2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат беру фактісін анықтаған тұлғалар:
1) осындай факті анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарламаға осы фактілерді растайтын құжаттардың көшірмесін қоса беріп, тапсырыс берушіні және уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етуге;
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) осындай факті анықталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсынған әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа қуыным беруге міндетті.
Осы тармақтың 2) тармақшасының талабы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына, олар мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушілері (ұйымдастырушылары) ретінде болатын жағдайларды қоспағанда, қолданылмайды.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Мемлекеттік сатып алу саласында қалыптастырылатын тізілімдер
1. Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласында мынадай:
1) тапсырыс берушілердің;
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың;
3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың бірыңғай республикалық тізілімдерін (бұдан әрі - тізілімдер) қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
2. Тапсырыс берушілердің тізілімі өздерінің жұмыс істеуін, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметті орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті заңды тұлғалардың тізбесін білдіреді.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі тапсырыс берушілер тиісті қаржы жылында жасасқан, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы, сандық және құндық көрсеткіштері туралы, тараптардың шарттық міндеттемелерді орындау нәтижелері туралы мәліметтер бар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізбесін білдіреді.
Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер бар мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жеке тізіліміне енгізіледі, оны жүргізудің тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды. Мұндай мәліметтерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) және 23) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізуге жатпайды.
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі:
1) біліктілік талаптары бойынша дәйексіз ақпарат табыс еткен әлеуетті өнім берушілердің;
2) осы Заңның 6-бабы талаптарының бұзылуына жол берген әлеуетті өнім берушілердің;
3) жеңімпаздар деп айқындалған, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілердің;
4) мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасасқан шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.
Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген соттар шешімдерінің негізінде қалыптастырылады.
Осы тармақта көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай бойы мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді. Осы Заңның 38-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушімен жасалуы мүмкін.
Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде қамтылған мәліметтер осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап, бір жұмыс күнінен кешіктірілмей аталған тізілімнен шығарып тасталады.
Әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы шешімге олардың сот тәртібімен шағымдануына болады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мұндай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгінуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгінуге міндетті.
5. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тізілімдерде қамтылған мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшін мүдделі тұлғаларға қолжетімді болуға тиіс.
12-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері
1. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) конкурс тәсілімен. Конкурс екі кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып өткізілуі мүмкін;
2) баға ұсыныстарын сұрату;
3) бір көзден алу;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) аукциондарда;
5) тауар биржалары арқылы.
2. Тапсырыс беруші уәкілетті органмен келіспей-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін осы Заңға сәйкес таңдайды.
3. Өзінің филиалының (өкілдігінің) қызметін қамтамасыз етуге қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемін негізге ала отырып, тапсырыс берушінің атынан осындай мемлекеттік сатып алуды тапсырыс берушінің филиалы (өкілдігі) тікелей жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілін тапсырыс беруші айқындауға құқылы.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген тәсілмен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізілуі мүмкін.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылады (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәсілмен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізіледі.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
6. Осы Заңның 47-1-бабына сәйкес 2012 жылғы 1 шілдеден бастап күші жойылды (бұр.ред.қара)
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген тәсілдермен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізіледі.
Көрсетілген талап осы Заңның 41 және 42-баптарына сәйкес конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
2-тарау. Мемлекеттік сатып алу жүйесін мемлекеттік реттеу
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік сатып алу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
3) осы Заңда айқындалған отандық әлеуетті өнім берушілер санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындайды;
4) отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекітеді;
5) сатып алу және тауар интервенцияларын, сондай-ақ азық-түлiк тауарларын сақтау, өңдеу, тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердiң) тiзбесiн бекiтедi;
6) түзету мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 42) тармақшасына сәйкес олардан тапсырыс берушілер сатып алатын, сол кәсіпорындар өндіретін тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің тізбесі мен көлемдерін бекітеді;
7) қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың айрықша тәртібін айқындайды;
8) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
9) арнайы қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімдерін берушілерді айқындайды, сондай-ақ осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекітеді;
10) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) осы Заңда көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
2) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау тәртібін айқындайды;
4) мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану тәртібін айқындайды;
5) мемлекеттік сатып алу веб-порталы жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу тәртібін айқындайды;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
қажет болған жағдайда, мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері ұсынған есептілік деректерінің, материалдар мен ақпараттың анықтығын тексереді;
7) іркіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе апта сайын қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
8) осы Заңның нормаларын қолдану үшін қажетті қор биржаларының тізбесін бекітеді, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 6-тармағында көзделген құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді;
9) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар оларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесін бекітеді;
10) стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесін бекітеді;
11) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын, тауарларды мемлекеттік сатып алудың үлгілік шартын, жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың үлгілік шартын және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың үлгілік шартын бекітеді;
12) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың айрықша тәртібін айқындайды;
13) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды белгілейді;
14) мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды;
15) электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын айқындайды;
16) мемлекеттік сатып алу саласында мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін айқындайды;
17) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторды айқындайды;
18) аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
19) конкурстың не аукционның қорытындылары шығарылғанға дейінгі және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге тапсырыс берушілер бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайын қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
20) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалардың және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Уәкілетті орган:
1) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілерінен қажетті ақпарат пен материалдарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен сұратуға және алуға;
2) мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын сараптамалар және консультациялар жүргізуге тартуға құқылы.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды
14-1-бап. Электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың өкілеттігі
Электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор:
1) мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік ақпараттық жүйелерді әзірлеуді, енгізуді, ақпараттық - техникалық сүйемелдеуді және пайдалануды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімді техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталының құрылуын, жұмыс істеуін және оны техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
4) осы Заңға сәйкес өтеусіз негізде міндетті түрде жариялануға жататын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырады;
5) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өтеусіз негізде ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызмет көрсетеді;
6) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне өтеусіз негізде консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;
7) мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік сатып алу жобаларын басқаруды және оны техникалық сүйемелдеу функцияларын жүзеге асырады;
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда
8) мемлекеттік сатып алу саласындағы есептілікті техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
9) мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар интеграциясы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттандыру саласында ұлттық оператормен өзара іс-қимыл жасайды;
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) анықтамалықты енгізе отырып, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын енгізуді және сүйемелдеуді жүзеге асырады.
15-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасауды мына органдар:
1) Қазақстан Республикасының бюджет кодексінде белгіленген өкілеттіктер шегінде мемлекеттік қаржы бақылау органдары;
2) уәкілетті орган бақылау объектілерін жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді орындау арқылы жүзеге асырады.
2. Мыналар:
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, аукциондық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) әлеуетті өнім беруші, конкурсқа қатысушы, аукционға қатысушы, өнім беруші, сондай-ақ олар жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлер не қызметтер көрсету үшін бірлескен атқарушылар ретінде тартатын тұлғалар;
3) 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) мемлекеттік сатып алуға тауар биржалары арқылы қатысатын тұлғалар;
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор бақылау объектілері болып табылады.
3. Мемлекеттік қаржы бақылау органдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау объектілеріне осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар жатады, олар бір мезгілде мемлекеттік қаржы бақылау объектілері болып табылады.
4. Бақылау объектілеріне қатысты жоспарлы тексерулер күнтізбелік жыл ішінде бір реттен артық жүзеге асырылмайды.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Уәкілетті орган жоспардан тыс тексерулерді мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның, аукциондық комиссияның, сараптама комиссиясының, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымданумен әлеуетті өнім беруші, конкурсқа не аукционға қатысушы, өнім беруші не олардың уәкілетті өкілі жазбаша өтініш бергенде жүзеге асырады. Мұндай шағымды қарау осы Заңның 45-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады;
2) бақылау объектілерінің әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны туралы ақпарат келіп түскенде;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) құқық қорғау органдарының қаулылары келіп түскен кезде;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) мемлекеттік сатып алуды жинау, қорыту және талдау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Уәкілетті орган бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда мынадай шаралар қолданады:
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) бақылау объектісіне орындауға міндетті ұсыну жібереді;
2) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) міндеттемелері толық көлемде және тиісінше орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасасылған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгінеді.
7. Мемлекеттік қаржы бақылау органдары бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде тиісті бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда мынадай шаралар қолданады:
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) бақылау объектілеріне орындауға міндетті қаулылар, ұсынулар жібереді;
2) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8. Бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің қылмыс құрамы белгілері бар іс-әрекетті (әрекетсіздікті) жасасу фактісі анықталған жағдайда, мемлекеттік қаржы бақылау органдары осындай факті анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аталған іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы ақпаратты және осындай фактіні растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына беруге міндетті.
9. Мемлекеттік қаржы органдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады
3-тарау. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу
16-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мұндай тауарларды конкурстық құжаттамада лоттарға міндетті түрде бөле отырып, аталған тәсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге құқылы.
Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Осы тармақта көзделген жағдайларда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп айқындалған және конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылар деп таныған әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысады.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде өтпеді деп есептеледі:
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;
2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінімнің ұсынылуы;
3) конкурсқа қатысуға бір де бір әлеуетті өнім берушіге рұқсат берілмеуі;
4) конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім берушіге рұқсат берілуі;
5) конкурсқа қатысушылар ұсынған конкурстық баға ұсыныстарының болмауы;
6) конкурсқа қатысушылардың екеуден аз конкурстық баға ұсынысын ұсынуы;
7) осы Заңның 26-1-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екеуден аз конкурстық баға ұсынысының бағалануға және салыстыруға жатқызылуы;
8) конкурс жеңімпазының мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруы.
17-бап. Конкурстық құжаттама