4. Борышкер, оңалтуды басқарушы берген, банкрот деп тану туралы өтiнiш соттың тиiстi шешiмiнсiз қайтарып алынбайды. Кредитордың (кредиторлардың), прокурордың өтiнiштерін олар борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн қайтарып алуы мүмкiн.
39-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы iске қатысушы тұлғалар
Мыналар:
1) борышкер;
2) кредиторлар;
3) кредиторлардың еңбекақы төлеу жөнiндегi өкiлi;
4) прокурор;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшысы (қатысушысы);
6) уәкiлеттi орган;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) әкімші оңалту немесе банкроттық туралы iске қатысушы тұлғалар бола алады.
8) 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
40-бап. Борышкердiң өтiнiшi
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Борышкер:
1) заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген органының;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) борышкер - дара кәсіпкердің, борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) шешiмi негiзiнде оңалту рәсімін қолдану немесе өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Борышкер осы Заңның 11-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайда өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге міндетті.
41-бап. Борышкер өтiнiшiнiң нысаны мен мазмұны
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында берiледi. Оған борышкер - заңды тұлғаның басшысы не құрылтай құжаттарына сәйкес оны алмастыратын адам, не борышкер - дара кәсіпкер қол қояды.
2. Борышкердiң өтiнiшi:
1) өтiнiш берiлетiн соттың атауын;
2) кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың мүмкiн еместiгiнiң негiздемесiн;
3) онда бар мүлiк, оның iшiнде кепiл ауыртпалығы салынған, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы) және (немесе) лизингідегі мүлiк, банктік шоттардағы ақша, шоттардың нөмiрлерi және банктердiң орналасқан жерi туралы мәлiметтердi, орналасқан жерлерi мен берешек сомалары көрсетiлген дебиторлар тiзбесiн;
4) орындалу мерзiмi басталмаған мiндеттемелерi туралы мәлiметтердi;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) қызметiнiң табиғи монополия саласына қатысы туралы ақпаратты;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) өзімен уақытша басқарушының немесе уақытша әкімшінің өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісім жасалған адамның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе тұлғаның атауын, жеке сәйкестендіру нөмірін немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін;
6) қоса берiлетiн құжаттар тiзбесiн қамтуға тиiс.
Борышкердiң өтiнiшiнде, егер банкроттық немесе оңалту туралы iстi қарау үшін қажет болса, өзге де мәлiметтер, сондай-ақ өтiнiш берушiде бар өтінішхаттар көрсетiлуi мүмкiн.
Борышкер сотқа өтініш берумен бір мезгілде уәкiлеттi органға өтiнiштiң және оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмелерiн жiберуге мiндеттi.
42-бап. Борышкердiң өтiнiшiне қоса берiлетiн құжаттар
1. Борышкердi банкрот деп тану туралы оның өтiнiшiне:
1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiппен және мөлшерде төленгенiн;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) осы Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес борышкердің өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен жүгінуіне негіз болып табылатын орнықты төлем қабілетсіздігін;
3) борышкердiң өтiнiшi негiзделетiн өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса берiледi.
2. Борышкердi банкрот деп тану туралы оның өтiнiшiне сондай-ақ:
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) борышкердің өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылатын, борышкер - дара кәсіпкердің, борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) шешімі;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) өтініш берілген күнге және өтініш берілген жылдың басындағы, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайда, өтініш берілген жылдың алдындағы жылдың басындағы қаржылық есептілік, тиісті берешектің сомалары мен түзілген күні көрсетіле отырып, барлық кредитор мен дебитордың тізбесі (жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) толық атауы, заңды мекенжайы);
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) еңбекке ақы төлеу бойынша кредиторлардың (осындай кредиторлар бар болған кезде) банкроттық туралы iске қатысу үшiн олардың өкiлi жасырын дауыс беру арқылы сайланған жиналысының (конференциясының) хаттамасы;
4) құрылтайшылық құжаттарының көшiрмелерi;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) егер борышкер табиғи монополия субъектiсi болып табылса, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi туралы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынатын қорытындысы;
6) 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) соттар iс жүргiзуге қабылдаған, борышкерге қатысты талап қоюлар, сот бұйрығын шығару туралы өтініштер, сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәлiметтер;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) борышкер мен әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлға арасында жасалған, уақытша басқарушының өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімнің көшірмесі қоса беріледі.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Оңалтуды басқарушының оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы өтінішіне кредиторлар жиналысының хаттамасы, сондай-ақ борышкердің қаржылық орнықтылықтың ІІІ сыныбына жататындығы және оны банкрот деп тану үшін негіздердің бар екендігі туралы қорытынды қоса беріледі.
4. Борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiне:
1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiппен және мөлшерде төленгенiн;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) борышкердің осы Заңның 5-1-бабының 1-тармағына сәйкес оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен жүгінуіне негіз болып табылатын уақытша төлем қабілетсіздігін;
3) борышкердiң өтiнiшi негiзделетiн өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса берiледi.
5. Борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiне сондай-ақ:
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) борышкердің оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылатын, борышкер - дара кәсіпкердің, борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) шешімі;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) өтініш берілген күнге және өтініш берілген жылдың басындағы, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайда, өтініш берілген жылдың алдындағы жылдың басындағы қаржылық есептілік, тиісті берешектің сомалары мен түзілген күні көрсетіле отырып, барлық кредитор мен дебитордың тізбесі (жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) толық атауы, заңды мекенжайы);
3) соттар iс жүргiзуге қабылдаған, борышкерге қатысты қуынымдар туралы, сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәлiметтер;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) құрылтайшылық құжаттарының көшірмелері;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) борышкер мен әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлға арасында жасалған, уақытша әкімшінің өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімнің көшірмесі қоса беріледі.
2015.13.11. № 399-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Осы Заңның 95-1-бабы 4-тармағында көзделген жағдайда борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiне:
1) осы Заңның 95-1-бабында көзделген тәртіппен келісілген оңалту жоспары;
2) оңалту жоспарын келiсу туралы кредиторлар жиналысының хаттамасы;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) оңалту жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру ескеріле отырып, борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы банкроттықты басқарушының қорытындысы қоса берiледi.
43-бап. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
44-бап. Кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Банкроттық немесе оңалту туралы iс азаматтық-құқықтық және өзге де мiндеттемелер бойынша кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi негiзiнде қозғалуы мүмкiн.
2. Кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшiнде:
1) өтiнiш берiлiп отырған соттың атауы;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы, тұрған жері;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) кредитор (кредиторлар) - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері немесе кредитор (кредиторлар) - заңды тұлғаның атауы, тұрған жері;
4) борышкердiң кредитор (кредиторлар) алдындағы оның талабы туындаған мiндеттемесi, бұл мiндеттеменiң орындалу мерзiмi;
5) осы кредитордың (кредиторлардың) борышкерге қойған талаптарының мәнi мен сомасы;
6) мiндеттеме бойынша берешектің және осы сомаға есептелген сыйақының (мүдденің), борышкерден өндiрiп алуға жататын тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсiмпұлдың) және залалдың сомасы;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) кредитор (кредиторлар) талаптарының белгіленген құқықтық негіздері (борышкерден ақшаны өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актісі немесе атқарушылық құжат, борышкердің борышты мойындауы, егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор өтініш беруші болып табылған жағдайда - Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасында көзделген тәртіппен салықтық берешекті, сондай-ақ кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шарасын қабылдау туралы мәліметтер);
8) борышкердегі мүлiк туралы кредиторға (кредиторларға) белгiлi мәлiметтер;
9) 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) қоса берілетiн құжаттар тiзбесi;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) уақытша басқарушының немесе уақытша әкімшінің өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісім жасасқан адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілуге тиіс.
Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылған жағдайда, уақытша басқарушының кандидатурасын таңдау уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) егер банкроттық немесе оңалту туралы iстi қарау үшiн қажет болса, өзге де мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
3. Кредитор (кредиторлар) сотқа өтініш берумен бір мезгілде өтiнiштiң және оған қоса берілетiн құжаттардың көшiрмелерiн борышкерге, уәкiлеттi органға жiберуге мiндеттi.
4. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
45-бап. Кредитордың өтінішіне қоса берілетін құжаттар
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кредитордың борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:
1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiппен және мөлшерде төленгенiн;
2) кредитордың өтiнiшi мен оған қоса берілетін құжаттар көшiрмелерінiң борышкерге және уәкiлеттi органға жiберiлгенiн;
3) борышкердiң кредитор алдындағы мiндеттемелерiн, сондай-ақ осы мiндеттемелер бойынша берешектiң бар екендігін және сомасын;
4) кредитор талаптарының (атқару құжаттары, соттың шешiмi немесе кредитор талаптарын борышкердiң жазбаша түрде тануы) негізділігін;
5) 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) кредитордың өтiнiшi негiзделетін өзге де мән-жайларды (бар болған кезде) растайтын құжаттар қоса беріледi.
Кредитордың өтiнiшiне кредитор мен әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлға арасында жасалған, уақытша басқарушының өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімнің көшірмесі қоса беріледі.
Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылған жағдайда, уақытша басқарушының өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісім жасалмайды;
2. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Оңалту рәсімін қолдану туралы кредитордың (кредиторлардың) өтінішіне:
1) белгіленген тәртіппен және мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін;
2) борышкерге өтініш пен оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерінің жіберілгенін;
3) борышкердің кредитор алдындағы міндеттемелерін, сондай-ақ осы міндеттемелер бойынша берешектің бар екендігін және сомасын;
4) 2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) кредитор өтініші негізделетін өзге де мән-жайларды (болған кезде) растайтын құжаттар қоса беріледі.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 45-1-баппен толықтырылды
45-1-бап. Борышкердің немесе кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшiн қараусыз қайтару
1. Борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану немесе банкрот деп тану туралы, осы Заңның 41 және 42-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiн өтiнiшпен сотқа жүгiнуi соттың өтiнiштi қараусыз қайтаруына негiз болып табылады.
2. Борышкер үшiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну осы Заңға сәйкес мiндеттi болып табылатын және қажеттi құжаттар өтiнiшке қоса берілмеген жағдайларда, мұндай өтiнiштi сот iс жүргiзуге қабылдайды, ал жетіспейтін құжаттарды сот талқылауына iстi дайындау тәртiбiмен сот талап етеді.
3. Кредитордың (кредиторлардың) осы Заңның 44 және 45-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін өтiнiшiн сот қараусыз қайтарады.
46-бап. Бiр немесе бiрнеше кредитордың талаптарын бiрiктiру
1. Кредитор әртүрлi мiндеттемелер бойынша борышкерге қойылған бiрнеше талапты бiр өтiнiшке бiрiктiруге құқылы.
2. Кредиторлар борышкерге қойған өздерінің талаптарын бiрiктiруге және сотқа бiр өтiнiшпен жүгiнуге құқылы. Мұндай өтiнiшке өздерінің талаптарын бiрiктiрген кредиторлар қол қояды.
47-бап. Прокурордың өтінішi
1. Прокурор:
1) ол әдейі банкроттық белгiлерiн анықтағанда;
2) кредитор - Қазақстан Республикасының, мемлекеттік органдардың мүдделерінде борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе құқықтық қатынастардың мәнінен туындамаса, прокурордың өтінішi сотқа осы Заңда кредитордың өтiнiшiне қатысты көзделген талаптар сақтала отырып берiледi.
48-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қозғау
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес келетiн, оңалту рәсiмiн қолдану немесе борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiштi ала отырып, сот өтiнiш келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал осы Заңның 53-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда, банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.
Іс қозғау туралы ұйғарым мүлікке құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және өзге де органдардың, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының осы Заңның 50-бабының 1-тармағында көзделген шектеулерді қолдану жөніндегі міндетін қамтуға тиіс.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Сот, егер өтініш оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы сот шешімі немесе оңалту рәсімін тоқтату туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап екі жыл өткенге дейін берілген жағдайда, оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішті қайтарады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Іс қозғау туралы сот ұйғарымының көшiрмелерін сот борышкерге, өтiнiш берушiге, уәкiлеттi органға, мүлікке құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға және өзге де органдарға, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына, борышкер тұрған жердегі жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына және аумақтық әдiлет органына жібереді.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті орган, егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, сот банкроттық туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уақытша басқарушыны тағайындайды.
4. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 49-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
49-бап. Уақытша әкімшінің және уақытша басқарушының борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысы
1. Борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша уақытша басқарушы банкроттық туралы істі сотта қарау кезеңінде борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасайды, ол төменде санамаланған тұжырымдардың бірін қамтиды:
1) борышкер қаржылық орнықтылықтың I сыныбына жатады, банкрот деп тану туралы өтініш негізсіз болып табылады;
2) борышкер қаржылық орнықтылықтың II сыныбына жатады, борышкерді банкрот деп тану үшін негіздер жоқ, бірақ оңалту рәсімін қолдану үшін негіздер бар;
3) борышкер қаржылық орнықтылықтың ІІІ сыныбына жатады, оны банкрот деп тану үшін негіздер бар.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген, борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды, егер:
1) борышкерде өтініш берушіден бөлек, басқа кредиторлар болмаған жағдайда жасалмайды.
Осы тармақшаның ережелері салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор немесе «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес атқарушылық құжат қайтарылған кредитор өтініш беруші болып табылатын жағдайларға қолданылмайды;
2) борышкер уақытша басқарушыға есепке алу құжаттамасына қол жеткізуге рұқсат бермеген жағдайда жасалмайды.
3. Уақытша басқарушы сот банкроттық туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, ал егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылған жағдайда, өзі тағайындалған күннен бастап:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда - борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасаудың орынсыздығы туралы;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда - борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасаудың мүмкін еместігі туралы акт жасайды.
4. Оңалту туралы істі сотта қарау кезеңінде борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша уақытша әкімші борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасайды, ол төменде санамаланған тұжырымдардың бірін қамтиды:
1) борышкер қаржылық орнықтылықтың I сыныбына жатады, оңалту рәсімін қолдану туралы өтініш негізсіз болып табылады;
2) борышкер қаржылық орнықтылықтың II сыныбына жатады, оңалту рәсімін қолдану үшін негіздер бар;
3) борышкер қаржылық орнықтылықтың ІІІ сыныбына жатады, оны банкрот деп тану үшін негіздер бар.
5. Борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны уақытша әкімші және уақытша басқарушы осы Заңның 49-1-бабының ережелерін ескере отырып жасайды.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 49-1-баппен толықтырылды
49-1-бап. Қаржылық орнықтылық сыныптарын айқындау
1. Борышкердің қаржылық орнықтылық сыныбын айқындау оның қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін сипаттайтын коэффициенттерді есептеу арқылы жүзеге асырылады.
2. Қаржылық орнықтылық сыныбының шекараларына сәйкес борышкер мына сыныптардың біріне жатады: І сынып - қаржылық жағынан орнықты; ІІ сынып - банкроттық қатерімен ұштасқан, бірақ қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру мүмкіндігі бар; ІІІ сынып - қаржылық жағынан орнықсыз.
3. Коэффициенттерді есептеу және қаржылық орнықтылық сыныптарының шекараларын айқындау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
50-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс қозғаудың салдарлары
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап:
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) борышкер - дара кәсіпкерге, заңды тұлға мүлкінің меншік иесіне, құрылтайшысына (қатысушысына), барлық органдарына мүлiктi кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс пайдалануға және өткiзуге тыйым салынады;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) моральдық зиянның орнын толтыру туралы талаптарды есепке алмағанда, өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауаптылықта болатын азаматтарға төленетін төлемдердi қоспағанда, борышкердің мүлкіне қатысты бұрын қабылданған соттардың шешімдерін, төреліктің шешімдерін, мемлекеттік кіріс органдарының, сондай-ақ борышкер меншiк иелерiнiң (құрылтайшыларының, қатысушыларының), олар уәкілеттік берген органдардың немесе органдарының шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) борышкер берешегінің барлық түрі бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлдарды) есепке жазу тоқтатыла тұрады;
3) үшінші тұлғалардың кепілдіктер мен кепілгерліктерді орындау бойынша талаптарын қоспағанда, кредиторлардың борышкерге қоятын кез келген талаптары осы Заңда көзделген оңалту немесе банкроттық рәсiмдерi шегiнде ғана қойылуы, сондай-ақ үшінші тұлғалар кепіл беруші болған жағдайларда, кепіл тұрғысында өндiрiп алуға қойылуы мүмкiн;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) кредиторлардың, мемлекеттік кіріс органы мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыратын өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органның талаптары, оның iшiнде даусыз (акцептісiз) тәртiппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша борышкердiң банктік шоттарынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкердiң мүлкiне өндiрiп алуды қолдануға жол берiлмейдi;
5) борышкердiң акцияларын, жарғылық капиталындағы үлестерiн иелiктен шығаруға тыйым салынады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)