық салық кредитінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тиісті шешімнің» деген сөздерден кейін «немесе келісімнің» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «және мерзімін ұзартудың» деген сөздер «, мерзімін ұзартудың және инвестициялық салық кредитінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «және мерзімін ұзартуды» деген сөздер «, мерзімін ұзартуды және инвестициялық салық кредитін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) сот шешімі бойынша тоқтатылады, оның ішінде мерзімінен бұрын тоқтатылады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Егер инвестициялық салық кредиті туралы келісімді жасасқан салық төлеуші оның қолданылу мерзімі ішінде сатып алынуы инвестициялық салық кредитін беруге негіз болған жабдықты немесе өзге мүлікті өткізудің не басқа тұлғаларға иеленуге, пайдалануға немесе билік етуге берудің келісімде көзделген шарттарын бұзса, осы салық төлеуші инвестициялық салық кредиті туралы келісім бұзылған күннен бастап есепті кезеңнен кейінгі салықтық кезең ішінде келісімге сәйкес бұрын төленбеген барлық салық сомасын, сондай-ақ көрсетілген келісім жасалғаннан бастап бұзылғанға дейінгі кезеңге инвестициялық салық кредиті туралы келісім қолданылған әрбір күнтізбелік күн үшін төлем күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі мөлшерінде есепке жазылған тиісті өсімпұлдарды төлеуге міндетті.»;
22) 65-бапта:
тақырыптағы «Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің» деген сөздер «Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ «Дара кәсіпкер» деген сөздерден кейін «немесе жеке практикамен айналысатын адам» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігі «дара кәсіпкер» деген сөздерден кейін «немесе жеке практикамен айналысатын адам» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі «дара кәсіпкер» деген сөздерден кейін «немесе жеке практикамен айналысатын адам» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «дара кәсіпкердің» деген сөздерден кейін «немесе жеке практикамен айналысатын адамның» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның салықтық берешегі аталған дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның ақшасы, соның ішінде оның мүлкін өткізуден алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.»;
6-тармақ «дара кәсіпкерде», «дара кәсіпкердің» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе жеке практикамен айналысатын адамда», «немесе жеке практикамен айналысатын адамның» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
бірінші абзац «дара кәсіпкерде» деген сөздерден кейін «немесе жеке практикамен айналысатын адамда» деген сөздермен толықтырылсын;
1), 2), 3) және 4) тармақшалардағы «дара кәсіпкерге» деген сөздер «салық төлеушіге» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ «дара кәсіпкердің» деген сөздерден кейін «немесе жеке практикамен айналысатын адамның» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақ «дара кәсіпкерді» деген сөздерден кейін «немесе жеке практикамен айналысатын адамды» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта:
«дара кәсіпкер» деген сөздерден кейін «немесе жеке практикамен айналысатын адам» деген сөздермен толықтырылсын;
«дара кәсіпкердің» деген сөздер «осындай салық төлеушінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ «дара кәсіпкер» деген сөздерден кейін «немесе жеке практикамен айналысатын адам» деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақ «дара кәсіпкерлерге» деген сөздерден кейін «немесе жеке практикамен айналысатын адамдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
23) 72-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жекелеген жағдайларда, жанама әдіспен де айқындау жеке тұлғаның салық декларацияларында көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен анықтығын айқындау мақсатында, сондай-ақ жеке табыс салығы бойынша салықтық міндеттеменің туындауына алып келетін уәкілетті органдар мен үшінші тұлғалардың деректері бойынша жеке тұлғаға қатысты салықтық бақылауды жүзеге асыру барысында қолданылады.»;
2-тармақтағы «Жеке тұлғаның осы Кодекстің 71-тарауында көзделген декларациясында көрсетілген мәліметтер» деген сөздер «Осы Кодексте көзделген салық декларацияларында көрсетілген мәліметтер, сондай-ақ уәкілетті органдар мен үшінші тұлғалардың деректері» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Жеке тұлғаның осы Кодекстің 71-тарауында көзделген декларациясында» деген сөздер «Осы Кодексте көзделген салық декларацияларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жекелеген жағдайларда, жанама әдіспен де айқындау мақсатында салық органдары уәкілетті органдардан, екінші деңгейдегі банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, үшінші тұлғалардан, шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан және басқа да ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді пайдаланады.
5. Осы баптың күші дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға қатысты олардың осындай қызметті жүзеге асыруынан түскен кірістерді айқындау бөлігінде қолданылмайды.»;
6-тармақта:
1) тармақшаның екінші бөлігіндегі «жеке тұлғаның декларациясында» деген сөздер «салық декларацияларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшаның екінші бөлігіндегі «жеке тұлғаның декларациясында» деген сөздер «салық декларацияларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшаның екінші бөлігіндегі «жеке тұлғаның декларациясында» деген сөздер «салық декларацияларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 74-баптың 7-тармағы 7) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалған, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның уақытша болатын жері шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның болатын жері деп танылады.»;
25) 75-баптың 2-тармағында:
4) тармақшада:
бірінші бөлікте:
«бейрезидент» деген сөз «бейрезидент-заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«есептейтін бейрезидент» деген сөздер «есептейтін бейрезидент-заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «осындай бейрезидент» деген сөздер «осындай бейрезидент-заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «бейрезидент» деген сөз «бейрезидент-заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшада:
«бейрезидент» деген сөз «бейрезидент-заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«есептейтін бейрезидент» деген сөздер «есептейтін бейрезидент-заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
8), 9), 10) және 11) тармақшалардағы «бейрезидент» және «бейрезиденттер» деген сөздер «бейрезидент-заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 76-бапта:
1-тармақ 3) тармақшасындағы «растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.» деген сөздер «растайтын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер қамтылатын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.»;
2-тармақ 4) тармақшасындағы «хаттамасының нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.» деген сөздер «хаттамасының;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер қамтылатын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.»;
4-тармақта:
бірінші абзацтағы «бейрезидент» деген сөз «бейрезидент-заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;»;
3) тармақшадағы «(азаматтық)» деген сөз алып тасталсын;
5-тармақта:
бірінші абзацтағы «(тұрғылықты, болатын)» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;»;
4) тармақшадағы «(азаматтық)» деген сөз алып тасталсын;
4) тармақшадағы «құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті.» деген сөздер «құжаттың;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер қамтылатын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті.»;
6-тармақта:
бірінші абзацтағы «бейрезидент» деген сөз «бейрезидент-заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;»;
4) тармақшадағы «құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті.» деген сөздер «құжаттың;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер қамтылатын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті.»;
7-тармақтағы «шоттар ашатын бейрезидент» деген сөздер «шоттар ашатын бейрезидент-заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
8, 9, 10 және 11-тармақтар алып тасталсын;
12-тармақтағы «аталған бейрезидент», «бейрезиденттің» деген сөздер тиісінше «аталған бейрезидент-заңды тұлға», «бейрезидент-заңды тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақта:
«бейрезидент» деген сөз «бейрезидент-заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, 654-бабының 7) тармақшасында» деген сөздер алып тасталсын;
15, 16, және 17-тармақтардағы «1 - 14» деген цифрлар «1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, 13 және 14» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақтағы «бейрезиденттің», «бейрезидент» деген сөздер тиісінше «бейрезидент-заңды тұлғаның», «бейрезидент-заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтағы «1 - 14» деген цифрлар «1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, 13 және 14» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 77-баптың 1-тармағында:
4) тармақшадағы «бейрезиденттің» деген сөз «бейрезидент-заңды тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «бейрезиденттің» деген сөз «бейрезидент-заңды тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «бейрезиденттің» деген сөз «бейрезидент-заңды тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «жеке және» деген сөздер алып тасталсын;
28) 78-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «, уәкілетті мемлекеттік органдардың» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша алып тасталсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) резидент-банкте ағымдағы шотты ашу мақсатында салық төлеуші ретінде тіркелген бейрезидент-заңды тұлғаға, банк хабарламасы алынған күннен бастап алты ай ішінде осындай бейрезиденттің резидент-банктерде ағымдағы шоттары болмаған, сондай-ақ ағымдағы шоттарды ашуы туралы мәліметтер болмаған жағдайда, жабылуы бойынша алып тастайды.»;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «және ішкі істер органына» деген сөздер алып тасталсын;
1) тармақшадағы «бейрезидентті» деген сөз «бейрезидент-заңды тұлғаны» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Кодекстің 650-бабына сәйкес мүлікті, акцияларды, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын (өткізетін), табыс салығын есептейтін салық агенті болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаны - тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде;»;
3) тармақша алып тасталсын;
5) және 6) тармақшалардағы «бейрезидентті» деген сөз «бейрезидент-заңды тұлғаны» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер, банк хабарламасы, тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш» деген сөздер «тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш, банк хабарламасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 79-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық органдары салықтық өтініш алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жеке тұлғаны жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.»;
30) 80-баптың 5-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
31) 82-баптың 4-тармағында:
1-тармақтың 31) тармақшасының екінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші бөліктегі «30 000» деген цифрлар «20 000» деген цифрлармен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
1-тармақтың 31) тармақшасының төртінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«114 184» деген цифрлар «124 184» деген цифрлармен ауыстырылсын;
1-тармақтың 31) тармақшасының бесінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«ақпараттық» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ең төмен айналымға бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің айналымдары да қосылмайды.»;
32) 83-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі алтыншы абзацындағы «тұлғалардың құқығы жоқ.» деген сөздер «тұлғалардың;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«осы Кодекстің 424-бабының 4-тармағында көзделген салықтық міндеттемелерді орындамаған салық төлеушілердің құқығы жоқ.»;
33) 85-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қосылған құн салығын төлеуші бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне ауысуына байланысты қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін осындай арнаулы салық режимін қолдану басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шарттарды сақтамай-ақ осы тармақта көрсетілген салықтық өтінішті береді.»;
3-тармақта:
үшінші бөлік «1-тармағында» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық органдары осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген салық төлеушіні бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану басталған күннен бастап қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруға міндетті.»;
5-тармақтың 1) тармақшасының екінші бөлігіндегі «тоғызыншы абзацында» деген сөздер «сегізінші және тоғызыншы абзацтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 34) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
34) 88-бапта:
1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды өндіруді;
2) бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді;»;
5-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацындағы «және (немесе) дизель отынын» деген сөздер «, дизель отынын, газахолды және (немесе) бензанолды» деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 96-бапта:
3-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы «актісімен» деген сөзден кейін «немесе қылмыстық қудалау органының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату туралы қаулысымен» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігі 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеушіге қолданылады;»;
4-1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «бес» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «Камералдық» деген сөз «Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, камералдық» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 97-бапта:
1-тармақтың 36) тармақшасының екінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақтың үшінші абзацындағы «, 514» деген цифрлар алып тасталсын;