Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 38 Қаулысы
(2011.25.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 13 қаңтардағы
№ 38 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1298 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қоса берілген Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі функцияларында:
14-тармақтағы «Кедендік бақылау агенттігі» деген сөздер «Қаржы министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы № 71 қаулысында:
1-1-тармақтағы «Кедендік бақылау агенттігі» деген сөздер «Қаржы министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. ҚР Үкіметінің 2011.25.03. № 272 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. «Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі 1006 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті».
5. «Қазақстан Республикасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін «бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы 1693 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 47-48, 556-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
мәтіндегі «Кедендік бақылау агенттігімен», «Кедендік бақылау агенттігі» деген сөздер «Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетімен», «Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Көші-қонға бақылау жасауды күшейту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 241 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 10, 119-құжат):
4-тармақтағы «Кедендік бақылау агенттігі» деген сөздер «Қаржы министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Қазақстан Республикасының кеден қызметін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 қазандағы № 1019 қаулысында Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 40, 422-құжат):
2-тармақтағы «Кедендік бақылау агенттігі» деген сөздер «Қаржы министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.С. Павловқа» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кеден қызметін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттарымен тетігі деген 5-бөлімнің жиырмасыншы абзацында:
«Кедендік бақылау агенттігінің» деген сөздер «Қаржы министрлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының кеден қызметін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
4-бағандағы реттік нөмірлері 1.1, 1.2, 1.3, 1.4.1, 2.2, 2.3, 2.9, 2.11, 2.11.1, 2.11.2, 2.11.3, 3.1, 3.2, 4.1, 4.4 және 4.5-жолдарда «КБА» деген аббревиатура «Қаржымині» деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3.1-жолдың 3-бағанында «КБА» деген аббревиатура «Қаржымині КБК» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
8. «Зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді орындауға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 43, 465-құжат):
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1351 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 49, 564-құжат):
3-тармақта «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
4-бағанда:
реттік нөмірлері 1.1.1, 1.1.2.1, 1.1.2.2, 1.1.3.1, 1.1.3.2, 2.3, 4.6, 5.1 және 5.2-жолдарда «КБА» деген аббревиатура «Қаржымині» деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.2-жолда «ҚР КБА (келісім бойынша)» деген сөздер «ҚР Қаржымині» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
көрсетілген жоспарға ескертуде:
«ҚР КБА - Кедендік бақылау агенттігі» деген жол «ҚР Қаржымині - Қаржы министрлігі» деген жолмен ауыстырылсын.
10. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтік жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 926 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2004-2006 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тізбесінде (2-бөлім):
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі» деген бөлімде:
«Қолданыстағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар» деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолмен толықтырылсын:
«2. Кедендік 2004- Қаржы- 3549,0 4554,0 4218,0
қызметті дамытудың 2006 мині
2004-2006 жылдарға ж.ж.
арналған бағдарла-
масы (Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы
3 қазандағы
№ 1019 қаулысы) «;
«Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі» деген бөлімде:
«Қолданыстағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар» деген кіші бөлімде:
«2. Кедендік 2004- КБА 3549,0 4554,0 4218,0
қызметті дамытудың 2006
2004-2006 жылдарға ж.ж.
арналған бағдарла-
масы (Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы
3 қазандағы
№ 1019 қаулысы) «;
деген реттік нөмірі 1-жол алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2004-2006 жылдарға арналған инвестициялық жобалардың тізбесінде (3-бөлім):
«2004-2006 жылдарға арналған басым республикалық инвестициялық жобалардың тізбесі» деген кестеде:
«Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 35-жолдың 3-бағанындағы «КБА» деген аббревиатура «ҚР Қаржымині» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
«Кеден қызметін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы» деген бөлімде:
3-бағанда:
реттік нөмірлері 233, 234, 235, 236, 237, 238, 239, 240, 241, 242-жолдарда «КБА» деген аббревиатура «ҚР Қаржымині» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
11. «Қазақстан Республикасының сыртқы сауда статистикасын жүргізу мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 126 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 5, 70-құжат):
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандырудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 маусымдағы № 705 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандырудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімнің 4-бағанындағы:
реттік нөмірі 4.1, 5.1 және 5.2-жолдарда «КБА» деген аббревиатура «Қаржымині» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген жоспарға ескертуде:
«КБА - Кедендік бақылау агенттігі» деген жол «Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» деген жолмен ауыстырылсын.
13. «Қалпына келтірілетін қағаздың, картонның, макулатураның және қалдықтардың әкетілуіне тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 908 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 31, 428-құжат):
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын.