135-бап. Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім және оның қолданылу мерзімі
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы не оны ұсынудан бас тарту туралы шешім төлеушінің кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтініші және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген құжаттар берілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылданады.
Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы өтініште көрсетілетін мәліметтер тізбесі Қазақстан Республикасының халықаралық шартында айқындалады.
2. Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы не оны ұсынудан бас тарту туралы шешім жазбаша нысанда жасалады, оған кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің не кеденнің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды. Осы шешім көрсетілген кеден органы кедендік баждарды төлеу мерзімін ұзарту немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешімді қабылдаған күннен кейінгі келесі күннің аяқталуынан кешіктірілмей төлеушіге жіберіледі.
Кедендік баждарды бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешімге бөліп-бөліп төлеуді ұсынған кеден органының келісімі бойынша төлеуші жасаған кезең-кезеңмен төлеу кестесі қоса беріледі. Көрсетілген кесте кедендік баждарды төлеу мерзімін белгілейді және осы шешімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
3. Төлеу мерзімін кейінге қалдыруға немесе бөліп-бөліп төлеуге мәлімделген кедендік баж сомасын есептеп шығару үшін Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес белгіленетін және кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы өтініш кеден органында тіркелген күні қолданыста болған валюталардың нарықтық бағамы қабылданады.
4. Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсынудан бас тарту туралы шешімде мұндай бас тартудың себебі туралы мәлімет қамтылуға тиіс.
Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім Қазақстан Республикасының халықаралық шартында айқындалған жағдайларда жойылуға жатады. Бұл ретте мұндай шешімді жойған кеден органы кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді алу туралы өтініш берген тұлғаны жазбаша нысанда хабардар етеді.
136-бап. Ұсынылған кедендік бажды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу сомаларын өтеу мерзімдері
1. Кедендік бажды төлеу мерзімдері өзгерген кезде төлеуші:
1) төлеу мерзімін кейінге қалдыру ұсынылған кезде - кейінге қалдыру мерзімі аяқталған күннен кешіктірмей;
2) бөліп-бөліп төлеу ұсынылған кезде - кедендік әкелу бажын төлеу бойынша бөліп-бөліп төлеуді өтеу кестесіне сәйкес кедендік бажды төлеу мерзімінен кешіктірмей кедендік баждар сомасын өтеуді жүргізеді.
2. Төлеуші төлеу мерзімі өзгертілген кедендік баждың сомасын уақтылы өтемеген немесе өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалануға арналып әкелінген тауарды көрсетілген төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеудің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өткізген жағдайларда, кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі не кеден осы Кодекстің 18-тарауында көзделген тәртіппен кедендік баждың барлық сомасын өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдайды.
137-бап. Кедендік бажды төлеудің мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешімнің қолданысын тоқтату
Кедендік бажды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешімнің қолданылуы мынадай мерзімдерде:
1) кеден органы кедендік бажды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешімде белгілеген төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу мерзімі аяқталғанда;
2) төлеуші кедендік бажды төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы шешімде көрсетілген кедендік баждың барлық сомасын мерзімінен бұрын өтеген кезде;
3) төлеуші төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеудің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырмастан өнеркәсіптік өңдеуде пайдалану үшін әкелінген тауарларды өткізген кезде тоқтатылады.
138-бап. Кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлдарды төлеу және аудару тәртібі
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Кедендік баждар, салықтар мен өсімпұлдар, кедендік транзит кедендік рәсімімен шығарылған тауарларды қоспағанда, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған кеден органында немесе аумағында тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу фактісі айқындалған кеден органында төленеді (өндіріліп алынады).
2. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет туындаған жағдайда, кедендік баждар, салықтар тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес шығарған кеден органына төленуге тиіс.
Транзиттік кеден рәсімімен орналастырылған тауарлар Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында екендігі Қазақстан Республикасының халықаралық шартында айқындалған тәртіппен анықталса (расталса), кедендік баждар, салықтар Кеден одағына мүше осы мемлекетте төленуге тиіс.
3. Төлеуші кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлдарды бюджетке ұлттық валютамен қолма-қол ақша әдісімен және қолма-қол ақшасыз әдіспен, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген тәртіппен есепке жатқызуды жүргізу жолымен төлейді.
4. Кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлдарды төлеу кедендік баждардың, салықтар мен өсімпұлдың түріне сәйкес Қазақстан Республикасының кірістердің бірыңғай бюджеттік сыныптамасының (бұдан әрі - бюджеттік сыныптау кодтары) тиісті кірістер коды бойынша жүргізіледі.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5. Төлеушiлер кедендiк баждарды, салықтар мен өсімпұлдарды төлеудi екiншi деңгейдегi банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргiзедi. Кедендiк баждарды, салықтар мен өсiмпұлдарды төлеуге арналған төлем құжаттарында төлеушi кеден ісі саласындағы уәкілетті орган регламенттеген тәртіппен айқындалатын салық органының (бұдан әрi - бенефициар салық органы) деректемелерiн көрсетедi.
6. Төлеушінің тапсырмасы бойынша кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлды үшінші тұлғалар төлеген кезде төлем құжатының төлем арналымында кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлды төлеу жүргізетін төлеушінің толық атауы, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмірі қосымша көрсетіледі.
7. Төлеушінің кедендік баждар, салықтар бойынша алда тұрған міндеттемелерінің есебіне аванспен кедендік баждарды, салықтарды енгізуге құқығы бар. Кедендік баждардың, салықтардың түрлері бойынша оларды аванспен енгізу кірістердің бірыңғай бюджеттік сыныптау кодтары бойынша жүргізіледі.
8. Кедендік әкелу баждарының төленген (өндіріп алынған) сомалары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен Кеден одағына мүше мемлекеттер арасында есепке жатқызуға және бөлуге жатады.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Төлеуші немесе үшінші тұлға төлеушінің шотына кеден баждарын, салықтар мен өсімпұлды төлеген кезде, тауарларды шығару үшін мына мәліметтер мен құжаттардың біреуі немесе бірнешеуі олардың төленгенiнің растамасы болып табылады:
1) қазынашылық органдары мемлекеттік кіріс органдарына күн сайын беретін бюджеттік сыныптаманың кодтары бойынша түсімдер есептілігі нысандары бойынша деректер;
2) төленген кеден баждары мен салықтар туралы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы екінші деңгейдегі банктер және жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар берген мәліметтер мен ақпарат;
3) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайда - «электрондық үкімет» жүйесінде жасалатын электрондық чек;
4) мемлекеттік кіріс органдарының ғимараттарында орналасқан екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның электрондық терминалдары арқылы төленген жағдайда - екiншi деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның электрондық терминалдары беретін чек;
5) мемлекеттік кіріс органдарының ғимараттарында орналасқан банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кассалары арқылы төлеген жағдайда екiншi деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым кассаларының түбіртегі.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мемлекеттік кіріс органдарында осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтер және ақпараттар болмаған жағдайда ғана талап етіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген екiншi деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мемлекеттік кіріс органдарымен жасасқан тиісті шарттары болуы тиіс.
Тауарларды шығару мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның филиалдары кедендік баждарды, салықтарды бюджетке төлеген кезде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем құжаттары көрсетілген кедендік баждардың, салықтардың бюджетке төленгенін растайтын құжаттар болып табылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында реттелмеген кедендiк әкету баждары мен өсімпұлдарды төлеу жөнiндегi мiндеттердi орындау тәртiбi, нысандары, төлеу шарттары, кезi осы Кодексте белгiленедi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Осы Кодексте және Кеден одағының кеден кодексінде реттелмеген бюджетке аудару, артық (қате) төленген немесе бюджеттен артық өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың сомаларын қайтару (есепке жатқызу) қағидаларын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Осы Кодекстің 301-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті тоқтату үшін кедендік баждар, салықтар сомасын төлеу декларанттың немесе шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие тұлғаның аталған тауарларды шартты түрде шығаруды жүргізетін кеден органына берген, кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомасын төлегенін растайтын төлем құжаттары, сондай-ақ тауарларды шартты түрде шығару жүзеге асырылатын кедендік декларацияның көшірмесі қоса берілген өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Кедендік баждар, салықтар тауарларды шартты түрде шығару жүзеге асырылатын кедендік декларацияда есептелген және кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілуіне байланысты төленбеген кедендік баждар, салықтар сомасына сәйкес келетін мөлшерде төленеді.
Осы Кодекстің 131-бабының 5-тармағында көзделген кедендік баждар мен салықтарды төлеу мерзімдері бұзылған кезде, кедендік баждар мен салықтарды есептеу осы Кодекстің 158-бабына сәйкес кедендік баждар мен салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұлдар есепке жазыла отырып жүргізіледі.
139-бап. Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың бюджетке кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды аудару бөлігіндегі міндеттері
Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:
139-бабының 1) тармақшасының қолданылуы ҚР 2010.30.06. № 298-IV Заңына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды. Тоқтатыла тұру кезеңінде банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бюджетке кедендік төлемдерді, салықтарды, өсімпұлдарды төлеу жөнінде төлем құжаттарын қабылдау кезінде салық төлеушінің тіркеу нөмірінің құрылымына (қалыптастыру алгоритміне) және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес салық төлеушінің тіркеу нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндеттілігі белгіленіп тоқтатылды
1) бюджетке кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды төлеу үшін Қазақстан Республикасының резиденттерінен төлем құжаттарын қабылдаған кезде төлеушінің сәйкестендіру нөмірінің сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру қағидаларына және Қазақстан Республикасының сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органының деректеріне сәйкес дұрыс көрсетілуін бақылауға;
2) бюджетке кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды төлеу үшін Қазақстан Республикасының резидент еместерінен төлем құжаттарын қабылдаған кезде жеке басын куәландыратын құжаттардың және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттардың дұрыс көрсетілуін бақылауға;
3) төлеушінің банк шотында ақша жеткілікті болған кезде төлеушінің кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар сомаларын аударуға тапсырмасын орындауды кешіктірмеуге және оны бір операциялық күн ішінде орындауға;
4) кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды төлеуші қолма-қол ақшаны екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күннен кейінгі келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;
5) кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды төлеу екінші деңгейдегі банктердің электрондық терминалы арқылы, төлем карточкасын пайдаланып жүргізілген жағдайда, төлеушінің банк шотынан қолма-қол ақша есептен шығарылған күннен кейінгі келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға міндетті.
140-бап. Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың төленуін бақылау
1. Кеден органдары өндіріп алу өздеріне жүктелген кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке дұрыс есептелуіне және уақтылы төленуіне бақылауды жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ төлеушінің жеке шоттарын жүргізу тәртібі осы Кодексте белгіленеді, ал онда реттелмеген бөлігін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
141-бап. Кедендік баждарды, салықтарды және кедендік алымдар мен өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндеттеменің орындалуын есепке алу
1. Кедендік баждарды, салықтарды және кедендік алымдар мен өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндеттеменің орындалуын есепке алуды кеден органы төлеушінің жеке шотын жүргізу арқылы жүзеге асырады.
2. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есептелген, есепке жазылған (кемітілген), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескерілген) сомасын есепке алуға арналған құжат, оның ішінде электрондық нысандағы құжат төлеушінің жеке шоты болып табылады.
3. Кеден органының төлеушінің жеке шотын жүргізуі:
жеке шотты ашуды;
жеке шотта бұдан әрі кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есептелген, есепке жазылған, кемітілген, аударылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын көрсетуді;
жеке шотты жабуды қамтиды.
4. Мыналар:
төлеуші кедендік декларацияда, кедендік декларацияның түзетуінде;
кеден органы осы Кодекстің 290, 399 және 405-баптарына сәйкес жүргізген кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомасын ұлғайтуды немесе кемітуді қамтитын сома кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдың есептелген (кемітілген) сомасы болып табылады.
5. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомасын ұлғайтуды немесе кемітуді қоса алғанда:
кедендік бақылау нәтижелері бойынша;
жоғары тұрған кеден органының не соттың төлеушінің пост-кедендік бақылау нәтижелері туралы хабарламасына, кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) төлеушінің шағымын қарау нәтижелері бойынша;
бақылаушы органдардың тексеру нәтижелері бойынша;
алдына ала шешім қабылдау кезінде;
тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру туралы шешім қабылдаған кезде кеден органы алған кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдың есептелген сомасы болып табылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Төлеушінің жеке шоты кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың түрлері бойынша жүргізіледі.
7. Төлеушінің жеке шоты бюджеттік сыныптама кодына сәйкес жүргізіледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Төлеушінің жазбаша өтініші бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша кеден органымен салыстыру кеден органы аталған өтінішті тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Салыстыру аяқталғаннан кейін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, екі данада акт жасалады. Салыстыру актісінің бір данасы төлеушіге тапсырылады, екінші данасы кеден органында қалады.
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 142-бап өзгертілді
142-бап 2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2017 ж. 1 шілдеге дейін 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңының 14-бабының редакциясында қолданылады (бұр.ред.қара)
142-бапқа өзгерістерді қараңыз - 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңы (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
142-бап. Кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі
1. Төлеуші кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді алу үшін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне немесе кеденге өтініш беруге құқылы.
2. Кеден органы аталған берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді:
1) дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны таратуды, қайта ұйымдастыруды мемлекеттік тіркеу кезінде қажетті, кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманы (бұдан әрі осы баптың мақсатында - берешектің жоқ екендігі туралы анықтама);
2) осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзге жағдайларда кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы (бұдан әрі осы баптың мақсатында - берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама) жасау және беру арқылы төлеушіге ұсынады.
3. Кеден органы өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша тоқтатылмаған міндеттемелерді көрсете отырып, кедендік төлемдерді және салықтарды есепке алу деректері бойынша кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтаманы жасайды.
4. Берешектің жоқ екендігі туралы анықтама, берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама кеден органы басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және анықтаманы жасаған кеден органының мөрімен куәландырылады және берілген кезден бастап күнтізбелік отыз күн бойы жарамды болады.
5. Дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған, қайта ұйымдастырылған жағдайда, кеден органы берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманы және (немесе) берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы төлеушінің көрсетілген анықтамалардың біреуін алуға берген өтінішінің және кедендік баждар, салықтар мен кедендік алымдар бойынша салыстырып-тексеру актісінің негізінде береді.
6. Кеден органы төлеушінің көрсетілген анықтамалардың біреуін алуға берген өтініші тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманы және (немесе) берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы беруге міндетті.
16-тарау. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету
143-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің жалпы шарттары
1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау мынадай:
1) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) егер бұл Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделсе, кедендiк баждарды, салықтарды төлеу мерзiмдерiн өзгерту;
3) тауарларды кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру;
4) осы Кодекстің 299 және 300-баптарына сәйкес тауарларды шығару кезінде;
5) тауарларды кедендік қоймаға іс жүзінде орналастырмай, кедендік қойма кедендік рәсімімен орналастыру;
6) кеден аумағында қайта өңдеу рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды баламалы тауарлармен ауыстыру;
7) осы Кодекстің 112-бабына сәйкес тауарларды шартты шығару жүзеге асырылатын кедендік құнды айқындау;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) уәкілетті экономикалық операторлар мәртебесі бар сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың мұндай декларациялауды жүзеге асыруын қоспағанда, мерзiмдiк кедендiк декларациялау;
9) тауарларды алушының қоймаларына осы Кодекстің 265-бабына сәйкес орналастыру;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) кедендiк тасымалдаушы және (немесе) кеден өкiлi ретiнде қызметтi жүзеге асыру;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру үшін және оның уәкілетті экономикалық оператор ретінде қызметті жүзеге асыру;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылды
12) осы Кодекстің 298-бабына сәйкес кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару;
13) осы Кодекстің 96-бабына сәйкес тауарлар шығарылған елді растайтын құжаттар болмаған не табыс етілген құжаттар тиісті түрде ресімделмеген белгілері анықталған және (немесе) анық емес мәліметтер болған;
14) осы Кодекстің 78-бабының 9-тармағына сәйкес тауарларды сыныптау үшін қосымша құжаттарға сұрау салынған жағдайларда қамтамасыз етiледi.
2. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету:
1) егер төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың және пайыздардың сомалары - кедендік декларация тіркелген күні, ал егер кедендік декларация ұсынылмайтын болса, қамтамасыз етуді ұсынбау туралы шешім қабылданған күні қолданыста болған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша бес жүз евроға баламалы сомадан аспайтын болса;
2) осы Кодексте көзделген басқа жағдайларда берілмейді.
3. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді - төлеуші және кеден өкілі, ал тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдаған кезде, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, төлеушінің орнына оларға қатысты кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жүргізілетін тауарларға билік ету, пайдалану және (немесе) пайдалану құқығы бар өзге тұлға да жүргізеді.
4. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тауарларды шығаруды жүзеге асыратын кеден органына беріледі.
Егер кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді кеден өкілі және (немесе) кедендік тасымалдаушы беретін болса, мұндай қамтамасыз ету ол қызмет аймағында тіркелген кеден органына берілуге тиіс.
5. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдаған кезде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жөнелтушінің кеден органына не межелі кеден органына берілуі мүмкін.
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қабылдаған кеден органы осындай қамтамасыз етуді растайтын құжатты табыс етеді. Осындай құжатты беру тәртібі және мұндай құжаттың нысаны, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.
6. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қайтару (есепке жатқызу) кеден органы қамтамасыз етілген міндеттемелердің орындалуына көз жеткізген жағдайда не қамтамасыз етілген міндеттеме туындамаған жағдайда жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)