2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарттың жобасын қамтиды.
6. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге:
1) құрылтай құжаттарының көшірмелерін;
2) генерациялайтын қондырғылар құнының жалпы көлемінің кемінде отыз пайызын өз қаражаты есебінен қаржыландыру есебімен алғанда, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу үшін жеткілікті қаржы және материалдық ресурстарының бар екенін растайтын құжаттарды;
3) тендерлік өтінімдерді берген күнге үш айдан аспайтын мерзімде салық берешегінің жоқтығы туралы салық органының анықтамасын ұсынған әлеуетті инвесторлар қатысады.
7. Тендерлік комиссия жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер қорытындыларын тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде шығарады.
Уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазы деп танылған әлеуетті инвесторға жібереді.
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетілген шартқа қол қояды.
8. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер:
1) әлеуетті инвесторлар екеуден кем болған;
2) барлық әлеуетті инвесторлар ұсынған құжаттар осы баптың 6-тармағына сәйкес келмеген жағдайларда өтпеді деп танылады.
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер өтпеді деп танылған жағдайда, уәкілетті орган қайтадан тендер өткізеді.
9. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындыларын шығарған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазымен шарт жасасады, онда генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру мерзімін және тендер жеңімпазының қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікті айқындайды.
10. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шартты жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүйелік оператор уәкілетті орган белгілеген бағамен, көлемде және мерзімге тендердің жеңімпазымен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөнінде шарт жасасады.
11. Осы баптың 9 және 10-тармақтарында көзделген шарттар үлгілік шарттар негізінде жасалады.
4-тармақтың 11) тармақшасының жиырма төртінші абзацы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15-2-бап. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау
4-тармақтың 11) тармақшасының жиырма бесінші абзацы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1. Энергия өндіруші ұйым генерациялайтын қондырғылардың электр қуаты аттестаттаудан өткізілгеннен кейін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізуді жүзеге асырады.
4-тармақтың 11) тармақшасының жиырма алтыншы - отыз сегізінші абзацтары 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. Жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын аттестаттауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
3. Жүйелік оператор генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды энергия өндіруші ұйымның өтінімі бойынша жылына бір рет энергия өндіруші ұйыммен келісілген мерзімде, бірақ аттестаттауды өткізуге арналған өтінімді алғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізу кезінде жүйелік оператор:
1) энергия өндіруші ұйымда бар және оған сәйкес энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын өндіруге техникалық мүмкіндігі болатын генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының шамасын;
2) генерациялайтын қондырғылардың талап етілетін параметрлерінің энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізуге арналған өтінімінде көрсетілген мәндерге сәйкестігін айқындайды.
4. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудың нәтижелері бойынша жүйелік оператор аттестаттау өткізілгеннен кейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау актісін ресімдеп, энергия өндіруші ұйымға жібереді, онда электр энергиясын өндіруге дайын болған энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғыларының аттестаттаудан өткен электр қуатының шамасы көрсетіледі.
5. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда:
1) жүйелік оператор генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының нақты шамасы мен параметрлерінің аттестатталғандарға сәйкес келмеуі анықталған кезде;
2) энергия өндіруші ұйымның бастамасы бойынша өткізіледі.
15-3-бап. Электр қуатының нарығы
1. Электр қуатының нарығы жаңа электр қуаттарын енгізу үшін инвестициялар тарту, электр энергиясына сұранысты қанағаттандыруға және электр қуатының болжамды теңгерімінің негізінде айқындалған Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр қуатының шамасын ұстап тұруға жеткілікті көлемде жұмыс істеп тұрған электр қуаттарын қолдау мақсатында жұмыс істейді.
2. Көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын және қуатын өндіруге-тұтынуға арналған болжамды өтінімдерді айларға бөле отырып, алдағы жылға қалыптастырады және есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші қазанынан кешіктірмей жүйелік операторға жібереді.
Жүйелік оператор есепті жылдың алдындағы жылдың он бесінші қазанынан кешіктірмей, көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын және қуатын өндіруге-тұтынуға арналған болжамды өтінімдерінің негізінде электр энергиясының және қуатының алдағы жылға арналған болжамды теңгерімін әзірлейді.
4-тармақтың 11) тармақшасының отыз тоғызыншы - елу бірінші абзацтары 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3. Жүйелік оператор электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді:
1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді осы генерациялайтын қондырғылар пайдалануға берілгеннен және аттестаттаудан өткізілгеннен кейін қызметтер көрсету туралы шарт негізінде;
2) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсету туралы шарт негізінде сатып алады.
4. Энергия өндіруші ұйымдар электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жүйелік оператор аттестаттаудан өткізгеннен кейін жіберіледі.
Энергия өндіруші ұйымдар электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығында өткізуді аттестатталған электр қуатынан аспайтын көлемде:
1) экспортқа шығарылатын электр энергиясының электр қуатының ең жоғары көлемін;
2) тендерлік негізде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлемін;
3) өзінің тұтынуын шегере отырып, жүзеге асырады.
Электр қуатын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу нәтижесінде энергия өндіруші ұйымның аттестатталған электр қуатының шамасы төмендеген жағдайда электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемі аттестатталған шамаға дейін төмендейді.
5. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ұйымдастырады және өткізеді.
Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындыларын өтеусіз тіркеуді жүзеге асырады.
Орталықтандырылған сауда нарығының операторы жүйелік операторға және нарық субъектілеріне электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен өткізу бойынша шарттық негізде қызметтер көрсетеді.
6. Жүйелік оператор электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларға Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес ұсынуды жүзеге асырады.»;
4-тармақтың 12) тармақшасы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
12) 17-бапта:
1-тармақтағы «Электр энергиясын сатып алу-сату, электр энергиясының көтерме сауда нарығында» деген сөздер «Электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алу-сату,» деген сөздермен, «электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөнінде» деген сөздер «электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру, электр энергиясының және қуатының орталықтандырылған сауда нарығына қатысу, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Электр энергиясын сатып алу-сату шарттары, электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендіру, электр қуатын реттеу, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру, электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеу жөніндегі қызметтерді көрсету шарттары, электр энергиясының және қуатының орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шарттары шарт бойынша уақтылы ақы төленбеген жағдайда тиісті қызметтерді көрсетуді тоқтату талаптары мен тәртібін қамтуға тиіс.»;
13) 18-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Энергияны коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану жағдайларын қоспағанда, тұтынушылардың тұтынған электр энергиясы үшін төлемақы коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде энергиямен жабдықтаушы ұйым берген төлем құжаты бойынша, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде есептеу арқылы жүргізіледі.»;
4-тармақтың 14) тармақшасы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
14) 25-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы Заңның 12-1-бабының 3-1-тармағында көзделген тәртіппен келісім жасасу бойынша шаралар қабылдамаған және уәкілетті органмен келісім жасаспаған энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын амортизация мен пайдаға кеткен шығындарды есепке алмай, электр энергиясын өндіруге кеткен шығыннан аспайтын бағамен өткізеді.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 1) тармақшасының он тоғызыншы абзацын, 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 3) тармақшасының жетінші абзацын, 6) тармақшасының жетінші және он бірінші абзацтарын, 11) тармақшасының жиырма төртінші, жиырма алтыншы - отыз сегізінші абзацтарын;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацын, 3) тармақшасының екінші - алтыншы, он бірінші - он төртінші және жиырмасыншы абзацтарын, 3-тармағының 2) тармақшасын, 4-тармағы 1) тармақшасының бесінші, он бірінші, он үшінші, он алтыншы, он жетінші, жиырмасыншы - жиырма төртінші, отызыншы, отыз үшінші, отыз төртінші және отыз алтыншы абзацтарын, 2) тармақшасының төртінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он төртінші, он бесінші және он сегізінші абзацтарын, 3) тармақшасының төртінші, оныншы, жиырмасыншы, жиырма жетінші және жиырма тоғызыншы абзацтарын, 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 6) тармақшасының алтыншы, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 7) тармақшасының үшінші, төртінші, он үшінші, он бесінші және жиырма бірінші абзацтарын, 8) тармақшасының екінші - он екінші және жиырма сегізінші абзацтарын, 9) тармақшасының тоғызыншы және он төртінші абзацтарын, 10) тармақшасын, 11) тармақшасының жиырма бесінші, отыз тоғызыншы - елу бірінші абзацтарын және 12) тармақшасын;
3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацын, 5) және 10) тармақшаларын, 12) тармақшасының үшінші абзацын, 13) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 4-тармағы 1) тармақшасының сегізінші абзацын, 3) тармақшасының алтыншы және он тоғызыншы абзацтарын, 4) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы - сегізінші абзацтарын, 7) тармақшасының бесінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 8) тармақшасының он үшінші - он сегізінші, жиырмасыншы - жиырма жетінші абзацтары және 14) тармақшасы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
3. Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 6) тармақшасының үшінші - алтыншы, тоғызыншы және оныншы абзацтары, 4-тармағы 3) тармақшасының жиырма екінші абзацы, 7) тармақшасының жетінші - он бірінші, он жетінші - жиырмасыншы абзацтары, 8) тармақшасының он тоғызыншы абзацы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
4. Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 13) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары:
1) осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«қырық төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (127 (бірінші бөлігі), 147-13, 223 - 225, 225-1, 356-баптар);»;
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«қырық үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (127 (бiрiншi бөлiгi), 147-6 (2-2, 2-3-бөлiктерi), 147-13, 219-8 (екінші және үшінші бөліктері), 223 - 225, 225-1 (электр мен жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 356, 357-1-баптар);».
5. Осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 3) тармақшасының алтыншы абзацы:
1) осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«12-1) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 2), 4) - 8) тармақшаларында, 13-бабы 3-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«12-1) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 4) - 8) тармақшаларында, 13-бабы 3-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;».
6. Осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 4) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары:
1) осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 4-тармағында, 12-1-бабының 4 және 5-тармақтарында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;»;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1), 3) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;».
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 4) тармақшасының алтыншы абзацы:
2016 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«7) тармақшадағы «12-бабының 3, 4-тармақтарында, 12-1-бабының 4, 5-тармақтарында» деген сөздер «12-бабының 3-тармағының 1), 3) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабының 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын.»
8. Осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 4) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары:
1) осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«8-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 4-тармағында, 12-1-бабының 4 және 5-тармақтарында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың орындауы жөнінде ақпарат сұратады және алады;»;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«8-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1), 3) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың орындауы жөнінде ақпарат сұратады және алады;».
9. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін:
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы жиырма бірінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрып, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«үшiншi абзацтағы «екiншi және үшінші» деген сөздер «екiншi» деген сөзбен ауыстырылсын.
2) осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасы екінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрып, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«147-1 (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «147-6 (2-1-бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын»;
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 13) тармақшасы үшінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрып, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«қырық бiрiншi абзацтағы «(356-бап)» деген сөздер «(147-6 (2-1-бөлiгi), 147-12 (бiрiншi және үшiншi бөлiктері (мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзудiң шектi бағасын асырып жiберу бойынша), 356-баптар)» деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы шілденің 4-і.
№ 25-V