мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) шот-фактура электрондық түрде жазып берілген жағдайда - айналым жасалған күн;»;
2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушi мен алушының орналасқан (тұрғылықты) жері көрсетілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушi мен алушының мекенжайы;»;
3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді алушы болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты - тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);»;
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) осы баптың 12-тармағы екінші бөлігінің 1) - 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда электрондық түрде жазып берілген шот-фактурада:
Кеден одағы Комиссиясының шешімімен бекітілген валюта сыныптауышына сәйкес айқындалған валютаның әріптік коды;
өткізу бойынша айналым жасау күніне салық салынатын (салық салынбайтын) айналымды айқындау үшін пайдаланылатын валюта бағамы көрсетіледі;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) салық салынатын (салық салынбайтын) айналымның мөлшерi;»;
7-тармақтың бірінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«қағаз жеткiзгiште жазып берiлген жағдайда - өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк жеті күннен;
электрондық түрде жазып берiлген жағдайда - өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура:
заңды тұлғалар үшiн - басшысы мен бас бухгалтерiнiң қолтаңбаларымен, сондай-ақ, егер осы тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрге ие болуға тиіс болса, заңды тұлғаның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрiмен;
дара кәсiпкерлер үшiн - дара кәсiпкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы жазылған мөрiмен (ол болған кезде), сондай-ақ қолтаңбасымен куәландырылады.
Шот-фактура салық төлеушiнiң бұйрығымен осыған уәкiлеттiк берiлген қызметкердiң қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкiн. Бұл ретте бұйрықтың көшiрмесi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылардың көрiп-танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiге шот-фактураға қол қоюға уәкiлеттi адамды тағайындау туралы бұйрықтың осыған уәкiлеттi адам куәландырған көшiрмесiн беру талабымен жүгiнуге құқылы, ал өнiм берушi бұл талапты тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы жүгiнген күнi орындауға мiндеттi.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi, егер осы тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрге ие болуға тиіс болса, салық төлеушi жазып берген шот-фактураны оның шешiмi бойынша заңды тұлғаның осындай құрылымдық бөлiмшесiнiң заңды тұлғаның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрiмен куәландыруға құқылы.
Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкiлеттi өкiлi жазып берген шот-фактура осы Кодекстiң 308-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда, уәкiлеттi өкiлдiң атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрiмен, сондай-ақ осындай уәкiлеттi өкiл басшысының және бас бухгалтерiнiң қолтаңбаларымен куәландырылады.
Егер Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына және есептiк саясатқа сәйкес басшы немесе дара кәсiпкер бухгалтерлiк есептi жеке өзi жүргiзсе, бас бухгалтер қолтаңбасының орнына «көзделмеген» деп көрсетiледi.
Электрондық түрде жазып берiлген шот-фактура электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.»;
11, 12 және14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Интернет-ресурста орналастырылғандарды қоса алғанда, мерзiмдi баспа басылымдарын және бұқаралық ақпарат құралының өзге де өнімін өткізген жағдайда, шот-фактура:
1) өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейінгі күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей қағаз жеткізгіште;
2) өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейінгі күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей электрондық түрде жазылып беріледі.
12. Қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі. Сыртқы сауда қызметі жүзеге асырылған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда шот-фактурада тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын және қосылған құн салығының сомасын шетел валютасымен қосымша көрсетуге тыйым салынбайды.
Мынадай:
1) өнімнің бөлінісі туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жасасылған (жасалған) мәмілелер (операциялар) бойынша;
2) тауарларды осы Кодекстің 242, 276-11 және 276-13-баптарына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын экспортқа өткізу жөніндегі мәмілелер (операциялар) бойынша;
3) осы Кодекстің 244-бабына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын халықаралық тасымалдар бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар бойынша;
4) осы Кодекстің 245-бабының 1-2-тармағына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар бойынша шетел валютасымен көрсету мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, электрондық түрде жазып берілген шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі.»;
«14. Бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер енгізу, оның ішінде қателерді түзету мақсатында өзгерістер енгізу бұрын жазып берілген шот-фактураны жою және түзетілген шот-фактураны жазып беру арқылы жүргізіледі.
Бұл ретте түзетілген шот-фактурада бұрын жазып берілген шот-фактурада көрсетілгеннен өзге тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер берушіні көрсетуге жол берілмейді.
Осы Кодекстің 265-бабында көзделген жағдайларда, осы тармақтың ережесі қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 14-1, 14-2 және 14-3-тармақтармен толықтырылсын:
«14-1. Түзетілген шот-фактура:
1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын, осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес келуге;
2) мынадай ақпаратты:
шот-фактураның түзетілгені туралы белгіні;
түзетілген шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;
күші жойылатын шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін қамтуға тиіс.
14-2. Түзетілген шот-фактура қате табылған күннен ерте емес және:
1) қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда - қате табылған күннен кейін күнтізбелік жеті күннен;
2) электрондық түрде жазып берілген жағдайда - қате табылған күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
14-3. Қағаз жеткізгіште жазып берілген, түзетілген шот-фактура бойынша осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының алғаны туралы төменде санамаланған растау құжаттарының кез келгенінің:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай шот-фактураны осы баптың 8-тармағына сәйкес қолтаңбасымен және мөрімен растауының;
немесе
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мекенжайына тапсырыс хатпен жолдауының және оның алынғаны туралы хабарламаның;
немесе
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай қол қойылған және:
заңды тұлғалар үшiн - егер осы тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрге ие болуға тиіс болса, оның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрi;
дара кәсiпкерлер үшiн - мөрі болған кезде, оның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы қамтылған мөрi басылған шот-фактураны алғандығы туралы хатының болуы міндетті.»;
15-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жолаушы тасымалы жол жүру билетімен (осы тармақтың 3) және 3-1) тармақшаларында көзделгеннен басқа жағдайларда) ресімделген;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) жолаушы тасымалы теміржол көлігінде берілетін электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тауар дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын жеке тұлғаға өтеусіз берілген;»;
16-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 15-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы өнім беруші көрсеткен тасымалдау қызметтері бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу мақсатында теміржол көлігімен жол жүру фактісін растау үшін шот-фактура жазып беруді талап ете отырып, осы өнім берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім беруші бұл талапты орындауға міндетті.»;
16-1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 15-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көзделген жағдайларда - айналым жасалған күні немесе одан кешірек, бірақ осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, шот-фактуралар айналым жасау күнінен кешірек жазып берілген кезде, көрсетілетін қызметтерді беруші шот-фактураны жазып беру күнімен қатар айналым жасалған күні қолданыста болған мөлшерлеме бойынша есептелген салықты көрсете отырып, өткізу бойынша айналым жасалған күнді көрсетеді;
2) осы баптың 15-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда - тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу орны бойынша айналым жасалған күні немесе одан кешірек, бірақ осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жүзеге асырылады.»;
74) 265-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«265-бап. Қосымша шот-фактураларды жазып беру
1. Өнім беруші қосымша шот-фактураны мына жағдайларда:
1) осы Кодекстің 239-бабына сәйкес салық салынатын айналым мөлшері түзетілген;
2) бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес болған кезде:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші шот-фактураны осы Кодекстің 263-бабында көзделген жағдайларда осындай шот-фактура жазып берілген күні қолданыста болған салық мөлшерлемесі бойынша есепке жазылған қосылған құн салығы сомасын көрсете отырып, өткізу бойынша айналым жасалған күннен бұрын жазып берген;
шот-фактура жазып берілген күні қолданыста болған қосылған құн салығы мөлшерлемесі осындай шот-фактура бойынша өткізу бойынша айналым жасалған күні қолданыста болған салық мөлшерлемесінен өзгеше болған жағдайларда жазып береді.
2. Қосымша шот-фактура:
1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын, осы Кодекстің 263-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келуге;
2) мына ақпаратты:
шот-фактураның қосымша болып табылатыны туралы белгіні;
қосымша шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;
қосымша шот-фактура жазып берілетін шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайда - салық салынатын айналым мөлшерінің түзетілуін және бұрын жазып берілген шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының сомасы мен қосымша шот-фактура жазып берілген күндегі қосылған құн салығы сомасының арасындағы айырманы;
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда - қосымша шот-фактура жазып берілген күндегі қосылған құн салығының мөлшерлемесін және қосымша шот-фактура жазып берілген күндегі қосылған құн салығының сомасын қамтуға тиіс.
3. Қосымша шот-фактура:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайда, осы Кодекстің 239-бабында көзделген жағдайлар басталған күннен ерте емес және:
қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда, осы Кодекстің 239-бабында көзделген жағдайлар басталған күннен кейін күнтізбелік жеті күннен;
электрондық түрде жазып берілген жағдайда, осы Кодекстің 239-бабында көзделген жағдайлар басталған күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда, салық мөлшерлемесін өзгертуді көздейтін заң қолданысқа енгізілгеннен кейін бір айдың ішінде жазып беріледі.
4. Қағаз жеткізгіште жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының алғаны туралы төменде санамаланған растау құжаттарының кез келгенінің:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай шот-фактураны осы Кодекстің 263-бабының 8-тармағына сәйкес қолтаңбасымен және мөрімен растауының;
немесе
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мекенжайына тапсырыс хатпен жіберуінің және оның алынғаны туралы хабарламаның;
немесе
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай қол қойылған және:
заңды тұлғалар үшiн - егер осы тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрге ие болуға тиіс болса, оның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрi;
дара кәсiпкерлер үшiн - мөрі болған кезде, оның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы қамтылған мөрi басылған шот-фактураны алғандығы туралы хатының болуы міндетті.»;
75) 267-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасының бірінші бөлігі оныншы абзацындағы «өндіруді жүзеге асыру нәтижесінде алынуға жататын (алынған) табыстар құрайтын;» деген сөздер «өндіруді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
«ауыл шаруашылығы малдарының терілерін және жүндерін қайта өңдеуді жүзеге асыру нәтижесінде алынуға жататын (алынған) табыстар құрайтын;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мыналар:
1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер - заңды тұлғалар мына қызмет түрлері:
жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өз өндірісінің көрсетілген өнімдерін қайта өңдеу және өткізу;
мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығы, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімдерін қайта өңдеу және өткізу бойынша;
2) селолық тұтыну кооперативтері мына қызмет түрлері:
шаруа немесе фермер қожалықтары өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін осы кооперативтер мүшелерінің (пайшыларының) өткізуі;
шаруа немесе фермер қожалықтары өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін осы кооперативтер мүшелерінің (пайшыларының) қайта өңдеуі және осы өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізуі бойынша осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын төлеуді жүргізеді.»;
76) 272-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстiң 273 және 274-баптарында белгiленген тәртiппен есептi салық кезеңiнiң аяғында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан, есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі (бұдан әрi - қосылған құн салығының асып кетуі).
Осы тармақшада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының асып кетуін айқындау кезінде есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жазып берген шот-фактуралар бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке алынбайды;»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Егер қосылған құн салығының асып кетуі салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға беріліп жатқан өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салуға байланысты сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасқан жағдайда, мұндай салық төлеушіге құрылыс кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған жинақталған асып кеткен сомасының анықтығы расталған салық кезеңінен бастап, теңдей үлестермен жиырма салық кезеңі ішінде жүзеге асырылады.
Осы баптың мақсаттары үшін өндірістік мақсаттағы ғимараттарға:
1) өнеркәсіптік ғимараттар мен қоймалар;
2) көлік, байланыс және коммуникациялар ғимараттары;
3) тұрғын үй емес ауыл шаруашылығы ғимараттары жатқызылады.
Осы баптың мақсаттары үшін, спорт пен демалыс орындарына, әкімшілік мақсаттарға, автомобильдердің тұрағына немесе тұруына арналған, сондай-ақ мәдени-көңіл көтеру, қонақүй, мейрамхана мақсатындағы құрылыстарды қоспағанда, құрылыстар өндірістік мақсаттағы құрылыстарға жатқызылады.
Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген ғимараттар мен құрылыстарға жатқызу техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «толық аяқталған» құрылыс кезінде де қолданылады.
Бұл ретте, құрылыс кезеңі деп құрылыстың басталуы мен ғимараттарды, құрылыстарды пайдалануға беру күні арасындағы уақыт кезеңі түсініледі.
Осы баптың мақсаттары үшін мына күндердің ең ерте күні:
1) құрылысты жүзеге асыруға келісімшарт (шарт, келісім) жасасқан күн;
2) жобалау жұмыстарын жүзеге асыруға келісімшарт (шарт, келісім) жасасқан күн құрылыстың басталуы болып танылады.
Осы тармақтың ережелері мына шарттар бір мезгілде сақталған кезде:
1) салық төлеуші арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыратын ұйым немесе инвестициялық басым жобаны іске асырып жатқан, жаңадан құрылған ұйым болып табылса;
2) құрылыс осы Кодекстің 130-1-бабының 1-тармағында көрсетілген ұзақ мерзімді келісімшарттың негізінде жүзеге асырылса;
3) ғимараттар, құрылыстар негізгі құралдар болып танылса;
4) ғимараттарды, құрылыстарды мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдап алса, қолданылады.
Осы тармақтың ережелері өздеріне қосылған құн салығының асып кетуін қайтару осы баптың 3-тармағында және (немесе) 1-тармағы 1) тармақшасының бесінші бөлігінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, сондай-ақ осы Кодекстің 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге осындай қайтару кезінде қолданылмайды.
Салық төлеуші осы тармақта көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талапты, осы Кодекстің 46-бабының ережелерін ескере отырып, ғимараттар, құрылыстар пайдалануға берілген күннен кейінгі салық кезеңдері үшін қосылған құн салығы жөніндегі кезекті декларацияда көрсетеді.»;
77) 273-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы Кодекстің осы бабының 4-тармағында және 274-бабында өзгеше белгіленбесе, салықтық тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген, салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына табыс етуге осы Кодексте белгіленген (ұзарту кезеңін ескере отырып) соңғы күннен бастап күнтізбелік жүз сексен күннің ішінде жүргізіледі.»;
екінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шағым жасалу (салық төлеуші шағым жасаған кезде) нәтижелерін ескере отырып, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының анықтығын растау бойынша салықтық тексеру актісі;»;
2) тармақша «қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару үшін негіз болып табылады.» деген сөздермен толықтырылып, 3) тармақша алып тасталсын;
4-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Кодекстің 274-бабының 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, салық кезеңі ішіндегі өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 пайызды құрайтын, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушіге салықтық тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кетуін қайтару салық органына қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген, салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс етуге осы Кодексте белгіленген (ұзарту кезеңін ескере отырып) соңғы күннен бастап алпыс жұмыс күні ішінде жүргізіледі.»;
екінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шағым жасалу (салық төлеуші шағым жасаған кезде) нәтижелерін ескере отырып, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының анықтығын растау бойынша салықтық тексеру актісі;»;
2) тармақша алып тасталсын;
77) тармақшаның он алтыншы, он жетінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Кодекстің 267-бабының және 231-бабының 3-тармағы 18) тармақшасының ережелерін қолданған салық кезеңдері үшін салық төлеушіге қайтарылмайды.»;
78) 274-бапта:
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ірі салық төлеуші мониторингінде кемінде қатарынан он екі ай тұрған және қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ететін күнге салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салық міндеттемесі жоқ қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.
Мониторингке жататын, осы тармақшада көзделген талаптарға сай келетін ірі салық төлеуші бөліну, бөлініп шығу, қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы қайта ұйымдастырылатын тұлғаның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) өтеді.
Егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, мониторингке жататын, осы тармақшада көзделген талаптарға сай келетін ірі салық төлеуші бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, егер бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын барлық заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылғанға дейін мониторингке жататын ірі салық төлеуші болып табылған жағдайда, қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы құқық мирасқорына өтеді.
Мониторингке жататын ірі салық төлеуші - заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бірігу немесе қосылу арқылы қайта ұйымдастырылған кезде қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы құқық мирасқорына өтеді.
Осы тармақшаның төртінші бөлігінің ережелері мына шарттар бір мезгілде сақталған кезде:
бірігу және (немесе) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың біреуі мониторингке жататын ірі салық төлеуші болса және осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген талаптарға сәйкес келсе;
бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың бірінің акцияларының бақылау пакеті қайта ұйымдастырылу күні ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болса, қолданылады.
Осы тармақшаның екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көрсетілген құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қатысты қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің жаңа тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылады.
Бұл ретте есепті салық кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 70 пайызынан аспайтын мөлшердегі қосылған құн салығының асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтарылуға жатады;»;
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде осы бапта көзделген оңайлатылған тәртіпті қолдануға құқығы жоқ төлеушілер санатына жатқызылмаған тұлғалардың қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiн қолдануға құқығы бар.»;