3) қарт адамдардың, мүгедектердің және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың әлеуметтік көрсетілетін қызметтер алуы үшін әлеуметтік қызметтермен өзара іс-қимылын орнатады.
7. Пробация қызметі әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын іске асыру кезінде:
1) пробацияны жүзеге асыратын өзге де субъектілермен босатылуға дайындалатын адамдардың жұмысқа орналасуы және тұрмыстық жағдайы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
2) өзіне қатысты пробация қолданылатын адамдарға Қазақстан Республикасының жұмысқа орналасу және тұрмыстық жағдай тәртібін регламенттейтін заңнамасын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізеді, құқықтары мен бостандықтарын іске асыру мен қорғаудың қолданыстағы құқықтық тетіктері туралы хабардар етеді;
3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған кезде әлеуметтік-құқықтық көмек алу көлемі мен тәртібін түсіндіреді;
4) әкімшілік қадағалаудың және пробациялық бақылаудың жүзеге асырылу тәртібі, сондай-ақ оларды бұзудың салдарлары туралы алдын ала хабардар етеді.
17-бап. Пенитенциарлықтан кейінгі пробация
1. Пенитенциарлықтан кейінгі пробация:
1) бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған;
2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын, өзіне сот әкімшілік қадағалау белгілеген;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру бас бостандығын шектеуге ауыстырылған;
4) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру айыппұлға ауыстырылған;
5) сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімін өтеген адамға қатысты қолданылады.
2. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты пенитенциарлықтан кейінгі пробация Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдары жүзеге асыратын пробациялық бақылау, сондай-ақ пробация қызметінің әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша жәрдемдесуі нысанында қолданылады.
3. Сот әкімшілік қадағалау белгілеген адамға қатысты пенитенциарлықтан кейінгі пробация әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету нысанында жүзеге асырылады.
4. Бас бостандығынан айыру жазасы бас бостандығын шектеуге ауыстырылған адамға қатысты пенитенциарлықтан кейінгі пробация осы Заңның 15-бабында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
5. Бас бостандығынан айырудың сот тағайындаған мерзімін өтеген адамға қатысты пенитенциарлықтан кейінгі пробация оның бастамашылығы бойынша пробация қызметіне өтініш жасауы арқылы жүзеге асырылады.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған, пенитенциарлықтан кейінгі пробацияға жататын адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 169-бабының қағидалары бойынша пробациялық бақылау белгіленеді.
Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында аталған адамға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 44-бабының және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 69-бабының қағидалары бойынша пробациялық бақылау белгіленеді.
6. Пенитенциарлықтан кейінгі пробация қолданылатын адамға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасау кезінде мынадай мән-жайлар:
1) әлеуметтік бейімдеу және оңалту қажеттілігін бағалау үшін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінде болу ұзақтығы, сондай-ақ оның түрі;
2) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінде болуы себебінен әлеуметтік пайдалы байланыстарының сақталуы немесе жоғалуы;
3) өзі дербес жұмысқа орналасу және тұрмыстық жағдайының мүмкіндіктері, еңбек дағдыларының сақталуы, сондай-ақ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінде болу кезеңінде алған білімі мен кәсібінің бар-жоғы;
4) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінде болу кезеңінде өтелген және (немесе) өтелмеген талап қою талаптарының бар-жоғы;
5) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алу қажеттілігі;
6) пенитенциарлықтан кейінгі пробацияны жүзеге асыруға әсер етуі мүмкін өзге де мән-жайлар ескеріледі.
18-бап. Кәмелетке толмаған адамға қатысты пробацияны жүзеге асыру ерекшеліктері
Кәмелетке толмаған адамға қатысты пробация:
1) оның дара және жас ерекшеліктері ескеріле отырып;
2) отбасын тарта отырып;
3) қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органдармен және бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып;
4) азаматтармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де заңды тұлғалармен кәмелетке толмаған адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырылады.
19-бап. Кәмелетке толмаған адамға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру
1. Пробация қызметі:
1) бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған;
2) шартты түрде сотталған кәмелетке толмаған адамға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асырады.
2. Полиция:
1) бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 84-бабы бірінші бөлігінің 4) тармағында белгіленген, өзіне сот тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шарасын тағайындаған кәмелетке толмаған адамға қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асырады.
3. Пробация қызметі өзіне қатысты пробациялық бақылау белгіленген кәмелетке толмаған адамды есепке қою және оған қажетті әлеуметтік-құқықтық көмек көлемін айқындау кезінде осы Заңның 18-бабының ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 69, 169 және 174-баптарына сәйкес шаралар кешенін іске асырады.
Қажет болған кезде кәмелетке толмаған адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасында педагог пен психологтің қатысуы көзделеді.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген шаралармен қатар кәмелетке толмаған адамға қатысты пробация қызметі қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілдерімен бірлесіп, кәмелетке толмаған адамның тұрғын үй жағдайларын зерттеп-қарауды акт жасай отырып, тоқсан сайын жүргізеді.
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
20-бап. Қазақстан Республикасының пробация туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының пробация туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.
21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы желтоқсанның 30-ы.
№ 38-VI