3) 5-бапта:
5) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өз құзыретi шегiнде электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тұтыну, сондай-ақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру және электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi;»;
4-тармақтың 3) тармақшасының төртінші абзацы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«12) электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар топтарын, сондай-ақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсететін энергия өндіруші ұйымдар топтарын қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Үкіметіне оларды бекіту туралы ұсыныстар енгізеді;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
4-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы абзацы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін және 2016 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
4-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы абзацы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«12-1) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 13-бабы 3-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
4-тармақтың 3) тармақшасының жетінші абзацы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12-2) жүйелік оператордың осы Заңның 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
14) тармақшада:
«жүйелік операторды және» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтың 3) тармақшасының оныншы абзацы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы» деген сөздер «орталықтандырылған сауда-саттық» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2), 14-3), 15-1), 18-1), 18-2) және 18-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын, оны алу тәртібін және мерзімін әзірлейді;
14-2) мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабанның және пломбирдің үлгісін белгілейді;
14-3) мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандарын бекітеді;»;
«15-1) мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру тәртібін бекітеді;»;
«18-1) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын әзірлейді;
18-2) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын әзірлейді;
18-3) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
4-тармақтың 3) тармақшасының он тоғызыншы абзацы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
22) тармақша алып тасталсын;
4-тармақтың 3) тармақшасының жиырмасыншы абзацы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
41) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 46-1), 46-2), 46-3), 46-4), 46-5), 46-6), 46-7) және 46-8) тармақшалармен толықтырылсын:
4-тармақтың 3) тармақшасының жиырма екінші абзацы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
«46-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат сұратады және алады;
46-2) электр қуатын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді;
46-3) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді;
46-4) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындылары бойынша осы тендердің жеңімпазымен шарт жасасады;
46-5) жүйелік операторға тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасу үшін жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазын, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу бағасын, көлемін және мерзімдерін айқындайды;
4-тармақтың 3) тармақшасының жиырма жетінші абзацы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
46-6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне электр энергиясына арналған және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тарифтерді бекіту туралы ұсыныстар, сондай-ақ олардың шамасы бойынша ұсыныс енгізеді;
46-7) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін бекітеді;
4-тармақтың 3) тармақшасының жиырма тоғызыншы абзацы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
46-8) энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу (сату) тәртібін бұзушылықтары және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады;»;
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) 7-бапта:
4-тармақтың 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша алып тасталсын;
4-тармақтың 4) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін және 2016 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
4-тармақтың 4) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтары 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында және 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;»;
4-тармақтың 4) тармақшасының алтыншы абзацы 2016 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
7) тармақшадағы «12-бабының 3, 4-тармақтарында, 12-1-бабының 4, 5-тармақтарында» деген сөздер «12-бабының 3-тармағының 1) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабының 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын
4-тармақтың 4) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін және 2016 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының редакцисында қолданылады
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында және 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың орындауы жөнінде ақпарат сұратады және алады.»;
5) 9-1-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақта:
үшінші абзацтағы «кернеу жиiлiгiнiң ауытқуы;» деген сөздер «электр тогы жиілігінің ауытқуы электр энергиясы сапасының сипаттамалары болып табылады.» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзац алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Магистральдық және тарату құбырларындағы жылытуға арналған жылу энергиясының параметрлерi белгіленген температура кестесiне сәйкес болуға тиiс.»;
6) 10-баптың 1-тармағында:
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеуді жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 16), 17), 18), 19), 20), 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
«16) электр қуаты нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
4-тармақтың 6) тармақшасының алтыншы абзацы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
17) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетеді;
4-тармақтың 6) тармақшасының жетінші абзацы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүзеге асырады;
19) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді уәкілетті орган айқындаған баға бойынша, көлемде және мерзімде сатып алу туралы тендер жеңімпазымен шарт жасасады;
4-тармақтың 6) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
20) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге жасалған шартқа сәйкес генерациялайтын қондырғылар пайдалануға енгізілген кезден бастап ақы төлеуді жүзеге асырады;
21) тендерлік негізде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын қоспағанда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығында сатып алуды жүзеге асырады;
4-тармақтың 6) тармақшасының он бірінші абзацы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22) көтерме сауда нарығының субъектісін көрсете отырып, электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналып жасалған шарттардың тізбесін жасайды және өзінің интернет-ресурсында орналастырады.»;
7) 12-бапта:
3-тармақта:
4-тармақтың 7) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) тармақшадағы «тиiсiнше шектi, есептiк немесе жеке тарифтен» деген сөздер «электр энергиясына арналған шектi тарифтен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
4-тармақтың 7) тармақшасының бесінші абзацы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
4-тармақтың 7) тармақшасының жетінші - он бірінші абзацтары 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
«4) өткен күнтізбелік жыл үшін электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындары бойынша, электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі бойынша есептерді жыл сайын 31 наурыздан кешіктірмей уәкілетті органға беруге;
5) келісімде келесі жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын 31 желтоқсаннан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
6) келісімде өткен жыл үшін көзделген инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
7) жария тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды жария тыңдауларды өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік бес күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, келісімдерді орындау нәтижелері бойынша жария тыңдауларды мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бірлестіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыра отырып, жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей өткізуге;
8) уәкілетті органның талап етуі бойынша осы Заңның 5-бабының 46-1) тармақшасына сәйкес ақпаратты ол белгілеген, тиісті сауал алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде беруге;
9) табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның талап етуі бойынша осы Заңның 7-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес ақпаратты ол белгілеген, тиісті сауал алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде беруге;
4-тармақтың 7) тармақшасының он үшінші абзацы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
10) тендерлік негізде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын қоспағанда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тарифтен аспайтын баға бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуді жүзеге асыруға міндетті.»;
4-тармақта:
4-тармақтың 7) тармақшасының он бесінші абзацы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
бірінші бөліктегі «тиiсiнше шектi, есептiк немесе жеке тарифтен» деген сөздер «электр энергиясына арналған шектi тарифтен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 7) тармақшасының он алтыншы абзацы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;
4-тармақтың 7) тармақшасының он жетінші - жиырмасыншы абзацтары 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Энергия өндіруші ұйым келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындамаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым көтерме сауда нарығының субъектілеріне инвестициялық міндеттемелерді орындауға арналған келісімде көзделген және оларды іске асыруға пайдаланылмаған, алынған қаражатты электр энергиясының келесі күнтізбелік жылға арналған босату бағасын төмендету арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, осы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыра отырып, қайтаруға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндет келесі күнтізбелік жылға келісім жасасу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім жасасу күнгі қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, орындалмаған сомаға қосымша инвестициялық міндеттемелер қабылдаған энергия өндіруші ұйымдарға қолданылмайды.
Энергия өндіруші ұйым келісімде көзделген қосымша инвестициялық міндеттемелерді келесі күнтізбелік жылда орындамаған жағдайда энергия өндіруші ұйым кейінгі жылдарға осы міндеттемелерді қабылдай алмайды және олар осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес көтерме сауда нарығының субъектілеріне қайтарылуға жатады.
4-тармақтың 7) тармақшасының жиырма бірінші абзацы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар электр қуатының нарығына, тұтынушылардың өз меншігіндегі генерациялайтын көздердің электр қуатын қоспағанда, электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге жүйелік оператормен жасалған шарттар негізінде қатысуға міндетті.»;
8) 12-1-бапта:
4-тармақтың 8) тармақшасының екінші - он екінші абзацтары 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1-бап. Электр энергиясына арналған және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тарифтердi айқындау тәртiбi»;
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Энергия өндiрушi ұйым электр энергиясына арналған босатылатын тарифті (бағаны) дербес, бiрақ электр энергиясын өткізетін энергия өндiрушi ұйымдардың тиiстi тобының электр энергиясына арналған шектi тарифiнен аспайтындай етiп белгiлейдi.
Электр энергиясына арналған шектi тариф электр энергиясын өткізетін энергия өндiрушi ұйымдардың топтары бойынша жылдарға бөлiне отырып, жетi жылға тең мерзiмге бекiтiледi және жыл сайын түзетiлiп отырады.
Электр энергиясына арналған шектi тарифтер енгiзілген жылдың алдындағы бiр жыл iшiнде электр энергиясын өткізетін энергия өндiрушi ұйымдардың тиiстi тобында қалыптасқан iс жүзiндегi ең жоғары баға электр энергиясына арналған шектi тарифтi оның қолданылуының бiрiншi жылына арнап айқындау үшiн база болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Энергия өндiрушi ұйым электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тарифті дербес, бiрақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсететін энергия өндiрушi ұйымдардың тиiстi тобының электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметіне арналған шектi тарифтен аспайтындай етіп белгілейді.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шектi тариф электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсететін энергия өндiрушi ұйымдардың топтары бойынша жылдарға бөлiне отырып, жетi жылға тең мерзiмге бекiтiледi және саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, жыл сайын түзетiледі.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тарифтер енгізілген жылдың алдындағы бір жыл ішінде электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобында қалыптасқан, өтемділіктің жеті жылға тең нормативтік мерзімі шегінде қолда бар өндірістік активтерді жаңартуға, ұстап тұруға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға салынған инвестициялардың қайтарымдылығын қамтамасыз ететін энергия өндіруші ұйымдардың қаражаты электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шектi тарифті оның қолданылуының бірінші жылына арнап айқындау үшін база болып табылады.»;
4-тармақтың 8) тармақшасының он үшінші - он сегізінші абзацтары 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағамен өткізу үшін уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен келісім жасасады.
Келісім энергия өндіруші ұйымның жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, ұстап тұруға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру жөніндегі инвестициялық міндеттемелерін көздейді.
Келісімде электр энергиясын өндіруге байланысты іс-шаралар тізбесі әрбір іс-шара бойынша инвестициялардың нақты көлемі мен сомалары көрсетіле отырып айқындалады.
Келісім жасасу кезінде жабдықтың техникалық жай-күйін растау үшін тәуелсіз энергетикалық сараптаманың қорытындысы ескеріледі.
Электр энергиясының шекті тарифі, оны өндіру көлемі шеңберінде электр энергиясына арналған босатылатын бағаны төмендету жағдайларын қоспағанда, келісімге инвестициялардың жалпы сомасын төмендете отырып өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
4-тармақтың 8) тармақшасының он тоғызыншы абзацы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерді орындауының, электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындарының, электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемдерінің мониторингін жүргізеді.
4-тармақтың 8) тармақшасының жиырмасыншы - жиырма жетінші абзацтары 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
Энергия өндіруші ұйым жоспарланатын амортизациялық аударымдарға және электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағалар бойынша өткізуден алынған таза табыстың деңгейіне сәйкес өзінің инвестициялық міндеттемелерін дербес айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Энергия өндіруші ұйым уәкілетті органға келісім жасалған жылдың алдындағы жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде келісімнің жобасын ұсынады.
Уәкілетті орган қараудың нәтижелері бойынша келісімнің жобасын уәкілетті орган алған күннен бастап есептелетін күнтізбелік қырық күн ішінде энергия өндіруші ұйымға қол қойылған келісімнің бір данасын не келісім жасасудан бас тарту туралы дәлелді шешімді жібереді.
Тараптардың келісімді жасасудан негізсіз бас тартуына немесе оны жасасудан жалтаруына жол берілмейді.
Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда келісім жасалды деп есептеледі.
Уәкілетті органның келісім жасасудан бас тарту туралы дәлелді шешімін энергия өндіруші ұйым алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде келісім жобасының шарттары бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, келісімді жасасу кезінде туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес реттелуге тиіс.
Энергия өндіруші ұйым дауды реттеу кезеңінде электр энергиясын амортизацияға және пайдаға кететін шығындарды есептемей, электр энергиясын өндіруге арналған шығындардан аспайтын баға бойынша өткізеді.»;
4-тармақтың 8) тармақшасының жиырма сегізінші абзацы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4, 5 және 6-тармақтар алып тасталсын;
9) 13-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электрмен жабдықтау бойынша қызметтер көрсету үшін электрмен жабдықтаудың үлгілік шартына сәйкес электрмен жабдықтауға арналған шарт жасасуға міндетті.»;
3-1-тармақтың 1) тармақшасындағы «және электр энергиясын» деген сөздер «және Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес электр энергиясын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2. Энергия өндіруші ұйымға:
1) электр энергиясының экспортын қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектiлері болып табылмайтын жеке немесе заңды тұлғаларға электр энергиясын өткiзуге (сатуға);
2) электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестесін негізге ала отырып айқындалатын көлемде қуаттардың авариялық істен шығу және (немесе) электр энергиясын өз мұқтаждарының көлемінде сатып алу жағдайларын қоспағанда, электр энергиясын энергия өндіруші басқа ұйымнан алуға (сатып алуға);
4-тармақтың 9) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) жүйелік оператормен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарттары жоқ энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектiлерi болып табылатын тұтынушыларға электр энергиясын өткiзуге (сатуға);
4) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын алуға (сатып алуға) тыйым салынады.»;
3-3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3-3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымға электр энергиясын энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымға өткiзуге (сатуға), сондай-ақ оны энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымнан алуға (сатып алуға) тыйым салынады.»;
4-тармақта:
4-тармақтың 9) тармақшасының он төртінші абзацы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
бірінші бөліктегі «ережелерiнде» деген сөз «қағидаларында, электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
4-тармақтың 10) тармақшасы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
10) 15-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «нарығынан тұрады.» деген сөздер «нарығынан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) электр қуаты нарығынан тұрады.»;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «Электр энергиясының орталықтандырылған» деген сөздер «Орталықтандырылған» деген сөзбен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) спот-сауда-саттығын және электр қуатының спот-сауда-саттығын ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;»;
2) тармақша «энергиясының» деген сөзден кейін «(қуатының)» деген сөзбен толықтырылсын;
11) мынадай мазмұндағы 15-1, 15-2 және 15-3-баптармен толықтырылсын:
«15-1-бап. Электр қуаттарын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлеу және жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібі
1. Жүйелік оператор жыл сайын он бесінші қазанға дейінгі мерзімде алдағы жеті жылдық кезеңге электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімін әзірлейді және оны бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.
2. Уәкілетті орган электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерінің негізінде жыл сайын электр қуатының болжамды тапшылығын белгілейді, сондай-ақ электр қуаттарын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді, өзінің интернет-ресурсында орналастыра отырып, оған тендер өткізілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар басымдықпен енгізіледі.
3. Уәкілетті орган электр қуатының болжамды тапшылығын жабу үшін жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді.
4. Уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу туралы хабарландыруды тендерлік құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті инвесторлардың тендерге қатысуға құжаттар мен материалдарды табыс етуінің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
5. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттама топтамасы:
1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың сипатын және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын;