37-бап. Кедендік тасымалдаушының міндеттері
Кедендік тасымалдаушы:
1) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде осы Кодексте белгіленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізуге және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына мұндай тауарларды тасымалдау туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ұсынуға;
3) осы Кодекстің 331 және 332-баптарында көзделген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауға;
4) тауарларды жөнелтушіден, оларды алушыдан немесе экспедитордан алған мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия (жасырым) болып табылатын ақпаратты не басқа да жабық ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етпеуге не өз мақсаттары үшін пайдаланбауға және өзге тұлғаларға бермеуге;
5) кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілген кезінде өзі мәлімдеген мәліметтер өзгергені туралы кеден ісі саласындағы уәкілетті органды мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
38-бап. Кедендік тасымалдаушының жауапкершілігі
Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде өзінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кедендік тасымалдаушы осы Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауапты болады.
39-бап. Уақытша сақтау қоймасының иесі
1. Осы Кодекстің 40-бабында айқындалған шарттарға сай келетін Қазақстан Республикасының аумағында құрылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы уақытша сақтау қоймасының иесі болып табылады.
Заңды тұлға уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін уақытша сақтау қоймасының иесі болып танылады.
2. Уақытша сақтау қоймасының иесі Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген жағдайларда және шарттарда кедендік бақылаудағы тауарларды сақтауды жүзеге асырады.
3. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органының аумақтық бөлімшелері уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміндегі ақпаратты, сондай-ақ тиісті қызметті тоқтата тұру, қайта бастау немесе аталған тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректерді кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына жаңартылған тізілімді орналастыруды қамтамасыз етеді.
40-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары
1. Мыналар:
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, оралымды басқаруында немесе жалға алынған, уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сай келетін:
көлік құралдарының аумаққа кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың қойма аумағында соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған аумаққа және (немесе) үй-жайларға (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйесінің болуы;
қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің және арнаулы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспаптарының болуы;
техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы;
тауарларды тексеріп қарау үшін орындардың, оның ішінде электр жарығымен жарақтандырылған және соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған орындары бар жабық алаңдардың болуы;
тексеріп қарау орны периметрі бойынша сары түсті бояумен белгіленген (сызылған) болуы және бейнебақылау құралдары үшін көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс;
жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ осы Кодекстің 186-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленуге және оның бетон немесе асфальт төсемі болуға тиіс;
аумақта қойма қызметіне байланысы жоқ ғимараттар (құрылыстар) мен имараттар орналаспауға тиіс;
жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдар) біртұтас және бөлінбейтін кешен болуға, бір почта мекенжайы бойынша орналасуға және барлық периметрі бойынша бірыңғай үздіксіз қоршауы болуға тиіс үй-жайлардың және (немесе) ашық алаңдардың болуы;
2) сақтауда тұрған басқа тұлғалардың тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан туындауы мүмкін өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының болуы. Сақтандыру сомасының мөлшері шартта белгіленеді;
3) кеден органына өтініш берген күні кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттемелердің болмауы;
2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) кеден органына өтініш берілген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532 - 534, 538, 539, 540, 552, 555, 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.
2. Егер үй-жайларды және (немесе) ашық алаңдарды иелену жалға алу шарты негізінде жүзеге асырылатын болса, мұндай шарт уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш кемінде бір жыл мерзімге берілген күнге жасалуға тиіс.
41-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш уақытша сақтау қоймалары иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты қоса беріле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда ұсынылады.
Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға электрондық құжат нысанында беруге құқылы.
2. 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Өтініште қызмет аймағында қойма құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі оны тіркеген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш берушінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 47-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігін қарап-тексереді.
Қарап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш беруші кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай құжаттардың:
1) қызметті жүзеге асыру кезінде уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған үй-жайларға және (немесе) ашық алаңдарға иелік ету құқығын растайтын құжаттардың;
2) уақытша сақтау қоймасы ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарларының, сызбаларының;
3) қажетті тиеу-түсіру механизмдері мен арнаулы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сай келетін сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспабының бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қалатын, үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі.
5. Тізілімге енгізу туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 1 және 4-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш беруші осы Кодекстің 40-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады.
7. Тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген немесе енгізуден бас тартқан жағдайда кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өтініш берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.
42-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру
1. Уақытша сақтау қоймасы иесінің жазбаша өтініші бойынша ол жүзеге асыратын қызмет алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
2. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім аталған тұлғаның өтініші тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызмет аймағына қойма құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап тауарларды уақытша сақтау қоймасына орналастыруға жол берілмейді.
4. Уақытша сақтаудағы халықаралық тасымалдаудың тауарлары мен көлік құралдары осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзге уақытша сақтау орындарына орналастырылуға және (немесе) басқа кедендік рәсіммен орналастыруға мәлімделуге тиіс.
5. Уақытша сақтау қоймасы иесінің жазбаша өтініші бойынша ол жүзеге асыратын қызмет (осы Кодекстің 40-бабында айқындалған шарттарды сақтаған кезде) аталған тұлғаның өтініші тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен қайта басталады.
6. Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы немесе аталған қойма иесінің тиісті қызметті қайта бастауы туралы кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығы қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мұндай ақпарат аталған қойма иесіне жазбаша нысанда жіберіледі.
43-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару үшін негіздер
1. Уақытша сақтау қоймасының иелерінің тізілімінен шығару үшін:
1) осы Кодекстің 40-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттарының сақталмауы;
2) уақытша сақтау қоймасы иесінің осы Кодекстің 44-бабының 1) - 5), 7) және 8) тармақшаларында көзделген міндеттерді сақтамауы;
3) уақытша сақтау қоймасы иесінің өзін уақытша сақтау қоймасы иесінің тізілімінен шығару туралы өтініші;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның таратылуы;
5) қайта құрылуды қоспағанда, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негіз болып табылады.
2. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару туралы шешім шығару себептері көрсетіле отырып, қызметі қойма құрылған аймақтағы кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді.
3. Бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті ақпарат аталған қойма иесіне жазбаша нысанда жіберіледі.
4. Тұлға осы баптың 1-тармағының 1)-4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығарылған жағдайда, аталған тұлғаның тиісті тізілімге енгізу туралы қайтадан берген өтінішін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тұлғаны мұндай тізілімнен шығару туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін қарайды.
44-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің міндеттері
Уақытша сақтау қоймасының иесі:
1) тауарларды уақытша сақтау кезінде осы Кодексте белгіленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарының бейнеақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
2) уақытша сақтау қоймасындағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) сақталатын тауарлардың есебін жүргізуге және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына олар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ұсынуға;
4) уақытша сақтау қоймасының қызметкерлері болып табылмайтын және тауарларға қатысты өкілеттігі жоқ бөгде адамдарды сақтауда тұрған тауарларға кеден органының рұқсатынсыз жібермеуге;
5) сақтауда тұрған тауарларға кеден органы лауазымды адамдарының қол жетімділігіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;
6) уақытша сақтау қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда уақытша сақтау қоймасына тауарларды орналастырған тұлғаларға осы қойманың жұмыс істеуін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мұндай шешім туралы хабарлауға;
7) осы Кодекстің 270-бабында көзделген жағдайларда кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауға;
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергендігі туралы мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күн ішінде хабардар етуге;
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) уақытша сақтау қоймасына орналастыру үшін тауарларды көлік құралдарынан түсіру қажет болған кезде қоймаға орналастыру мақсаты үшін тасымалдаушы түсіру жұмыстарының басталуын тауарға ілеспе құжаттарды табыс еткен кезден бастап төрт сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде қамтамасыз етуге міндетті.
Уақытша сақтау қоймасының аумағы тек осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес пайдаланылуға тиіс. Көрсетілген орындарды өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.
45-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің жауапкершілігі
Уақытша сақтау қоймасының иесі тауарларды уақытша сақтау кезінде өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
46-бап. Кеден қоймасының иесі
1. Осы Кодекстің 47-бабында айқындалған талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы кеден қоймасының иесі болып табылады.
Заңды тұлға кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін кеден қоймасының иесі болып танылады.
2. Кеден қоймасының иесі осы Кодексте белгіленген жағдайларда және шарттарда кедендік бақылаудағы тауарларды сақтауды жүзеге асырады.
3. Кеден қоймасы иесінің декларанттармен немесе өзге мүдделі тұлғалармен қатынасы шарт негізінде құрылады.
4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі кеден қоймалары иелерінің тізіліміндегі ақпаратты, сондай-ақ тиісті қызметті тоқтата тұру, қайта бастау немесе аталған тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректерді кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жолдайды.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына жаңартылған тізілімді орналастыруды қамтамасыз етеді.
47-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары
1. Мыналар:
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, оралымды басқаруында немесе жалға алынған, уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сай келетін үй-жайлардың және (немесе) ашық алаңдардың болуы:
ашық үлгідегі қоймалар үшін - қойма аумағында соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған аумаққа көлік құралдарының кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың және аумаққа (немесе) үй-жайларға (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйесінің болуы;
қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің және арнаулы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспаптарының болуы;
техникалық жарамды кіреберіс жолдардың болуы;
тауарларды тексеріп қарау үшін орындардың, соның ішінде электр жарығымен жарақтандырылған және соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған жабық алаңдардың болуы;
тексеріп қарау орындары периметрі бойынша сары түсті бояумен белгіленген (сызылған) болуға және бейнебақылау құралдары үшін көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс;
жапсарлас тиеу-түсіру алаңын қоса алғанда, аумақ осы Кодекстің 186-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленуге және бетон немесе асфальт төселуге тиіс;
аумақта қойма қызметімен байланысты емес ғимараттар (құрылыстар) мен имараттар орналаспауға тиіс;
жапсарлас тиеу-түсіру алаңын қоса алғанда, аумақ (бір немесе бірнеше қойма үй-жайы мен алаң) біртұтас және бөлінбейтін кешен болуға, бір почта мекенжайы бойынша орналасуға және барлық периметрі бойынша бірыңғай үздіксіз қоршауы болуға тиіс;
2) басқа тұлғалардың сақтауда тұрған тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан туындауы мүмкін өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының бар болуы. Сақтандыру сомасының мөлшері шартта белгіленеді.
3) кеден органына өтініш берген күні кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттемелердің болмауы;
2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) кеден органына өтініш берілген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532-534, 538, 539, 540, 544, 552, 555, 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы заңды тұлғаларды кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.
2. Егер үй-жайларды және (немесе) ашық алаңдарды иелену жалға алу шарты негізінде жүзеге асырылатын болса, мұндай шарт уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күні кемінде бір жыл мерзімге жасалуға тиіс.
48-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш кеден қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты қоса беріле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда ұсынылады.
Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға электрондық құжат нысанында беруге құқылы.
2. 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Өтінішті қызмет аймағында қойма құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тіркеген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш берушінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 47-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігін қарап-тексереді.
Қарап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш беруші кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай құжаттардың:
1) қызметті жүзеге асыру кезінде уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған үй-жайларға және (немесе) ашық алаңдарға иелік ету құқығын растайтын құжаттардың;
2) кеден қоймасы ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарларының, сызбаларының;
3) қажетті тиеу-түсіру механизмдері мен арнаулы техниканы, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сай келетін сертификатталған таразы жабдығын, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспабын иелену құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қалатын, үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі.
5. Тізілімге енгізу туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 1 және 4-тармақтарында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш беруші осы Кодекстің 47-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайларда қабылданады.
Аталған бұзушылықтарды өтініш беруші жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.
7. Тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген немесе енгізуден бас тартылған жағдайда кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өтініш берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.
49-бап. Кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру
1. Кеден қоймасы иесінің жазбаша өтініші бойынша ол жүзеге асыратын қызмет алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
2. Кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім аталған тұлғаның өтініші тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызмет аймағына қойма құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.