салықтық берешектері мен міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектері, әлеуметтік аударымдары мен міндетті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша берешектері жоқтығы туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайды қоспағанда) немесе салықтық берешектері мен міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектері, әлеуметтік аударымдары мен міндетті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша берешектері бір теңгені құрайтындығы туралы сәйкес салық органдарының анықтамасы;
Әлеуетті өнім беруші өзінің төлеу қабілеттілігін Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттерін қағаз тасымалдауышында банк кепілдігі түріндегі келісімшартын орындауды қамтамасыз етуді ұсыну туралы жалпы біліктілік талаптарына сәйкес растайды. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартты мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт міндеттемелердің түпнұсқасы электрондық конкурсқа қатысудың түпкілікті өтініміне дейін ұсынылатын, қағаз жеткізгіште банк кепілдігі түріндегі КҚ-да белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді ұсынады.
Әлеуетті өнім беруші өзінің және тартылатын (қосалқы мердігерлердің, бірлесіп орындаушы) жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін мынадай электрондық құжаттардың:
а) халықаралық рейтинг ұйымының әлеуетті өнім берушіге (қосалқы мердігерге, бірлесіп орындаушыға) берген рейтингісін растайтын құжаттың;
б) қор биржасының әлеуетті өнім берушіні (қосалқы мердігерлерді, бірлесіп орындаушы) биржаның ресми листингіне қосу туралы көшірмесінің;
2) әлеуетті өнім берушінің арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың:
осы КҚ-ға 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес, мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтердің;
осы КҚ-ға 9-қосымшаға сәйкес электрондық конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызмет көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер мен әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (құрылыс құнының) көлемінің жиынтықтағанда үштен екісінен астамын қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беруге тыйым салу шартының көшірмесін ұсыну арқылы растайды.
Егер әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызмет немесе жұмыстардың қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушы) тартуды қарастыратын жағдайда, онда әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады;
3) Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдары, нормативтік-техникалық құжаттамасы арқылы бекітілген ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттарды және тауар белгілерін, қызмет көрсеті белгілері мен фирмалық атауын, фирмалық атауын, патенттерді, пайдалы үлгілер мен өнеркәсіптік үлгілерін және тауардың шыққан жерінің атауы, өндіруші атауы мен тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметтердің жеке әлеуетті өнім берушіге тиістілігін анықтайтын басқа да сипаттамалары көрсетілген сатып алатын тауарлардың, жұмыс, көрсетілетін қызметтердің қызметтік, техникалық және пайдалану сипаттамасы бар техникалық ерекшелігі;
4) электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді Заңда белгіленген түрде қамтамасыз ету:
осы КҚ-ға 7-қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште банк кепілдігінің түпнұсқасы ұйымдастырушыға электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін беріледі;
ұйымдастырушының банк шотындағы кепілдендірілген ақша жарнасын растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі.
Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап ___________ күнтізбелік күнді құрауы тиіс.
Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеу талаптары
10. Әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға электрондық конкурсқа қатысу туралы өтінімін электрондық құжат түрінде ұсынады.
11. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдегі электрондық құжат көшірмелері анық әрі айқын болуы тиіс.
12. Әлеуетті өнім беруші дайындаған электрондық конкурсқа қатысу өтінімімен қатар, электрондық конкурсқа қатысуға өтінімге қатысты құжаттар мен хат-хабардың барлығын осы КҚ жасалған тілде ұсынады. Ал егер басқа тілде жасалған жағдайда, оның нақты аудармасы тіркеледі (нотариалдық расталған).
Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді ұсыну тәртібі
13. Әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға электрондық конкурсқа қатысуға өтінімін электрондық құжат үлгісіндегі веб-порталын пайдалана отырып ұсынады.
14. Әлеуетті өнім беруші ұсынатын электрондық конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім автоматты түрде веб-порталға тіркеледі.
15. Электрондық конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімді берген өнім берушіге веб-портал арқылы автоматты түрде хабарлама жіберілген жағдайда ғана электрондық конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім қабылданады.
16. Мынадай жағжайларда әлеуетті өнім берушінің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімі қабылданбайды:
1) егер осы әлеуетті өнім беруші бұрын аталмыш электрондық конкурсқа қатысу жөнінде өтінім білдірген жағдайда;
2) веб-порталға электрондық конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімнің электрондық конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзімінен кейін түскен жағдайында;
3) Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген шарттар.
Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді өзгерту және оларды кері қайтарып алу
17. Әлеуетті өнім беруші өзінің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімін веб-порталды пайдалана отырып кез келген уақытта электрондық конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға шейін, өзінің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпастан өзгерте алады немесе оны қайтара алады.
18. Электрондық конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімдерді электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдердіің түпкілікті мерзімдерінен кейін өзгертуге және (немесе) толықтыруға болмайды.
19. Ұйымдастырушы электрондық конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімдердің әрекет ету мерзімдеріне дейін әлеуетті өнім берушілердің электрондық конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімдерінің әрекет ету мерзімдерін КҚ-да бекітілген он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты кезеңге ұзарту туралы сұратады. Әлеуетті өнім беруші өзінің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімін қайтара отырып, оның әрекет ету мерзімін ұзартудан бас тартуға құқығы бар.
20. Әлеуетті өнім беруші электрондық конкурсқа қатысуға байланысты барлық шығындарды өтейді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптамалық комиссия (сарапшы) электрондық конкурс қорытындысынан тыс шығындарды өтеуге міндетті емес.
4. Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуы
21. (Өтінімдерді ашу уақыты мен мерзімі көрсетіледі) веб-портал арқылы электрондық конкурсқа қатысу өтінімдері автоматты түрде ашылады. Ал егер электрондық конкурсқа (лотқа) тек бір ғана электрондық конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім беріәлген жағдайда да аталмыш электрондық конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім де ашылады.
22. Конкурстық комиссия хатшысы электрондық конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімдерді ашу хаттамасы ашылған күні веб-порталға жариялайды. Сонымен қатар, веб-портал конкурстық комиссия мүшелері мен веб-порталда автоматты түрде тіркелген әлеуетті өнім берушілерге хабарлама жібереді.
5. Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімдердің конкурстық құжаттама талаптарға сәйкестігін қарастыру және әлеуетті өнім берушілерге электрондық конкурсқа қатысуына рұқсат беру
23. Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімдерді қарастыра отырып, КҚ талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды элеткрондық конкурстың қатысушылары деп танылады.
24. Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарастыру барысында ресімдейтіні:
1) осы КҚ-ның 25-тармағында көрсетілген жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы;
2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы.
25. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес емес әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда ресімдейді.
26. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпараттарды:
1) конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес емес әлеуетті өнім берушілердің тізбесін;
2) конкурсқа қатысуға өтінімді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіру үшін веб-порталдың көмегімен әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруі және ұсынуы қажет құжаттардың тізбесін;
3) электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдердің конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген ұсыныс мерзімін қамтуы тиіс.
27. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап, он күн ішінде әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуына алдын ала рұқсат беру туралы конкурстық комиссияның шешімі қабылданады да, конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні конкурстық комиссия хатшысы веб-порталға осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес автоматты түрде электрондық пошта арқылы тіркелген барлық әлеуетті өнім берушілерге хабарлама жариялайды.
28. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қайта қарау кезінде конкурстық комиссия:
1) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізімінде көрсетілген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдердіің конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген құжаттардың тізімі бойынша конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарымен толық сәйкестендіру мақсатында қарастырады;
2) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген толық емес құжаттарды ұсынған және біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірмеген әлеуетті өнім берушілерді анықтайды;
3) әлеуетті өнім берушілерден конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келген конкурсқа қатысуға өтінімдерді, қарастыру, бағалау, салыстыру шараларын жеңілдететін өтінімдерге байланысты түсініктемелер мен материалдарды жазбаша немесе электрондық құжат түрінде сұратады;
4) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында мемлекеттік органдардың тиісті заңды немесе жеке тұлғаларынан қажетті ақпараттарды жазбаша және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты сұратулар мен конкурстық комиссияның басқа да әрекеттері бағытталмайды.
Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді Конкурсқа қатысуға өтінімді қажетті құжаттармен толықтыру, алмастыру, ресімделген құжаттарды конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкестендіру мерзімі аяқталған соң түзету арқылы сәйкестендіру шаралары конкурстық құжаттама талаптарына қарай сәйкестендіру деп түсіндіріледі;
5) конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес әлеуетті өнім берушілерді анықтап, электрондық конкурстың қатысушысы деп танылады;
6) тауарлар, қызметтер бойынша үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) анықтайды.
Конкурстық комиссия олардың жойылу немесе банкроттық шараларына қатысы жоқтығын анықтау тұрғысында әлеуетті өнім берушілердің жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында жойылу немесе банкроттық шаралардың жүргізілуін бақылайтын уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпараттарды қарастырады.
Конкурстық комиссия КҚ талаптарына жауапты тұлға ретінде электрондық конкурсқа қатысуға өтінімде грамматикалық және арифметикалық қателері болған жағдайда электрондық конкурсқа қатысуға өтінімінде ұсынылатын мәнін жоғалтпай түзетуді қарастырады.
29. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушіні мынадай жағдайларда:
1) әлеуетті өнім беруші мен қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушы) жұмыс немесе көрсетілетін қызметтердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжатты (құжаттарды) ұсынбаған жағдайда;
2) әлеуетті өнім беруші мен қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардағы ақпараттардың негізіндегі біліктілік талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда;
3) біліктілік талаптары жөнінде дәйексіз ақпарат ұсынған жағдайда біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп таниды.
Заңның 9-бабының 1-тармағында және осы Қағидалардың 92 және 93-тармақтарында көзделмеген негіздер бойынша әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.
Конкурстық комиссия электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдіе соманың бір пайызы және одан көп мөлшерде қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы КҚ талаптарына сәйкес деп таниды.
30. Конкурстық комиссия мынадай жағдайда конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп таниды:
1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтінімнің қамтамасыз ету мерзімінің жеткіліксіздігі;
2) конкурстық комиссияның анықтауына мүмкіндік бермейтін мәліметтердің жоқтығы көрсетілген өтінімдердің тиімсіз ресімделуі:
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлға;
конкурсқа банктік кепілдік түрінде қатысу өтінімін қамтамасыз ету үшін конкурс тәсілі арқылы жүзеге асатын жұмыс, көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың мемлекеттік сатып алу атауы;
банктік кепілдік түрінде және (немесе) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы ұсынылған ұсыныс шарттары мен конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің әрекет ету мерзімі;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлға;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізген тұлға;
3) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуге конкурсқа бөлінген соманың бір пайызынан кем емес мөлшерде енгізу.
Конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімді қамтамасыз етуге өтінімді конкурстың кейбір лоттарына ғана ұсыну кезіндегі лоттардан тұратын конкурсқа бөлінген жалпы соманы енгізуге болады.
Басқа негіздемелер бойынша электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдіің КҚ талаптарына сәйкессіздігі танылмайды.
31. Электрондық конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:
1) өзі мен (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы біліктілік талаптарына сәйкес келмйді деп айқындалған;
2) ол Заңның 6-бабының талаптарын бұзған;
3) оның конкурсқа қатысуға өтінімі КҚ талаптарына сәйкес болмаған, оның ішінде ол КҚ мен Қағидалардың талаптарына сәйкес электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбаған болса электрондық конкурсқа жіберілмейді (электрондық конкурстың қатысушысы деп танылмайды).
32. Конкурстық комиссия шартты бағаны есептеу үшін электрондық конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің барлығын бағалайды және салыстырады және КҚ-да мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы (мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы) айқындаған шартты бағаны есептеу әдістемесі бойынша Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес КҚ-да айтылған критерийлердің әрқайсысының салыстырмалы мәнін есептейді.
Конкурстық комиссия, КҚ-да мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы (мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы) айқындаған шартты бағаны есептеу әдістемесі бойынша электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдердің барлығына тең мөлшерде, конкурста қатысуға бір конкурстық өтінім ұсынылған жағдайларды қоспағанда, критерийлердің әрқайсысының салыстырмалы мәнін қолданады.
Егер әлеуетті өнім беруші аталмыш өлшемдерді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге сәйкес шартты жеңілдіктерді қолданбайды.
Шартты жеңілдіктерді алудың өлшемдерін растайтын, құжаттарда көзделген әлеуетті өнім беруші ұсынған шарттары мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізілетін болады.
33. Сараптау комиссиясының не сарапшы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарастыру мерзімінен кешіктірмей, конкурстық комиссия Төрағасы белгілеген мерзімде қарастыратыны:
1) өзінің құзыреті шегінде әлеуетті өнім беруші ұсынатын жұмыстардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың толықтығын тексереді;
2) конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын, әлеуетті өнім берушілер ұсынатын жұмыстардың техникалық ерекшелігінің сәйкестігін немесе сәйкессіздігі туралы сараптамалық қорытындысын ресімдеп, қол қояды да, конкурстық комиссия хатшысына ұсынады;
3) өзінің құзыреттілігі шегінде, әлеуетті өнім берушілердің таңдаулы техникалық ерекшеліктерін анықтау мақсатында ұсынатын құжаттардың толықтығын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу барысында зерттейді;
4) таңдаулы техникалық ерекшелікті анықтау туралы сараптама қорытындысына қол қойып, ресімдейді де конкурстық комиссия хатшысына ұсынады.
34. Конкурсқа қатысуға рұқсат туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды және конкурстық комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат туралы шешім қабылданған күні конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілердің электондық пошталары арқылы автоматты түрде хабарлай отырып, осы Қағидаларға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес веб-порталда жарияланады.
6. Электрондық конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсынымдарын ресімдеуі
35. Электрондық конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (электрондық конкурс қатысушылары) осы КҚ-ға 10-қосымшаға сәйкес веб-порталды пайдалана отырып электрондық құжат түрінде конкурстық баға ұсынымын (бұдан әрі - КБҰ) береді.
36. Тауарларды немесе қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша электрондық конкурсқа қатысу кезінде электрондық конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (электрондық конкурс қатысушылары) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсаттың хаттамасында көрсетілген ең үздік техникалық ерекшеліктерден біреуіне немесе ең үздік техникалық ерекшелікке ҚБҰ береді.
Конкурсқа қатысуға алдын-ала қолжетімділіктің хаттамасы болмаған жағдайда электрондық конкурсқа жіберілген әлеуетті өнім берушілер (электрондық конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсаттың хаттамасында көрсетілген ең үздік техникалық ерекшеліктерден біреуіне немесе ең үздік техникалық ерекшелікке ҚБҰ береді.
37. Отандың әлеуетті өнім берушілердің КБҰ-лары теңгемен ұсынылуы тиіс.
38. Ұлттық емес валютада көрсетілмеген КБҰ-ларды, веб-портал КБҰ-ларды қабылдау аяқталатын күндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген ресми бағам бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгеге автоматты түрде қайта есептейді.
39. КБҰ веб-порталдың КБҰ ұсынған өнім берушіге тиісінше хабарлама жібергеннен кейін қабылданған болып есептеледі.
40. Веб-портал мынадай жағдайларда КБҰ қабылдаудан автоматты түрде бас тартады:
1) электрондық конкурс қатысушысының бір электрондық конкурсқа (лотқа) бірден артық КБҰ ұсынуы;
2) электрондық конкурсты жүзеге асыруға бөлінген сомадан асып кеткен кезде;
3) конкурстық баға ұсынымы рұқсат беру туралы хаттаманы жариялаған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кеш келіп түскен жағдайда.
41. Әлеуетті өнім беруші қажет болған жағдайда КБҰ ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін кез келген уақытта КБҰ өзгерте алады немесе ұсынбау құқығына ие.
7. Конкурстық комиссияның электрондық конкурс қатысушыларының конкурстық баға ұсынымдарын бағалау мен салыстыруы және электрондық конкурс жеңімпазын анықтау
42. Әлеуетті өнім берушілер берген КБҰ туралы мәліметтер автоматты түрде веб-порталда тіркеледі.
43. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген күні мен уақыты веб-портал электрондық конкурсқа қатысушылардың КБҰ-н бағалау және салыстыруды автоматты түрде жүргізеді:
Қағидаларға сәйкес анықталатын демпингтік баға есептеледі және конкурсқа қатысушының демпингтік болып табылған КБҰ қабылданбайды;
егер бағасы демпингтік болған КБҰ қабылданбағанынан кейін электрондық конкурсқа қатысушылардың екі және одан да көп КБҰ электрондық конкурсқа қатысатын болса, электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген шартты жеңілдіктерді электрондық конкурстың қабылданған КБҰ-на қатысты қолдану арқылы осы электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағасы айқындалады;
электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағасы салыстырылады, ең төмен шартты баға негізінде электрондық конкурстың жеңімпазы анықталады;
КБҰ-лардың шартты бағасы теңескен кезде отандық тауар өндіруші, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық берушісі жеңімпаз болып танылады. Бірнеше әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде КБҰ-сы басқа әлеуетті өнім берушілердің КБҰ-сынан бұрын түскен әлеуетті өнім берушілер жеңімпаз деп танылады.
44. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-портал автоматты түрде қалыптастырады және конкурстық комиссияның барлық мүшелері мен веб-порталда тіркелген әлеуетті өнім берушілердің барлығын электрондық почта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, жариялайды.
8. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару
45. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге енгізілген электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;
2) электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай электрондық конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
3) электрондық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған электрондық конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және электрондық конкурс жеңімпазы КҚ-да көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
46. Ұйымдастырушы электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
1) әлеуетті өнім беруші электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырған, Заңның 26-1-бабы 2-тармағының үшінші бөліміне сәйкес ҚБҰ ұсынбаған конкурстың қатысушысы болған әлеуетті өнім берушіні есептемегенде;
2) электрондық конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
3) электрондық конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған, тиісінше орындамаған, не уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.
9. Электрондық конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт
47. Тапсырыс беруші веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудың екі мынадай түрінің біреуін таңдайды:
1) қағаз жеткізгіште;
2) электрондық шарт нысанында.
48. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты қағаз жеткізгіште жасасқан жағдайда тапсырыс беруші, электрондық конкурстың қорытындысы туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге, тапсырыс берушінің өкілетті өкілі тағайындалмайтын жағдайларды есептемегенде тапсырыс берушінің өкілімен парақтап белгіленетін және тапсырыс беруші қол қоятын осы Қағидаларға 19, 20 және 21-қосымшаларға сәйкес типтік шартқа сәйкес құрылған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын жолдайды.