Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық эпизоотияға қарсы отряд республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық эпизоотияға қарсы отряд мемлекеттік мекемесін филиалдарымен бірге құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2158 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) таратылсын.
2. Орналасқан жері Астана қаласы болып белгіленіп Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) және осы қаулыға қосымшаға сәйкес оның облыстардағы филиалдары құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнама белгіленген тәртіппен:
1) мекеменің жарғысын бекітуді және әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етуді;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, таратылатын кәсіпорынның кредит берушілерінің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлікті мекемеге беруді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыны іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.
4. Мекеме қызметінің негізгі мәні:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жою;
2) ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялау;
3) мемлекеттік органдардың шешімімен жануарлардың аса қауіпті ауруларымен ауыратын жануарларды алып қою және жою;
4) ветеринариялық препараттардың республикалық қорым сақтау болып айқындалсын.
5. Мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
7. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтарды қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 2158 қаулысына
қосымша
«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалдарының
ТІЗБЕСІ
Р/с № | Филиалдың атауы | Орналасқан жері |
1 | «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Ақмола филиалы | Көкшетау қаласы |
2 | «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Ақтөбе филиалы | Ақтөбе қаласы |
3 | «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Алматы филиалы | Алматы қаласы |
4 | «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Атырау филиалы | Атырау қаласы |
5 | «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Шығыс Қазақстан Қазақстан филиалы | Семей қаласы |
6 | «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Жамбыл филиалы | Тараз қаласы |
7 | «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Батыс Қазақстан филиалы | Орал қаласы |
8 | «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Қарағанды филиалы | Қарағанды қаласы |
9 | «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Қостанай филиалы | Қостанай қаласы |
10 | «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Қызылорда филиалы | Қызылорда қаласы |
11 | «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Маңғыстау филиалы | Ақтау қаласы |
12 | «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Павлодар филиалы | Павлодар қаласы |
13 | «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Солтүстік Қазақстан филиалы | Петропавл қаласы |
14 | «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» MM Оңтүстік Қазақстан филиалы | Шымкент қаласы |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 2158 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2014.28.05. № 563 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 164 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 7, 82-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
1-тармақ алынып тасталсын;
«Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі».
4. ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 6-жолда:
3-бағанда «13135», «5119» деген сандар тиісінше «13335», «5339» деген сандармен ауыстырылсын;
«Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы 84» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» 220».