жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
404-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасын бұзу
1. Мақта өңдеу ұйымдарының мақтаға қатысты жасалған операцияларды көрсететін құжаттарды есепке алу мен сақтаудың белгіленген тәртібін бұзуы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сарапшы ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын, мақта талшығы, шитті мақта сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын, шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын:
1) өрт және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сай келетін, мақта талшығын классерлік бағалау үшін меншік құқығындағы не мүліктік жалдаудағы тиісті үй-жайлардың болмауы;
2) тиісті арнайы білімі және өнімділігі жоғары мақта талшығын сынайтын автоматтандырылған өлшеу жүйесіне (HVI типтегі) қызмет көрсету бойынша бір жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар, өнімділігі жоғары мақта талшығын сынайтын автоматтандырылған өлшеу жүйесіне (HVI типтегі) функционалдық және техникалық қызмет көрсететін білікті мамандардың болмауы;
3) тиісті арнайы білімі және мақта талшығының сапасын классерлік бағалау бойынша екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар, мақта жөніндегі білікті сарапшылардың (классерлердің) болмауы;
4) стандарттау жөніндегі техникалық регламенттердің және нормативтік құжаттардың болмауы;
5) мақта талшығының сынамаларын мақта тазалау зауыттарынан уақтылы жеткізуге арналған мамандандырылған автокөліктің болмауы;
6) мақта талшығының сынамаларын сақтауға арналған үй-жайлардың талаптарға сай келмеуі;
7) түстің керамикалық үлгілері жиынтығының, калибрлік эталондардың және микронейр көрсеткішін анықтауға арналған аспаптың, мақта талшығының сыртқы түрінің стандарттық үлгілерінің бекітілген немесе Қазақстан Республикасында қолдануға жол берілген жиынтығының болмауы немесе олармен толық жарақтандырылмауы;
8) мақта талшығының сынамаларын іріктеу актісін және оларды тіркеу журналын дұрыс ресімдемеу;
9) мақта талшығының сынамаларын іріктеуді жүргізу тәртібін бұзу;
10) мақта талшығы сынақтарын жүргізу тәртібін бұзу;
11) мақта талшығы сапасының паспортын дұрыс ресімдемеу және уақтылы бермеу;
12) мақта талшығы сапасының паспортын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша дұрыс ресімдемеу;
13) мақта талшығының сынақтардан кейін мақта талшығының иесі партияны тиеп жөнелткенге дейін сарапшылық ұйымның зертханасында сақталу мерзімін бұзу;
14) мақта талшығы сынамаларын іріктеу актісін және сынамаларын тіркеу журналын дұрыс және толық ресімдемеу;
15) шитті мақта сынамаларын іріктеуді жүргізу тәртібін бұзу;
16) шитті мақта сынақтарын жүргізу тәртібін бұзу;
17) шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті дұрыс ресімдемеу және уақтылы бермеу;
18) шитті мақта сынамаларын сақтауға арналған үй-жайлардың талаптарға сай келмеуі түрінде жасалған бұзушылық -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысудан жалтару -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамаларын нұсқамада белгiленген мерзiмдерде орындамау не тиiсiнше орындамау -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Мақта өңдеу ұйымының Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңында тыйым салынған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы, Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңының талаптарын бұзып, үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер беруі және (немесе) өз мүлкін кепілге беруі, сондай-ақ мақта өңдеу ұйымының негізгі құралдарсыз мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру толық мүмкін болмайтын не едәуір нашарлап кететін негізгі құралдарды иеліктен шығаруы -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Мақта қолхаттарын ұстаушылардың өтініштері бойынша мақта мөлшері мен сапасының көрсеткіштерін олар құжаттамамен расталған жағдайда жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп) бұрмалау -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Лицензиаттың лицензия алу кезінде көрінеу жалған ақпарат беруі -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару кезеңінде уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелерінің немесе уақытша әкімшіліктің Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңын бұзуы -
жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін осы баптың бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау -
лицензиядан айыруға әкеп соғады.
405-бап. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын нысаналы пайдаланбау, егін жинау кезеңінде өсімдік шаруашылығы өнімі бойынша тауар интервенцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын сақтамау -
лауазымды адамдарға - бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын сатып алу және оларды азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан өткізу кезінде тіркелген бағаларды сақтамау -
заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
406-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын:
1) карантин және шектеу іс-шараларының шарттары мен талаптарын сақтамау;
2) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды, талаптарды және ветеринариялық нормативтерді:
мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi күтіп-ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезiнде;
зообақтардағы, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарларды асырау, өсiру және пайдалану кезінде;
ішкі сауда объектілерінде; жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде; ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда қызметті жүзеге асыру кезінде;
мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру кезiнде сақтамау;
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтамау;
4) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союдың шарттары мен талаптарын сақтамау;
5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының тіркеу сынақтарын жүргізу үшін қажетті көлемде өндіру, әкелу (импорт) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттік тіркеусіз өндіруді, әкелуді (импортын), өткізуді және қолдануды (пайдалануды) жүзеге асыру түрінде жасалған бұзушылық -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ветеринариялық іс-шараларды өткізбеу немесе тиісінше өткізбеу, сондай-ақ оларды өткізу мерзімдерін бұзу -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етпеу -
лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Жергілікті атқарушы органдардың өздеріне Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасымен жүктелген функцияларды орындамауы -
жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына ескерту жасауға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
1) жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және өткізілгені;
2) жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарламау және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау бойынша шаралар қолданбау -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бұзу -
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетпеу -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Жануарларды карантиндеу қағидаларын бұзу -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Эпизоотияға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi эпизоотияның таралуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқпаған бұзу -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
16. Осы баптың он үшінші, он төртінші және он бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
407-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің бағалаудан өтпеген асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;
2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық куәлік бермей асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің деректерді есепке алуды жүргізуден бас тартуы және есептілікті ұсынбауы;
4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың актілерін орындамауы;
5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген асыл тұқымды малдан алынған ұрықтар мен эмбриондарды пайдалануы;
6) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің бағалаудан өтпеген асыл тұқымды малды өз төлiнен өсiру мақсатында пайдалануы;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымды малды бағалау нәтижелерін бұрмалауы;
8) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаттары есебінен сатып алынған асыл тұқымды мал туралы деректерді асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркеліміне оларды тіркеу үшін беруден бас тартуы;
9) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен өсіру мақсатында сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалану тәртібін бұзуы түрінде жасалған бұзушылық -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы, хабарлама жасауға жататын қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген міндеттерді сақтамауы -
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), сол сияқты осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау -
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметке тыйым салуға әкеп соғады.
408-бап. Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген, қалаларда және басқа да елдi мекендерде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу -
ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 23-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-тарау. Білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 409-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
409-бап. Қазақстан Республикасының білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу
1. Педагог жұмыскердің міндеттерін және педагогтік әдеп нормаларын орындамауы немесе тиісінше орындамауы -
жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды адамының міндеттеріне салғырт қарауы немесе адал қарамауының салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл оқу және тәрбие беру процесі кезінде білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің, білім алушылары мен жұмыскерлерінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Білім беру ұйымдарының талаптарды:
1) білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын сақтамау;
2) білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларын сақтамау;
3) білім алушыларды білім беру ұйымының үлгілері бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың үлгілік қағидаларын сақтамау;
4) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар берудің үлгілік қағидаларын сақтамау;
5) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми жұмыскерлерін лауазымдарға конкурстық орналастырудың үлгілік қағидаларын сақтамау түрінде жасалған бұзушылық -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Білім беру ұйымдарында саяси партиялардың ұйымдық құрылымдарын құру және олардың қызметі -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Көрсетілетін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын өзге де бұзушылықтар -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың бірінші - алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен сегізінші - он бірінші бөліктермен толықтырылды
8. Сабақтар мен жарыстар өткізілетін орындарды спорттық мүкәммалмен және жабдықпен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамау -
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Мемлекет меншігіне жататын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын оларға тең дәрежедегі дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын салмай тұрып жою, олардың нысаналы және функционалдық мақсатын өзгерту -
лауазымды адамдарға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Спорттық іс-шараларға қатысушыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ету және нормативтік талаптарға сәйкес медициналық тексеруден өтпеген спортшыларға рұқсат беру жөніндегі талаптарды сақтамау -
заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет -
бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
24-тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар
410-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу немесе орындамау
1. Ұйымдарда, қоғамдық орындарда, қоймалық үй-жайларда, ауыл шаруашылығы алқаптарында, жатақханаларда және тұрғын үйлерде өрт қауiпсiздiгi қағидаларында, техникалық регламенттерде, құрылыс нормалары мен қағидаларында, ұлттық стандарттарда көзделген өртке қарсы талаптарды бұзу немесе орындамау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -