3) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару мақсатында осындай тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті табыс етеді. Егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын болса, осы тармақшада көрсетілген құжат табыс етіледі.
Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудың ұзартылуы ескерілген мерзімі осы Кодекстің 46-бабында белгіленген мерзімнен аспауға тиіс.»;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салық төлеуші (салық агенті):
осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген салық есептілігін;
осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті табыс етпеген;»;
24) 74-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушінің (салық агентінің) осы бапта белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш негізінде:»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер қызметті тоқтата тұрған жағдайда, орналасқан жері бойынша салық органына патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейінгі алдағы кезеңге салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш береді. Салық есептілігiн табыс етуді тоқтата тұрудың ұзартылуы ескерiлген мерзімі салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі басталған күннен бастап күнтізбелік отыз алты айдан аспауға тиiс.»;
4 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешім салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы салықтық өтініште көрсетілген күннен бастап қызметті қайта бастау күніне дейінгі кезең үшін патент құнының есеп-қисабын табыс етпеуге негіз болып табылады.»;
«9. Патенттің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде осы баптың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген салықтық өтінішті немесе патент құнының кезекті есеп-қисабын табыс етпеген кезде, салық төлеуші осы Кодекстің 43-1-бабында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылуға жатады.»;
25) 76-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық төлеушілер (салық агенттері), егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салықтық өтінішті тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:
1) өзі келу тәртібімен - қағаз жеткізгіште;
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы - қағаз жеткізгіште;
3) салық төлеушінің электрондық құжаты нысанында - ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол берілетін электрондық түрде табыс етуге құқылы.
Салық төлеушілер (салық агенттері) салықтық өтінішті халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы табыс етуге құқылы.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы табыс етілетін салықтық өтініштер тізбесін уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп белгілейді.»;
26) 77-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі 4) тармақшасындағы «жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.» деген сөздер «жөніндегі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
26) тармақшаның екінші абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2017 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
«6) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуын және оны өткізуін есепке алу жөніндегі;
7) шығу және келу туризмі бөлігінде - туроператордың көрсетілетін қызметтері жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.»;
27) 99-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мыналарды:
егер осы тармақтың 1-1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, тәуекелдік инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары төлейтіндерді;
мұндай дивидендтер корпоративтік табыс салығын азайту жүргізілген салық кезеңіне кіретін кезең үшін есепке жазылған жағдайда, осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға (Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық басым жобаны іске асырып жатқан ұйымды қоспағанда) төлейтіндерді қоспағанда, дивиденттер;»;
28) 115-баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) соттың үкімінде немесе қаулысында көрсетілмеген салық төлеушілермен жасалған не сот азаматтық-құқықтық тәртіппен жарамды деп таныған мәмілелер бойынша шығыстарды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша сот қылмыстық деп анықтаған әрекет басталған күннен бастап жүргізілген шығыстар;»;
«3) осы Кодекстің 579-бабында айқындалған тәртіппен әрекетсіз деп танылған салық төлеушімен оны әрекетсіз деп тану туралы бұйрық шығарылған күннен бастап жасалған операциялар бойынша шығыстар;»;
29) 120-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген қызмет бойынша салық төлеушілер амортизацияның мына нормаларын:
инвестициялық басым жобаны іске асырып жатқан және арнаулы салық режимін қолданбайтын ұйым - амортизацияның осы бапта белгіленген шекті нормаларының кемінде 50 пайызы мөлшеріндегі нормаларын;
өзге де салық төлеушілер - амортизацияның осы бапта белгіленген шекті нормаларын қолдану арқылы амортизациялық аударымдарды есептеуді жүргізеді.»;
30) 124-бапта:
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше көзделмесе, егер преференциялар қолданылған өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі ішінде мына жағдайлардың бірінде:»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, егер осы Кодекстің 123-бабының 2-тармағында белгіленген преференциялар объектілерін пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде табыс алуға бағытталған қызметте пайдалану туралы талап осындай қайта ұйымдастыру салдарынан орындалмаған жағдайда, қайта ұйымдастырылған тұлғада преференцияларды жою жүргізілмейді.
Осы тармақ мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде:
1) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға акцияларының бақылау пакеті қайта ұйымдастырылу күніне ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болса;
2) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға преференциялар қолданылған объектілерді қайта ұйымдастырылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға берсе;
3) преференция объектілерін беру қайта ұйымдастырылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалар әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жыл ішінде жүзеге асырылса, қолданылады.»;
31) 133-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«алушысы:
коммерциялық емес ұйым;
әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым;
осы Кодекстің 135-3-бабы 1-тармағының екінші абзацында айқындалған заңды тұлға болып табылатын, өтеусiз негiзде берiлген мүлiктiң құнын;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«алушысы осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымы болып табылатын, өтеусiз берiлген мүлiктiң құнын;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында көрсетілген салық салынатын табысты айқындау кезінде осы Кодекстің 110-бабының 1-тармағына сәйкес шегеруге жатқызылуға тиіс жұмыскердің табыстары бойынша жұмыс берушінің есепті салық кезеңінде есепке жазылған шығыстарының бір еселік мөлшерінде азайтуға құқығы бар. Осы тармақшада көзделген азайту осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын табысқа қатысты жүргізіледі және оны, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар қолданады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың мақсаттарында өтеусіз берілген мүліктің құны:
ақша беру кезінде - берілген ақшаның мөлшерімен;
жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде - осындай жұмыстарды орындауға, осындай қызметтерді көрсетуге жұмсалған шығыстардың мөлшерімен;
өзге де мүлік бойынша аталған мүліктің қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген, берілген мүліктің баланстық құнының мөлшерімен айқындалады.»;
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен он жетінші - жиырма төртінші абзацтары алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32) 137-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Осы баптың 10-тармағында көрсетілгенді қоспағанда, осы Кодексте осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген қызмет бойынша заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметтен шеккен залалдары келесі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.»;
33) 138 және 139-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«138-бап. Қайта ұйымдастыру кезінде залалдарды ауыстыру
1. Бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты берілетін залалдар қайта ұйымдастырылатын салық төлеушіде құқық мирасқорларының қатысу үлесі бойынша бөлінеді және осы Кодекстің 137-бабында айқындалған тәртіппен ауыстырылады.
2. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес қосылу немесе бірігу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның залалдары құқық мирасқорына әрбір қайта ұйымдастыру кезінде бір рет беріледі және оларды құқық мирасқоры осы Кодекстің 137-бабында айқындалған тәртіппен ауыстырады.
139-бап. Корпоративтік табыс салығы сомасын есептеу
1. Таза табысқа салынатын корпоративтiк табыс салығын және төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығын қоспағанда, корпоративтiк табыс салығы салық кезеңi үшiн мынадай тәртiппен есептеледi:
осы Кодекстiң 147-бабының 1 немесе 2-тармағында белгiленген мөлшерлеменің және осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар, сондай-ақ осы Кодекстiң 137-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табыстың көбейтiндiсi,
алу
корпоративтiк табыс салығының осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы,
алу
салық кезеңiнде ұтыс түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 2-тармағына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы,
алу
сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 3-тармағына сәйкес өткен салық кезеңдерiнен ауыстырылған сомасы,
алу
салық кезеңiнде сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 2-тармағына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы.
2. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасы, бұл салықты төлем көзі ұстағанын растайтын құжаттар болған кезде ұтыс, сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына азайтылады.
Осы тармақтың ережелері әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымға, депозиттер бойынша сыйақы түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша коммерциялық емес ұйымға қолданылмайды.
3. Егер сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасынан артық болса, табыс көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы мен бюджетке төленуге жататын, есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасы арасындағы айырма кейінгі он салық кезеңін қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады және осы салық кезеңдерінің бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомаларын бірте-бірте азайтады.»;
34) тармақша 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
34) 141-баптың 2-тармағы 7) тармақшасындағы «салық төлеушілер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемейді және төлемейді, оның ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейінгі және кейінгі кезеңдері үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейді.» деген сөздер «салық төлеушілер;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын және Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемейді және төлемейді, оның ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейінгі және кейінгі кезеңдері үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейді.
Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға әзірлеген және халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу туралы халықаралық шарт ережелерінің орындалуын бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекіткен тіркеу дерекнамасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрменің аяқталу күніне тура келетін салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне қолданылмайды.»;
35) 143-баптың 1-тармағы 3) тармақшасындағы «сыйақы жатады.» деген сөздер «сыйақы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Кодекстің 99-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген дивидендтер жатады.»;
36) 147-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін ауыл шаруашылығы техникасы, технологиялық жабдық лизингі бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдыққа арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арзандату;»;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған инвестициялық қаржы салу кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу.»;
37) тармақша 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
37) 150-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлға орналасқан жері бойынша арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органында салық төлеуші ретінде тіркелсе немесе оны арнайы экономикалық аймақ аумағында салық органы болған кезде - ондай салық органында жер салығы, мүлік салығы немесе жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы салынатын объектінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою жүзеге асырылса, не заңды тұлға арнайы экономикалық аймақ аумағында салық органы болмаған кезде - құзыретіне арнайы экономикалық аймақ аумағы кіретін салық органының аумақтық бөлімшесінде орналасқан жері бойынша салық төлеуші ретінде тіркелсе;»;
38) 151-1-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы баптың 1-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сонымен қатар осы баптың 1-тармағының 1) - 17) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген қызмет бойынша және басқа да қызмет бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.»;
39) 151-2-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сонымен қатар осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет бойынша және басқа да қызмет бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.»;
40) 151-4-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы баптың 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сонымен қатар осы баптың 1-тармағының 1 - 9) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген қызмет бойынша және басқа да қызмет бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.»;
41) 151-8-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сонымен қатар осы баптың 1-тармағының 1) - 8) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген қызмет бойынша және басқа да қызмет бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.»;
42) 151-10-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сонымен қатар осы баптың 1-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қызмет бойынша және басқа да қызмет бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.»;
43) 155-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 31) және 32) тармақшалармен толықтырылсын:
43) тармақшаның екінші абзацы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«31) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
43) тармақшаның үшінші - сегізінші абзацтары 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
32) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен алынған материалдық пайда, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы нысанында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, сондай-ақ оқу орындарының даярлық бөлімдерінде оқыту бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін ұсыну;
тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ұсыну;
санаторийлік-курорттық мақсаттағы объектілерде оңалту емін, сауықтыру мен демалуды ұсыну;
дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну;
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан мүгедек алған тауарлардың, жұмыстардың, оған көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу кезінде алынған материалдық пайда.»;
44) 156-бапта:
1-тармақта:
6) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын бір жүз пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлғадан алынған дивидендтер бойынша, осындай азайту жүргізілген салық кезеңіне кіретін кезең үшін мұндай дивидендтер есепке жазылған жағдайда қолданылмайды;»;
44) тармақшаның алтыншы - отыз алтыншы абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2017 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын әрбір тұлғаның жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төмен жалақының 24 еселенген мөлшері шегіндегі бір жылғы табысы.
Бұл ретте жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс деп жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлға, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жеке қосалқы шаруашылықтан алған мынадай ауыл шаруашылығы өнімін өткізуден түскен табыс танылады:
сауын тірі ірі қара мал;
тірі жылқылар және басқа да жылқы тұқымдас жануарлар;
тірі түйелер және түйе тектілер;
тірі қойлар мен ешкілер;
тірі шошқалар;
тірі үй құсы;
тауықтың шағылмаған жаңа жұмыртқасы;
ірі қара малдың, шошқалардың, қойлардың, ешкілердің, жылқылар мен жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе тоңазытылған еті;
сауын ірі қара малдың шикі сүті;
үй құсының жас немесе тоңазытылған еті;
картоп;
сәбіз;
қырыққабат;
баклажандар;
қызанақтар;
қиярлар;
сарымсақ;
пияз;
қант қызылшасы;
алмалар;
алмұрттар;
айва;
өріктер;
шие;
шабдалылар;
қара өріктер;
ірі қара малдың, жылқы тұқымдас жануарлардың, қойлардың, ешкілердің түтілген жүні, терілері, иленбеген былғарысы.
Осы тармақшаны қолдану мақсатында өнім түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер сыныптамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен төленетін (еңбекке ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа) мынадай:
инфляция деңгейі ескеріле отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының іс жүзінде енгізілген сомасы мен Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес алушының зейнетақы төлемдеріне құқық алу кезіне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма түріндегі;
мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің, асырауындағылардың, мұрагерлері мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде оларды алуға құқығы бар адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген кездегі;
Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген тәртіппен сыбайлас жемқорлық құқық бұзу фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзгеше түрде жәрдем көрсететін адамдарға көтермелеу түріндегі;
дүлей зілзалаларға немесе басқа да төтенше мән-жайларға байланысты шығындарды өтеу түріндегі;
еңбек шартының қолданылуы тоқтатылған кезде төленетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлердегі өтемақы төлемдері түріндегі;
халықаралық жарыстарға жоғары нәтижелері үшін универсиада жүлдегерлері мен қатысушыларына және Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде көтермелеу түріндегі төлемдер;»;
44) тармақшаның қырық бесінші және қырық алтыншы абзацтары 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 27-4) тармақшамен толықтырылсын:
«27-4) мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде оқитын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін жол жүру шығыстарының өтемақысы;»;
44) тармақшаның қырық жетінші абзацы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
34) тармақша алып тасталсын;
44) тармақшаның қырық сегізінші - елу алтыншы абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2017 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымға мынадай құжаттарды: