«29-1) салық агенті жұмыскердің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аударған ерікті зейнетақы жарналары;»;
бір жүз қырық үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«47) резидент-жеке тұлғаның кірістерінен ұстап қалынбай өз қаражаты есебінен осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық агенті есептеген және төлеген жеке табыс салығының, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агент есептеген және төлеген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары;»;
2-тармақтың 7) тармақшасының он сегізінші, он тоғызыншы абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы бір жүз қырық сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«50) осы Кодекстің 228-бабының 7-1-тармағында белгіленген шарттар орындалған кезде резидент-заңды тұлғаның бейрезидент-заңды тұлғадан бағалы қағаздарды немесе қатысу үлестерін сатып алуы нәтижесінде туындаған дивидендтер.»;
бір жүз алпыс бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«9) зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдер түріндегі кіріс;»;
2-тармақтың 7) тармақшасының жиырма екінші - отыз төртінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы бір жүз жетпіс сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«Салық төлеушінің директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органының мүшесі алған (алуға жататын) кірісі де жұмыскердің салық салуға жататын кірісі деп танылады.»;
бір жүз жетпіс тоғызыншы - бір жүз сексен бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жұмыскердің салық салуға жататын кірісіне мынадай кірістер жатпайды:
1) жеке тұлғаның азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша салық агентінен алатын кірісі;
2) зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс;
3) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс;
4) стипендиялар;
5) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс;
6) мүліктік кіріс;
7) резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі;
8) жеке практикамен айналысатын адамның кірісі;
9) дара кәсіпкердің кірісі.»;
бір жүз сексен бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2) зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс;»;
2-тармақтың 7) тармақшасының отыз жетінші - қырқыншы абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
бір жүз сексен сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тауарлардың, бағалы қағаздардың, қатысу үлесінің және жұмыс берушінің еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыскердің, сондай-ақ өздеріне жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауына байланысты салық төлеушінің директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органының мүшесінің меншігіне беруіне жататын өзге мүліктің (ақшадан басқа) құны. Мұндай мүліктің құны қосылған құн салығы мен акциздің тиісті сомасы ескеріле отырып, мынадай мөлшерде айқындалады:»;
бір жүз тоқсан бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жұмыс берушінің еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыскердің пайдасына, сондай-ақ өздеріне жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауына байланысты салық төлеушінің директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органы мүшесінің пайдасына жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі. Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны қосылған құн салығының тиісті сомасы ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;»;
бір жүз тоқсан алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жұмыскерге тауарларды өткізу кезінде - жұмыскерге өткізілген тауарлардың құны мен олардың баланстық құны немесе оларды сатып алу бағасы арасындағы теріс айырма;
жұмыскерге жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде - жұмыскерге өткізілген жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен қосылған құн салығының және акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстарының жалпы сомасы арасындағы теріс айырма жұмыскердің салық салуға жататын материалдық пайда түріндегі кірісі болып табылады.
Осы тармақшаны қолдану мақсатында сатып алу бағасын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді жүзеге асырмайтын салық төлеушілер пайдаланады;»;
екі жүз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс қосылған құн салығы мен акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, мынадай мөлшерде айқындалады:»;
мынадай мазмұндағы екі жүз төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Өтеусіз алынған жұмыстар және (немесе) көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс қосылған құн салығының тиісті сомасы ескеріле отырып, салық агентінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны түрінде айқындалады.»;
екі жүз жиырма алтыншы абзацтағы «сақтандыру ұйымдары» деген сөздер «жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
екі жүз жиырма сегізінші және екі жүз жиырма тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлға өз пайдасына;
жұмыс беруші жұмыскердің пайдасына төлеген сақтандыру төлемдері;»;
2-тармақтың 7) тармақшасының елу үшінші және елу төртінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
екі жүз отыз сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4) дара кәсіпкер және (немесе) бірыңғай жинынтық төлемді төлеуші болып табылмайтын жеке тұлға мүлікті салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруден алған кіріс;»;
2-тармақтың 7) тармақшасының елу бесінші, елу алтыншы абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
үш жүз елу алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы Кодекстің 20-бөлімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе, арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірісі осы бапқа сәйкес айқындалады.»;
2-тармақтың 7) тармақшасының елу жетінші - алпыс жетінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
үш жүз елу тоғызыншы - үш жүз алпыс жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«339-бап. Бақыланатын шетелдік компания бойынша жалпы ережелер
Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына екі рет салық салынбауға тиіс.
Қосарланған салық салу мынадай ережелерді қолдану арқылы жойылады:
1) осы Кодекстің 340-бабының 2-тармағына сәйкес салық салудан босату;
2) осы Кодекстің 297-бабының 3-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келген кезде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын түзету;
3) осы Кодекстің 340-бабының 3-тармағына сәйкес бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын азайту;
4) осы Кодекстің 359-бабының 2-тармағында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын төлеу есебіне жатқызу.»;
үш жүз алпыс сегізінші, үш алпыс тоғызыншы және үш жүз жетпісінші абзацтар алып тасталсын;
үш жүз жетпіс тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5) егер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерді қоспағанда, бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің пассив кірістерінің үлесі 20 пайыздан аз болса;»;
мынадай мазмұндағы үш жүз сексенінші абзацпен толықтырылсын:
«6) «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті бақыланатын шетелдік компанияны тікелей және (немесе) жанама иеленген және (немесе) бақылаған кезде Қазақстан Республикасында салық салудан босатылады.»;
2-тармақтың 7) тармақшасының жетпісінші - бір жүз жетінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
үш жүз сексен бірінші - төрт жүз он үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Резидент-жеке тұлға бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын мынадай сомаларға азайтуға құқығы бар:
1) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту
сомасы:
А = ҚП × (К(1)/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К(1) - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген салық салынатын кірісті ескеретін болса, бақыланатын шетелдік компанияның филиал, өкілдік, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметінен түскен, Қазақстан Республикасында 20 және одан көп пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, филиалдың салық салынатын кірісі шегіндегі салық салынатын кірісі;
ЖКС - кірістердің жиынтық сомасы;
2) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту
сомасы:
А = ҚП × (К(2)/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К(2) - егер салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда осы тармақшада көрсетілген кіріс есепке алына отырып айқындалған болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай қызметтерді көрсетуден (жұмыстарды орындаудан) түскен, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, Қазақстан Республикасында төлем көзінен 20 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған кіріс;
ЖКС - кірістердің жиынтық сомасы;
3) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай кірісті қамтитын болса, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынуға жатпайтын дивидендтер;
4) шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кіретін бір бақыланатын шетелдік компания басқа бақыланатын шетелдік компаниядан алған дивидендтердің сомасы.
Бұл ретте бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы осы тармақтың 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларына немесе осы тармақшаның бірінші бөлігіне сәйкес бұрын Қазақстан Республикасында басқа осындай бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан жеке табыс салығы салынған (ағымдағы кезеңде салынуға жатады) және (немесе) азайтылған осындай дивидендтерді қамтуға тиіс;
5) шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кіретін бақыланатын шетелдік компания шетелдік компаниядан алған дивидендтердің сомасы.
Бұл ретте бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы осы тармақтың 3), 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларына немесе осы тармақшаның бірінші бөлігіне сәйкес бұрын Қазақстан Республикасында басқа осындай бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан жеке табыс салығы салынған (ағымдағы кезеңде салынуға жатады) және (немесе) азайтылған осындай дивидендтерді қамтуға тиіс;
6) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту
сомасы:
А = ҚП × (К(6)/КЖС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К(6) - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай кірістерді қамтитын болса, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынған сыйақылар түріндегі және (немесе) құн өсімінен түсетін және (немесе) роялти түріндегі кірістер;
КЖС - кірістердің жиынтық сомасы;
7) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:
А = ҚП × (К(7)/КЖС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К(7) - егер бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы осындай кірісті қамтитын болса, бір бақыланатын шетелдік компания осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 7) немесе 8) тармақшасының шарттарына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасы резидентінің құрылтайшысы болып табылатын басқа бақыланатын шетелдік компанияға өткізуден алған құн өсімінен түсетін кіріс;
КЖС - кірістердің жиынтық сомасы;
8) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай кірістерді қамтитын болса, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларына сәйкес төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салуға жатпайтын сыйақылар түріндегі және (немесе) құн өсімінен түсетін және (немесе) роялти түріндегі кірістер;
9) егер салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда осындай дивидендтерді қамтитын болса, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынған дивидендтердің сомасы;
10) шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кіретін бақыланатын шетелдік компания шетелдік компаниядан алған дивидендтердің сомасы.»;
мынадай мазмұндағы төрт жүз он төртінші, төрт жүз он бесінші және төрт жүз он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«Бұл ретте бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынған және (немесе) осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салуға жатпаған дивидендтерді қамтуға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігін қолдану үшін резидент-жеке тұлғада осы Кодекстің 297-бабының 10-тармағында көрсетілген растайтын құжаттар болуға тиіс.»;
төрт жүз сексенінші абзац алып тасталсын;
бес жүз отызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«37) жеке тұлға өзінің пайдасына және (немесе) жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) пайдасына және (немесе) жұмыс беруші жұмыскердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын төлеген жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері;»;
бес жүз отыз бірінші және бес жүз отыз екінші абзацтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бес жүз отыз үшінші абзацпен толықтырылсын:
«37-1) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдары төлейтін сатып алу сомалары;»;
2-тармақтың 7) тармақшасының бір жүз он төртінші, бір жүз он бесінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
бес жүз отыз төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«39) шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кіретін бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан (немесе оның бір бөлігінен) бөлінген, бұрын осы Кодекстің 340-бабына сәйкес жеке табыс салығы салынған дивидендтер;»;
бес жүз қырық бесінші және бес жүз қырық алтыншы абзацтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бес жүз елу төртінші - бес жүз алпыс бірінші абзацтармен толықтырылсын:
2-тармақтың 7) тармақшасының бір жүз он сегізінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«52) осы Кодекстің 289-бабының 1-тармағында айқындалған коммерциялық емес ұйымның жарғылық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде осындай ұйыммен еңбек қатынастарында тұрмайтын және (немесе) қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау туралы шарт шеңберінен тыс жеке тұлғаның жол жүруіне, тұруына және тамақтануына арналған шығыстары түрінде алынған жеке тұлғаның кірістері;
53) резидент-жеке тұлға үш жыл және одан да көп мерзімге жасалған жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша күнтізбелік жыл ішінде төлеген, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 320 еселенген мөлшері шегіндегі сақтандыру сыйлықақылары (егер шартта сақтандыру сыйлықақыларын бөліп төлеу көзделген жағдайда - сақтандыру жарналары).
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсаттары үшін кірісті түзету сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) төлеу күні тура келетін салықтық кезеңде қолданылады және мыналар осындай түзетуді қолдану үшін растайтын құжаттар болып табылады:
салықтық шегерімді қолдану туралы өтініш;
жинақтаушы сақтандыру шарты;
сақтандыру жарналарын төлеу графигі (болған кезде);
сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) төленгенін растайтын құжат;
2-тармақтың 7) тармақшасының бір жүз жиырма бесінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
54) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотында ескерілетін кепілдік берілген өтеудің талап етілмеген сомасы.»;
2-тармақтың 7) тармақшасының бір жүз жиырма алтыншы - бір жүз отызыншы абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы бес жүз елу тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«1-1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салықтық шегерім - Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде;»;
бес жүз жетпіс төртінші және бес жүз жетпіс тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Міндетті зейнетақы жарналары түріндегі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша және осы Кодекстің 345-бабының 1-тармағында көрсетілген зейнетақы төлемдері бойынша салықтық шегерімдерді қоспағанда, салықтық шегерімдерді салық агенті төлем көзінен:»;
«3. Жеке тұлға міндетті зейнетақы жарналары түріндегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салықтық шегерімдерді қоспағанда, салықтық кезеңде салықтық шегерімнің белгілі бір түрін бір салық агентінде ғана қолдануға құқылы.»;
2-тармақтың 7) тармақшасының бір жүз отыз бірінші, бір жүз отыз екінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы алты жүз он үшінші абзацпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың ережелері ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотында ескерілетін кепілдік берілген өтеудің талап етілмеген сомасына қолданылмайды.»;
2-тармақтың 7) тармақшасының бір жүз отыз үшінші, бір жүз отыз төртінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
алты жүз он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) шығыстарын және (немесе) ауырған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын жұмыскердің пайдасына төлеуге кететін жұмыс берушінің шығыстарын жабу үшін медицинаға және кірісті түзетуге арналған салықтық шегерімнің жалпы сомасы күнтізбелік жыл үшін жиынтығында күнтізбелік жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы алты жүз алпыс үшінші - алты жүз жетпіс алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«351-1-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемі кезінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алушының және (немесе) уәкілетті оператордың банктік шотына аударған кезде салық агенті жеке табыс салығын есептеуді жүргізеді.
Жеке табыс салығы осы Кодекстің 320-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы біржолғы зейнетақы төлемінің сомасына есептеледі.
2. Жеке табыс салығының сомасын ұстап қалуды және аударуды салық агенті жеке тұлғаның таңдауы бойынша мынадай тәсілдердің бірі бойынша:
1) осы Кодекстің 351-бабында көзделген тәртіппен;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдері үшін белгілеген график бойынша ай сайын тең үлестермен он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде жүргізеді.
Осы тармақта көрсетілген ұстап қалу зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық агентіне ұсынылған жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініш негізінде жүргізіледі.
3. Салық агенті ұстап қалынған жеке табыс салығы сомасын аударуды:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда - біржолғы зейнетақы төлемі жүзеге асырылған келесі айдың;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдері үшін белгілеген графикке сәйкес зейнетақы төлемін аудару басталған келесі айдың күнтізбелік жиырма бес күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
4. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен кезде салық агенті біржолғы зейнетақы төлемінен ұстап қалмаған және аудармаған жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 351-бабында көзделген тәртіппен зейнетақы төлемінің сомасынан біржолғы ұстап қалуға және аударуға жатады.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жинақтары мұраға қалдырылған адамнан салық агенті біржолғы зейнетақы төлемінен ұстап қалмаған және аудармаған жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 351-бабында көзделген тәртіппен зейнетақы төлемінің сомасынан біржолғы ұстап қалуға және аударуға жатады.
6. Жеке тұлғаның жасалған жинақтаушы сақтандыру (зейнетақы аннуитеті) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарына төлеу үшін жіберілген зейнетақы жинақтарының сомаларын аудару кезінде салық агенті біржолғы зейнетақы төлемінен ұстап қалмаған және аудармаған жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 351-бабында көзделген тәртіппен зейнетақы жинақтарының сомасынан біржолғы ұстап қалуға және аударуға жатады.
7. Осы баптың мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салық агенті деп танылады.»;
2-тармақтың 7) тармақшасының бір жүз елуінші, бір жүз елу бірінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
алты жүз алпыс үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық органдары өзіне (өздеріне) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің кірістері бойынша салық агенттері ретінде қаралуы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы алты жүз жетпіс жетінші абзацпен толықтырылсын:
«1-1. Егер жұмыскердің салықтық кезең үшін есепке жазылған кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен аспаса, жұмыскердің салық салынатын кірісінің осы баптың 1-тармағында айқындалған сомасы 90 пайызға азайтылады.»;
2-тармақтың 7) тармақшасының бір жүз елу төртінші - бір жүз алпыс екінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
алты жүз жетпіс жетінші - алты жүз сексен екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мүліктік кірістен басқа, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алған салық салынатын кіріс мөлшері мынадай тәртіппен айқындалады:
мүліктік кірістен басқа, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден ағымдағы салықтық кезеңде алған, төлем көзінен салық салуға жататын кірістер сомасы,
алу
осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген ағымдағы салықтық кезеңде кірісті түзету сомасы,
алу
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар түріндегі салықтық шегерімдердің және осы Кодекстің 346-бабы 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген стандартты шегерімдердің сомасы.»;
алты жүз тоқсан төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген кірісті түзету сомасы,»;
2-тармақтың 7) тармақшасының бір жүз алпыс үшінші - бір жүз алпыс тоғызыншы абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді