20-6-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімдер
1. Шағымды мәні бойынша қарау аяқталған соң жазбаша нысанда уәжді шешім шығарылады, ол шағым берген тұлғаға жіберіледі немесе тапсырылады, ал шешімнің көшірмесі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға немесе актісіне (шешіміне) шағым жасалып отырған мемлекеттік органға жіберіледі.
2. Шағымды қарау нәтижесінде шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы не шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдануы мүмкін. Бұл ретте, егер бұл шағым берген тұлғаның немесе мүддесіне орай берілген тұлғаның жағдайын нашарлатуға әкеп соқса, бұрын шығарылған шешім өзгертілмейді.
3. Шағым берген тұлға шағым бойынша қабылданған шешім туралы және оған одан әрі шағым жасау тәртібі туралы хабардар етілуге тиіс. Шағымды қанағаттандырудан бас тарту уәжді болуға тиіс.
20-7-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімнің нысаны мен мазмұны
1. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімде:
1) шешім қабылданған күн;
2) шағымды қарайтын жоғары тұрған мемлекеттік органның (жоғары тұрған лауазымды адамның) атауы;
3) шағым берген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) не заңды тұлғаның толық атауы;
4) жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлға (филиалы мен өкілдігі) үшін бизнес сәйкестендіру нөмірі;
5) лауазымды адамның шағым жасалып отырған әрекетінің (әрекетсіздігінің) немесе мемлекеттік органның шағым жасалып отырған актісінің (шешімінің) қысқаша мазмұны;
6) шағымның мәні;
7) жоғары тұрған мемлекеттік орган (жоғары тұрған лауазымды адам) шағым бойынша шешім шығарған кезде басшылыққа алған Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтемелермен бірге негіздеме көрсетілуге тиіс.
2. Шешімде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және (немесе) шағымды мәні бойынша шешу үшін маңызы бар, сондай-ақ қабылданған шешімге негіз болған өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
5-тарау. Экономика саласында шешімдер қабылдаудың негізгі рәсімдері
21-бап. Экономика саласында шешiмдер қабылдау рәсiмдерiне қойылатын негiзгi талаптар
1. Экономика саласында шешiмдер қабылдау рәсiмдерi:
1) жария және ашық (заңдармен белгiленген шектерде) болуға;
2) мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруге қатысатын, мемлекеттің жұмыстарын атқаруға және қызметтер көрсетуге, тауарлар сатуға, кредиттер алуға үмiткер азаматтар мен ұйымдарға қатысты тендерлiк бастауларға негiзделуге;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) меншiк нысанына және өзге де мән-жайларға қарамастан, шаруашылық қызмет субъектiлерiнiң заң тұрғысынан теңдiгi принципiне негiзделуге;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде уәжді түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда рұқсаттардың автоматты түрде берілетіндігін қамтуға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптар:
1) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттарын бөлуге (оның iшiнде мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру мен мемлекеттік сатып алу кезiнде), кредиттiк ресурстарды бөлуге;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) рұқсаттар беруге;
3) шаруашылық қызмет субъектiлерiне заңдарда белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар беруге;
4) мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруге;
5) мемлекеттік активтердi басқаруға байланысты шешiмдер қабылдау рәсiмдерiне қолданылады.
22-бап. Экономикалық шешiмдер қабылдау саласындағы шектеулер мен тыйымдар
Экономика саласында шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнде:
1) мемлекеттік бюджет қаражаттарының мақсатсыз пайдаланылуына;
2) тауарлар мен қызметтер рыногындағы бәсекенi шектеуге немесе жоюға;
3) табиғи монополияларды және заң актілерінде көзделген жағдайларда қызметтiң жекелеген түрлерiне мемлекет монополиясын қоспағанда, жекелеген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң рыноктағы монополиялық жағдайына;
4) заң актілерінде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының біртұтас рыноктық кеңiстiгi шегiнде капиталдың, еңбек ресурстары мен тауарлардың еркiн қозғалуына кедергiлер белгiлеуге;
5) ел экономикасындағы қазақстандық тауар өндiрушiлердiң үлесiн негiзсiз төмендетуге жол бермейтiн тыйымдар мен шектеулер көзделуге тиiс.
6-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
23-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық
Осы Заңды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
24-бап. Осы Заңның өзге нормативтiк құқықтық актiлермен арақатынасы
1. Осы Заңның ережелерi әкiмшiлiк рәсiмдердiң жекелеген түрлерiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен қабылдау үшiн негiзгi ережелер болып табылады.
2. Осы Заңға сәйкес жекелеген мемлекеттік функцияларды орындау тәртібі туралы заңдарда осы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру тәртібінiң ерекшелiктерiн айқындайтын әкiмшiлiк рәсiмдер белгiленуi мүмкiн.
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу
Осы Заң оның ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгізiледi, осы мерзiм iшiнде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өздерiнiң әкiмшiлiк рәсiмдердi регламенттейтiн заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актілерін осы Заңға сәйкес келтiруге тиiс.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2000 жылғы қарашаның 27-і.
№ 107-II