3) 19-баптың 1-тармағы «бастауыш» деген сөздің алдынан «мектепке дейінгі,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 26-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балаларды, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды қабылдауды қамтамасыз ететін мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі тиісті үлгідегі оқу орындарына қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде жергілікті атқарушы органдар бекітетін қабылдау қағидаларында белгіленеді.»;
5) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу отбасында немесе бір жастан бастап мектеп жасына жеткенге дейін мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асырылады.
Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы және ұсынымдары ескеріле отырып, мектеп жасына жеткенге дейін мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асырылады.»;
6) 52-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Білім беру ұйымдарының жұмыскерлеріне ауылдық жерде жұмыс істегені үшін, сынып жетекшілігі үшін, дәптерлерді, жазбаша жұмыстарды тексергені үшін, оқу кабинеттеріне меңгерушілік еткені үшін, пәндерді тереңдетіп оқытқаны үшін, эксперимент режимінде жұмыс істегені үшін, ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы және басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүргізіледі.»;
7) 53-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог жұмыскерлеріне:
1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қала жағдайында педагогтік қызметті жүзеге асыратын педагог жұмыскерлердің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес пайызға арттырылып белгіленеді;
2) жергілікті өкілді органдар бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі.».
21. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 12, 36-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 4-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «жақсарту принциптеріне негізделеді.» деген сөздер «жақсарту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) кемсітпеушілік қағидаттарына негізделеді.»;
2) 8-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мыналарды:
халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын;
білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік жұмыскерлерді аттестаттау қағидаларын;
әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын;
білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау қағидаларын;
халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидаларын;
арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын;
арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;»;
3) 10-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан, әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау қағидаларын әзірлейді және халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді;».
22. «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):
13-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сыртқы барлау субъектілерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері кадрлар есебінде, қолданыстағы резервте және запаста тұрады. Сыртқы барлау субъектілерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қару мен арнайы құралдарды алып жүруге, сақтауға құқығы бар.
Сыртқы барлау органының басшысы қызметкерлердің жекелеген санаттарының сыртқы барлау органындағы қызметке алынғанға дейінгі еңбек қызметі өтілін олардың еңбек сіңірген жылдарына есептейді.
Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерінде және өзге де шетелдік ұйымдарда, қылмыстық топтарда тапсырмаларды орындаған уақыты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен зейнетақы төлемдерін тағайындау, арнаулы атақ беру және лауазымдық айлықақы есептеу үшін жеңілдікпен есептеле отырып, еңбек сіңірген жылдарына есепке жатқызылуға тиіс.».
23. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 148-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат):
1) 42-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әйел қызметкерлерге жүктілігіне және босануына байланысты демалыстардың ұзақтығы, берілу мен ақы төлеу шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен белгіленеді.»;
2) 78-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатарынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға алушы қайтыс болған күнге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің үш айлық мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
Қызметкерлер қатарынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алған қайтыс болғандардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты жәрдемақының тағайындалуына қарамастан, біржолғы жәрдемақылар: әйеліне (күйеуіне) - қайтыс болған күніне оған төленетін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің үш айлық мөлшерінде және отбасының еңбекке қабілетсіз әрбір мүшесіне асыраушының еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің бір айлық мөлшерінде төленеді.
Осы тармақта көзделген біржолғы жәрдемақының мөлшерін айқындау кезінде жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелері қатарына: жасына және еңбек қабілеттілігіне қарамастан, әйелі (күйеуі); он сегіз жасқа толмаған немесе, егер олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалса немесе асыраушысы қайтыс болған күнге білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алып жатса және жиырма үш жасқа толмаған болса, осы жастан үлкен балалары; қайтыс болғанның асырауында болған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен не мүгедек болып табылатын ата-анасы кіреді.»;
3) 81-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көрсетілген ережелер арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметінің жалпы ұзақтығына қарамастан, 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына және бітімгершілік операцияларға қатысушыларға қолданылады.».
24. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 35-1) тармақшамен толықтырылсын:
«35-1) Қарулы Күштердің Жоғары Қолбасшылығының президенттік резерві - Қарулы Күштердің Жоғары Қолбасшылығының лауазымдарына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет өткеру қағидаларында (бұдан әрі - Әскери қызмет өткеру қағидалары) айқындалған ерекше іріктеу тәртібінен өткен Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің тізімі;»;
48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«48) уәкілетті лауазымды адам - Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасу құқығы берілген лауазымды адам;»;
2) 4-тарау мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:
«26-1-бап. Қарулы Күштердің Жоғарғы Қолбасшылығының президенттік резерві
1. Қарулы Күштердің Жоғарғы Қолбасшылығының президенттік резерві Қарулы Күштердің Жоғарғы Қолбасшылығының лауазымдарына орналасу үшін әскери қызметшілерді сапалы іріктеу мақсатында қалыптастырылады.
2. Қарулы Күштердің Жоғарғы Қолбасшылығының президенттік резервін қалыптастыру тәртібі Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады.»;
3) 44-баптың 8-тармағының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің уәкілетті органның басшысы айқындайтын тәртіппен әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүруге құқығы бар.
Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілерге басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан кезде Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша уәкілетті органның басшысы айқындайтын тәртіппен автомобиль жолының әрбір 20 километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекет есебінен төленеді.»;
4) 50-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Әскери қызметтен шығарылған адамдардың (Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының шегінде әскери есепке қойылатын жерге немесе таңдалған тұрғылықты жеріне теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен мемлекет есебінен жол жүруге құқығы бар.
Әскери қызметтен шығарылған адамдарға (мерзімді әскери қызметтен, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша автомобиль жолының әрбір 20 километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекет есебінен төленеді.
Осы тармақтың күші 2017 жылғы 13 маусымнан кейін әскери қызметтен шығарылған адамдарға қолданылады.».
25. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15,7 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.»;
2) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Еңбек өтілін растау
1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезең үшін есепке алынады.
2. Еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар не соттың шешімі негізінде белгіленеді.»;
3) 14-1-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауды мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган жүргізеді.
4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау өтініш жасалған күннен бастап жүргізіледі. Өтініш пен қажетті құжаттар Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күн мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш жасалған күн деп есептеледі.»;
4) 15-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Талап етілетін еңбек өтілінен артық 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға ұлғайтылады, бірақ бұл жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін есепке алынатын кірістің 75 пайызынан аспайды.
Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің толық көлемде есептелген мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болса, жасына байланысты зейнетақы төлемдері ең төмен зейнетақы мөлшерінде тағайындалады.»;
5) 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері өтініш жасалған күннен бастап тағайындалады. Өтініш пен қажетті құжаттар Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күн жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күн деп есептеледі.»;
25-тармақтың 6) тармақшасы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6) 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен өзара іс-қимыл жасауды;»;
7) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Өткен уақыт үшін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу
1. Тағайындалған, бірақ алушы талап етпеген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін, бірақ оларды алуға өтініш жасалған күнге дейінгі үш жылдан аспайтын уақыт үшін төленеді.
2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның кінәсінан уақтылы алынбаған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін мерзімдері шектелмей төленеді.»;
8) 25-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіпқой медиаторлар, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге жататын, әрбір ай үшін есептелетін өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналары алатын кірісінің 10 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.»;
25-тармақтың 9) тармақшасы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9) 34-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;»;
10) 39-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
11) 65-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұрғылықты жерге келген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшілері, ішкі істер органдарының қызметкерлері қатарынан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай жабдықталымның мөлшері Қазақстан Республикасы әскери қызметшілерінің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің ұқсас не теңестірілген лауазымы бойынша қызметтен шығарылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күніне айқындалады.»;
5-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
12) 66-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетте есептелген еңбек сіңірген жылдары қайта қарауға жатпайды.»;
13) 68-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметтен шығарылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күннен бастап, бірақ ақшалай жабдықталым төленген күннен ерте емес және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күнге дейін үш жылдан аспайтын мерзімге тағайындалады және жүзеге асырылады.
Өтініш пен қажетті құжаттар тиісті мемлекеттік органда тіркелген күн еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күн деп есептеледі.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алған жағдайда, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күннен бастап, бірақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін төлеу тоқтатылған күннен ерте емес жүзеге асырылады.»;
«3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұрғылықты жерге келген адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері өтініш жасаған күннен бастап, бірақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетте зейнетақы төленген күннен ерте емес жыл сайынғы индексациялар ескеріле отырып, тағайындалады (қайта басталады).»;
14) 70-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«70-бап. Әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар
Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауды тиісті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.».
26. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23- ІІІ, 111-құжат):
1) 1-баптың 19-тармағы 2) тармақшасының он алтыншы абзацындағы «кезеңдері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есепке жатқызылады.» деген сөздер «кезеңдері;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он жетінші және он сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
«9) бөгденің көмегіне мұқтаж І топтағы мүгедекке, ІІ топтағы жалғызбасты мүгедекке және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қартқа күтім жасаған уақыт;
10) осы Заңның 24-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдардың еңбек қызметінің кезеңдері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есепке жатқызылады. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген кезеңдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүзеге асырылған жағдайда есепке жатқызылады.»;
2) 3-баптың 1) тармақшасындағы «он жетінші және он сегізінші» деген сөздер «он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы» деген сөздермен ауыстырылсын.
27. «Қайырымдылық туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-І, 139-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) кіші отан - аумағында жеке тұлға туған және (немесе) өз өмірінің бір бөлігін өткізген Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі;
4-2) кіші отанға қолдау көрсететін адам - кіші отанға қолдау көрсететін жеке тұлға;
4-3) кіші отанды қолдау - патриотизмге негізделген, кіші отанға қолдау көрсетуге бағытталған ерікті қызмет;»;
5) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қайырымдылық - қайырымдылық көмек көрсетуге және ізгілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген, филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызмет, сондай-ақ кіші отанға қолдау көрсету түрінде ерікті, өтеусіз не жеңілдікті шарттармен жүзеге асырылатын әлеуметтік пайдалы қызмет;»;
«9) қайырымдылық жасаушы - қайырымдылықты жүзеге асыратын адам, филантроп және (немесе) демеуші және (немесе) меценат және (немесе) кіші отанға қолдау көрсететін адам;»;
2) 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Филантропиялық, демеушілік, меценаттық қызмет, кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызмет қайырымдылықтың түрлері болып табылады.»;
3) 6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қайырымдылық жасаушылар филантропиялық және (немесе) демеушілік және (немесе) меценаттық қызметті және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай алады.»;
4) мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:
«6-1-тарау. Кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі
30-1-бап. Кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызмет объектілері
Осы Заңның 4-бабының 2-тармағына сәйкес кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызмет объектілері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі;
2) кіші отанға қолдау көрсететін адамның кіші отанындағы ғылым, білім беру, мәдениет, өнер, спорт объектілері, аумақтар;
3) кіші отанға қолдау көрсететін адамның кіші отанындағы өзге де объектілер.
30-2-бап. Жеке тұлғаның кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметі
Жеке тұлға өзінің жеке меншігіндегі мүлікті және (немесе) өзінің зияткерлік қызметінің нәтижелерін пайдалана отырып, кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметпен айналысады.».