Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 Қаулысы
(2012.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 11 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.28.07. № 757 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2010.28.07. № 757 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесі бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2010.28.07. № 757 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қоса беріліп отырған «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерін және «Алтын сапа» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1059 қаулысының (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 449-бап) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 шілдедегі
№ 1167 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың
Материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау
ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2010.28.07. № 757 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына (бұдан әрі - Жарлық) сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа (бұдан әрі - конкурс) қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртібін белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2010.28.07. № 757 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен, қызметтер көрсетумен айналысатын заңды тұлғалар (бұдан әрі - конкурсқа қатысушылар) мынадай номинациялар бойынша сыйлық алуға үміттенуі мүмкін:
1) «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;
2) «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын»;
3) «Қызметтер көрсететін үздік кәсіпорын.
ҚР Үкіметінің 2010.28.07. № 757 Қаулысымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Әрбір номинация бойынша мынадай санаттар бойынша екі сыйлық беріледі:
1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
2) ірі кәсіпкерлік субъектісі.
ҚР Үкіметінің 2010.28.07. № 757 Қаулысымен 2-3-тармақпен толықтырылды
2-3. Сыйлық алуға арналған конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2010.28.07. № 757 Қаулысымен 2-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Материалдарды ресімдеу және ұсыну тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.28.07. № 757 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.25.08. № 1086 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Конкурсқа қатысу үшін конкурсқа қатысушы 1 шілдеге дейін конкурсты ұйымдастырушыға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді және мыналарды:
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама-декларацияны;
2) оның қызметінің және сапа саласындағы нақты нәтижелердің деңгейін өзіндік бағалауды білдіретін конкурсқа қатысушының есебін - 36 беттен көп емес;
3) есепке қосымшаны (диаграммалар, графиктер, кестелер, құжаттардың көшірмелері) - 30 беттен көп емес;
4) конкурсты ұйымдастырушы белгілеген нысан бойынша өлшемдер көрсеткіштері негізінде толтырылған конкурсқа қатысушының сапа саласындағы қызметін өзіндік бағалау бойынша сауалнаманы;
5) ҚР Үкіметінің 2012.25.08. № 1086 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;
7) менеджмент жүйесіне арналған сертификаттардың көшірмесін қамтитын құжаттар жиынтығын 3 данада тапсырады.
4. Конкурсқа қатысушының есебі мыналардан тұруға тиіс:
1) конкурсқа қатысушы қызметіне қысқаша шолу;
2) Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының моделіне сәйкес белгіленген өзіндік бағалау өлшемдерінің сипаты.
5. Көлемі А4 пішіміндегі 6 парақтан аспайтын шолуда мыналар қамтылуға тиіс:
1) конкурсқа қатысушының тарихы;
2) өнімнің (қызметтердің) негізгі түрлерінің сипаты;
3) ұйымдық құрылымы;
4) өнімнің (қызметтердің) сапасына қойылатын негізгі талаптар;
5) өнімді өткізетін негізгі нарықтар немесе көрсетілген қызметтер туралы ақпарат (өңірлік, республикалық, халықаралық);
6) өнімді (қызметтерді) негізгі тұтынушылардың сипаттамасы;
7) конкурсқа қатысушының маңыздылығын білдіретін өзге ақпарат.
6. Конкурсқа қатысушы конкурсқа қатысуға өтінім берген сәттен бастап конкурсты ұйымдастырушы, Конкурсты ұйымдастырушының комиссиясы және сараптамалық топтар конкурс материалдарында қамтылған ақпаратқа қатысты толық құпиялылықты қамтамасыз етеді.
7. Конкурсқа қатысушы қызметінің мүмкіндіктерін және нәтижелерін сипаттайтын өлшемдерді (бұдан әрі - өлшемдер) конкурсты ұйымдастырушы айқындайды.
3. Материалдарды алдын ала бағалау тәртібі
8. Ұсынылған материалдарға алдын ала бағалау жүргізу мыналарды қамтиды:
1) конкурсқа қатысушылардың материалдарына және қызметіне жергілікті жерлерде алдын ала бағалау жүргізу;
2) конкурсқа қатысушылардың материалдарын алдын ала бағалау және олар бойынша алдын ала қорытынды дайындау.
ҚР Үкіметінің 2012.25.08. № 1086 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметіне жергілікті жерлерде алдын ала бағалау жүргізу үшін конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сапа саласында оқытудан өткен сарапшылар, конкурсты ұйымдастырушының өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері арасынан сараптамалық топтар құрылады.
Сараптамалық топтың жергілікті жерлердегі сандық құрамы 3 адамнан кем болмауға тиіс.
10. Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметін жергілікті жерлерде алдын ала бағалауды сараптамалық топтар конкурсты ұйымдастырушы бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметін жергілікті жерлерде алдын ала бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық топтар өлшемдерге сәйкес баллмен бағасын қойып, сараптамалық қорытындыны жасайды.
Сараптамалық қорытынды осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
ҚР Үкіметінің 2012.25.08. № 1086 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Сараптамалық топтар жергілікті жерлерде конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметін алдын ала бағалауды жүргізгеннен кейін 3 дана құжаттар жиынтығы мен сараптамалық қорытынды 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде конкурсты ұйымдастырушыға жіберіледі.
12. Конкурсқа қатысушылардың материалдарына алдын ала бағалау жүргізу және олар бойынша алдын ала қорытынды дайындау үшін конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сапа саласында оқытудан өткен сарапшылар, конкурсты ұйымдастырушының және өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан Конкурсты ұйымдастырушының комиссиясы құрылады.
Конкурсты ұйымдастырушы комиссиясының сандық құрамы 9 адамнан кем болмауға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2010.28.07. № 757 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13. Конкурсты ұйымдастырушының комиссиясы конкурсқа қатысушылардың материалдарын, сараптамалық топтардың сараптамалық қорытындыларын қарайды.
14. Конкурсты ұйымдастырушының комиссиясы ұсынылған материалдарды алдын ала бағалауды жүргізгеннен кейін осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдын ала қорытынды шығарады және конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.
15. Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атақтарын беру жөніндегі комиссияның қарауына конкурсқа қатысушылардың қорытынды материалдарын және осы материалдар бойынша алдын ала қорытындыны ұсынады.
Қазақстан Республикасы Президентінің
«Алтын сапа» сыйлығын алуға
арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну және
алдын ала бағалау ережесіне
1-қосымша
Тіркеу нөмірі___________
Конкурсты ұйымдастырушы -
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысуға арналған
өтінім
1. Өтінім беруші
Заңды тұлғаның атауы____________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
Мекен-жайы____________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
Жұмыс істеу кезеңі______________________________________________________________________________________________________
2. Заңды тұлғаның басшысы
Тегі, аты, әкесінің аты____________________________________________________________________________________________________
Лауазымы______________________________________________________________________________________________________________
Мекен-жайы ___________________________________________________________________________________________________________
Қызметтік телефоны, факс_________________________________________________________________________________________________
3. Заңды тұлғаның сипаттамасы
Қызметкерлердің жалпы саны
Филиалдар саны_________________________________________________________________________________________________________
Қосымша:
Сауалнама-декларация - 1 дана.
Құжаттар жиынтығы - 3 дана.
Басшының қолы
___жылғы «__»______
Қазақстан Республикасы Президентінің
«Алтын сапа» сыйлығын алуға
арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну және
алдын ала бағалау ережесіне
2-қосымша
Тіркеу нөмірі____________________
Қазақстан Республикасы Президентінің
«Алтын сана» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушының
сауалнама-декларациясы
1. Конкурсқа қатысушы
Заңды тұлғаның атауы___________________________________________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы ______________________________________________________________________________________________________
2. Басшы
Тегі, аты, әкесінің аты_____________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
Лауазымы ______________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
Почталық мекен-жайы___________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
Қызметтік телефоны______________________________________________________________________________________________________
3. Заңды тұлғаның атауы туралы мәліметтер
Қызметкерлердің жалпы саны_____________________________________________________________________________________________
Филиалдар саны________________________________________________________________________________________________________
Шығарылатын өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) аса маңызды түрлерінің үш атауы), СЭҚ ТН коды
______________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
4. Уәкілетті және конкурсқа жауапты адам
Тегі, аты, әкесінің аты____________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
Лауазымы______________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
Телефоны______________________________________________________________________________________________________________
факс___________________________________________________________________________________________________________________
5. Декларация
Кәсіпорын атынан біздің конкурсқа қатысушылар үшін белгіленген ережелерді орындауға келісетінімізді және Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы лауреаттарының атақтарын беру жөніндегі комиссияның шешімі түпкілікті деп қабылдайтынымызды мәлімдеймін. Жергілікті жерлерде алдын ала бағалау жүргізу қажет болған жағдайда, біз оны ашық және күнілгері кесіп-пішпей өткізуге жәрдемдесеміз. Біз кәсіпорынның осындай сараптамаға байланысты шығыстарды көтеретінін түсінеміз.
Басшының қолы
_____жылғы «___»________
3-қосымша. ҚР Үкіметінің 2012.25.08. № 1086 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің
«Алтын сапа» сыйлығын алуға
арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну және
алдын ала бағалау ережесіне
4-қосымша
Тіркеу нөмірі___________
Сараптамалық қорытынды
Кәсіпорынның атауы | Конкурсқа қатысушының құжаттары | Сараптамалық бағалау | Ескертпе |
| Өтінім: | | |
Сауалнама-декларация: |
Бағалау бойынша сауалнама: |
Есеп: |
| | | |
| | | |
| | | |
Шешімдер:
_______________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
Ұсыныстар:
______________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
Қолдары
_____жылғы «__»______
Қазақстан Республикасы Президентінің
«Алтын сапа» сыйлығын алуға
арналған конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну және
алдын ала бағалау ережесіне
5-қосымша
Тіркеу нөмірі________________
Алдын ала қорытынды
Заңды тұлғаның атауы___________________________________________________________________________________________________
Өлшемдер | Конкурсқа қатысушының өзін-өзі баллмен берілген бағалауы | Баллмен берілген сараптамалық бағалау | Баллмен берілген түпкілікті бағалау |
Өлшемдер атауы | Баллмен берілген ең жоғары баға |
1. Басшылықтың көшбасшылық рөлі | | | | |
2. Сапа саласындағы саясат және стратегия | | | | |
3. Персонал | | | | |
4. Серіктестік және ресурстар | | | | |
5. Ұйым жүзеге асыратын үдерістер | | | | |
6. Тауарлар сапасына тұтынушылардың қанағаттануы | | | | |
7. Персоналдың қанағаттануы | | | | |
8. Ұйымның қоғамға ықпалы | | | | |
9. Ұйым жұмысының нәтижелері | | | | |
Барлық өлшемдер бойынша баллдардың жалпы саны | | | | |
Шешімдер:
_______________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
Ұсыныстар:
_______________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
Қолдары
___жылғы «___»_______
ҚР Үкіметінің 2010.28.07. № 757 Қаулысымен ережемен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 шілдедегі
№ 1167 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар
мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына (бұдан әрі - өңірлік конкурс, республикалық конкурс) ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртібін белгілейді.
3. Республикалық конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы), өңірлік конкурстардың ұйымдастырушылары Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері (бұдан әрі - өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар) болып табылады.
4. Республикалық конкурсты және республикалық конкурстың марапаттау рәсімін өткізу Жарлыққа сәйкес Дүниежүзілік сапа күніне орайластырылған салтанатты жағдайда өткізіледі.
2. Өңірлік конкурстарға ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау тәртібі
5. Өңірлік конкурсқа қатысуға:
1) Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсіп, азық-түлік тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы (қару-жарақ пен әскери техника өндірісін қоспағанда) өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын;
2) өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз ету және оны жүйелі түрде жақсарту бойынша оң нәтижелері бар заңды тұлғалар немесе дара кәсіпкерлер (бұдан әрі - конкурсқа қатысушылар) үміткер бола алады.
6. Конкурсқа қатысушылар мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес өтінім;
2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес сауалнама-декларация;
3) сәйкестік сертификаттары мен сапа және қауіпсіздік туралы қорытындылардың көшірмелері (бар болса);
4) менеджмент жүйесіне арналған сертификаттардың көшірмелері (бар болса);
5) негізгі параметрлер мен сипаттамалардың сандық мәндері көрсетілген өнімнің негізгі тұтынушылық қасиеттерінің сипаты;
6) конкурсқа қатысушылар өз нәтижелерін және осы көрсеткіштердің өзгеру үрдісін бағалайтын көрсеткіштер;
7) конкурсқа қатысушылар қызметінің нәтижелері туралы ақпарат (ұсынылған сандық деректердің маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік беретін қысқаша түсініктермен сүйемелденуге тиіс кестелер немесе диаграммалар түрінде ұсынылады).
7. Өңірлік конкурсқа ұсынылатын материалдар мен өнімдерді алдын ала сараптамалық бағалауды жүргізу үшін өңірлік сараптамалық топ құрылады.
8. Өңірлік сараптамалық топтар өңірлік конкурсты ұйымдастырушының шешімімен құрылады.
Сараптамалық топтардың құрамына жергілікті атқарушы органдардың, конкурсты ұйымдастырушы өкілдерінің, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатарынан тағайындалатын төраға, сарапшылар кіреді.
Сараптамалық топтардың сандық құрамы кемінде үш адамды құрауы тиіс.
9. Сараптамалық топтар жергілікті жерлерде конкурсқа қатысушылардың материалдарын және өнімді алдын ала сараптамалық бағалауды өңірлік конкурсты ұйымдастырушы бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады.
Сараптамалық топтар конкурсқа қатысушылардың материалдары мен өнімді алдын ала сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша алдын ала сараптамалық қорытынды жасайды.
10. Өңірлік конкурстар өңірлік конкурстарды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде, бірақ конкурстар өткізілетін жылдың 30 тамызынан кешіктірілмей өткізіледі.
11. Өңірлік конкурстардың ұйымдастырушылары конкурстар өткізілетін жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей өңірлік конкурстар жеңімпаздарының қажетті құжаттарын конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.
Өңірлік конкурстардың ұйымдастырушылары сараптамалық топтардың алдын ала сараптамалық қорытындыларын ескере отырып:
1) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
2) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес «Халық тұтынатын үздік тауарлар»;
3) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша өңірлік конкурстардың жеңімпаздарын анықтайды.
12. Өңірлік конкурстардың жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысады.
3. Республикалық конкурсқа ұсынылатын материалдар мен өнімді алдын ала сараптамалық
бағалау тәртібі
13. Республикалық конкурсқа ұсынылатын материалдар мен өнімді алдын ала сараптамалық бағалауды жүргізу үшін республикалық конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сараптамалық топтар (бұдан әрі - сараптамалық топтар) құрылады.
14. Сараптамалық топтардың сандық құрамы кемінде бес адамды құрауы тиіс.
15. Сараптамалық топтардың құрамына:
1) осы Ережеге 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес қалған ұстанымдарды сызып тастай отырып, кестеде өзінің құзыреттілігінің деңгейі жеткілікті деп есептейтін ұстанымдарға ғана баға қоятын;
2) алдын ала сараптамалық қорытынды дайындайтын және беретін конкурсты ұйымдастырушы, өзге де мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің, сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатарынан тағайындалатын төраға, оның орынбасары, сарапшылар кіреді.
16. Конкурсты ұйымдастырушы сараптамалық топтардың алдын ала сараптамалық қорытындыларын және жинақталған құжаттар құрамында сараптамалық бағалаудың толтырылған кестелерін Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияға жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілгенге дейін бес күн бұрын жібереді.
«Қазақстанның үздік тауары»
өңірлік және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау ережесіне
1-қосымша
Тіркеу нөмірі________________
Конкурсты ұйымдастырушы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне
Өтінім
1. Өтінім беруші
Конкурсқа қатысушының атауы____________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
Мекенжайы_____________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
Қызмет ету кезеңі_______________________________________________________________________________________________________
2. Басшы
Тегі, аты, әкесінің аты_____________________________________________________________________________________________________
Лауазымы______________________________________________________________________________________________________________
Мекенжайы____________________________________________________________________________________________________________
Жұмыс телефоны, факс___________________________________________________________________________________________________
3. Конкурсқа қатысушының сипаттамасы
Жұмысшылардың жалпы саны_____________________________________________________________________________________________
Филиалдар саны_________________________________________________________________________________________________________
Қосымша:
Құжаттар жинағы.
Басшының қолы
20 жылғы « »
«Қазақстанның үздік тауары»
өңірлік және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау ережесіне
2-қосымша
Тіркеу нөмірі__________________
Сауалнама-декларация
1. Конкурсант
Конкурсқа қатысушының атауы___________________________________________________________________________________________
Заңды мекенжайы_______________________________________________________________________________________________________